Бұл ретте салық агентінің төлем көзінен ұстаған табыс салығы тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асыратын резидент еместің салық міндеттемелерін өтеу шотының eceбiнe жатқызылуға тиіс.
2. Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес салық төлеуші куәлігiнің нотариат куәландырған көшiрмесi резидент емес заңды тұлғаның салық органында тiркелуiн растау болып табылады.
30-тарау. Резидент емес жеке тұлғалардың
табыстарына салық салу тәртібі
23.11.02 ж. № 358-II; 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 187-бап өзгертілді
187-бап. Төлем көзiнен табыс салығын есептеу, ұстау және төлеу тәртібі
1. Резидент емес заңды тұлғаның осы Кодекстiң 178-бабында белгiленген, осы тұлғаның тұрақты мекемесiне байланысты емес табыстарына, мыналарды:
1) осы баптың 2-тармағында көзделген табыстарды;
2) Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеме арқылы жеке кәсiпкерлiк қызметтен түскен, салық салу тәртібі осы Кодекстiң 189-бабында айқындалған табыстарды;
3) банк депозиттерi бойынша сыйақыларды;
4) Қазақстан Республикасының аумағына сыртқы сауда операциялары бойынша тауарларды беруге байланысты төлемдердi;
5) бағалы қағаздарды сату кезiнде құн өсiмiнен түскен табыстарды;
6) мемлекеттік бағалы қағаздармен және агенттік облигацияларымен жүргiзілген операциялардан түскен табыстарды;
7) сатып алушы-резиденттер борыштық бағалы қағаздарды сатып алу кезiнде резидент еместерге төлеген, олар бойынша жинақталған (есептелген) сыйақылар сомасын қоспағанда, осы Кодекстiң 179-181-баптарында белгiленген тәртiпте және мерзiмде төлем көзiнен салық салынуға тиiс.
2. Резидент емес жеке тұлғаның осы Кодекстiң 149-151-баптарында белгiленген өзге де табыстарын қоса отырып, осы Кодекстiң 178-бабы 14)-18) тармақшаларында белгiленген табыстарына осы Кодекстiң 147, 153-баптарының ережелерiмен белгiленген тәртiпте және мерзiмде, бiрақ осындай табыстарға қатысты шегерiмдердi жүзеге асырмай, төлем көзiнен салық салынуға тиiс.
3. Осы Кодекстiң 178-бабының 8) тармақшасында белгiленген борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақылардан төлем көзiнен табыс салығын есептеу мен ұстау тәртібін уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлейдi.
4. Мемлекеттік бюджетке төлем көзiнен табыс салығын есептеу, ұстап қалу және төлеу жөніндегі мiндеттеме мен жауапкершiлiк табыстарды төлеушi тұлғаға (соның iшiнде Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы қызметiн жүзеге асырушы резидент емеске) жүктеледi. Мұндай тұлға осы Кодекстiң 10-бабының 1-тармағына сәйкес салық агентi болып танылады.
Егер резидент еместiң қызмет кезеңi тұрақты мекеме құру үшiн белгiленген мерзiмнен асып кетсе, ол Қазақстан Республикасында қызметiн жүзеге асырған кезден бастап салық агентi болып танылады.
4-1. Депозитарлық қолхаттар бойынша табыстар төлеудің көзі осындай депозитарлық қолхаттардың базалық активінің эмитенті болып табылады.
5. Төлем көзiнен салықты, табыс төлемiн жүзеге асырудың нысаны мен орнына қарамастан, салық агентi ұстайды.
29.11.03 ж. № 500-II ҚР Заңымен 187-1-баппен толықтырылды; 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 187-1-бап өзгертілді
187-1-бап. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде Қазақстан Республикасындағы көздерден төленетін резидент емес жеке тұлғалар табыстарының жекелеген түрлерiнен жеке табыс салығын есептеу және төлеу тәртібі
1. Осы Кодекстiң 178-бабының 14), 16) және 17) тармақшаларында көрсетілген резидент емес жеке тұлғалар табыстарынан жеке табыс салығын есептеу және төлеу мынадай шарттар бiр мезгілде орындалған:
1) ocы Кодекстің 10-бабына сәйкес салық агенті болып табылатын, Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекеме, филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға жұмыс беруші болып табылған;
2) жеке еңбек шарты (келісім-шарт, келiсім) резидент емес жеке тұлға мен осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген салық агенті арасында жасалған;
3) резидент емес жеке тұлғaғa табыстарын төлеу Қазақстан Республикасынан тыс жерде жүргізілген кезде осы баптың ережелеріне сәйкес жүргізіледі.
2. Резидент емес жеке тұлғаның табыстарынан бiрiншi салық кезеңі үшін жеке табыс салығын есептеуді салық агентi осы Кодекстiң 145-бабының 1-тармағында белгіленген ставканы қолдана отырып, салық шегерімдерін есепке алмай, жеке еңбек шартында (келісім-шартта, келісімде) көрсетілген резидент емес жеке тұлғаның табыс сомасынан жүргізедi.
Бұдан кейiнгi салық кезеңдерiнде жеке табыс салығын салық агентi өткен салық кезеңiнде шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың табыстарынан алынған жеке табыс салығының есебiнде көрсетiлген резидент емес жеке тұлғаның iс жүзіндегі салық мiндеттемесiнiң сомасын негiзге ала отырып есептейдi. Бұл ретте алдыңғы салық кезеңi iшіндегі жеке табыс салығының есебi тапсырылғанға дейiнгi кезең үшiн жеке табыс салығы бойынша аванс төлемдерiн есептеу есеп берiлiп отырған салық кезеңi iшіндегі жеке табыс салығының болжамды сомасы негiзге алына отырып, бiрақ өткен табыс кезеңi iшіндегі жеке табыс салығы бойынша орташа айлық аванс төлемдерiнiң есептемеген сомасынан кем емес мөлшерде жүргiзiледi.
3. Жеке табыс салығын төлеуді салық кезеңiнiң ішiнде ай сайын ағымдағы айдың 20-сынан кешiктірмей аванстық төлемдерді тең үлестермен енгізу арқылы салық агенті жүргізеді.
Салық агентi салық кезеңiнiң ішінде төлеуге тиiсті жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдердiң сомалары шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың табыстарынан алынатын жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының есебiнде көрсетіледі.
Шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың табыстарынан алынатын жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының есебiн салық агенті осы Кодекстiң 188-бабының 2-тармағында белгіленген мерзiмнен кешіктірмей, өзiнің тiркелген жері бойынша салық органына бередi.
4. Резидент емес жеке тұлғалардың табыстарынан алынатын жеке табыс салығы бойынша салық кезеңiнiң iшiнде енгiзілген аванстық төлемдердің сомалары резидент емес жеке тұлғаның салық кезеңі үшін есептелген табысынан алынатын жеке табыс салығын төлеу есебiне есептеледі.
5. Салық aгeнтi салық кезеңiнің қорытындылары бойынша шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың табыстарынан алынатын жеке табыс салығының есебiн тапсыру үшін белгiленген мерзімнен кейiн он жұмыс күнiнен кешiктiрмей салық кезеңiнiң қорытындылары бойынша резидент емес жеке тұлғалардың табыстарынан алынатын жеке табыс салығының түпкілікті есебiн (төлеуді) жүзеге асырады.
Салық кезеңiнiң қорытындылары бойынша шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың табыстарынан алынатын жеке табыс салығының есебiн салық агенті осы Кодекстің 188-бабының 2-тармағында белгіленген мерзiмнен кешiктiрмей, өзiнің тiркелген жері бойынша салық органына табыс етеді.
6. Салық агенті салық кезеңінің алдағы айларына шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың табыстарынан алынатын жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомаларының түзетілген есебiн салық органына салық кезеңiнiң iшiнде беруге құқылы. Резидент емес жеке тұлғаның табыстарынан алынатын жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдердiң сомаларын азайту жағына қарай түзету кезінде салық агенті салық органына түзету себептерiнiң жазбаша негiздемесiн беруi қажет.
7. Осы баптың 1-тармағында белгіленген шарттар орындалмаған кезде резидент емес жеке тұлғаның табыстарынан алынатын жеке табыс салығын есептеудi, ұстауды және төлеуді осы Кодекстiң 187-бабына сәйкес салық агенті жүргізеді.
8. Осы баптың 1-тармағына қарамай, салық агенті осы Кодекстің 187-бабына сәйкес резидент емес жеке тұлғалардың табыстарынан алынатын жеке табыс салығын есептеудi, ұстауды және төлеуді жүргізуге құқылы.
9. Жеке табыс салығын есептеудiң және төлеудің таңдап алынған тәртібі салық кезеңінің ішiнде өзгермейтiн болуға тиіс.
29.11.03 ж. № 500-II ҚР Заңымен 188-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 188-бап өзгертілді
188-бап. Салық есептілігін табыс ету
1. Салық агенттерi төлем көзiнен ұсталатын табыс салығы бойынша есепті тіркелген жepi бойынша салық органдарына ocы Кодекстiң 182-бабында белгіленген мерзімдерде табыс етуге міндетті.
2. Осы Кодекстiң 187-1-бабына сәйкес жеке табыс салығын есептеуді және төлеудi жүзеге асыратын салық агенттерi тiркелген жері бойынша салық органдарында шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың табыстарынан алынатын жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының есебiн олар Қазақстан Peспубликасына келген күннен бастап жиырма бес жұмыс күнінен кешiктірмей және келесі салық кезеңдерінде есептiк салық кезеңiнiң 20 қаңтарынан кешiктірмей табыс етуге міндетті.
Бұл ретте келесi салық кезеңдерiнде салық агентi жеке табыс салығының есебiн тапсырғаннан кейiн есептiк салық кезеңi iшіндегі жеке табыс салығы бойынша аванс төлемдерi сомасының түзетiлген есебiн ол тапсырылған күннен бастап жиырма жұмыс күнi iшiнде, бiрақ есептiк салық кезеңiнiң 20 сәуiрiнен кешiктiрмей қосымша табыс етуге мiндеттi.
Осы Кодекстің 187-1-бабына сәйкec салық кезеңінің қорытындылары бойынша шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың табыстарынан алынатын жеке табыс салығының есебiн салық агенті тіркелген жері бойынша салық органына есептi салық кезеңнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешіктiрмей табыс етеді.
ҚР 23.11.02 ж. № 358-II Заңымен 189-бап өзгертілді
189-бап. Қызметi тұрақты мекеме құруға алып келетiн резидент емес жеке тұлғадан табыс салығын алуды есептеу және төлеу тәртібі
1. Қазақстан Республикасында жеке кәсіпкерлiк қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес жеке тұлға, осы Кодекстiң ережелерiне және 184-бабының 5-тармағына сәйкес шегерiмге жатпайтын шығыстарды қоспағанда, тiкелей осындай табыстарға қатысты жасалған шегерiмдер сомасына азайтылған нақ сондай қызметпен байланысты табыс бойынша жеке табыс салығын төлеушi болып табылады.
Резидент емес жеке тұлға көрсететiн тәуелдi жеке қызметтер (жалданатын жұмыс) осы жеке тұлғаның тұрақты мекемесiн құруға алып келмейдi.
2. Салық салынатын табысты анықтау, жеке табыс салығын есептеу және төлеу тәртібі осы баптың және осы Кодекстiң 163-170-баптарының ережелерiне сәйкес жүргiзiледi.
3. Резидент емес жеке тұлға жеке табыс салығын осы Кодекстiң 191-бабында белгiленген тәртіппен және мерзiмде дербес төлейдi.
23.11.02 ж. № 358-II; 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 190-бап өзгертілді
190-бап. Резидент емес жеке тұлғаның табысына жекелеген жағдайларда салық салу тәртібі
1. Осы бапқа сәйкес резидент емес жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстарының мынадай түрлерiне:
осы Кодекстің 191-бабына сәйкес салық салынуға жататын табыстарды қоспағанда, осы Кодекстiң 10-бабына сәйкес салық агенттерi болып табылмайтын тұлғалардан алынған табыстарға;
сатылатын күні қор биржасының "А" және "В" ресми тізімдеріндегі акциялар мен облигацияларды, сондай-ақ мемлекеттік бағалы қағаздар мен агенттік облигацияларды қоспағанда, резиденттер шығарған бағалы қағаздарды сату кезіндегі құн өсімінен түскен табыстарға салық салынуға тиіс.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген резидент емес жеке тұлғалардың табыстарына осы Кодекстiң 180-бабында белгіленген ставкалар бойынша шегерімдерді жүзеге асырмай салық салынуға тиіс.
3. Резидент емес жеке тұлға жеке табыс салығын есептеу мен төлеудi осы Кодекстің 191-бабының 7-тармағында белгiленген мерзiмде дербес жүргiзедi.
4. Осы баптың 1-тармағына сәйкес салық салуға жатпайтын кірістерді қоспағанда, резидент емес жеке тұлғаға бағалы қағаздарды сатудан түскен кірістер төлейтін тұлға эмитент тіркелген жер бойынша салық органын төлем сомасы туралы кіріс төленген кезден бастап он жұмыс күні ішінде хабардар етуге міндетті.
23.11.02 ж. № 358-II; 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 191-бап өзгертілді; 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 191-бап жаңа редакцияда
191-бап. Аванстық төлемдердi және жеке табыс салығын төлеу тәртібі мен мерзiмдерi
1. Мынадай резидент емес жеке тұлғалар:
1) осы Кодекске сәйкес арнайы салық режимдерiн қолданатын тұлғаларды қоспағанда, Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жеке кәсiпкерлiк қызметтен табыс түсiретiн резидент емес жеке тұлғалар;
2) төлем көзiне табыс салығы салынатын табыстарды қоспағанда, осы Кодекстiң 149-151-баптарында көзделген өзге де табыстарды қоса отырып, осы Кодекстiң 178-бабының 14), 16) және 17) тармақшаларында айқындалған табыстарды алатын резидент емес жеке тұлғалар жеке табыс салығын аванстық төлемдердi енгізу жолымен төлейдi.
2. Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген резидент емес жеке тұлғаларға жеке табыс салығын есептеу шегерiмдi жүзеге асырмастан есептелген табыс сомасына осы Кодекстiң 145-бабының 1-тармағында белгiленген ставкаларды қолдану арқылы жүргiзiледi.
3. Бiрiншi салық кезеңiнде жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдердi есептеудi резидент емес жеке тұлға мынадай тәртiппен:
1) осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында аталған резидент емес жеке тұлға салық кезеңiнiң iшiнде алуға болжанатын табыс сомасын негiзге алып, осы Кодекстiң 189-бабының ережелерiн ескере отырып;
2) осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында аталған резидент емес жеке тұлға жеке еңбек шартында (келісім-шартта, келісімде) көрсетiлген табыс сомасын негiзге алып, осы баптың 2-тармағының ережелерiн ескере отырып жүргiзедi.
Резидент емес жеке тұлға кейiнгi салық кезеңдерiнде жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдер есептеудi резидент емес жеке тұлғаның нақты салық мiндеттемесiнiң өткен салық кезеңіндегі жеке табыс салығы бойынша декларацияда көрсетiлген сомасын негiзге ала отырып жүргiзедi. Бұл ретте өткен салық кезеңіндегі жеке табыс салығы бойынша декларацияны тапсырғанға дейiнгi кезеңдегi жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдер есептеудi резидент емес жеке тұлға есептiк салық кезеңi үшiн жеке табыс салығының болжамды сомасын негiзге ала отырып жүргiзедi, бiрақ ол өткен салық кезеңіндегі орташа айлық аванстық төлемдердiң қосылған сомасынан кем болмауға тиiс.
4. Резидент емес жеке тұлға салық кезеңiнiң iшiнде жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдердi төлеудi ағымдағы айдың 20-сынан кешiктiрмей ай сайын жүргiзедi.
5. Резидент емес жеке тұлға салық кезеңi iшiнде төлеуi тиiс жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдердiң сомалары жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомаларының есебiнде көрсетiледi.
Резидент емес жеке тұлға жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомаларының есебiн осы Кодекстiң 192-бабының 1-тармағында белгiленген мерзiмнен кешiктiрмей өзi тiркелген жер бойынша салық органына ұсынады.
Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында аталған резидент емес жеке тұлғалар жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомаларының есебiне салық салынатын табыстың мәлiмделген сомасын растайтын жеке еңбек шартының (келісім-шарттың, келісімнiң) немесе өзге де азаматтық-құқықтық шарттың көшiрмесiн қоса беруге мiндеттi.
6. Аванстық төлемдердiң енгiзiлген сомалары ағымдағы салық кезеңiнде резидент емес жеке тұлғаға есептелген жеке табыс салығын төлеу есебiне есепке алынады.
7. Түпкiлiктi есеп айырысу және жеке табыс салығын төлеу салық кезеңi үшiн жеке табыс салығы бойынша декларация тапсыру үшiн белгiленген мерзiмнен кейiн он жұмыс күнiнен кешiктiрмей жүргiзiледi.
Салық кезеңiнiң қорытындылары бойынша жеке табыс салығы бойынша декларацияны резидент емес жеке тұлға осы Кодекстiң 192-бабының 2-тармағында белгiленген мерзiмнен кешiктiрмей өзi тiркелген жер бойынша салық органына ұсынады.
8. Резидент емес жеке тұлға салық кезеңiнiң iшiнде салық органына салық кезеңiнiң алдағы айлары үшiн жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомаларының түзетiлген есебiн табыс етуге құқылы. Жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдердiң сомаларын азайту жағына қарай түзеткен жағдайда резидент емес жеке тұлға салық органына көрсетiлген есеппен бiрге түзетулер себептерiнiң жазбаша негiздемесiн ұсынуға тиiс.
23.11.02 ж. № 358-II ҚР Заңымен 192-бап өзгертілді; 29.11.03 ж. № 500-II ҚР Заңымен 192-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 192-бап өзгертілді
192-бап. Жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомаларының есебi және жеке табыс салығы жөніндегі декларация
1. Осы Кодекстiң 191-бабында көрсетiлген резидент емес жеке тұлғалар осы Кодекстiң 527-бабында белгiленген тiркелу күнiнен бастап жиырма бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей және келесi салық кезеңдерiнде есептiк салық кезеңiнiң 20 қаңтарынан кешiктiрмей қызметтi жүзеге асыру кезеңiнде жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомаларының есебiн тiркелген жерi бойынша салық органына табыс етуге мiндеттi. Бұл ретте салық төлеушi декларация тапсырғаннан кейiн оны тапсырған күннен бастап жиырма жұмыс күнi iшiнде, бiрақ есептiк салық кезеңiнiң 20 сәуiрiнен кешiктiрмей есептiк салық кезеңi үшiн жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомаларының түзетiлген есебiн тiркелген жерi бойынша салық органдарына қосымша табыс етуге мiндеттi.
2. Мыналар:
1) осы Кодекстiң 191-бабының 1-тармағында көрсетілген;
2) осы Кодекстiң 190-бабының 1-тармағында белгіленген табыстарды алатын;
3) Қазақстан Республикасында отыз күнтiзбелiк күннен астам уақыт кәсiпкерлiк қызметiн жүзеге асыратын және салық кезеңі iшiнде Қазақстан Республикасындағы көздерден тиiсті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 500 айлық есептік көрсеткiштен астам табыс алатын резидент емес жеке тұлғалар осы Кодекстің 172-бабында белгiленген мерзiмнен кешiктірмей тiркелген жерi бойынша салық органдарына жеке табыс салығы жөнiндегі декларацияны табыс етедi.
31-тарау. Халықаралық шарттар бойынша
арнаулы ережелер
193-бап. Халықаралық шартты қолдану жағдайы
1. Қазақстан Республикасы тараптардың бiрi болып табылатын, қосарланған салық салуды болдырмау және табысқа немесе мүлiкке (капиталға) салық салудан жалтарудың жолын кесу туралы халықаралық шарттың (бұдан әрi осы Кодекстiң 193-204-баптарының мақсатында - халықаралық шарт) ережелерi осындай шарт жасасқан мемлекеттердiң бiрiнiң немесе екеуiнiң де резидентi болып табылатын тұлғаларға қолданылады.
2. Егер халықаралық шарт жасасқан мемлекеттiң резидентi халықаралық шарттың ережелерiн халықаралық шарт жасасқан мемлекеттiң резидентi болып табылмайтын басқа тұлғаның мүддесiнде пайдаланса, ондай резидентке осы баптың 1-тармағының ережесi қолданылмайды.
194-бап. Халықаралық шарттар әкiмшiлiгiн жүргiзу тәртібі
Халықаралық шарттар әкiмшiлiгiн жүргiзу осы Кодекстiң 193-204-баптарының ережелерiне сәйкес уәкiлеттi мемлекеттік орган белгілеген тәртiппен жүзеге асырылады.
195-бап. Қазақстан Республикасындағы көздерден табысқа салық салу мақсатында резидент емес заңды тұлғаның басқару және жалпыәкiмшiлiк шығыстарын шегерiмге жатқызу әдiстерi
1. Егер Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның салық салынатын табысын анықтау кезiнде оның Қазақстан Республикасындағы, сондай-ақ одан тыс жерлердегi осындай салық салынатын табысты алу мақсатында шеккен басқару және жалпыәкiмшiлiк шығыстарын шегерiп тастауға халықаралық шарттың ережелерiмен жол берiлсе, онда мұндай шығыстардың сомасы мынадай әдiстердiң бiрi бойынша:
1) шығыстарды барабар бөлу әдiсi;
2) шығыстарды шегерiмге тура (тiкелей) жатқызу әдiсi бойынша анықталады.
2. Резидент емес заңды тұлға басқару және жалпыәкiмшiлiк шығыстарын шегерiмге жатқызудың аталған әдiстерiнiң бiрiн дербес таңдайды.
3. Басқару және жалпыәкiмшiлiк шығыстар шегерiмiн тұрақты мекемеге жатқызу әдiсi (шығыстарды барабар бөлудiң әдiсi кезiнде пайдаланылатын есептiк көрсеткiштi есептеп шығару тәртібін қоса) жыл сайын қолданылады және салық органымен келiсе отырып қана өзгертiлуi мүмкiн.
ҚР 23.11.02 ж. № 358-II; 2006.05.05. № 139-III ҚР Заңдарымен 196-бап өзгертілді
196-бап. Шығыстарды барабар бөлу әдiсi
1. Барабар бөлу әдiсiн пайдалану кезiнде осы Кодекстiң 195-бабында аталған, тұрақты мекеменiң шегерiмiне жатқызылған басқару және жалпыәкiмшiлiк шығыстар сомасы осындай шығыстар мен есептiк көрсеткiш сомаларының туындысы ретiнде анықталады.
2. Есептiк көрсеткiш мына тәсiлдердің бiрi:
1) резидент емес заңды тұлғаның салық кезеңiнде Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырудан түсiрген жылдық жиынтық табысы сомасының, резидент емес заңды тұлғаның тұтас алғанда аталған салық кезеңіндегі жылдық жиынтық табысының жалпы сомасына қатынасы;
2) орташа мөлшерiн үш көрсеткiш бойынша анықтау:
резидент емес заңды тұлғаның салық кезеңiнде Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы қызметiн жүзеге асырудан түсiрген жылдық жиынтық табысы сомасының резидент емес заңды тұлғаның тұтас алғанда аталған салық кезеңіндегі жылдық жиынтық табысының жалпы сомасына қатынасы;
Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеменің салық кезеңінің соңындағы жай-күйі бойынша қаржылық есебінде ескерілген негізгі құралдарының бастапқы (ағымдағы) құнының резидент емес заңды тұлғаның тұтас алғанда нақ сол салық кезеңіндегі негізгі құралдарының бастапқы (ағымдағы) құнына қатынасы;
Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемеде жұмыс істейтін қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу жөніндегі салық кезеңінің соңындағы жай-күйі бойынша шығыстар сомасының резидент емес заңды тұлға қызметкерлердің тұтас алғанда осындай салық кезеңінде еңбегіне ақы төлеу жөніндегі шығыстардың жалпы сомасына қатынасы бойынша есептеп шығарылады. Есептiк көрсеткiштi есептеп шығарудың жоғарыда аталған тәсiлдерiнiң бiрiн резидент емес заңды тұлға дербес анықтайды.
3. Есептесу жолымен анықталған басқару және жалпыәкiмшiлiк шығыстарының сомасы растайтын құжаттар болған кезде ғана тұрақты мекеменiң шегерiмiне жатқызылады.
4. Растайтын құжаттар мыналар:
1) резидент емес заңды тұлғаның қаржы есептілігiнiң көшiрмесi, онда резидент емес заңды тұлға анықтаған есептiк көрсеткiшке байланысты:
тұтас алғанда жылдық жиынтық табыстың жалпы сомасы;
тұтас алғанда қызметкерлердiң еңбекақы бойынша шығыстарының жалпы
сомасы;
тұтас алғанда негiзгi қаражаттың бастапқы және қалдық құны;
әрбiр бап бойынша шығыстардың ажыратылған жазбасы, оның iшiнде басқару және жалпыәкiмшiлiк шығыстарының жалпы сомасының ажыратылған жазбасы көрсетiледi;
2) резидент емес заңды тұлғаның (мұндай тұлғаның қаржылық есептілігiнiң аудитi жүзеге асырылған кезде) қаржылық есептілiгiнiң аудитi бойынша аудиторлық есептің көшiрмесi болып табылады.
5. Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеменiң шегерiмiне жататын аталған шығыстар сомасының есебi Қазақстан Республикасының тиiстi салық органына тапсырылатын корпорациялық табыс салығы бойынша декларацияға қоса тiркеледi.
6. Барабар бөлуге жататын басқару және жалпыәкiмшiлiк шығыстар сомасы салық есептілігiнде көрiнiс таппаса, мұндай шығыстар тұрақты мекеменiң шегерiмiне қабылданбайды.
197-бап. Шығыстарды шегерiмге тiкелей (тура) жатқызу әдiсi
1. Резидент еместiң басқару немесе жалпыәкiмшiлiк шығыстарын шегерiмге тiкелей (тура) жатқызу әдiсiн пайдалану кезiнде, егер мұндай шығыстар тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметтен табыс алу мақсаты үшін тура анықталса және тікелей келтiрiлген болса, онда Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеменiң шегерiмiне жатқызылады.
Аталған шығыстар растайтын құжаттар болған кезде ғана тұрақты мекеменiң шегерiмiне жатады.
2. Растайтын құжаттар мыналар:
1) тұрақты мекеме арқылы қызметтен табыс алу мақсатында Қазақстан Республикасының аумағындағы резидент емес заңды тұлға шеккен шығыстарды растайтын бухгалтерлiк құжаттар;
2) тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметтен табыс алу мақсатында Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде резидент емес заңды тұлға шеккен шығыстарды растайтын бухгалтерлiк құжаттардың көшiрмелерi.
23.11.02 ж. № 358-II; 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 198-бап өзгертілді
198-бап. Резидент еместердiң Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құруға алып келмейтiн қызметiнен түскен табыстарынан табыс салығын шартты банк салымдары арқылы төлеу тәртібі
1. Осы бапта көзделген табыс салығын төлеу тәртібі, егер осы Кодекстiң 199-201-1-баптарында өзгеше көзделмесе, осы баптарда аталған табыстарды қоспағанда, резидент еместің халықаралық шарттың ережелерiне сәйкес тұрақты мекеме құруға алып келмейтiн Қазақстан Республикасындағы қызметiнен түскен табысына қолданылады.