2. Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы:
1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның республикалық маңызы бар объектілер құрылысының сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесінен;
2) жергілікті маңызы бар объектілер құрылысының сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органынан тұрады.
3. Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясына:
1) құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге (құрылыстың басталуына) рұқсат беру (рұқсат беруден негізді бас тарту) және өтпелі құрылыстар бойынша жыл сайын олардың мерзімін ұзартып отыру;
2) салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілердің мониторингі және салынып (реконструкцияланып, кеңейтіліп, жаңғыртылып, күрделі жөндеуден өткізіліп) жатқан объектілер мен кешендердің сапасын бақылау;
3) заңнамада белгіленген тәртіппен қабылдау комиссиясының және мемлекеттік қабылдау комиссиясының жұмысына қатысу;
4) жойылмайтын бұзушылықтарға жол берген, не жол берілген бұзушылықтарды белгіленген нормативтік мерзімде жоймаған заңды және лауазымды тұлғаларға қатысты заңнамада белгіленген шараларды қолдану жүктеледі.
4. Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясына (мемлекеттік құрылыс инспекторына):
1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілерінен Қазақстан Республикасының аумағында салынуы белгіленген және салынып (реконструкцияланып, кеңейтіліп, жаңғыртылып, күрделі жөндеуден өткізіліп) жатқан объектілер мен кешендер туралы ақпарат сұрау және алу;
2) тапсырысшылардан танысу үшін осы құрылыс жөніндегі қажетті жобалау және атқару құжаттамасын, сондай-ақ тиісті жобалардың сараптама қорытындысын сұрату және алу;
3) салынып (реконструкцияланып, кеңейтіліп, жаңғыртылып, күрделі жөндеуден өткізіліп) жатқан объектілер мен кешендерге кедергісіз бару және оларда жүргізіліп жатқан құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасына жедел инспекциялық тексеру жүргізу құқығы беріледі.
5. Мемлекеттік нормативтерді бұзуға және (немесе) бекітілген жобалардан (жобалық шешімдерден) ауытқуға жол берілгендігі анықталған жағдайда мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы:
1) мемлекеттік стандарттар мен техникалық талаптарға сәйкес келмейтін құрылыс материалдарын, бұйымдарын, конструкциялары мен жабдықтарын қолдануға тыйым салу туралы;
2) жол берілген бұзушылықтарды тапсырысшының (құрылыс салушының) және (немесе) мердігерлік құрылыс-монтаж ұйымының (кәсіпорнының) белгіленген мерзімде жоюы туралы;
3) құрылыс-монтаж жұмыстарын тоқтата түру туралы шешім қабылдай (нұсқама бере) алады.
6. Мыналар:
1) сейсмикалық қауіптілігі жоғары аймақтарда немесе іске асыру кезінде арнайы жобалық шешімдер мен іс-шараларды қажет ететін өзге де айрықша геологиялық (гидрогеологиялық) және геотехникалық жағдайлардағы құрылысты қоспағанда, жеке тұрғын үйлер құрылысы;
2) жеке үй жанындағы учаскелерде немесе бау-бақша серіктестіктері учаскелерінде орналасқан уақытша құрылыстар, сондай-ақ маусымдық жұмыстар мен шалғайдағы мал шаруашылығы үшін тұрғын және (немесе) шаруашылық-тұрмыстық үй-жайлар тұрғызу;
3) азаматтардың жеке пайдалануына арналған басқа да техникалық күрделі емес құрылыстардың өзгеруі мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы тарапынан бақылауға жатпайды.
7. Республикалық маңызы бар объектілер құрылысының барысына және сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын уәкілетті органның лауазымдық міндеттеріне аталған құрылыстарды жедел инспекциялау кіретін басшысы, оның орынбасарлары мен штат қызметкерлері, тиісінше, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік құрылыс инспекторы, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік құрылыс инспекторының орынбасарлары және мемлекеттік құрылыс инспекторлары болып табылады.
Ведомстволық бағынысты аумақтағы құрылыс барысына және сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын жергілікті органдардың (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) басшылары, тиісінше, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) мемлекеттік құрылыс инспекторлары болып табылады. Жергілікті органдардың лауазымдық міндеттеріне жергілікті маңызы бар құрылыстарды жедел инспекциялау кіретін штат қызметкерлері ведомстволық бағынысты аумақтағы мемлекеттік құрылыс инспекторлары болып табылады.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және әкімшілік жазалар қолдану құқығы:
1) республикалық маңызы бар құрылыс объектілері бойынша - Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік құрылыс инспекторы мен оның орынбасарларына;
2) жергілікті маңызы бар құрылыс объектілері бойынша - тиісті әкімдіктерінен өкілдік ететін облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) бас мемлекеттік құрылыс инспекторларына беріледі.
34-бап. Авторлық қадағалау
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1. Жобалау (жобалау-смета) құжаттамасын әзiрлеушiлердiң авторлық қадағалауы:
1) осы Заңның 68-бабына сәйкес мемлекеттік қабылдау комиссиялары пайдалануға қабылдайтын объектiлер құрылысы кезiнде;
2) объектiнi жобалауды, инвестициялауды және оның құрылысын жүргiзушi ұйымның өкiмдiк құжатына (бұйрығына) сәйкес;
3) осы Заңның 15-бабы мен "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қабылдау комиссиялары пайдалануға қабылдауға жататын объектiлердiң құрылысы барысында жүргiзiлетiн авторлық қадағалау шарт негiзiнде жүзеге асырылады.
Мұндай жағдайларда авторлық қадағалау объект құрылысының (реконструкциялау, қалпына келтiру, кеңейту, техникамен қайта жарақтандыру, жаңғырту, күрделi жөндеу) не аяқталмаған объектiлер құрылысын тоқтатып қоюдың бүкiл кезеңi iшiнде жүзеге асырылуға тиiс.
3. Авторлық қадағалауды ұйымдастыру мен жүргiзу тәртібі сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөніндегi уәкiлеттi мемлекеттік орган бекiтетiн мемлекеттік нормативтiк құжаттармен белгiленедi.
2005.12.04. № 38-III ҚР Заңымен 34-1-баппен толықтырылды
34-1-бап. Техникалық қадағалау
1. Мемлекеттік қабылдау комиссияларының пайдалануға қабылдануына жататын объектілердің құрылысы кезінде міндетті түрде техникалық қадағалау жүзеге асырылуға тиіс.
2. Техникалық қадағалауды тапсырысшы объектілер құрылысына жобалық-сметалық құжаттамада көзделген қаражат есебінен шарт негізінде инжинирингтік қызметтер көрсету жөніндегі ұйымдарды тарта отырып, қолданыстағы нормативтерге сәйкес жүзеге асырады.
3. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері (тапсырысшылар) бюджет қаражатынан қаржыландырылатын жобаларды іске асыруға техникалық қадағалауды жүзеге асыру үшін нарықта әрекет ететін инжинирингтік қызметтер көрсету жөніндегі ұйымдарды тартуға құқылы.
35-бап. Сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын лауазымды адамдар
1. Сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын лауазымды адамдарға:
1) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
1-1) республикалық маңызы бар объектілер бойынша - сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік құрылыс инспекторлары;
2004.20.12. № 13-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 2-тармақша өзгертілді
2) жергілікті маңызы бар объектілер бойынша - облыстар мен республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік құрылыс инспекторлары;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 3-тармақша жаңа редакцияда
3) қабылдау, мемлекеттік қабылдау және жұмыс комиссиялары жұмыс істеген кезде сол комиссиялардың құрамына енгізілген сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның және жергілікті атқарушы органдардың штат қызметкерлері;
4) комиссиялардың (топтардың) жұмысы кезiнде мемлекеттік қабылдау (жұмыс) комиссияларына не сараптама топтарына енгiзiлген өзге де заңды тұлғалардың уәкiлеттi өкiлдерi жатады.
2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді
2. Мемлекеттік сәулет-құрылысы бақылауын жүзеге асыратын мемлекеттік құрылыс инспекторлары Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен аттестатталуға тиiс.
3. Сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын лауазымды адамдардың мiндеттерiне:
1) Қазақстан Республикасының аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң субъектiлерi жол берген мемлекеттік нормативтер мен талаптардың (ережелердiң, шектеулердiң) бұзылу себептерiн анықтау және оларға талдау жасау;
2) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң субъектiлерi жол берген мемлекеттік нормативтер мен талаптардың (ережелердiң, шектеулердiң) бұзылуын, сондай-ақ олардың зардаптарын жоюға бағытталған әсер ету шараларын өз өкiлеттiктерiне сәйкес қолдану;
3) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асырудың нысандары мен әдiстерiн жетiлдiру жөніндегi iс-шараларды әзiрлеу кiредi.
4. Сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын лауазымды адамдардың құқықтары, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, тиiстi сәулет-құрылыс бақылауы органдарының өкілеттiктерi шегiнде белгiленедi.
36-бап. Сәулет-құрылыс бақылауы органдарының нұсқамалары
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1. Анықталған жолсыздықтарға не мемлекеттік нормативтерде көзделген талаптардан (ережелерден, шектеулерден), өзге де мiндеттi талаптардан ауытқушылықтарға (сәйкес келмеушiлiкке) байланысты сәулет-құрылыс бақылауы органдары сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң субъектiлерiне (субъектiлердiң атынан өкiлдiк ететiн жауапты адамдарға) нұсқама бере алады.
2. Нұсқамаларға қол қою құқығы, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын лауазымды адамдарға ғана берiледi.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3. Сәулет-құрылыс бақылауы органдары заңдарға сәйкес берген нұсқамалар Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi субъектiлерiнiң орындауы үшiн мiндеттi.
2-бөлім. Сәулет және қала құрылысы
7-тарау. Мемлекеттік қала құрылысы кадастры
37-бап. Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының нысанасы мен мақсаты
2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді
1. Мемлекеттік қала құрылысының кадастры Қазақстан Республикасы кадастрларының мемлекеттік ақпараттық-құқықтық жүйесiне кiредi және аумақтардың, ғимараттардың және құрылыстардың, шағын сәулет нысандарының және абаттандыру бөліктерінің жай-күйi туралы, сондай-ақ аумақтар мен елдi мекендердi дамыту мен құрылысын салудың қала құрылысын жоспарлау туралы мәлiметтердi, аумақтар мен объектiлердiң тиiстi функционалдық аймақтарға тиесiлiлiгi, олардың қазiргi және болашақтағы мақсаттары, экологиялық, инженерлiк- геологиялық, гидрогеологиялық, геотехникалық және сейсмикалық жағдайлары, инженерлiк қамтамасыз етiлуi туралы деректердi қамтиды.
2. Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының деректерi:
1) қала құрылысы мен сәулет-құрылыс құжаттамасын әзiрлеу және iске асыру;
2) жылжымайтын мүлiк объектiлерiн дамыту және өзгерту;
3) жылжымайтын мүлiкпен мәмiлелер жасауды, оны тiркеудi жүзеге асыру;
4) инвестициялық қызметтi бағалау;
5) қала құрылысы және сәулет-жоспарлау тапсырмаларын, құрылысқа (жұмыс жүргiзудi бастауға) және объектiлердi кейiннен кәдеге жаратуға рұқсат беру;
6) сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыру, қоршаған ортаны қорғау кезiнде пайдаланылуға тиiс.
3. Мемлекеттік қала құрылысы кадастры жерге және басқа да жылжымайтын мүлiкке салынатын салық мөлшерiн белгiлеу, жылжымайтын мүлiк айналымын пайдалануды құқықтық реттеу, елдi мекендердiң аумақтарын ұтымды пайдалануға бақылау жасау, қала құрылысы регламенттерiн сақтау және жобаларды iске асыруды талдау үшiн пайдаланылады.
4. Мемлекеттік қала құрылысы кадастры мынадай аумақтық деңгейлер бойынша:
1) республикалық;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2) облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық;
3) базалық (аудандық, облыстық бағыныстағы қалалық) болып бөлінедi.
38-бап. Республикалық деңгейдегi мемлекеттік қала құрылысы кадастры
1. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша қала құрылысы кадастрының мемлекеттік тапсырысшысы Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылады.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң республикалық деңгейдегi мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргiзу жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органы сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөніндегi уәкiлеттi мемлекеттік орган болып табылады.
3. Республикалық деңгейдегi мемлекеттік қала құрылысы кадастрының ақпараттық негiзi облыстық және базалық деңгейлердегi қала құрылысы кадастрлары болып табылады.
2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен тақырыбы өзгертілді
39-бап. Облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) және базалық деңгейдегi мемлекеттік қала құрылысы кадастры
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ; 2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді
1. Облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) және базалық деңгейдегi мемлекеттік қала құрылысы кадастрының тапсырысшылары облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкiмдiктерi болып табылады.
Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) және базалық деңгейдегі мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу жөніндегі уәкілетті орган болып табылады.
2. Облыстық деңгейдегi мемлекеттік қала құрылысы кадастрының ақпараттық негiзi базалық деңгейдегi қала құрылысы кадастрлары болып табылады.
3. 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
40-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi объектiлерi мен мемлекеттік қала құрылысы кадастрының мониторингi
1. Мемлекеттік қала құрылысының кадастры Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейтiн сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi объектiлерi жөніндегi ақпаратты жинаудың, өңдеудiң, есепке алудың, тiркеудiң, сақтау мен табыс етудiң Қазақстан Республикасы үшiн бiрыңғай жүйесi бойынша жүргiзiледi.
2. Мемлекеттік қала құрылысы кадастры үшiн:
2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді
1) орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, мемлекеттік мүлiк пен жекешелендiрудi, статистиканы, жер ресурстарын, геодезия және картографияны аумақтық басқару органдары;
2) жылжымайтын мүлiктi тiркеу техникалық түгендеу және бағалау қызметтерi;
3) санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау, қоршаған орта мен табиғи ресурстарды қорғау қызметтерi;
4) тарихи және мәдени мұраның пайдаланылуына бақылау жасау қызметтерi;
5) жердiң, судың және басқа да салалық кадастрлардың, тiркелiмдердiң деректерi, өзге де деректер банктерi бастапқы ақпарат (мәлiмет) көздерi болып табылады.
8-тарау. Аумақтарды дамытудың және
оларға құрылыс салудың қала
құрылысын жоспарлау
41-бап. Қала құрылысы регламенттерi
2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 1 тармақ өзгертілді
1. Ғимараттарды және құрылыстарды пайдаланудың қала құрылысы регламенттерi, сондай-ақ мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргiзген кезде олардың жай-күйiне енгiзiлген кез келген өзгерістер белгiленген мерзiм шегiнде қолданылып жүрген артықшылықтар берудiң, тыйым салулардың, шектеулер мен өзге де режимдердiң үлгiлерiмен, түрлерiмен және параметрлерiмен сипатталады.
Регламенттердiң көздерi заңдарда белгіленген тәртiппен бекітілген қала құрылысы және сәулет-құрылыс құжаттамасы болып табылады.
2. Мемлекеттік қала құрылысы регламенттерiнiң сыныптағышы мен олардың көрсеткiштерi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес республикалық және жергiлiктi деңгейлерде белгiленедi.
3. Мемлекеттік қала құрылысының кадастрын жүргiзуге арналған қала құрылысы регламенттерiнiң жүйесi олардың мынадай үлгiлерiн:
1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiн жүзеге асыру кезiнде аумақ пен соған байланысты жылжымайтын мүлiктi функционалдық пайдалануды белгілеуді және (немесе) өзгертуді;
2) аумақ пен елдi мекендердi дамытудың және жайғастырудың (құрылыс салудың) интенсивтілігiн;
3) аумақ пен елдi мекендердi дамытудың және жайғастырудың (құрылыс салудың) балансын қамтамасыз етудi;
4) аумақ пен елдi мекендердi жайғастырудың (құрылыс салудың) қоршаған ортаға әсер етуiн қамтуға тиiс.
4. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiн жүзеге асыру кезiнде аумақ пен соған байланысты жылжымайтын мүлiктердi функционалдық пайдалануды белгiлеу және (немесе) өзгерту мемлекеттік регламенттердiң мынадай түрлерi:
1) аумақты функционалдық белгiлеу және (немесе) өзгерту;
2) жаңадан салынып жатқан және реконструкцияланатын үйлер мен ғимараттарды функционалдық белгiлеу;
3) бар үйлер мен ғимараттарды функционалдық пайдалануды өзгерту арқылы iске асырылады.
5. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiн жүзеге асыру нәтижесiнде аумақтар мен елдi мекендердi дамыту және жайғастыру (құрылыс салу) қала құрылысы регламенттерiнiң мынадай түрлерi:
1) игерiлетiн аумақтардың ауқымдары;
2) осы аумақ үшiн сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң жекелеген түрлерiне тыйым салу, рұқсат беру мен шектеулер;
3) жүзеге асырылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi нәтижесiнде аумаққа түсетiн ауыртпалықтар;
4) жүзеге асырылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi нәтижесiнде аумақты немесе жылжымайтын мүлiк объектiлерiн дамыту мен өзгерту режимдерi;
5) елдi мекеннiң немесе оның бөлiгiнiң жоспарлы құрылымы мен сәулет келбетiн қалыптастыру;
6) елдi мекеннiң немесе оның бөлiгiнiң әлеуметтiк, рекреациялық, көлiк және инженерлiк инфрақұрылымдарын қалыптастыру (жетiлдiру) арқылы көрiнiс табуға тиiс.
6. Аумақты және елдi мекендi дамыту балансы қала құрылысы регламенттерiнiң мынадай түрлерi:
1) аумақтар мен объектiлердi дамытудың ресурстық жағдайлары;
2) аумақтар мен елдi мекендердiң ортаға байланысты жағдайлары;
3) халықтың тiршiлiгiн қамтамасыз етудiң инженерлiк жағдайлары арқылы қамтамасыз етiлуге тиiс.
2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 7 тармақ өзгертілді
7. Аумақтар мен елдi мекендердi жайғастырудың (құрылыс салудың) қоршаған ортаға тигiзетiн әсерi қала құрылысы регламенттерiнiң мынадай түрлерi:
1) экологиялық және санитариялық осал объектiлердi орналастыру;
2) техногендiк қауiп төндіретiн объектiлердi орналастыру;
3) қауiптi табиғи құбылыстар көздерiне қатысты адам мекендейтiн ортаны орналастыру;
4) санитариялық, өртке қарсы және өзге де мiндеттi талаптар;
5) инженерлiк және көлiк жағдайлары арқылы реттеледі.
8. Қала құрылысы регламенттерiнiң мәлiметтерi мемлекеттік қала құрылысы кадастрына енгiзiлуге тиiс.
42-бап. Қазақстан Республикасы аумағын ұйымдастырудың бас схемасы
1. Аумақты ұйымдастыру және оның кеңiстiгiне өндiргiш күштердi орналастыру Қазақстан Республикасы аумағын ұйымдастырудың бас схемасында қабылданған шешiмдерге сәйкес жүзеге асырылады.
2. Қазақстан Республикасы аумағын ұйымдастырудың бас схемасы:
1) стратегиялық және экономикалық жоспарлаудың ережелерiне сәйкес өндіргiш күштердi жайғастыру мен орналастырудың негiзгi принциптерiн;
2) табиғатты ұтымды пайдаланудың және республикалық маңызы бар шаруашылық қызметтiң, өндiрiстiк, көлік, инженерлiк, әлеуметтiк және рекреациялық инфрақұрылымдарды дамытудың негiзгi ережелерiн;
3) аймақтардағы экологиялық жағдайды жақсарту, тарихи және мәдени мұра объектiлерi және (немесе) қорғалатын ландшафтық объектiлерi бар аумақтарды сақтау жөніндегі негiзгi шараларды;
4) ерекше қорғалатын аумақтарды, табиғи және техногендiк сипаттағы құбылыстар мен процестердiң қауiптi (зиянды) әсерiнен зақымданған пайдалы қазбалар жатқан аумақтарды немесе сәулет-қала құрылысы қызметiн жүзеге асыру үшiн қысыл-таяң табиғи-климаттық жағдайларды пайдалану жөніндегі пайдалану немесе шектеу түрлерiн қамтиды.
3. Бас схема:
1) өндiргiш күштердi жайғастыру және орналастыру жүйесiн мемлекеттік реттеудi қамтамасыз етедi;
2) Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысын ескере отырып, аумақтарды пайдаланудың мәртебесiн, мақсаты мен сипатын белгiлейдi;
3) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiн жүзеге асыру арқылы әлеуметтiк-экономикалық және шаруашылық даму бағдарламалары жөніндегi аймақаралық және салааралық мемлекеттік мүдделердi үйлестiредi.
4. Бас схеманың негiзгi ережелерiн Қазақстан Республикасының Yкіметі бекiтедi.
5. Бас схеманы әзiрлеу және келiсу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
43-бап. Аумақты дамытудың аймақаралық схемалары
1. Аумақты дамытудың аймақаралық схемалары Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасына сәйкес әзiрленедi, екi және одан көп облыстардың (не олардың бөліктерiнiң) аумақтарындағы өзара келісілген (топтастырылған) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi, сондай-ақ әкiмшiлiк-аумақтық бөліністердің шекараларын есепке алмай, әлеуметтiк-экономикалық немесе экологиялық аудандар үшiн қызмет етедi және:
1) жоспарланатын аумақты аймақтарға бөлудi;
2) аумақты қала құрылысына игеру мен дамытуды;
3) аймақтық және аймақаралық маңызы бар өндiргiш күштердi, өндірiстiк, көлiк, инженерлiк, әлеуметтiк және рекреациялық инфрақұрылымдарды жайғастыру мен орналастыру жүйесiн кешендi дамыту жөніндегi шараларды;
4) табиғатты ұтымды пайдалану, ресурстармен қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды анықтайды.
2. Аумақты дамытудың аймақаралық схемалары сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органның жергiлiктi атқарушы органдармен бiрлескен тапсырысы бойынша әзiрленедi.
3. Аумақты дамытудың аймақаралық схемасын әзiрлеу және келiсу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
Аймақаралық схеманы және оны iске асыру жөніндегі шараларды Қазақстан Республикасының Yкіметі бекiтедi.
4. Тараптар бекiткен халықаралық шарттар негiзiнде әзiрленген және мүдделi тараптар бекiткен аумақтық дамудың мемлекетаралық схемалары Қазақстан Республикасы мен шектес шет мемлекеттер аймақтарының аумақтарында өзара келісілген (үйлестiрiлген) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi үшiн негiз болып табылады.
Аймақты дамытудың мемлекетаралық схемаларын әзiрлеудi, келiсудi және бекітудi, сондай-ақ оларды iске асыруды қатысушы мемлекеттер тарапынан қолдау жөнiнде шаралар қолдану тәртібі халықаралық шарттарға сәйкес белгiленедi.
44-бап. Аумақтардың қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемалары
1. Жекелеген аймақтардың (облыстың немесе оның қандай да бiр бөлiгiнiң) аумақтарын ұйымдастыру (игеру, жайғастыру, құрылыс салу) аумақтың қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемасы негiзiнде жүзеге асырылады.