Қазақстан Республикасында сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асырудың
ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы
29 шілдедегі № 840 қаулысы
Осы редакция 2006 ж. 7 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шiлдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асырудың ережесi бекітілсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрі | И. Тасмағамбетов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң 2002 жылғы 29 шілдедегi
№ 840 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасында
сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асырудың
ЕРЕЖЕСI
1. Осы Қазақстан Республикасында сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асырудың ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрi - Заң) сәйкес әзiрленген әрi Қазақстан Республикасының аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласына бақылауды ұйымдастыру мен жүргiзу жөніндегі бiрыңғай тәртiптi белгiлейдi.
2. Сәулет-құрылыс бақылау жүйесiне мыналар кiредi:
1) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінiң Құрылыс iстерi жөніндегі комитетi мен оның облыстардағы және Астана мен Алматы қалаларындағы аумақтық бөлiмшелерi;
2) Заңмен белгiленген өздерiнiң бақылау-қадағалау өкiлеттiктерi шегiнде - жергiлiкті сәулет және қала құрылысы органдары;
3) құрылысты және салынған объектiнi пайдалануға қабылдауды тапсырысшының техникалық қадағалауы;
4) жобалау құжаттамасын әзiрлеушiлердiң (авторлардың) құрылысты авторлық қадағалауы;
5) салынған объектiлердi пайдалануға қабылдаған кезде жұмыс, қабылдау және (немесе) мемлекеттік қабылдау комиссиялары.
Сәулет-құрылыс бақылауы басқа мемлекеттік органдар Заңға сәйкес жүзеге асыратын қадағалау қызметiмен сүйемелденедi.
3. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын мыналар жүзеге асырады:
1) Құрылыс iстерi жөніндегі комитет;
2) Құрылыс iстерi жөніндегі комитеттiң жергiлiктi жерлерде мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы функцияларын орындайтын облыстардағы және Астана мен Алматы қалаларындағы аумақтық бөлiмшелерi;
3) Заңмен белгiленген өздерiнiң бақылау-қадағалау өкiлеттiктерi шегiнде - жергілiктi сәулет және қала құрылысы органдары.
4. Салынған объектiнi пайдалануға берудiң дайындық деңгейiн бағалау жөніндегі қабылдау және жұмыс комиссияларының жұмысын ұйымдастыру тәртібі Қазақстан Республикасының Yкіметі бекiткен Салынған объектiлердi (кешендердi) пайдалануға қабылдау жөніндегі қабылдау және жұмыс комиссияларының өкiлеттiктерiн, мiндеттерiн, сондай-ақ мiндеттi құрамын белгiлеу ережесiмен анықталады.
Мемлекеттік қабылдау комиссияларының жұмыс тәртібі және құрамы Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiмен белгiленедi.
5. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдары (қызметтерi, лауазымды адамдары) жүзеге асыратын бақылау-қадағалау қызметi тапсырысшыдан (меншiк иесiнен), жобаларды әзiрлеушiлерден, келісім берген сатылардан, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүзеге асыратын мердiгерлерден (бac мердiгерлерден), осы объектiлердiң құрылысына қолданылатын құрылыс материалдарын (бұйымдарын, құрастырмаларын) және жабдықтарын өндiрушiлерден құрылыстың сапасы үшiн жауапкершiлiктi алып тастамайды.
6. Осы Ережеде мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) құрылыс объектiлерi - ғимараттар, сондай-ақ ауқымды, жайпақ және желiлік құрылыстар:
тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы;
инженерлiк тораптарды қоса алғанда, коммуналдық мақсаттағы;
автомобиль жолдары мен темір жолдар және олардың инфрақұрылымдары;
әуе және су көлiгiне арналған;
көпiрлер жол құбырлары, туннельдер, өнiм құбырлары және инженерлiк құрылыстары бар электр беру желiлерi;
телекоммуникациялық және ғарыштық байланыстар;
атом энергетикасына арналған ғимараттар мен құрылыстарды қоса алғанда, энергетика;
кен өндiру өнеркәсiбiне арналған ғимараттар мен құрылыстарды қоса алғанда, өнеркәсiптiк;
ауыл шаруашылығы, су шаруашылығы, ирригациялық және (немесе) гидротехникалық мақсаттағы;
қорықтардағы, қаумалдардағы, балық питомниктеріндегі, орман, аңшылық және басқа алаптардағы тұрғын, өндiрiстiк және қосалқы шаруашылық мақсаттағы;
әскери қалашықтардағы және арнайы әскери технологиялық кешендердегi;
2) құрылыс-монтаж жұмыстарын жасауға арналған рұқсат белгiленген мақсаттағы объект бойынша осы құрылыс үшiн бөлiп берiлген жер телiмiнде (құрылыс алаңында) құрылыс-монтаж жұмыстарын жасауға құқық беретiн құжат;
3) атқарушы құжаттама - мердiгер (бас мердiгер, қосалқы мердiгер) ресiмдейтiн жұмыс (жұмыстарды жүргізу) журналдары, жасырын жұмыстарды куәландыру және жауапты құрастырмаларды, геодезиялық схемаларды аралық қабылдау кесiмдерi, сондай-ақ жобаны тапсырысшының техникалық қадағалауы және әзірлеушiлердiң авторлық қадағалауы ресiмдейтiн техникалық және авторлық қадағалау журналдары;
4) құрылыс процесiн технологиялық сүйемелдеу - құрылыс процесiнде және:
осы құрылыс бойынша мердiгердiң (бac мердiгердiң) атқару құжаттамаларын техникалық сараптауды;
бекітілген жобаға орындалатын (орындалған) жұмыстардың сәйкестiгiн сарапшылық бағалауды;
осы құрылысқа қолданылатын материалдардың, бұйымдардың, құрастырмалардың және жабдықтың паспорттары мен сертификаттарының болуын немесе болмауын, олардың мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарға сәйкестiгiн белгiлеудi қоса алғанда, мемлекеттік (мемлекетаралық) нормативтер талаптарының сақталуын қамтамасыз ететiн уәкiлеттi жеке және заңды тұлғалардың қызметi.
7. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдары өздерiнiң бақылау-қадағалау функцияларын мердiгердiң (бac мердiгердiң), тапсырысшының техникалық қадағалау, жобалық құжаттаманы әзiрлеушiлердiң (жоба авторларының) авторлық қадағалау өкiлдерiнiң қатысуымен жүзеге асырады.
Заңда көзделген жағдайларда мемлекеттік құрылыс инспекторлары мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүргiзуге жергiлiктi сәулет және қала құрылысы органдарын, өзге де мемлекеттік органдардың өкiлдерiн тартуы мүмкiн.
8. Әрбiр аймақ үшiн инспекцияланатын объектiлердiң тiзбесi мен жүйелiлiгiн, сондай-ақ тексеру жүргiзу мерзiмдерiн Құрылыс iстерi жөніндегі комитеттiң аумақтық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органы белгiлейдi.
9. Белгiленген тексерудiң мерзiмдерi туралы хабарлама осы құрылыс объектiсi бойынша тапсырысшыға (меншiк иесiне), авторлық қадағалау тобына және мердiгерге (бac мердiгерге) тексеру басталғанға дейiн 2 күннен кешiктiрмей жiберiледi.
10. Тапсырысшы (меншiк иесi) мен мердiгер (бac мердiгер) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органы немесе мемлекеттік құрылыс инспекторы осы құрылыс бойынша сұраған жобалық және атқарушы техникалық құжаттаманы, сондай-ақ тиiстi жобалар бойынша сараптама қорытындысын бередi.
11. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органы (мемлекеттік құрылыс инспекторы) құрылыстарды инспекциялау барысында мыналарды анықтайды:
1) бекітілген жобалау (жобалау-смета) құжаттамасының, жобалар сараптамасының оң қорытындысының, сондай-ақ құрылыс-монтаж жұмыстарын жасауға тиiстi рұқсаттың болуы;
2) лицензияланатын сәулет-қала құрылысы қызметiнiң тиiстi түрлерiн жүзеге асыру құқығына лицензияның болуы;
3) орындалған (орындалатын) құрылыс-монтаж жұмыстарының, қолданылатын құрылыс материалдары (бұйымдары, құрастырмалары) мен жабдықтардың бекітілген жобалық шешiмдерге және мемлекеттік (мемлекетаралық), оның iшiнде тiреу және қоршау құрастырмаларының берiктiгiн, төзiмдiлiгiн, сенiмдiлiгiн әрi ғимараттардың (құрылыстардың) пайдалану сапасын қамтамасыз ету жөніндегі нормативтерге сәйкес келуi;
4) мердiгердiң (бас мердiгердiң) құрылыстың сапасына өз өндiрiстiк бақылауының (кiрiстiк, операциялық, қабылдаушылық, зертханалық, геодезиялық және басқа да) барлық түрi мен нысанын ұйымдастыруы және жүзеге асыруы;
5) атқарушы құжаттамалардың ресiмделуiнiң уақтылылығы және дұрыстығы.
12. Анықталған бұзушылықтарға не мемлекеттік нормативтерде, өзге де мiндеттi талаптарда көзделген талаптардан (шарттардан, шектеулерден) ауытқушылықтарға (сәйкессiздiктерге) қарай мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдары (не мемлекеттік инспекторлар) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi субъектiлерiне (субъектiлердi бiлдiретiн жауапты адамдарға) мынадай нұсқама бере алады:
1) салынып жатқан объектiлерде мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарға сәйкес келмейтiн материалдарды, бұйымдарды, құрастырмаларды және жабдықтарды қолдануға тыйым салу туралы;
2) жол берiлген бұзушылықтарды белгiленген мерзiмдерде тапсырысшының (құрылыс салушының) және (немесе) мердiгер құрылыс-монтаж ұйымының жоюы туралы;
3) құрылыс-монтаж жұмыстарын тоқтата тұру туралы.
13. Мемлекеттік құрылыс инспекторларының мынаған құқығы бар:
1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi субъектiлерiнен Қазақстан Республикасының аумағында салынуы белгiленген және салынып (қайта жаңғыртылып, кеңейтiлiп, жетiлдiрiлiп, күрделi жөндеуден өткiзiлiп) жатқан объектiлер мен кешендер туралы ақпарат сұрау және олардан алу;
2) тапсырысшыдан танысу үшiн осы құрылыс бойынша қажеттi жобалық және атқарушы құжаттаманы, сондай-ақ тиiстi жобалардың сараптама қорытындыларын сұрау және олардан алу;
3) салынып (қайта жаңғыртылып, кеңейтiлiп, жетiлдiрiлiп, күрделi жөндеуден өткiзiлiп) жатқан объектiлер мен кешендерге кедергiсiз бару және жүргiзiлiп жатқан құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасына оралымды инспекциялық тексерiстер жүргiзу;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген лицензиатқа қойылатын біліктiлiк талаптарына құрылыс-монтаж жұмыстарын орындаушының (орындаушылардың) және (немесе) құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрастырмаларын өндiрушiлердiң сәйкес еместiгi (толық сәйкес еместiгi) туралы лицензиарға және тапсырысшыға (меншiк иесiне) хабарлау, сондай-ақ мердiгердi (бac мердiгердi) ескерту;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда лицензияның қолданылуын тоқтата тұру немесе оны қайтарып алу жөнiнде шаралар қабылдау қажеттiлiгi туралы лицензиарға ұсыныстар жiберу;
6) заңнамада белгiленген тәртiппен әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау және заңнама нормаларын, мемлекеттік нормативтiк талаптарды, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласында белгiленген шарттар мен шектеулердi бұзушылықтар мен олардан ауытқушылықтарға жол беруге байланысты бұзушыларға заңнамада көзделген шаралар қолдану туралы шешiм қабылдау;
7) жүргiзiлген тексеру нәтижелерi бойынша құрылыс ұйымдарына берiлген нұсқамалардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру.
14. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдары құрылыс сапасына тексеру жүргiзу нәтижелерi бойынша анықтама және уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген нысаны бойынша анықталған кемшiлiктердi жаза отырып, объектiлердiң ведомосын жасайды әрi оларды жұмысы тексерiлген мердiгерге (бас мердiгерге), сондай-ақ тапсырысшыға (меншiк иесiне) бередi.
15. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдарының және мемлекеттік құрылыс инспекторларының нұсқамаларына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шағым жасалуы мүмкiн.