8. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқарудан түсетiн инвестициялық кiрiстер Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қаржылық активтерге және, материалдық емес активтердi қоспағанда, өзге де мүлiктерге орналастырудан құрылады.
24-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры:
1) тұтас алғанда ағымдағы қаржы жылы бойынша шикiзат секторы ұйымдарынан республикалық бюджетке түсетiн түсiмдердiң бекітілген және нақты көлемдерi арасындағы айырма ретiнде айқындалатын республикалық бюджет шығынын өтеуге жұмсалады. Өтем мөлшерi республикалық бюджеттiң түсiмдер бойынша толық атқарылмаған жалпы сомасынан аспауға тиiс. Түсiмдердiң жалпы нақты көлемi олардың бекітілген көлемiнен асып түскен жағдайда өтем жүзеге асырылмайды;
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке Қазақстан Республикасының Президентi белгiлейтiн мақсаттарға арналып берiлетiн нысаналы трансферттер түрiнде;
3) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқаруға және жыл сайын аудит өткізуге байланысты шығыстарды жабуға жұмсалады.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры:
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сақтау;
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жеткiлiктi өтiмдiлiк деңгейiн ұстап тұру;
3) тәуекел деңгейiнiң қалыптылығы жағдайында ұзақ мерзiмдi перспективада Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры табыстылығының жоғары деңгейiн ұстап тұру;
4) инвестициялық кiрiстер алуды қамтамасыз ету мақсатында рұқсат етiлген қаржы активтерiне және, материалдық емес активтердi қоспағанда, өзге де мүлiктерге орналастырылады.
3. Рұқсат етiлген қаржылық активтердiң және, материалдық емес активтердi қоспағанда, өзге де мүлiктердiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңестiң ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен бiрлесiп Қазақстан Республикасының Yкіметі айқындайды.
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын жеке және заңды тұлғаларға кредит беруге және мiндеттемелердi орындауды қамтамасыз ету ретiнде пайдалануға болмайды.
5. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының есебiнен республикалық бюджеттiң шығынын өтеу оның атқарылуы барысында Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңестiң келісімiмен қаржы жылының қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Парламентiнде республикалық бюджеттi нақтыламай-ақ жүзеге асырылады.
6. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке берiлетiн нысаналы трансферттердiң көлемi тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекітіледi.
7. Активтердi Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына есептеу және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
25-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес - Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын тиiмдi пайдалану және оны қаржылық активтерге және, материалдық емес активтердi қоспағанда, өзге де мүліктерге орналастыру жөнiнде ұсыныстар талдап-жасайтын консультациялық-кеңесшi орган.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңестiң функциялары:
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру мен пайдалану тиiмдiлiгiн арттыру жөнiнде ұсыныстар талдап-жасау;
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану көлемдерi мен бағыттары жөніндегі ұсыныстарды қарау және талдап-жасау;
3) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшiн рұқсат етiлген қаржылық активтердiң және материалдық емес активтердi қоспағанда, өзге де мүлiктердiң тiзбесi жөнiнде ұсыныстар талдап-жасау болып табылады.
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңестi құру туралы шешiмдi, оның құрамы мен ол туралы ереженi Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.
5-тарау. Бірыңғай бюджеттік сыныптама
26-бап. Бiрыңғай бюджеттік сыныптаманың анықтамасы
1. Бiрыңғай бюджеттік сыныптама бюджет түсiмдерi мен шығыстарын сыныптама объектiлерiне топтамалық кодтар бере отырып, функционалдық, ведомстволық және экономикалық сипаттамалар бойынша топтастыру болып табылады. Бiрыңғай бюджеттік сыныптама бюджет жүйесiнiң барлық деңгейдегi бюджеттерi көрсеткiштерiнiң салыстырымдылығын қамтамасыз етедi.
2. Бюджет процесi бiрыңғай бюджеттік сыныптама негiзiнде жүзеге асырылады.
3. Бiрыңғай бюджеттік сыныптама бюджеттердiң барлық деңгейлерi үшiн бiрыңғай және мiндеттi болып табылады.
4. Бiрыңғай бюджеттік сыныптама Қазақстан Республикасы заң актілерінiң, Қазақстан Республикасының Президентi жарлықтарының, Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының негiзiнде әзiрленедi.
5. Бiрыңғай бюджеттік сыныптаманы бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган әзiрлейдi және Қазақстан Республикасының Yкіметі бекiтедi.
27-бап. Бiрыңғай бюджеттік сыныптаманың құрамы
Бiрыңғай бюджеттік сыныптама:
1) бюджет түсiмдерiнiң сыныптамасын;
2) бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасын;
3) бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасын қамтиды.
28-бап. Бюджет түсiмдерiнiң сыныптамасы
1. Барлық деңгейдегi бюджеттер түсiмдерiнiң белгiлi бiр сипаттамалар бойынша Қазақстан Республикасының бюджет заңдарына негiзделген топтамасы бюджет түсiмдерiнiң сыныптамасы болып табылады.
2. Бюджет түсiмдерi сыныптамасының топтамасы санаттан, сыныптан, iшкi сыныптан және ерекшелiктен тұрады.
Санаттар түсiмдердi экономикалық белгiлер бойынша топтастыру болып табылады.
Сыныптар мен iшкi сыныптар түсiмдердi олардың көздерi мен түрлерi бойынша топтастырады.
Ерекшелiк бюджетке төленетiн төлем немесе түсiм түрiн айқындайды.
29-бап. Бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы
1. Мемлекет функцияларының орындалуын, республикада мемлекеттік саясатты iске асыруды бейнелейтiн функционалдық және ведомстволық белгiлер бойынша бюджеттік қаражаттардың жұмсалу бағыттарын айқындайтын барлық деңгейлердегi бюджеттер шығыстарының топтамасы бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы болып табылады.
2. Бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасының топтамасы мынадай деңгейлерден:
функционалдық топтардан;
функционалдық iшкі топтардан;
бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерiнен;
бюджеттік бағдарламалардан және iшкi бағдарламалардан тұрады.
3. Функционалдық топ - бюджет шығыстарын салалық белгiлер мен функционалдық бағыт бойынша бiрiктiру.
Функционалдық iшкi топ бюджет қаражатының функционалдық топ iшiнде жұмсалу бағытын нақтылайды.
4. Бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы негiзiнде бюджеттік бағдарламалар әкiмшілерiн, функционалдық топтармен бюджеттік бағдарламаларды (iшкi бағдарламаларды) топтастыру арқылы жасалатын бюджет шығыстарының ведомстволық сыныптамасы қалыптастырылуы мүмкiн.
30-бап. Бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсiнiң анықтамасы
1. Бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi - бюджеттік бағдарламаларды жоспарлауға, негiздеуге және iске асыруға жауапты мемлекеттік орган.
Бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi оған жүктелген функциялар мен өкiлеттiктерге сәйкес айқындалады.
2. Бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi бюджет қаражатын бюджеттік бағдарламалардың мақсаттары мен мiндеттерiне сәйкес бекітілген (нақтыланған, түзетiлген) бюджет шегiнде дербес пайдаланады, олардың тиiмдi, нәтижелi және нысаналы пайдаланылуына жауапты болады.
3. Мемлекеттік органдардың құрылымдық және аумақтық бөлiмшелерi бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi бола алмайды.
31-бап. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi
Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдар республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi болып табылады.
32-бап. Жергiлiктi бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi
1. Жергiлiктi бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi Қазақстан Республикасының Yкіметі бекiтетiн жергiлiктi мемлекеттік басқарудың үлгiлiк құрылымы негiзге алына отырып айқындалады.
2. Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнен қаржыландырылатын жергiлiктi мемлекеттік басқарудың жекелеген функцияларын жүзеге асыруға облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкiмдігі уәкiлеттiк берген атқарушы органдар, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкiмдерi мен мәслихаттарының аппараттары облыстық бюджеттік бағдарламалардың, республикалық маңызы бap қалалардың, астананың бюджеттік бағдарламаларының әкiмшiлерi болып табылады.
3. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнен қаржыландырылатын жергiлiктi мемлекеттік басқарудың жекелеген функцияларын жүзеге асыруға аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмдiгi уәкiлеттiк берген атқарушы органдар, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі мен мәслихатының аппараттары аудандық (қалалық) бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi болып табылады.
4. Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмдерiнiң аппараттары осы әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң бюджеттік бағдарламаларының әкiмшiлерi болып табылады.
33-бап. Бюджеттік бағдарламалардың анықтамасы
1. Бюджеттік бағдарлама - бюджеттiң мемлекеттік басқару функциялары мен мемлекеттік саясатты iске асыру жөніндегі шығыстары.
2. Бюджеттік бағдарлама бюджет шығыстарының бюджеттік бағдарлама шеңберіндегі бағыттарын нақтылайтын iшкi бағдарламаларға бөлiнуi мүмкiн.
3. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi болуға тиiс.
Бюджеттік бағдарламаның мақсаты бюджеттік бағдарламаны орындау кезiнде қол жеткiзiлуге тиiс белгiлi бiр түпкi нәтиже болып табылады. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты айқын, нақтылы және қол жететiндей болуға тиiс.
Бюджеттік бағдарламаның мақсаты жекелеген мiндеттерге бөлiнедi, олар бюджеттік бағдарламаның мақсатына жетудiң жолдары болып табылады.
4. Бюджеттік бағдарламаның атауы мен мазмұны Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген мемлекеттік функцияларды, сондай-ақ мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық дамуының мемлекеттік, салалық (секторлық) аймақтық бағдарламалармен айқындалған мақсаттарын көрсетуге тиiс.
34-бaп. Бюджеттік бағдарламалардың түрлерi
1. Экономикалық нәтижелерге байланысты бюджеттік бағдарламалар:
1) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес мемлекеттік басқару функциялары мен мемлекет мiндеттемелерiнiң орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған тұрақты сипаты бар немесе дамудың бюджеттік бағдарламаларына жатпайтын бiржолғы шаралар өткізудi көздейтiн ағымдағы бюджеттік бағдарламалар;
2) бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыруға бағытталған дамудың бюджеттік бағдарламалары болып бөлiнедi.
2. Белгiлi бiр функцияларды атқаратын мемлекеттік басқару деңгейiне байланысты бюджеттік бағдарламалар:
1) республикалық бюджетте бекітілетiн республикалық бағдарламалар;
2) облыстық бюджетте, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнде бекітілетiн облыстық, республикалық маңызы бар қалалар, астана бағдарламалары;
3) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнде бекітілетiн аудандық (қалалық) бағдарламалар;
4) республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетiнде бекітілетiн қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң бюджеттік бағдарламалары болып бөлiнедi.
Облыстық, республикалық маңызы бар қалалар, астана, аудандық (қалалық), сондай-ақ қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң бюджеттік бағдарламалары жергiлiктi бюджеттік бағдарламалар болып табылады.
3. Iске асыру тәсiлiне байланысты бюджеттік бағдарламалар:
1) бiр әкiмші iске асыратын жеке бюджет бағдарламалары;
2) бюджеттік бағдарламалардың бiр әкiмшiсi бойынша бюджетте бекітілетiн және бюджеттік бағдарламалардың түрлi әкiмшiлерi арасында қаржы жылы iшiнде бөлiнуге тиiстi бөлiнетiн бюджеттік бағдарламалар болып бөлiнедi. Мұндай бюджеттік бағдарламаларды бөлу Қазақстан Республикасы Yкіметінiң қаулысымен немесе жергiлiктi атқарушы органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленедi.
35-бап. Бюджеттік бағдарламалардың тиiмдiлiгiн бағалау
1. Бюджеттік бағдарламалардың тиiмдiлiгiн бағалау iске асырылатын бағдарламалардың түпкi мақсатқа қол жеткізу дәрежесiн айқындау үшiн шығыстардың тиiмдiлiк, уақтылылық, сапа, нәтижелiлiк өлшемдерi қолданыла отырып жүргiзiледi, осы өлшемдер арқылы:
бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау сатысында олардың есебiн және негiздемесiн талдау;
бюджеттік бағдарламалардың ағымдағы атқарылуын және мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық жағдайына олардың ықпал етуiн талдау;
бюджеттік бағдарламаларды iске асыру мен бақылаудың барлық сатыларында оларды атқарудың неғұрлым тиiмдi және нәтижелi әдiстерi мен тәсiлдерiн талдап-жасау жүзеге асырылады.
2. Бюджеттік бағдарламалардың тиiмдiлiгiн бағалау үш сатыда:
бюджет жобасын әзiрлеу кезiнде;
бюджеттiң атқарылуы кезiнде;
бюджеттiң атқарылуын бақылау кезiнде жүзеге асырылады.
3. Бюджеттік бағдарламалардың тиiмдiлiгiн бағалау бюджеттік өтiнiмдер, паспорттар, бюджеттік бағдарламаның iске асырылу барысы туралы есептер, бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарлары негiзiнде жүргiзiледi.
4. Бюджеттік бағдарламалардың тиiмдiлiгiне бағалау жүргiзудiң тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
5. Бюджеттiң атқарылуын сыртқы бақылау кезiнде бюджеттік бағдарламалардың тиiмдiлiгiн бағалауды жүргiзу тәртібін Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетi айқындайды.
36-бап. Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы
1. Бюджеттік бағдарламаларды iске асыру үшiн мемлекеттік мекемелер жүзеге асыратын операцияларды бейнелейтiн экономикалық сипаттамалар бойынша бюджет шығыстарын топтастыру бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы болып табылады.
2. Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасын топтастыру санаттан, сыныптан, iшкi сыныптан және ерекшелiктен тұрады.
Санат шығыстарды экономикалық белгiлерi бойынша топтастырады.
Сынып пен iшкi сынып шығыстарды мемлекеттік мекемелер жүргiзетiн операциялардың негiзгi түрлерi бойынша топтастырады.
Ерекшелiк бюджеттік бағдарламаны iске асыру үшiн мемлекеттік мекеме жүргiзетiн операцияның түрiн айқындайды.
37-бап. Барлау және қарсы барлау қызметiн жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен олардың мекемелерiнiң, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің қауiпсiздiгiн тiкелей қамтамасыз ететiн органдардың шығыстарын сыныптау
Барлау және қарсы барлау қызметiн жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен олардың мекемелерiнiң, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің қауiпсiздiгiн тiкелей қамтамасыз ететiн органдардың шығыстары шығыстардың экономикалық сыныптамасының бiр ерекшелiгі бойынша көрсетiле отырып, бiр функционалдық топ, ағымдағы бiр бюджеттік бағдарлама және бiр бюджеттік даму бағдарламасы бойынша сыныпталады.
2-бөлім. Бюджетаралық қатынастар және түсімдер мен
шығыстарды бюджет деңгейлері арасында бөлу
6-тарау. Бюджетаралық қатынастар
38-бап. Бюджетаралық қатынастар туралы жалпы ережелер
1. Жоғары тұрған және төмен тұрған бюджеттердiң бюджет процесіндегі қатынастары бюджетаралық қатынастар болып табылады.
2. Бюджет процесiнде республикалық бюджеттiң аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiмен өзара қатынастарына жол берiлмейдi.
3. Бюджет процесiнде облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң басқа облыстық бюджеттермен, республикалық маңызы бар қалалар бюджеттерiмен өзара қатынастарына жол берiлмейдi.
4. Бюджет процесiнде аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiнiң бiр-бiрiмен өзара қатынастарына жол берiлмейдi.
5. Бюджетаралық қатынастар мемлекеттік басқарудың деңгейлерi арасындағы функциялар мен өкiлеттiктердiң ара жiгiн дәлме-дәл ажыратуға, түсiмдер мен шығыстарды бюджеттер деңгейлерi арасында бiрыңғай бөлуге, сондай-ақ бюджетаралық қатынастарды айқындау әдiстерiнiң бiртұтастығы мен ашықтығына негiзделген.
6. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың жергiлiктi атқарушы органдарының, осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, тиiсiнше облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджет процесiне араласуына жол берiлмейдi.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
7. Осы Кодекстi қоспағанда, Қазақстан Республикасының өзге заң актілерінде, оның есебiнен шығыстар қаржыландырылуға тиiс және өзге түсiмдер есептелуге тиiс бюджет деңгейiн белгiлеуге жол берiлмейдi.
Шығыстарды немесе түсiмдердiң жекелеген түрлерiн бюджеттiң бiр деңгейiнен екiншi деңгейiне беру осы Кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлген кезде ғана жүзеге асырылады.
39-бап. Бюджетаралық қатынастар принциптерi
Бюджетаралық қатынастар мынадай принциптерге негiзделедi:
1) облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерiнiң - республикалық бюджетпен өзара қатынастарда, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiнiң жоғары тұрған облыстық бюджетпен өзара қатынастарда теңдiгi;
2) түсiмдердi тиiмдi бөлу, ол түсiмдердiң ара жiгiн ажыратудың мынадай өлшемдерiн бiр мезгiлде сақтауды ескередi:
төмен тұрған бюджеттерге тұрақты сипаты бар, сыртқы факторлардың әсерiне тәуелсiз салықтық және салықтық емес түсiмдер бекітіледi;
мемлекеттік мекемелер көрсеткен қызметтер үшiн төлемақы болып табылатын салықтық және салықтық емес түсiмдер аталған қызметтер көрсету қаржыландырылатын бюджет кiрiсiне түседi;
қайта бөлiну сипаты бар, сондай-ақ салық базасы әркелкi орналастырылатын салықтар бюджет жүйесiнiң неғұрлым жоғары деңгейлерiне бекітіледi;
салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi бекiткен кезде оларды жинаудың неғұрлым жоғары дәрежесiн қамтамасыз ететiн бюджет деңгейiне артықшылық берiледi;
нақты аумақтық байланыстылығы бар салықтық базадан алынатын салықтар жергiлiктi бюджеттерге бекітіледi;
3) Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерiнiң бюджеттік қамтамасыз етiлу деңгейлерiн теңестiру;
4) жергiлiктi атқарушы органдардың бiрдей деңгейде мемлекеттік қызмет көрсетуiн қамтамасыз ету;
5) мемлекеттік қызмет көрсетудi ұсынудың барынша тиiмдiлiгi мен нәтижелiлiгi - мемлекеттік қызмет көрсетудiң неғұрлым тиiмдi және нәтижелi жүргiзiлуi мен ұсынылуын қамтамасыз ете алатын мемлекеттік басқару деңгейiне мемлекеттік қызметтер көрсетудi бекітіп беру;
6) мемлекеттік қызмет көрсету деңгейiн оны алушыларға барынша жақындату - қызметтердi алушылардың қажеттерiн жақсылап есепке алу және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатымен, көрсетiлетiн қызметтердi атқаруды бюджет жүйесiнiң мүмкiн болғанша неғұрлым төмен деңгейiне беру;
7) бюджеттiң әрбiр деңгейiнiң алынған ресми трансферттер мен кредиттердiң тиiмдi және нысаналы пайдаланылуы үшiн жауаптылығы.
40-бап. Бюджетаралық қатынастарды реттеу нысандары
1. Бюджетаралық қатынастар:
1) республикалық және облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң арасында:
ресми трансферттермен;
бюджеттік кредиттермен;
2) облыстық және аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттер арасында:
ресми трансферттермен;
бюджеттік кредиттермен;
кiрiстердi бөлу нормативтерiмен реттеледi.
2. Ресми трансферттер жалпы сипаттағы трансферттер, ағымдағы нысаналы трансферттер, дамуға арналған нысаналы трансферттер болып бөлiнедi.
3. Бюджетаралық қатынастарды реттеу нысандарын айқындаған кезде бюджеттер деңгейлерiнiң әрқайсысының салықтық әлеуетi, аймақтардың объективтiк бюджеттік қажеттiлiктерiн бағалау нәтижелерi, бекітілген заттай нормалар ескеріледi.
4. Бюджетаралық қатынастарды реттеу нысандары орта мерзiмдi фискалдық саясатқа сәйкес белгiленедi.
5. Нысаналы трансферттер мен кредиттердi жергiлiктi атқарушы органдар тек қана олардың нысаналы қызметiне сәйкес пайдаланады.
6. Нысаналы трансферттер мен кредиттердiң нысаналы мақсатқа сай пайдаланылмаған сомалары осы трансферттер мен кредиттердi бөлген жоғары тұрған бюджетке ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсанына дейiн мiндеттi түрде қайтарылуға жатады.
Нысаналы трансферттер мен кредиттердiң қаржы жылы iшiнде пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) сомалары осы трансферттер мен кредиттердi бөлген жоғары тұрған бюджетке қаржы жылы аяқталғаннан кейiн он күн iшiнде мiндеттi түрде қайтарылуға жатады.
Дамуға арналған нысаналы трансферттердiң қаржы жылы iшiнде пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) сомалары осы Кодекстiң 92-бабы 6-тармағының 1) тармақшасында белгiленген мөлшерде тиiстi төмен тұрған бюджеттердiң иелiгiнде қалдырылуы мүмкiн.
41-бап. Жалпы сипаттағы ресми трансферттер
1. Бюджет субвенциялары мен бюджеттік алып қоюлар жалпы сипаттағы ресми трансферттер болып табылады.
2. Жоғары тұрған бюджеттерден төмен тұрған бюджеттерге республикалық немесе облыстық бюджетте бекітілген сомалар шегiнде берiлетiн pecми трансферттер бюджет субвенциялары болып табылады.
3. Төмен тұрған бюджеттерден жоғары тұрған бюджеттерге республикалық немесе облыстық бюджетте бекітілген сомалар шегiнде берiлетiн pecми трансферттер бюджеттік алып қоюлар болып табылады.
4. Жалпы сипаттағы ресми трансферттердiң көлемдерi абсолюттiк түрде жылдар бойынша бөлiне отырып үш жылдық кезеңге:
республикалық бюджет пен облыстық, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерiнiң арасында - Қазақстан Республикасының заңымен;
облыстық бюджет пен аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiнiң арасында - облыстық мәслихаттың шешiмiмен белгiленедi.
Жалпы сипаттағы ресми трансферттердiң көлемдерi әрбiр үш жылда өзгертiлуге жатады.
5. Жалпы сипаттағы ресми трансферттер жергiлiктi бюджеттердiң бюджеттік қамтамасыз етiлу деңгейiн теңестiруге және бюджеттiң әрбiр деңгейi үшiн осы Кодекспен бекітілген шығыстар бағыттарына сәйкес көрсетiлетiн мемлекеттік қызметтердiң стандарттық деңгейiн беру үшiн бiрдей фискалдық мүмкiндiктердi қамтамасыз етуге бағытталған.
6. Төмен тұрған бюджеттерден жоғары тұрған бюджетке бюджеттік алып қоюларды және жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджеттерге бюджет субвенцияларын аудару тәртібі мен кезеңдiлiгін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
42-бап. Жалпы сипаттағы ресми трансферттердi есептеу
1. Жалпы сипаттағы ресми трансферттердiң көлемдерi тиiстi жергiлiктi бюджеттiң кiрiстерi мен шығындары көлемдерiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
2. Жергiлiктi бюджет шығындарының болжамды көлемiнен кiрiстерiнiң болжамды көлемi асып түскен кезде жергiлiктi бюджеттен жоғары тұрған бюджетке бюджеттік алып қоюлар белгiленедi.
Жергiлiктi бюджет шығындарының болжалды көлемi кiрiстердiң болжалды көлемiнен асып түскен жағдайда жергiлiктi бюджетке жоғары тұрған бюджеттен бюджет субвенциялары белгiленедi.
3. Кiрiстердiң болжамды көлемдерi аймақтың салықтық әлеуетiн ескере отырып және бюджеттер деңгейлерi арасындағы түсiмдердi бөлу негiзiнде есептеледi.
Жергiлiктi бюджеттер шығындарының болжамды көлемдерi олардың ағымдағы бюджеттік бағдарламаларға және дамудың бюджеттік бағдарламаларына бөлiнуiн, бюджеттік қамтамасыз етiлудi, бекітілетiн заттай нормаларды ескере отырып және бюджеттер деңгейлерi арасында шығыстарды бөлу негiзiнде есептеледi.
4. Жалпы сипаттағы ресми трансферттердiң үш жылдық кезеңге арналған көлемдерiн айқындау, әрбiр үш жыл сайын олардың өзгеруi Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жалпы сипаттағы ресми трансферттердi есептеу әдiстемесi негiзiнде жүргiзiледi.
5. Жалпы сипаттағы ресми трансферттердiң көлемдерiн есептеу кезiнде нысаналы трансферттер мен бюджет кредиттерi ескерiлмейдi.
6. Егер бекітілген (нақтыланған, түзетiлген) жергiлiктi бюджетте бюджеттік алып қоюлар мен субвенцияларды есептеу кезiнде ескерiлген шығыстар көзделмейтiн болса, Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе облыстың жергiлiктi атқарушы органы қаржы жылы iшiнде тиiстi шамаға бюджет субвенцияларын қысқарту немесе бюджеттік алып қоюларды ұлғайту туралы шешiм қабылдайды.
43-бап. Ағымдағы нысаналы трансферттер
1. Жекелеген ағымдағы бюджеттік бағдарламаларды iске асыру үшiн республикалық немесе облыстық бюджетте бекітілген бюджеттік алып қоюларды (бюджет субвенцияларын) есептеу кезiнде ескерiлмейтiн сомалар шегiнде жоғары тұрған бюджеттер төмен тұрған бюджеттерге беретiн ресми трансферттер ағымдағы нысаналы трансферттер болып табылады.
Ағымдағы нысаналы трансферттер мемлекеттік, салалық (секторлық) немесе аймақтық бағдарламалардың iс-шараларын орындауға ғана, сондай-ақ қаржы жылы iшiнде әкiмдердiң өтiнiшi бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінiң немесе облыстың жергiлiктi атқарушы органының резервiнен қаржыландырылатын iс-шараларға ғана берiледi.
2. Жоғары тұрған органдардың нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдауынан туындайтын, жалпы сипаттағы ресми трансферттердiң үш жылдық көлемдерiнiң қолданылуы кезеңiнде шығыстардың ұлғаюына және (немесе) кiрiстердiң азаюына әкеп соғатын төмен тұрған бюджеттердiң шығындарын өтеу ағымдағы нысаналы трансферттер бөлу арқылы мiндеттi түрде жүргізіледі.
44-бап. Дамуға арналған нысаналы трансферттер
Мыналар:
мемлекеттік, салалық (секторлық) бағдарламаларда көзделген жергiлiктi бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) iске асыру үшiн республикалық бюджетте бекітілген сомалар шегiнде республикалық бюджеттен облыстық бюджетке, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiне берiлетiн;