2) комиссия төрағасының орынбасары тағайындайтын мемлекеттік құрылыс инспекторы;
2005.13.04 № 40-III ҚР Заңымен 3 тармақша толықтырылды (бұр. ред. қара)
3) тапсырысшының (инвестордың, құрылыс салушының), жергiлiктi сәулет және қала құрылысы органының, халықты әлеуметтiк қорғау мемлекеттік органының, пайдаланушы ұйымдардың (кәсiпорындардың, мекемелердiң), бас мердiгердiң, бас жобалау ұйымының (жоба авторларын қоса алғанда), мемлекеттік өртке қарсы қадағалау және санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау қызметтерiнiң өкiлдерi енгiзiледi.
Жобаны әзiрлеушiнiң тұрған жерi (орналасқан жерi) объект салынып жатқан елдi мекеннен тыс жерде болған жағдайда, осы жобалау ұйымының жергiлiктi атқарушы органдарға жазбаша өтiнiшi бойынша оның өкiлiнiң орнына мемлекеттік қабылдау комиссиясына жергiлiктi жобалау ұйымының өкiлi енгiзiлуi мүмкiн.
10. Сондай-ақ тұрғын үй-азаматтық және коммуналдық мақсаттағы объектiлердi қабылдау жөніндегі мемлекеттік қабылдау комиссиясының құрамына:
1) су ресурстарын мемлекеттік басқару органдарының және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мемлекеттік қадағалау қызметiнiң өкiлдерi - су жинауға және су ағызуға байланысты объектiлердi қабылдаған кезде;
2) тұрғын үй-азаматтық және коммуналдық мақсаттағы объектiлер құрылысының жобаларын әзiрлеудi жүзеге асыратын денсаулық сақтау, білім беру, ғылым, мәдениет, туризм және спорт мемлекеттік басқару органдарының өкiлдерi - тиiстi мақсаттағы объектiлердi қабылдаған кезде енгiзiледi.
11. Қайта қабылдауды қоса алғанда, мемлекеттік қабылдау комиссиясының жұмыс процесiнде жасалған шығындарын тапсырысшы өтейдi.
79-бап. Салынған объектілердi пайдалануға өткізуге және қабылдауға қатысушылардың жауапкершiлiгi
Салынған объектiлердi пайдалануға, өткізуге және қабылдауға қатысушылар, соның iшiнде тапсырысшылар (инвесторлар, құрылыс салушылар), iздену, жобалау, құрылыс-монтаж жұмыстарына мердiгерлiктiң жауапты орындаушылары, құрылыс материалдарын, бұйымдарын, конструкцияларын және жабдықтарын дайындаушылар мен берушiлер, сондай-ақ құрылыстың және жабдықтарды монтаждаудың барысын оралымды қадағалау қызметтері, мемлекеттік қабылдау немесе қабылдау комиссиясының және жұмыс комиссиясының мүшелері, басқа да қатысушылар азаматтардың өміріне немесе денсаулығына төнген қауіп, сондай-ақ жіберілген жолсыздықтар не міндетті нормативтік талаптардан (ережелерден, шектеулерден) ауытқушылық салдарынан мемлекеттік, қоғамдық немесе жеке мүдделерге келтірілген залал (зиян) үшін Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленгендей жауапты болады.
Қазақстан Республикасының