3) республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының сәулет-жоспарлау тапсырмасына сәйкес әзiрленедi.
2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 3 тармақ өзгертілді
3. Құрылыстың жобасын әзiрлеу кезiнде сәулет жобасының шешiмдерiнiң сақталуы мiндеттi.
Сәулет жобаларын өзгерту автордың (авторлардың) келісімiмен не оның (олардың) қатысуымен жүргiзiлуi мүмкiн. Егер бұл орайда сәулет-жоспарлау тапсырмасының талаптарынан ауытқушылық пайда болса, тапсырма берген органмен келiсу талап етiледi.
2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 4 тармақ өзгертілді
4. Техникалық жағынан күрделi емес объектiлердiң құрылысына (реконструкциялауға, қайта жобалауға, қайта жабдықтауға) арналған жобалық құжаттаманы әзiрлеудi оңайландыру қажет болған жағдайда, сәулет жобасы сәулет-жоспарлау тапсырмасына сәйкес нобай (нобайлық жоба) түрiнде орындалуы мүмкiн.
Жобаланған объектiнi техникалық жағынан күрделi емес объектiлердiң қатарына жатқызу туралы шешiмдi республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары қабылдайды.
63-бап. Құрылыс жобасы
1. Құрылыс үшiн жобалау (жобалау-смета) құжаттамасының негiзгi бөлігi ретiнде құрылыс жобасында (құрылыстық жобада) объектiнiң орналасқан жерiнiң қала құрылысы жағынан негiзделуi, құрылыс жүргiзу және объектiнi пайдалануға беру үшiн қажеттi көлемде экономикалық, сәулет, көлемдiк-жоспарлау, функционалдық, технологиялық, конструкциялық, инженерлiк, табиғат қорғау және өзге де шешiмдер болуға тиiс.
2. Заңдарда белгiленген тәртiппен бекітілген құрылыс жобасының жобалық шешiмдерi мен көрсеткiштерi оны iске асыру кезiнде мiндеттi болып табылады.
3. Құрылыс жобасы:
1) тапсырысшы бекiткен, жобалауға берілген тапсырмалар, жер учаскесiн (алаңдарды, трассаларды) таңдау мен бөлу (пайдалануға берiлген рұқсат) жөніндегi материалдар, объектiнi инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз етудiң техникалық талаптары, инженерлiк iзденулердiң, тапсырысшының жобалау алдындағы қызметiнiң нәтижелерін қоса алғанда, өзге де бастапқы деректердiң нәтижелері негiзiнде;
2) құрылыстағы инвестициялардың заңдарда белгiленген тәртiппен бекітілген негiздемелерiне (техникалық-экономикалық негiздемелерге, техникалық-экономикалық есептерге), ал қажет болған жағдайда жобада қолданылатын құрылыс материалдарының, бұйымдардың, конструкциялардың, инженерлiк жабдықтар мен құрылғылардың мердiгермен келісілген тiзбесiне сәйкес;
2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді
3) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының сәулет-жоспарлау тапсырмасына сәйкес әзірленеді.
Бекiтiлген қала құрылысы және (немесе) сәулет жобалары болған жағдайда құрылыс жобасын әзірлеуге арналған бастапқы құжаттама оларда қабылданған шешімдерге сәйкес келуге тиіс.
4. Осы Заңның 62-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларда нобай (нобайлық жоба) құрылыс жобасы болып табылады.
5. Бекiтiлген құрылыс жобасына құрылыс-монтаж жұмыстары барысында өзгерістер енгізу тәртібі сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган заңдарда белгiлеген тәртiппен бекiтетiн мемлекеттік, авторлық және техникалық қадағалау жүргiзу жөніндегі мемлекеттік құрылыс нормаларымен және ережелерiмен белгiленедi.
64-бап. Жобалар сараптамасы
2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 1 тармақ жаңа редакцияда
1. Жобалар сараптамасын тиісті лицензиясы бар жеке және (немесе) заңды тұлғалар жүзеге асырады.
Бұл ретте, құрылысқа арналған жобалардың (жобалау алды және жобалау-сметалық құжаттаманың) мемлекеттік сараптамасын Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген заңды тұлға жүзеге асырады.
Мемлекеттік сараптаманың айрықша құзыретіне жатпайтын жобалар сараптамасын сараптамалық жұмыстар нарығының субъектілері жүзеге асырады.
2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 1-1 тармақпен толықтырылды
1-1. Сараптама, жобалау алды құжаттамасының, сондай-ақ жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының жекелеген түрлері бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен жүргізіледі.
2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 1-2 тармақпен толықтырылды
1-2. Қала құрылысы жобалары осы Заңда көзделген тәртіппен мемлекеттік сараптамадан өтеді.
2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 1-3 тармақпен толықтырылды
1-3. Осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген жағдайларда жобалардың сараптамасы міндетті емес.
2. Тапсырысшы (меншiк иесi) қабылдайтын шешiммен мыналардың жобалары бойынша сараптама жүргiзiлмеуi мүмкiн:
2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 1) тармақша-өзгертілді
1) республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының сәулет-жоспарлау тапсырмасына сәйкес лицензиясы бар адамдар орындаған жеке тұрғын үйлер. Бұл ереже сейсмикалық қауiптілігi жоғары немесе iске асыру кезiнде арнаулы жобалау шешiмдерi мен iс-шараларды талап ететiн өзге де ерекше геологиялық (гидрогеологиялық) және геотехникалық жағдайлары бар аудандардағы (аймақтардағы) жеке тұрғын үй құрылысына қолданылмайды;
2) маусымдық жұмыстар мен шалғайдағы мал шаруашылығына арналған уақытша құрылыстар, тұрғын және тұрмыстық үй-жайлар;
3) жеке үй жанындағы учаскелердiң аумағындағы, сондай-ақ бау-бақша серiктестiктерiнiң (қоғамдарының) учаскелеріндегі шаруашылық-тұрмыстық құрылыстар;
4) жұмыс iстеп тұрған инженерлiк тораптарды өзгертудi қажет етпейтiн үй жанындағы және саяжай учаскелерiн абаттандыру;
5) контейнердi және блоктарды пайдаланып жасалатын ықшам кешендер, сондай-ақ құрастырмалы-бұзылмалы конструкциялардан тұрғызылған және санитариялық-эпидемиологиялық қызметтермен келiсудi керек етпейтiн сауда, қоғамдық тамақтандыру және тұрмыстық қызмет көрсету кәсiпорындарына арналған бiр қабатты үйлер (ғимараттар);
6) саны елуден аспайтын автомашинасы бар ашық үлгiдегi автотұрақтар, сондай-ақ екеуден аспайтын автомашинаға арналған бокстерi бар көлікжайлар;
7) бар үйлерде жүзеге асырылатын және тiреу конструкцияларын өзгертудi қажет етпейтiн өндірiстiк емес мақсаттағы үй-жайларды қайта жоспарлау (қайта жабдықтау);
8) инженерлiк тораптарды электр коррозиясынан қорғау;
9) желiлi инженерлiк тораптар мен оларға арналған құрылыстарға олардың жағдайын, салыну белгiлерiн, трубалардың диаметрiн өзгертудi қажет етпейтiн күрделi жөндеу жүргiзу;
10) шағын сәулеттiк нысандар және аумақтардың қоршаулары;
11) үйлердiң (ғимараттардың) маңындағы ашық спорт алаңдары, тротуарлар, төселген тастар;
12) технологиялық ресурстары таусылған және кәсiпорынды (цехты) реконструкциялауды немесе қайта бейiндеудi қажет етпейтiн бірлі-жарым технологиялық немесе инженерлiк жабдықтарды жөндеу және ауыстыру.
2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 3 тармақ өзгертілді
3. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының келісімiмен тапсырысшы:
1) лицензиясы бар адамдар орындаған және қосымша жер учаскесiн (аумақ телiмiн) бөлiп берудi талап етпейтiн, конструкциялардың есептiк берiктiгiн төмендетпейтiн, сәулет-эстетикалық, өртке қарсы, жарылысқа қарсы және санитариялық сапаны нашарлатпайтын, пайдалану кезiнде қоршаған ортаға зиянды әсер етпейтiн, тұрғын ғимараттардағы (үйлердегi) тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды реконструкциялау (қайта жобалау, қайта жабдықтау);
2) азаматтардың жеке пайдалануына арналған техникалық жағынан күрделi емес басқа да құрылыстар жобаларын сараптамаға ұсынбауға да құқылы.
4. Мемлекеттік сараптаманың ерекше құзыретiне инвестициялардың негiздемелерiне, техникалық-экономикалық негiздемелер мен есептерге және:
1) мемлекеттік инвестициялар есебiнен немесе олардың қатысуымен тұрғызылған, сондай-ақ мемлекеттік инвестициялардың қатысуынсыз тұрғызылған, бiрақ заңда белгiленген тәртiппен өнiм шығару немесе көрсетiлетiн қызметтер көлеміндегі мемлекеттік меншiк үлесi көзделетiн;
2005.13.04 № 40-III ҚР Заңымен 2 тармақша толықтырылды (бұр. ред. қара) ; 2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді
2) санитариялық, экологиялық, өрт және жарылыс қауiпсiздiгi, еңбектi қорғау конструкциялардың сенiмдiлiгi, ықтимал қауiптi және техникалық жағынан күрделi объектiлердiң жұмыс iстеуiнiң тұрақтылығы , мүгедектер мен халықтың қауқары аз топтары үшiн әлеуметтiк, көлiктiк және рекреациялық инфрақұрылым объектiлерiне қол жеткізуiн қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік нормативтiк талаптарға сәйкестiгi бөлігiнде, құрылысты қаржыландыру көздерiне қарамастан, объектiлердiң (кешендердiң) құрылысына арналған жобалау (жобалау-смета) құжаттамасына сараптама жасау жатады.
Техникалық жағынан күрделі құрылыс объектілерінің тізбесі ғимараттар мен құрылыстарды техникалық күрделі санатқа жатқызудың Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін жалпы тәртібіне сәйкес айқындалады.
Мемлекеттік сараптамаға құрылыстың iрi және күрделi объектiлерi немесе салыну ұзақтығы алты айдан асатын объектiлер бойынша мердiгерлiк жұмыстарды (қызмет көрсетулердi) мемлекеттік сатып алу ісiн жүргiзуге арналған конкурстық (тендерлiк) құжаттама да жатады.
Құрылысы тапсырысшының өз қаражаты (тартылған қаражаттарды, шетелдiк инвесторлардың қаражаттарын қоса алғанда) есебiнен жүзеге асырылатын объектiлер бойынша, ықтимал қауiптi және техникалық жағынан күрделi объектiлердi қоспағанда, жобалау алдындағы құжаттамаға мемлекеттік сараптама жүргiзу туралы шешiмдi тапсырысшы (инвестор) қабылдайды.
5. 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен алып тасталды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 6 тармақ өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
6. Жобалардың сараптамасын (мемлекеттік сараптаманы қоса алғанда) орындайтын жеке және заңды тұлғаларға:
1) жүргiзілген сараптама нәтижелерi бойынша жобаларды бекітуге ұсыну, қабылдамай тастау немесе пысықтауға қайтару;
2) тапсырысшы тұжырымдарда айтылған жағдайларды (талаптарды) орындамаған жағдайда бұрын берiлген оң қорытындыны керi қайтарып алу;
3) қаралып отырған жобаның тапсырысшыларынан мемлекеттік органдар мен заңды тұлғалар, сондай-ақ жобаны әзiрлеушi - жекелеген мамандар арқылы сараптаманы сапалы жүргiзуге қажеттi материалдар мен ақпараттарды заңдарда белгiленген тәртiппен сұрату және алу;
4) белгiленген тәртiппен сараптама комиссияларын құру не сараптамаға қатыстыру үшiн мамандар тарту құқығы берiледi.
7. Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындылары:
1) құрылыстың жобалау (жобалау-смета) құжаттамасын бекіту;
2) осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайларда конкурстық (тендерлiк) құжаттаманы бекіту;
3) құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргiзуге (құрылыстың басталуына) рұқсат беру үшiн негiз болып табылады.
Мемлекеттік инвестициялардың есебiнен немесе олардың қатысуымен салынып жатқан объектiлер жөніндегі мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы болмайынша, жобалау құжаттамасын бекітуге және құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргiзуге (құрылыстың басталуына) рұқсат етуге жол берiлмейдi, бұған осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген жағдайлар қосылмайды.
8. Мiндеттi түрде сараптамаға жататын, бiрақ белгiленген тәртiппен одан өтпеген жобалар аяқталмаған деп саналады және iске асырылмауға тиiс.
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 9 тармақ жаңа редакцияда (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
9. Мемлекеттік сараптаманы қоса алғанда, жобалардың сараптамасын орындайтын жеке және заңды тұлғалар, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, қаралатын жобалар бойынша құпиялылықты сақтауға және коммерциялық құпияны қамтамасыз етуге міндетті.
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 10 тармақ жаңа редакцияда (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
10. Жобалардың сараптамасын (мемлекеттік сараптаманы қоса алғанда) орындайтын жеке және заңды тұлғалар инвестициялардың тиімділігін талдау, бағалау және жобалардың сапасы бойынша өз қызметінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілеріне тәуелді емес. Өкілді және атқарушы органдар мен сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган сараптаманың кәсіби қызметіне араласуға құқылы емес.
11. Жеке және заңды тұлғалар орындайтын жобалар сараптамасы шығыны қаралып отырған жобаның құнына жатқызыла отырып, шарттар негiзiнде жүзеге асырылады.
Жобаларға мемлекеттік сараптама жүргiзудiң тарифтерi Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалатын тәртiппен белгiленедi.
12. Мемлекетаралық сараптама жүргiзу тәртібі халықаралық шартқа сәйкес белгiленедi.
3-бөлiм. Құрылыс
10-тарау. Құрылыс процесін мемлекеттік реттеу
65-бап. Тапсырысшылар мен мердiгерлер
1. Құрылыстағы мердiгерлiк жұмыстарға байланысты мемлекеттік сатып алуға жатпайтын (құрылысқа арналған жобалау, iздену, сараптау, зерттеу жұмыстарын, тапсырыс бойынша құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын өндiрудi қоса алғанда) қатынастардың негiзгi қатысушылары жобаның (бағдарламаның) тапсырысшы-инвесторы не оның уәкiлдiк берген адамы мен мердiгер (бас мердiгер) болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдiктер, азаматтығы жоқ адамдар, отандық және шетелдiк заңды тұлғалар құрылыстағы мердiгерлiк жұмыстардың тапсырысшылары бола алады.
3. Қазақстан Республикасының аумағында сәулет, қала құрылысы және (немесе) құрылыс қызметiнiң тиiстi түрлерiн жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке және заңды тұлғалар (бiрлескен кәсiпорындарды қоса алғанда) құрылыстағы мердiгерлiк жұмыстарды орындайтын мердiгерлер бола алады. Бұл орайда бiрлескен кәсiпорындардың жарғылық капиталындағы шетелдiктердiң қатысу үлесi қырық тоғыз проценттен аспауға тиiс.
66-бап. Мердiгер таңдау
1. Тапсырысшының (инвестордың не оның уәкiлдiк берген адамының) мемлекеттік сатып алуға жатпайтын мердiгерлiк жұмыстарды орындау үшiн мердiгер таңдауы:
1) егер бұл жоба (бағдарлама) үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, конкурс өткiзiлмей;
2) жабық немесе ашық конкурстың (тендердiң) нәтижелерi бойынша;
3) конкурсқа (тендерге) қатысуға үмiткерлердiң алдын ала біліктілігi арқылы немесе онсыз жүзеге асырылуы мүмкiн.
2. Мердiгерлiк жұмыстарға конкурстардың (тендерлердiң) негiзгi қатысушылары:
1) тапсырысшы не оның тапсырысшы өкiлеттiктерi негiзiнде жұмыс iстейтiн уәкiлдiк берген адамы арқылы конкурстарды (тендерлердi) ұйымдастырушы (өткізушi);
2) конкурстың қазылар алқасы (тендер комиссиясы) - конкурсты (тендердi) ұйымдастырушының (өткізушiнiң) тұрақты немесе уақытша алқалық жұмыс органы;
3) үмiткерлер - ұйымдастырушыға (өткізушiге) ашық конкурсқа қатысу ниетi туралы өтiнiм берiп, ресми түрде өтiнiш жасаған, конкурсқа (тендерге) қатысуға жiберiлген тұлғалар, сондай-ақ жабық конкурсқа (тендерге) қатысуға шақыру алған тұлғалар.
3. Мердiгер таңдау жөнінде конкурс (тендер) өткізу туралы шешiм қабылдаған кезде, сондай-ақ жобаны (бағдарламаны) iске асырудың басында тапсырысшының:
1) құрылыс үшiн қажеттi қаржыландыру көздерi немесе жобаны (бағдарламаны) iске асыру үшiн керек етiлетiн уақыт кезеңiнде қажеттi сомаға билiк ету құқығы болуға тиiс. Бұл ереже құрылысты мердiгердiң қаржыландыруы жөніндегі талап конкурс (тендер) ережелерiне енгiзiлген жағдайда қолданылмайды;
2) жер учаскесiне (құрылысқа арналған алаңға немесе трассаға) тиiстi құқықтары немесе атқарушы органның оны беру туралы шешiмi болуға тиiс.
4. Егер мердiгер таңдау жөніндегi конкурстың (тендердiң) талаптарында инвестицияларға негiздеме жасау және жобалау (жобалау-смета) құжаттамасын әзiрлеу тапсырысшының мiндетiне кiрсе, мердiгерлiк жұмыстарға конкурс (тендер) өткізу кезiнде тапсырысшының қажеттi мемлекеттік сараптамадан өтiп, белгiленген тәртiппен бекітілген инвестициялардың негiздемесi мен жобалау (жобалау-смета) құжаттамасының болуы мiндеттi.
5. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының аумағы мердiгер таңдау жөніндегi ашық конкурс (тендер) ұйымдастырылатын және өткiзiлетiн жер болып табылады.
6. Егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше көзделмесе, конкурстың (тендердiң) тәртібі мен талаптарын тапсырысшы немесе оның тапсыруымен конкурсты ұйымдастырушы (өткізушi) белгiлейдi.
7. Конкурстарға (тендерлерге) қатысуға:
1) Қазақстан Республикасының аумағында шаруашылық қызметтi жүргiзуге заңдарда белгiленген тәртiппен рұқсат етiлмеген жеке және заңды тұлғалар;
2) банкрот деп жарияланған заңды тұлғалар;
3) конкурсты (тендердi) ұйымдастырушылар (өткізушiлер) не оның қазылар алқасының (тендер комиссиясының) мүшелерi болып табылатын тұлғалар;
4) заңдарда белгiленген тәртiппен тiркелмеген ұйымдар жiберiлмейдi.
8. Тапсырысшының не конкурсты (тендердi) ұйымдастырушының (өткізушiнiң) және қазылар алқасының (тендер комиссиясының) үмiткерден оның коммерциялық құпиясы болып табылатын ақпаратты мiндеттi түрде берудi талап етуге құқығы жоқ.
9. Мердiгерлiк жұмыстарға өткiзiлген конкурсты (тендердi) өттi деп хабарлау және тапсырысшының қатысушылардың бiрiн жеңiмпаз (жеңiмпаздар) деп бекітуi (тануы) олардың арасында конкурс талаптарында көзделген мердiгерлiк жұмыстарды орындауға шарт жасасуға негiз болып табылады.
10. Тапсырысшы, мердiгерлiк жұмыстарға конкурс (тендер) ұйымдастырушы (өткізушi) және конкурстың қазылар алқасы (тендер комиссиясы) өз мiндеттемелерiн орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн Қазақстан Республикасы заң актілеріне сәйкес жауапты болады.
11. Мемлекеттік сатып алуға жатпайтын мердiгерлiк жұмыстар тапсырысшы (жобаның немесе бағдарламаның инвесторы) мен ол таңдаған мердiгер (бас мердiгер) арасында жасалатын шарт негiзiнде орындалады.
Мердiгерлiк шартта мердiгер (бас мердiгер) iшкi мердiгерлердiң орындауына бермекшi болып отырған жұмыстардың (көрсетiлетiн қызметтердiң) түрлерi мен көлемi мiндеттi түрде көрсетiледi. Бұл орайда бүкiл мердiгерлiк жұмыстардың шартта көзделген құнының (мердiгерлiк бағаның) жинақтап алғанда үштен екi бөлiгiнен астамын iшкi мердiгерлiкке беруге рұқсат етiлмейдi.
12. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, тапсырысшының мердiгер алдындағы және мердiгердiң тапсырысшы алдындағы мiндеттерi мен жауапкершiлiгi мердiгерлiк шартпен белгiленедi.
13. Мердiгерлiк шартта мердiгердiң қаржылық жауаптылығын анықтайтын, құрылыс объектiсiнiң пайдалануға берiлгеннен кейiнгi тұрақты жұмыс iстеуiнiң кепiлдi мерзiмдерi белгiленедi.
Мердiгерлiк шартта кепiлдi мерзiмдер белгiленбеген жағдайда осы Заңның 69-бабы 1-тармағының екiншi бөлiгiнде көзделген норма қолданылады.
67-бап. Мердiгерлiк жұмыстарға конкурс (тендер) нәтижелерiн жарамсыз деп тану
1. Мердiгерлiк жұмыстарға осы конкурс (тендер) үшiн белгiленген тәртiп пен талаптарды бұза отырып өткiзiлген немесе заңдарға сәйкес өткiзiлмеген конкурстың (тендердiң) нәтижелерiне (жеңiмпазды таңдауға және өзге қорытындыларға) қатысушы (қатысушылар) сот тәртібімен наразылық бiлдiре алады.
2. Конкурстың (тендердiң) нәтижелерiн жарамсыз деп тану тапсырысшы мен жеңiмпаз (жеңiмпаздар) арасында жасалған шарт күшiнiң жойылуына әкеп соғады, ал конкурс (тендер) өткiзiлмедi деп жарияланады.
3. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, өткiзiлмедi деп жарияланған конкурс (тендер) өзге мерзiмде қайта өткiзілуi мүмкiн.
68-бап. Құрылыс процесiне қойылатын негiзгi талаптар
1. Құрылыс процесiнiң тиiстi кезеңдерiнде осы бапта белгiленген рәсiмдер орындалып, талаптар сақталуға тиiс.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. Объект салуды жүзеге асыруға ниетi бар тапсырысшы жер заңдарына сәйкес аудандардың (қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарынан осы объектiнi салуға жер учаскесiн беру туралы шешiм не тапсырысшыға меншiк немесе жер пайдалану құқығымен тиесілі учаскені құрылыс салуға пайдалануға рұқсат алуға міндетті. Бұл ережеге тапсырысшыға меншік құқығымен тиесілі жеке үй жанындағы, саяжай, бау-бақша учаскелерiне уақытша құрылыстар, шаруашылық-тұрмыстық қора-қопсы және абаттандыру элементтерiн, сондай-ақ тапсырысшы жер пайдалану құқығымен пайдаланатын учаскелерде (аумақтарда) маусымдық жұмыстар мен шалғайдағы мал шаруашылығына арналған тұрғын және тұрмыстық үй-жайлар салу қосылмайды.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3. Аудандардың (қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарының құрылысқа жер учаскесiн беру туралы шешiмiнiң (құрылыс салушының меншiк немесе жер пайдалану құқығындағы учаскеде құрылысқа рұқсатының) шешiм қабылданған күннен құрылыс басталғанға дейiнгi қолданылу мерзiмi жобалаудың нормативтiк ұзақтығын және белгiленген тәртiппен жобаның бекітілуiн ескере отырып, жер заңдарына сәйкес белгiленедi және рұқсат құжатында көрсетiледi.
Жер учаскесiн беру туралы бұрын қабылданған шешiм не тапсырысшыда бар учаскенi құрылысқа пайдалануға бұрын берілген рұқсат, егер осы учаскеде рұқсат етiлмеген басқа құрылыс жүргiзiлсе, қайтарып алынуы мүмкiн.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 4-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
4. Құрылыс салуға жер учаскесiн беру не тапсырысшыға меншiк немесе жер пайдалану құқығымен тиесiлi учаскенi пайдалануға рұқсат беру туралы оң шешiм мүмкiн болмаған жағдайларда, аудандардың (қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдары өтiнiш берiлген кезден бастап он күн iшiнде өтiнiш берушiге (тапсырысшыға) оның сол құрылысты жүзеге асыру ниетi қайшы келетiн заң нормаларын (ережелердi, талаптарды, шектеулердi, сервитуттарды) көрсете отырып, бас тартуды дәлелдеп жауап қайтаруға мiндеттi.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 5-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
5. Аудандардың (қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарының құрылысқа жер учаскесiн беру (учаскенi пайдалануға рұқсат ету) туралы шешiмi тапсырысшының белгiленген объектiнi жобалауға тапсырмасын жасау үшiн негiз болып табылады.
Тапсырысшы не оның уәкiлеттi адамы (құрылыс салушы) жобалауға тапсырманы жасайды және тапсырысшы бекiтедi.
Жобалауға тапсырма жобалау алдындағы және (немесе) жобалау (жобалау-смета) құжаттамасын әзiрлеу жөніндегі тапсырысты орындауға арналған шарттың ажырағысыз бөлiгi болып табылады.
Жобалауға тапсырма объектiнiң талап етiлетiн параметрлерiн, өзге де бастапқы деректердi қамтуға тиiс.
6. Құрылыс салынбақшы болып отырған ауданда инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету жөнінде қызмет көрсетушiлер тапсырысшының өтiнiмi бойынша құрылыс және кейiн пайдалануға енгiзiлген объектiнiң тұрақты жұмыс iстеуi үшiн талап етiлетiн, сұратылып отырған (есеп айырысу) параметрлерде инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету көздерiне қосуға техникалық жағдай жасайды не дәлелдi түрде бас тартып жауап қайтарады.
Қызмет көрсетудiң сұратылып отырған параметрлерiне (есептеулерiне) техникалық жағдай жасаудан бас тарту монополияға қарсы заңдардың нормалары мен ережелерiне сәйкес жүргiзiледi.
7. Құрылыс объектiсiн инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету жөнінде қызмет көрсетушiлердiң техникалық жағдай жасаған кезде тапсырысшының инженерлiк (коммуналдық) инфрақұрылым объектiлерiн кеңейтуге (реконструкциялауға, жаңғыртуға, техникамен қайта жарақтандыруға) қатысуы (үлестiк қатысуы) туралы негiзсiз талаптар белгiлеуiне жол берiлмейдi.
Белгiлi бiр елдi мекен немесе құрылыс ауданының инженерлiк (коммуналдық) инфрақұрылымын қамтамасыз етудiң сол кездегi деңгейi тапсырысшы сұратқан параметрлерде қызметтер көрсетуге мүмкiндiк бермеген жағдайда, қосылатын абоненттердiң қосымша жүктемелерiн жабуға арналған инфрақұрылым объектілерiн кеңейтуге (реконструкциялауға, жаңғыртуға, техникамен қайта жарақтандыруға) байланысты шығындар туралы мәселелер жеткiзiп берушiлер (өндiрушiлер) мен тапсырысшы (тұтынушы) арасында шарт және қайтарымдылық негiзiнде шешiлуге тиiс.