10-бап. Табиғи монополия субъектiсiнiң қызметтерiн (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушының құқықтары
Табиғи монополия субъектiсiнiң қызметтерiн (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушы:
1) табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiн (тауарларын, жұмыстарын) уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен және тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) бойынша сатып алуға, есепке алу аспаптарын орнатуды талап етуге не оларды өздерi сатып алуға және орнатуға;
2) шешiмдерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу, жаңа шешiмдер қабылдау немесе қолданылып жүрген шешiмдердiң күшiн жою туралы уәкiлеттi органға өтiнiш беруге;
3) уәкiлеттi органның әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне), сондай-ақ ол қабылдаған шешiмдерге сот тәртібімен шағымдануға;
4) уәкiлеттi органға және (немесе) сот тәртібімен табиғи монополия субъектiсiнiң Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келетiн әрекеттерiне шағымдануға;
4-1) жария тыңдауларға қатысуға;
4-2) табиғи монополия субъектісінің қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) сатып алуды жүзеге асыруы жөніндегі тендерлерге қатысуға;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтарының болуына хақылы.
ҚР 26.12.02 ж. № 364-II Заңымен (бұр. ред. қара) ; 09.12.04 ж. № 9-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 11-бап өзгертілді
11-бап. Табиғи монополия субъектiсiнiң қызметтерiн тұтынушының мiндеттерi
1. Табиғи монополия субъектiсiнiң қызметтерiн (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушы:
1) табиғи монополия субъектiсiнiң қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) жасалған шарттардың талаптарына сәйкес уақтылы және толық көлемде ақы төлеуге;
2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес табиғи монополия субъектiлерi белгiлейтiн техникалық талаптарды орындауға мiндеттi.
2. ҚР 09.12.04 ж. № 9-III Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
3. Табиғи монополия субъектiсiнiң қызметтерiн (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушының өтiнiшi бойынша уәкiлеттi орган, егер бұл тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) төмендеуiне әкеп соғатын болса, осы бапта белгiленген шектеулердiң күшiн жоюға хақылы.
ҚР 26.12.02 ж. № 364-II Заңымен (бұр. ред. қара) 12-бап жаңа редакцияда; 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) Заңымен 12-бап жаңа редакцияда
12-бап. Уәкiлеттi орган
Табиғи монополия аясындағы қызметтi бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын орталық мемлекеттік органның ережесін, құрылымы мен жалпы штат санын Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлейдi.
ҚР 26.12.02 ж. № 364-II (бұр. ред. қара); 09.12.04 ж. № 9-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 13-бап өзгертілді; 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) Заңымен 13-бап жаңа редакцияда; 2006.14.01 № 120-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 13-бап өзгертілді
13-бап. Уәкiлеттi органның функциялары
1. Табиғи монополия аясындағы қызметтi бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган:
1) екi немесе одан да көп облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) аумағында қызметiн жүзеге асыратын табиғи монополиялар субъектiлерiн, сондай-ақ кiрiсi жылына үш жүз елу мың айлық есептiк көрсеткiштен асатын табиғи монополиялар субъектiлерiн не табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қызметтерiн (тауарларын, жұмыстарын) соңғы тұтынушылардың кем дегенде жиырма бес процентi облыстан (республикалық маңызы бар қаладан, астанадан) тыс жерде орналасса, табиғи монополиялар субъектiлерiн бақылауды және реттеудi жүзеге асырады;
2) табиғи монополиялар субъектiлерi мемлекеттік тiркелiмiнiң республикалық бөлiмiн қалыптастырады және жүргiзедi;
3) мемлекеттік органдар және табиғи монополиялар субъектiлерiнiң орындауы үшiн мiндеттi нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейдi және бекiтедi;
4) табиғи монополия субъектiлерiнiң реттелетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтерiн (бағаларын, алымдар ставкаларын) есептеудiң кемсiтпейтiн әдiстемелерiн немесе олардың шектi деңгейлерiн әзiрлейдi, бекiтедi және қолданады;
5) Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңдарды қолдану практикасын қорытады, осы негiзде әдiстемелiк ұсынымдар әзiрлейдi.
6) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасын сақтауын бақылауды Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіппен жүзеге асырады.
2. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілiктi атқарушы органы:
1) осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында аталғандарды қоспағанда, табиғи монополиялар субъектiлерiн реттеу мен бақылауды жүзеге асырады;
2) табиғи монополиялар субъектiлерi мемлекеттік тiркелiмiнiң жергiлiктi бөлiмiн қалыптастырады және жүргiзедi;
3) табиғи монополия аясындағы қызметтi бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын орталық мемлекеттік органға тоқсан сайын табиғи монополия аясындағы қызметті бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган бекiткен нысан бойынша табиғи монополия субъектiлерi мемлекеттік тiркелiмiнiң жергiлiктi бөлiмiне енгiзiлген табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметi туралы есептi жiбередi.
ҚР 29.03.00 ж. № 42-II; 26.12.02 ж. № 364-II (бұр. ред. қара); 09.12.04 ж. № 9-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 14-бап өзгертілді; 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 14-бап жаңа редакцияда; 2006.14.01 № 120-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 14-бап өзгертілді
14-бап. Уәкiлеттi органның құқықтары
1. Табиғи монополия аясындағы қызметтi бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган өз құзыретi шегiнде:
1) табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) тұтынушылармен жасасатын үлгi шарттарды әзiрлеуге және оларды Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсынуға;
2) табиғи монополия аясындағы қызметтi жүзеге асыратын субъектiлердi табиғи монополиялар субъектiлерi мемлекеттік тiркелiмiнiң республикалық бөлiмiне енгізу туралы не одан шығару туралы шешiмдер қабылдауға;
3) мемлекеттік реттеу мен бақылауды енгізу, өзгерту немесе тоқтату туралы табиғи монополиялар субъектiлерi үшiн мiндеттi шешiмдер қабылдауға;
4) осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілеріне сәйкес табиғи монополиялар қызметiн реттейтiн және бақылайтын шешiмдер қабылдауға;
5) өз құзыретi шегiнде табиғи монополиялар аясында осы Заңды бұзу фактілері бойынша бұзушылықтардың жолын кесу және олардың салдарларын жою туралы шешiмдер қабылдауға;
6) табиғи монополия субъектiлерiне Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген жағдайларда, табиғи монополия субъектiлерiнiң көрсететiн қызметтерiне тұтынушылармен шарттар жасасу туралы, жасалған шарттарға өзгерістер енгізу туралы орындалуы мiндеттi нұсқамалар енгізуге;
7) табиғи монополиялар субъектiлерiне, мемлекеттік органдарға табиғи монополиялар туралы Қазақстан Республикасының заңдарын олар бұзған жағдайда орындалуы мiндеттi нұсқамалар, оның iшiнде табиғи монополиялар субъектiлерiн қайта ұйымдастыру және (немесе) мүлкiн иелiктен айыру туралы нұсқамалар енгізуге;
8) осы Заң бұзылған жағдайларда сотқа жүгiнуге;
9) Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, жеке және заңды тұлғалардан, оның iшiнде мемлекеттік органдардан, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарынан, сондай-ақ олардың лауазымды адамдарынан өз өкiлеттiгiн жүзеге асыру үшiн қажеттi ақпаратты сұратуға және алуға;
10) өз бастамасымен бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлары мен өздерiнiң қолында бар өзге де материалдардың негiзiнде, мемлекеттік органдардың, азаматтардың, заңды тұлғалардың, мүдделi тұлғалардың жазбаша арыздары мен хабарларының және табиғи монополия субъектiлерi өтiнiштерiнiң негiзiнде Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңдары тұрғысынан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға;
11) табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн және табиғи монополиялар субъектiлерiнiң тарифтiк сметаларын ол белгiлеген тәртiппен өзгертуге бастамашылық жасауға;
12) табиғи монополия субъектiсiнiң реттелетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн және тарифтiк сметаларды бекіту кезiнде шығындары ескерiлетiн сатып алуды бақылауды жүзеге асыруға;
13) табиғи монополия субъектiсiнiң тарифтiк сметаны орындауын бақылауды жүзеге асыруға;
14) табиғи монополия субъектiсiнiң реттелетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) қолданылу мерзiмдерiн, осы Заңның 18-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, кемінде он екі айға белгiлеуге;
15) реттелетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) әрбiр түрi бойынша және өзге де қызмет бойынша тұтас алғанда кiрiстердi, шығындар мен тартылған активтердi бөлек есепке алуды жүргiзу тәртібін бекітуге;
16) тағайындалатын оңалтушы басқарушының кандидатурасын және табиғи монополия субъектiсiн оңалту жоспарын келiсуге;
17) мемлекеттік органдар олардың құзыретi шегiнде белгiлеген сапаға қойылатын талаптарды ескере отырып, табиғи монополия субъектiсiнiң реттелетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн бекітуге;
18) ол белгiлеген тәртiппен табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелетiн қызметтерiнiң (тауарлардың, жұмыстардың) түрлерi бойынша кiрiстердi, шығындар мен тартылған активтердi бөлек есепке алуды жүргiзу әдiстемесiн келiсуге;
19) бағалау қызметi саласындағы уәкiлеттi органмен келісім бойынша табиғи монополия субъектiсiнiң негiзгi құралдарын қайта бағалауды жүргiзу тәртібі мен шарттарын бекітуге;
20) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн, тарифтiк сметаларды бекіту кезiнде ескерiлетiн инвестициялық бағдарламаларды және (немесе) инвестициялық жобаларды келiсуге, сондай-ақ табиғи монополиялар субъектiлерiнiң инвестициялық бағдарламаларын және инвестициялық жобаларын iске асыру тиiмдiлігінiң мониторингiн жүзеге асыру тәртібін бекітуге;
20-1) бекітілген техникалық және технологиялык, нормалардың, сондай-ақ нормативтік техникалық ысыраптардың сараптамасын жүргізуге;
21) Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңдары мәселелерi бойынша түсiнiктемелер беруге құқылы.
2. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органы өз құзыретi шегiнде:
1) табиғи монополия аясындағы қызметтi жүзеге асыратын субъектiлердi табиғи монополиялар субъектiлерiнiң мемлекеттік тiркелiмiнiң жергiлiктi бөлiмiне енгізу туралы не одан шығару туралы шешiмдер қабылдауға;
2) осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілеріне сәйкес табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қызметiн реттейтiн шешiмдер қабылдауға;
3) өз құзыретi шегiнде табиғи монополиялар аясында осы Заңды бұзу фактілері бойынша бұзушылықтардың жолын кесу және олардың салдарларын жою туралы шешiмдер қабылдауға;
4) табиғи монополия субъектiлерiне Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген жағдайларда, табиғи монополия субъектiлерiнiң көрсететiн қызметтерiне тұтынушылармен шарттар жасасу туралы, жасалған шарттарға өзгерістер енгізу туралы орындалуы мiндеттi нұсқамалар енгізуге;
5) табиғи монополиялар субъектiлерiне, мемлекеттік органдарға олар Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңдарын бұзған жағдайда орындалуы мiндеттi нұсқамалар, оның iшiнде табиғи монополиялар субъектiлерiн қайта ұйымдастыру және (немесе) мүлкiн иелiктен айыру туралы нұсқамалар енгізуге;
6) осы Заң бұзылған жағдайларда сотқа жүгiнуге;
7) Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, жеке және заңды тұлғалардан, оның iшiнде мемлекеттік органдардан, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарынан, сондай-ақ олардың лауазымды адамдарынан өз өкiлеттiгiн жүзеге асыру үшiн қажеттi ақпаратты сұратуға және алуға;
8) өз бастамасымен бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлары мен өздерiнiң қолында бар өзге де материалдардың негiзiнде, мемлекеттік органдардың, азаматтардың, заңды тұлғалардың, мүдделi тұлғалардың жазбаша арызы мен хабарларының және табиғи монополия субъектiлерi өтiнiштерiнiң негiзiнде Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңдары тұрғысынан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға;
9) табиғи монополиялар аясындағы қызметтi бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган белгiлеген тәртiппен табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелетiн қызметтерiне тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн, тарифтiк сметаларын өзгертуге бастамашылық жасауға;
10) табиғи монополия субъектiсiнiң реттелетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн және тарифтiк сметаларды бекіту кезiнде шығындары ескерiлетiн сатып алуды бақылауды жүзеге асыруға;
11) табиғи монополия субъектiсiнiң тарифтiк сметаны орындауын бақылауды жүзеге асыруға;
12) табиғи монополия субъектiсiнiң реттелетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердiң қолданылу мерзiмдерiн, осы Заңның 18-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, кемінде он екі айға белгiлеуге;
13) тағайындалатын оңалтушы басқарушының кандидатурасын және табиғи монополия субъектiсiн оңалту жоспарын келiсуге;
14) мемлекеттік органдар олардың құзыретi шегiнде белгiлеген сапаға қойылатын талаптарды ескере отырып, табиғи монополия субъектiсiнiң реттелетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн бекітуге;
15) табиғи монополиялар аясындағы қызметтi бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган белгiлеген тәртiппен табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелетiн қызметтерiнiң түрлерi бойынша кiрiстердi, шығындар мен тартылған активтердi бөлек есепке алуды жүргiзу әдiстемесiн келiсуге;
16) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн бекіту кезiнде ескерiлетiн инвестициялық бағдарламаларды және (немесе) инвестициялық жобаларды келiсуге құқылы.
3. Уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік, коммерциялық және өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтердiң жария етiлгенi үшiн белгiленген тәртiппен жауаптылықта болады.
ҚР 26.12.02 ж. № 364-II ; 09.12.04 ж. № 9-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 14-1-бап өзгертілді; 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 14-1-бап жаңа редакцияда; 2006.14.01 № 120-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 14-1-бап өзгертілді
14-1-бап. Уәкiлеттi органның мiндеттерi
1. Табиғи монополия аясындағы қызметтi бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган:
1) табиғи монополия субъектiсiнiң тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн заңсыз көтеру және (немесе) iс жүзiнде орындалмаған жұмыстардың құнын тарифке (бағаға, алым ставкасына) немесе олардың шектi деңгейлерiне енгізу, тарифтiк сметада көзделген амортизациялық аударымдар қаражатын мақсаттан тыс пайдалану, тарифтiк сметаның шығындарының баптарын орындауда бекітілген мөлшерiнен бес проценттен артық ауытқуы арқылы келтiрген залалды тұтынушыларға өтеу үшiн уақытша өтемдiк тарифтi бекіту туралы шешiм қабылдауға;
2) табиғи монополия субъектiсiнiң тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн бекітуге немесе өзгертуге өтiнiмiн қарауға қабылдаудан бас тартуын жазбаша негiздеуге;
3) тұтынушыларды, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтерi барынан басқа, табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметiн реттеу мәселелерi бойынша қабылданған шешiмдермен таныстыруға;
4) табиғи монополия субъектiлерiнiң тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн өзгертуге өтiнiмдерiн қарау кезiнде жария тыңдауды өткізуге;
4-1) тәуелсіз сарапшыларды, мемлекеттік органдарды тарта отырып, өздерінде белгіленген тәртіппен қаржылық және (немесе) техникалық сараптама жүргізуге;
5) мыналардың:
тарифтiк сметаларды, тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн бекітудiң;
тарифтiк сметалардың, тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) немесе олардың шектi деңгейлерiнiң жобаларын ұсынудың;
уақытша төмендету коэффициентiн бекітудiң тәртібін айқындауға мiндеттi.
2. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органы:
1) табиғи монополия субъектiсiнiң тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн заңсыз көтеру және (немесе) iс жүзiнде орындалмаған жұмыстардың құнын тарифке (бағаға, алым ставкасына) немесе олардың шектi деңгейлерiне енгізу, тарифтiк сметада көзделген амортизациялық аударымдар қаражатын мақсаттан тыс пайдалану, тарифтiк сметаның шығындарының баптарын орындауда бекітілген мөлшерiнен бес проценттен артық ауытқуы арқылы келтiрген залалды тұтынушыларға өтеу үшiн уақытша өтемдiк тарифтi бекіту туралы шешiм қабылдауға;
2) табиғи монополия субъектiсiнiң тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн бекітуге немесе өзгертуге өтiнiмiн қарауға қабылдаудан бас тартуын жазбаша негiздеуге;
3) тұтынушыларды, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтерi барынан басқа, табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметiн реттеу мәселелерi бойынша қабылданған шешiмдермен таныстыруға;
4) табиғи монополия субъектiлерiнiң тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн өзгертуге өтiнiмдерiн қарау кезiнде жария тыңдауды өткізуге;
5) табиғи монополия аясындағы қызметтi бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын орталық мемлекеттік органның талап етуi бойынша ол белгiлеген мерзiмде қажеттi ақпаратты ұсынуға;
5-1) табиғи монополиялар аясындағы қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган белгілеген тертіпке сәйкес тәуелсіз сарапшыларды, мемлекеттік органдарды тарта отырып, қаржылық және (немесе) техникалық сараптама жүргізуге;
6) табиғи монополия аясындағы қызметтi бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган бекiткен табиғи монополия аясында тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн белгiлеудiң кемсiтпейтiн әдiстемелерiн қолдануға мiндеттi.
ҚР 26.12.02 ж. № 364-II Заңымен (бұр. ред. қара) 15-бап жаңа редакцияда; 09.12.04 ж. № 9-III (бұр. ред. қара); 2006.14.01 № 120-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 15-бап өзгертілді
15-бап. Табиғи монополия субъектiсiнiң қызметiн мемлекеттік реттеу
1. Табиғи монополия субъектiсiнiң қызметiн мемлекеттік реттеу:
1) тарифтi (бағаны, алымдар ставкасын) бекітумен;
1-1) тарифтiң (бағаның, алым ставкасының) шектi деңгейiн бекітумен;
1-2) инвестициялық тарифтi (бағаны, алым ставкасын) бекітумен;
2) тарифтiк сметаны бекітумен;
3) уақытша төмендету коэффициентiн бекітумен;
4) шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібін бекітумен;
5) реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) әрбiр түрi бойынша және тұтас алғанда өзге де қызмет бойынша кiрiстердiң, шығындардың және қолданысқа енгiзiлген активтердiң бөлек есебiн жүргiзудiң тәртібін бекітумен;
6) есепке алу саясатын келiсумен;
7) уақытша өтемдiк тарифтi бекітумен жүзеге асырылады.
2. Өндірістің құрамдастырылған үлгiсіндегі станцияларда жылу энергиясын өндiретiн табиғи монополия субъектiсiнiң қызметiн мемлекеттік реттеу жылу және электр энергиясын шығарудың технологиялық режимiнiң ерекшелiктерi ескерiле отырып, кешендi тәсiл және бәсекелес рынокта электр энергиясына бағаларды қалыптастыру негiзiнде жүзеге асырылады.
3. Реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) ұсынудан түсетiн кiрiсi жылына үш жүз елу мың айлық есептiк көрсеткiштен немесе реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң әрбiр түрi бойынша жылына елу мың айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметiне Қазақстан Республикасының Yкіметі бекiтетiн мемлекеттік реттеудiң жеңiлдетiлген тәртібі қолданылады. Аталған табиғи монополиялар субъектiлерiнiң тiзбесiн облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкiмдерiнiң ұсынуы бойынша табиғи монополиялар аясындағы қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган бекiтедi.
ҚР 26.12.02 ж. № 364-II Заңымен 15-1-баппен толықтырылды; ҚР 09.12.04 ж. № 9-III (бұр. ред. қара); 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара); 2006.14.01 № 120-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 15-1-бап өзгертілді
15-1-бап. Табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейiн қалыптастырудың тәртібі
1. Табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) уәкiлеттi орган бекiтетiн тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) немесе олардың шектi деңгейi реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi ұсыну (тауар өндiру, жұмыстар) үшiн қажеттi шығын құнынан төмен болмауға және табиғи монополия субъектiсiнiң тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн пайда табу мүмкiндiгiн ескеруге тиiс.
2. Уәкiлеттi орган тарифтi (бағаны, алым ставкасын) немесе оның шектi деңгейiн бекiткен кезде шығындарды қалыптастырудың мынадай ережелердi:
1) тарифке (бағаға, алым ставкасына) немесе оның шектi деңгейiне енгiзiлетiн шығындарды реттеудi;
2) салалық техникалық және технологиялық нормалар, сондай-ақ нормативтік техникалық ысыраптар шегінде табиғи монополия субъектісі шығыстарының баптарын шектеуді;
3) тарифтi (бағаны, алым ставкаларын) немесе оның шектi деңгейiн қалыптастыру кезiнде ескерiлмейтiн шығыстар тiзбесiн белгiлеудi;
4) тарифке (бағаға, алым ставкасына) немесе оның шектi деңгейiне енгiзiлетiн пайданы шектеудi;
5) негiзгi құралдардың тозуын есептеудiң қолданылатын әдiстерiн келiсудi;
6) негiзгi құралдарды қайта бағалауды және табиғи монополия субъектiсiнiң тарифтiк сметасында көзделген амортизациялық аударым қаражаттарын пайдалану бағыттарын келiсудi көздейтiн ерекше тәртібін қолданады.
Шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібін Табиғи монополия аясындағы қызметтi бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган бекiтедi.
3. Табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифке (бағаға, алым ставкасына) немесе оның шектi деңгейiне уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен есептеу құралдарын сатып алу және орнату шығындары қосылады.
4. Салалық техникалық және технологиялық нормаларды, сондай-ақ нормативтік техникалық ысыраптарды мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган бекітеді.
Салалық техникалық және технологиялық нормаларды, сондай-ақ нормативтік техникалық ысыраптарды қарау мен бекітудің тәртібін табиғи монополиялар аясындағы қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
26.12.02 ж. № 364-II (бұр. ред. қара); 09.12.04 ж. № 9-III (бұр. ред. қара); 2006.14.01 № 120-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 16-бап өзгертілді
16-бап. Тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) немесе олардың шектi деңгейлерiнiң және тарифтiк сметаларының жобаларын табыс ету тәртібі
1. Ұсынылатын реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн бекіту қажет болған жағдайда табиғи монополия субъектiсi уәкiлеттi органға тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) қарауға өтiнiм жасайды.
2. Табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне тарифтiк сметалардың және тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) жобаларын олар қолданысқа енгiзiлгенге дейiн тоқсан күннен кешіктірмей өтiнiммен бiрге табыс етуге мiндеттi.
Тарифтiң (бағаның, алым ставкасының) шектi деңгейi бекітілген жағдайда табиғи монополия субъектiсi уәкiлеттi органға тарифтi (бағаны, алым ставкасын) қарауға өтiнiмдi ол қолданысқа енгiзiлуден бiр жүз сексен күн бұрын ұсынады.
Уәкiлеттi органның бастамасы бойынша тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) немесе олардың шектi деңгейлерi және тарифтiк сметалар қайта қаралған жағдайда табиғи монополия субъектiсi экономикалық жағынан негiзделген есептердi және өзге де ақпаратты бiр ай мерзiмде жаңа тарифтi (бағаны, алым ставкасын) бекіту үшiн өтiнiм беру кезіндегідей көлемде табыс етуге мiндеттi.
3. 2006.14.01 № 120-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
26.12.02 ж. № 364-II (бұр. ред. қара); 09.12.04 ж. N 9-III (бұр. ред. қара); 2006.14.01 № 120-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 17-бап өзгертілді
17-бап. Тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) немесе олардың шектi деңгейлерiнiң және тарифтiк сметаларының жобаларын қарау тәртібі
1. Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) қолданыстағы тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн және тарифтiк сметаларын өзгертуге өтiнiмдердi қарауға қабылдаған жағдайда уәкiлеттi орган тәуелсiз сарапшыларды, мемлекеттік органдарды, тұтынушыларды және олардың қоғамдық бiрлестiктерiн, жобаны ұсынған табиғи монополиялар субъектiлерiн тарта отырып, тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) немесе олардың шектi деңгейлерiнiң және тарифтiк сметалардың жобаларына сараптама жүргiзедi.