- климатикалық және механикалық сынақтар, электр қауіпсіздігі, электрлі магниттік бірлесуі сынақтары бойынша сынақтық зертханаларды ұйымдастыру және жарақтандыру, сынақтық, өлшеу
және қосымша жабдықты сатып алу, өлшеу зертханаларының кемінде 3 зертханаларды өлшемдердің нәтижелерін әлемдік рынокта тануға аккредиттеу үшін сараптамалық қорытынды алуы және халықаралық талаптарға сәйкес кемінде 30 маманды оқыту;
- мемлекеттік стандарттарды талдау мен жүйелендірудің нәтижесінде кемінде 100 мемлекетаралық стандарттарға (МЕМСТ-тарға) қосылу;
кемінде 120 негіз қалаушы мемлекеттік стандарттарды, өнімдер мен процестерді бақылау мен сынау әдістерінің стандарттарын қоса ала отырып, әзірлеу;
- ТЭЗ он жіктеуіштерін жүргізу, Техникалық-экономикалық ақпараттарды мемлекеттік жіктеушілер депозитарийінің қалыпты жұмыс істеуін қолдау;
- бұрын басталған техникалық реттеу саласындағы 8 нормативтік құқықтық актілердің жобаларын және техникалық регламенттің мемлекетаралық модельдерінің 1 жобасын әзірлеу, Стандарттау жөніндегі мемлекетаралық кеңеске Қазақстанның Техникалық реттеудің
мемлекетаралық модельдеріне қосылуы туралы дауыс берудің 5 бюллетеньдерін ұсыну.
Түпкілікті нәтиже:
- Эталондық орталықтың технологиялық жабдығының үздіксіз және апатсыз жұмыс істеуі;
- эталондармен кемінде 50 % өлшем түрлерін (жалпы өлшем түрлері - 17) қамтамасыз ету;
- Қазақстанды Өлшемдердің-қаттылықтың бір түрі бойынша өлшемдер мен салмақтардың халықаралық бюросының бастапқы салыстырулар деректер базасына қосу;
- азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету, қоршаған ортаның жағдайын және сауда-коммерциялық операцияларды бақылау кезінде пайдаланылатын өлшем құралдарының кемінде 30 % салыстыруларын қамту;
- метрологиялық қызметтердің салмағы бойынша - кемінде 20%, қысымы бойынша - кемінде 10%, температурасы бойынша - кемінде 15 % зертханааралық салыстырулармен қамтамасыз ету;
- кәсіпорындардың электрлі өлшемдер саласында кемінде 80 % сынақтық базамен, халықаралық талаптарға сәйкес кемінде 0,002 % зертханаларды аккредиттеумен қамтамасыз етілуі;
- мемлекетаралық және халықаралық стандарттарға көшу үшін жағдайлар жасау, 2005 жылмен салыстырғанда мемлекеттік стандарттардың 43%-дан 54%-ға дейін үйлесімдендіру деңгейін арттыру;
- техникалық-экономикалық ақпараттардың мемлекеттік жіктеуіштерінің дұрыстығын қамтамасыз ету;
- техникалық заңнаманы Саудадағы техникалық бөгеттер бойынша ДСҰ туралы келісімнің ережелеріне сәйкестендіру, сол арқылы Қазақстанның ДСҰ-ға кіруіне жағдай жасау.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
- Эталон орталығын ұстауға шығындар айына орташа алғанда - 12,5 млн.-нан 15,2 млн. теңгеге дейін;
- эталондарды құруға шығындар, эталонның орташа құны 10 млн.-нан 110 млн. теңгеге дейін;
- 1 эталонды ұстауға шығындар, жылына орташа алғанда - 2 499,0 мың теңге;
- салыстыру зертханаларын құруға шығындар, 1 салыстыру зертханасының орташа құны 1 млн.-нан 35,0 млн. теңгеге дейін;
- зертханааралық салыстыруларды жүргізуге шығындар, бір салыстыруды жүргізуге орташа алғанда 500,0 мың теңге;
- өлшеу зертханаларын және мемлекеттік сынау орталығын құруға шығындар, оның ішінде 1 маманды орташа алғанда дайындауға - 700 мың теңге, 1 өлшеу зертханасын аккредиттеуге орташа алғанда - 4 млн. теңгеге дейін.
- 1 негізін қалаушы мемлекеттік стандартты әзірлеуге шығындар - 958,1 мың теңге; стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы НҚ-ны сатып алу орташа алғанда - 18,6 мың теңге;
- ТЭЗ мемлекеттік жіктеуіштерін өзектендіруге шығындар орташа алғанда - 1 бірлікке 415,7 мың теңге;
- 1 нормативтік құқықтық актіні әзірлеуге шығындар орташа алғанда 1 000,0 мың теңге, техникалық регламенттің мемлекетаралық модельдерінің 1 жобасын сараптауға орташа алғанда - 1 000,0 мың теңге.
Уақтылығы:
- жұмыстардың күнтізбелік жоспарына сәйкес.
Сапа:
- халықаралық стандарттарға көшуді жүзеге асыратын отандық кәсіпорындардың сын-пікірлері;
- отандық бәсекеге қабілетті өнімдердің көлемін ұлғайту;
- тұтынушыларды отандық өнімдердің сапасымен және қауіпсіздігімен қанағаттандырудың дәрежесі;
тұтынушыларды шамалар мен салмақтарды өлшеудің дәлдігімен қанағаттандырудың дәрежесі.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
338-қосымша
233 - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
"Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі
саласындағы нормативтік-техникалық құжаттарды жетілдіру"
деген 014 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 175011 мың теңге (бір жүз жетпіс бес миллион он бір мың теңге)
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шілдедегі Заңының 12-бабы;
"Өрт қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы Заңы, "Қазақстан Республикасындағы Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңының 28 және 29-баптары, "ТМД елдері шеңберіндегі келісімдер мен ғылыми-техникалық ынтымақтастықты іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1992 жылғы 22 маусымдағы № 540 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 5 қыркүйектегі № 903 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Құрылыс саласын сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы халықаралық стандарттарға жауап беретін, қазіргі заманғы мемлекеттік нормативтермен, сондай-ақ мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен құрылысы салынатын ауылдық аймақ үшін әлеуметтік инфрақұрылымдардың негізгі объектілерінің құрылысына арналған үлгілік жобалармен қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерді, сонымен катар жобалық ұсыныстарды, үдемелі материалдарды, инженерлік жабдықтарды және тұрғын үй-азаматтық және өнеркәсіптік
құрылыстағы технологияларды пайдалана отырып, жобалық ұсыныстар, техникалық шешімдер әзірлеу және қайта әзірлеу;
құрылыс саласын мемлекеттік тілдегі мемлекеттік нормативтермен қамтамасыз ету;
ТМД елдерінің өзара мүдделері бар объектілерді жобалау және салу үшін нормалардың талаптарына үйлестірілген стандарттарды, мемлекетаралық нормаларды және ережелерді, біздің заңнамалық базамызға бейімделген нормативтерді сатып алу;
тұрақтылық, беріктік, жарылыс-өрт қауіпсіздігі, еңбек қауіпсіздігі, отын-энергетикалық ресурстарды үнемдеуді қамтамасыз ету проблемалары бойынша іздестіру, жобалау, салу үшін жалпы техникалық нормативтік құжаттар базасын қалыптастыру.
сметалық-нормативтік құжаттаманы жетілдіру және сметалық нормалардың нормативтік базаларын кеңейту;
әртүрлі табиғи-климаттық және сейсмикалық жағдайлары бар аудандарға арналған қазіргі заманғы үлгілік жобаларды және басшылыққа алатын құжаттарды әзірлеуді аяқтау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 014 | | Сәулет, қала құ- рылысы және құ- рылыс қызметі саласын- дағы нор- мативтік-техника- лық кұжаттар- ды жетіл- діру | Сметалық-нормативтік құжаттардың жинағын әзірлеу, сондай-ақ "SA№A-2001" бағдарла- малық қамтамасыз етуді кеңейту және толықты- ру: - құрылыс жұмыстарына сметалық бағалар мен бағалауларының жинақ- тары (№ 44 жинақ); - жабдықты монтаждау бағалауларының жинақтары (7 жинақ); нұсқаулықтары мен ережелері бар іске қосу-жөндеу жұмыстарын (№ 1, 3, 4, 6, 7, 9) бағалауыштар; - құрылыс үшін жобалық жұмыстарға арналған бағалар жинақтары (9 жинақ); - іріленген сметалық нормалар жинақтары (Лифтер жинағы); - Материалдарға, бұйымдар мен құрастырмаларға арналған сметалық бағалар жинақтарына толықтырулар мен өзге- рістер әзірлеу (2 жи- нақ); - Құрылыс және монтаж- дау жұмыстарына СНиР жинақтарына толықтыру- лар мен өзгерістер әзірлеу (2 жинақ); "SA№A-2001" бағдарла- малық қамтамасыз ету- ді кеңейту және толық- тыру. Сәулет-қала құрылысы қызметін реттеуге арнаған нормативтік- техникалық құжаттаманы жасау: - қоғамдық тамақтану кәсіпорыны; - Қазақстан Республи- касы шекара маңы өңір- лерінің көршілес мем- лекеттермен өзара іс- әрекет бойынша әдіс- темелік ұсынымдар; - Қазақстан Республи- касы елді мекендері- нің бас жоспарларды жоспарлау жөніндегі әдістемелік нұсқамала- ры; - Қазақстан Республи- касының аумағында бас жоспарларды әзірлеу- дің орташа құны баға- ларының жинағы. Үдемелі материалдар- мен, инженерлік жаб- дықтармен және тұрғын үй-азаматтық және өнеркәсіптік құрылыс- тағы технологияларды қолдана отырып, норма- тивтік құжаттарды, жо- балық ұсыныстарды, техникалық шешімдерді әзірлеу: - Ғимараттар мен има- раттардың өрт қауіп- сіздігі оқу құралы; - гидротехникалық има- раттардағы жүктемелер мен әсер етулер (тол- қынды, мұзды және ке- мелерден); - құрылыс үшін инже- нерлік-геологиялық іздестірулер. Жұмыстар өндірісіне техникалық талаптар; топырақты құрылыс материалдарын іздес- тіру. Жұмыстарды орындаудың жалпы ережелері: - қарапайым үлгідегі және жалға берілетін- дердің төзімді сипат- тарына сәйкес келетін гофрирленген қабырға- лары бар дәнекерлік екі таврлық пішіндер- дің сортаменті; - Карметкомбинаттың табақ металлпрокаты- нан жасалған тегіс және гофрирленген қабырғалары бар эконо- микалық дәнекерлік екі таврлық белтемір- лерді жасауға техника- лық жағдайлар. Жалпы талаптар: - болат құрастырмалар- ды жасау кезінде ҚТ бойынша үлгілік нұс- қаулық; - құрылыс мұнара кран- дары үшін кран асты жолдарын пайдалануды және қайта базалауды орнату жөнінде нұсқау- лық. Орта және ірі ауылдық елді мекендердегі, сондай-ақ II В және III В, ІVА және IV Г, І В, III қала үлгісін- дегі кенттердегі құры- лыс үшін үлгілік жоба- ларды әзірлеу. Сейсмикалық белсенді- лігі 7-8 баллға артқан климатикалық аудандар- да: - 200 оқушыға арналған мектеп-интернат; - босанатын бөлімі бар 180 төсек-орындық көп кәсіпті аурухана; - 60 төсектік және ауысымға 100 келіп ке- тетіндерге туберку- лезге қарсы диспансер; - 60 төсек-орынды пер- зентхана; - мектептер үшін 200 -250 оқушыға арналған 100 орынды жатын кор- пус. Мемлекеттік тілдегі нормативтік-техникалық құжаттарды қамтамасыз ету: - ұйымдық-әдістемелік және жалпы норматив- тік-техникалық құжат- тар; - құрылыс құрастырма- ларына және бұйымдары- на нормативтік құжат- тар. Мемлекетаралық келі- сімдер бойынша орын- далатын Құрылыс норма- лары мен ережелерін (ҚНмЕ) қайта әзірлеу: "Тұрғын үй ғимарат- тары", "Жылу, желдету және ауа баптандыру"; "Ішкі су құбыры және ғимарат кәріздері" және "Тұрғын үй ғима- раттары" ҚР ҚНмЕ оқу құралдарын әзірлеу. МНТКС жоспары бойынша айқындалатын мемлекет- аралық нормативтік- техникалық құжаттарды сатып алу. | 2006 жыл | Қазақстан Республи- касы Индустрияжәне сау- да минис- трлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: сметалық-нормативтік құжаттардың 28 жинағын қайта әзірлеу, "SA№A-2001" бағдарламалық қамтамасыз етуді кеңейту және толықтыру;
сәулет-қала құрылысы қызметі саласындағы 4 нормативтік-техникалық құжаттар:
кемінде 8 бірлік нормативтік-техникалық құжаттарды, оның ішінде 6 бірлік жаңа тақырыптар бойынша әзірлеу.
әлеуметтік инфрақұрылым объектілері құрылысының 21 үлгілік жобаларын әзірлеуді аяқтау;
30 бірлік нормативтік-техникалық құжаттардың мемлекеттік тілдегі аудармасы;
3 ҚНмЕ-лерді қайта әзірлеу және 2007 жылға ауысатын Қазақстан Республикасының ҚНмЕ-леріне оқу құралдарын әзірлеу;
МНТКС шеңберінде 10 бірлік санда мемлекетаралық нормативтік-техникалық құжаттарды сатып алу;
Түпкілікті нәтиже: сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерді жетілдіру, Еуростандарттарға сәйкес келетін құрылыс өнімдерінің сапасын арттыру үшін жағдайлар жасау.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
Бір нормативтік-техникалық құжатты әзірлеудің құны 850-ден және 1700 мың теңгеге дейін, бір үлгілік жоба - 4 300 мың теңге. Денсаулық сақтау, білім беру объектілерін жобалау және құрылысы кезінде мемлекеттік шығындарды оңтайландыру, оңтайлы жобалық шешімдерді алу.
Уақтылығы: бекітілген тақырыптық жоспарға сәйкес.
Сапа: дамыған елдердің техникалық регламенттеріне сәйкес келетін құрылыстағы мемлекеттік нормативтерді қолданысқа енгізу, республиканың құрылыс кешенін қазіргі заманғы талаптарға жауап беретін және сауда-экономикалық қатынастардағы тосқауылдарды болдырмайтын мемлекетаралық нормалармен және стандарттармен қамтамасыз ету, үлгілік жобалардың мемлекет пен халықтың жан жақты шығындар деңгейін азайту және әлеуметтік инфрақұрылымдардың көптеген объектілерін жобалау мен құрылысына негізсіз шығыстарға жол бермеу мәселелеріндегі мүдделерін қорғауды болжайтын жаңа буынын әзірлеу.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
339-қосымша
233 - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
"Жаңа технологияларды құру және дамыту"
деген 016 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 130000 мың теңге (бір жүз отыз миллион теңге)
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: "Экономиканың басым секторларындағы пилоттық кластерлерді құру және дамыту жөніндегі жоспарларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2005 жылғы 25 маусымдағы № 633 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: бәсекеге қабілеттілікті жоғарлату және өңдеуші өнеркәсіпте жаңа өндірістер құру үшін анағұрлым перспективалық бағыттарды айқындау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: өңдеуші өнеркәсіптер мен пилоттық кластерлер салалары қатарының даму бағыттарын айқындау бойынша маркетингтік және конъюнктуралық зерттеулер жүргізу; өңдеуші өнеркәсіптің тиісті салаларының қатарына, олардың даму, кеңейту немесе әртараптандыру мәніне анықталған басымдықтарының технологиялық зерттеулер жүргізу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 016 | | Жаңа техноло- гияларды құру және дамыту | Мынадай бағыттар бой- ынша негізгі тапсырма- ларды орындау: 1. Анағұрлым перспек- тивалық бағыттар жә- не "Маркетингтік-тал- дамалық зерттеулер орталығы" АҚ мен "J.E. Austin Associates Іnс." американдық кон- салтингтік компанияның бірлескен зерттеулері- нің нәтижесінде айқын- далғандар санынан ба- сым кластерлерді одан әрі дамыту бойынша өн- дірістер құру үшін конъюнктуралық, марке- тингтік және техноло- гиялық зерттеулер жүр- гізу. 2. Жұмыс қорытындылары бойынша алынған талда- малық есептерді олар- ды орындау сапасын ба- ғалауды алу үшін жібе- ру. | 2006 жылғы 2-4 тоқсан- дар | ҚазақстанРеспубли- касының Индустрияжәне сау- да минис- трлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: Өнеркәсіп салаларының маркетингтік, конъюнктуралық және технологиялық зерттеулері бойынша кемінде 5 талдамалық есептерді әзірлеу.
Түпкілікті нәтиже: талдамалық есептердің ұсынымдарына сәйкес жаңа өндірістерді құру туралы шешім қабылдау мақсатында мүдделі тараптарға (кәсіпкерлік құрылымдарға, мемлекеттік органдарға және басқаларға) зерттеулердің нәтижелерін беру.
Қаржы-экономикалық тиімділік: 1 есепке және орындау сапасын бағалауға орташа есеппен 26 млн. теңге шығындар.
Уақтылық: жасалған шарттардың техникалық тапсырмаларына сәйкес.
Сапа: үшінші тарапқа орындалған жұмыс сапасы туралы қорытынды беру үшін орындалған талдамалық есептерді жіберу есебінен қамтамасыз етіледі.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
340-қосымша
233 - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
"Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын
іске асыруды институционалдық қамтамасыз ету"
деген 018 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 22593600 мың теңге (жиырма екі миллиард бес жүз тоқсан үш миллион алты жүз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі:
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы туралы" 2003 жылғы 17 мамырдағы № 1096 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Ақпараттық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" 2003 жылғы 18 тамыздағы № 1166 Жарлығы; "Ақпараттық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағының жекелеген мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1377 қаулысы; "2003-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының ғылыми-инновациялық қызметтің институционалды қамтамасыз етуді дамыту жөніндегі шұғыл шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 1 тамыздағы № 775 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: экономика салаларын әртараптандыру; экономиканың шикізаттық емес секторына кредит берудің көлемін ұлғайту және қарыз алудың және кредит берудің құнын төмендету; Қазақстан экономикасының жаңа салаларды құру және дамыту үшін ұлттық инновациялық инфрақұрылымды, ортаны қалыптастыру және дамыту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: экономиканың шикізаттық емес секторына кредит берудің көлемін ұлғайтуды қамтамасыз ету және өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарының қарыз алу мен кредит берудің құнын төмендету;
шикізат пен материалдардың тереңдетілген қайта өңделуін жүргізетін, бәсекеге қабілетті өнімдер шығаратын қайта құрылған, сондай-ақ қолданыстағы кәсіпорындардың жарғылық капиталының инвестицияларын жүзеге асыру;
Инновациялық дамудың бірыңғай ақпараттық жүйесін құру;
"Ақпараттық технологиялар паркі" басқарушы компаниясының қызметін қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 018 | | Индустри- ялық-ин- новация- лық даму страте- гиясын іске асы- руды инс- титуцио- налдық қамтама- сыз ету | | | |
2 | | 102 | "Қазақс- танның Даму Банкі" АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайту | Республикалық және жергілікті бюджеттер- дің орындалу ережесін- де көзделген рәсімдер- ді орындау; жарғылық капиталды ұл- ғайту жөніндегі заңна- мада көзделген рәсім- дерді орындау; бюджет қаражатын бөлу; 2005 жылы Банктің ен- шілес лизингтік компа- ниясын құруды ескере отырып, "Қазақстанның даму Банкі" АҚ-ның жарғылық капиталын толтыруға арналған бюджет қаражатын пайдалану. | 2006 жылдың 1 ақпаны- на дей- ін, 15 науры- зына дейін, 30 нау- рызына дейін, бюджет қаража- тын ал- ған кезден бастап | ҚазақстанРеспубли- касы Индустрия және сау- да минис- трлігі |
3 | | 103 | "Ұлттық иннова- циялық қор" АҚ- ның жар- ғылық ка- питалын ұлғайту | 1. Ұлттық инновациялық қордың инновациялық инфрақұрылымын дамыту- да, жарғылық капиталға компанияларды тікелей инвестициялау арқылы инновациялық жобалар- да және қолданбалы ғы- лыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру- да отандық және шетел- дік компаниялармен венчурлік қорларды құ- руға қатысуын ұлғайту. 2. Алатау кентіндегі "Ақпараттық техноло- гиялар паркі" арнайы экономикалық аймағын салу және дамыту, оның ішінде: - белгі- ленген тәртіпте мемле- кеттік сараптамадан және бекітуден өткен жобалық-сметалық құ- жаттамаға сәйкес "Ақпараттық техноло- гиялар паркі" АЭА-ның 1-кезектегі құрылысын аяқтау: - зертханалық метроло- гиялық, кеңсе жабдықтарын және жиһазды сатып алу; - "Ақпараттық техноло- гиялық паркі" деталь- ды қала құрылысының жобасын әзірлеу. | 2006 жыл наурыз | ҚазақстанРеспубли- касы Индустрия және сау- да минис- трлігі |
4 | | 104 | "Қазақс- танның инвести- циялық қоры" инвести- циялық компания- сы" АҚ- ның жар- ғылық капиталын ұлғайту | Жаңа технологияларды пайдалана отырып шикізат пен материал- дардың тереңдетілген қайта өңделуін жүргі- зетін, бәсекеге қабі- летті өнімдер шығара- тын, сондай-ақ өнеркә- сіпте өз қызметін жү- зеге асыратын перспек- тивті ұйымдарға өнді- рістік қызметтер көр- сететін қайта құрыл- ған, сондай-ақ қолда- ныстағы кәсіпорындар- дың жарғылық капиталы- ның инвестицияларын жүзеге асыру. | жыл бойы 2006 жыл наурыз | Қазақстан Республи- касы Индустрия және сау- да минис- трлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
102-кіші бағдарлама
Тікелей нәтиже:
- 2006 жылы экономикаға Банк ұсынатын кредиттерінің көлемін өсу қарқынын 25 % деңгейде қамтамасыз ету;
- кредиттеудің өңірлік лимитін 200 млн. $ дейін, кредиттеудің салалық лимитін 250 млн. $ дейін және тәуекел бойынша лимитті 1 қарыз алушыға кемінде 130 млн. $ дейін, ұлғайту;
- экономиканың шикізаттық емес секторларында Банктің ірі жобаларға кредит беру мүмкіндігін ұлғайту;
Түпкілікті нәтиже:
- неғұрлым ауқымды инвестициялық жобаларға кредит беру мүмкіндігін ұлғайту;
- Банктің тұрақтылығын қамтамасыз ету;
- Банктің инвестициялық мүмкіндігін кеңейтетін "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ-ның еншілес лизингтік компаниясын құру.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
- осы бюджеттік бағдарлама бойынша бюджет қаражатын бөлу 2005 жылы Банктің еншілес лизингтік компаниясын құруды ескере отырып, "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ-ның жарғылық капиталын толтыруға арналған бюджет қаражатын пайдалануға мүмкіндік береді.
Уақтылығы:
- жарғылық капиталды ұлғайту жөніндегі заңнамада көзделген рәсімдерге сәйкес.
Сапасы:
- инвестициялық жобаларды іске асыру, экономиканың шикізаттық емес секторына кредит беру көлемін ұлғайту 103-кіші бағдарлама
Тікелей нәтиже:
- венчурлық қорлар құру, шетелдік венчурлық қорларға қатысу;
- технологиялық бизнес-инкубаторлар құру;
- Ақпараттық технологиялар паркінің бірінші кезектегі құрылысын аяқтау;
- Иновациялық дамудың бірыңғай ақпараттық жүйесін құру;
- инновациялық жобалардың және ҒЗТКӘ жобаларын қаржыландыру көлемін ұлғайту;
Түпкілікті нәтиже:
- кәсіпкерліктің инновациялық белсенділігін арттыру.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
- ғылымның өндіріспен байланысын нығайту, Қордың инновациялық жобаларды іске асыруға қатысуын ұлғайту, инновациялық кәсіпкерліктің қызметін жандандыру.
Уақтылығы:
- жарғылық капиталды ұлғайту жөніндегі заңнамада көзделген рәсімдерге сәйкес.
Сапасы:
- инвестициялық жобаларды және ҒЗТКӘ жобаларын іске асыру, инновациялық инфрақұрылымның элементтерін құру, шарттың жағдайына сәйкес "Ақпараттық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағының 1-кезектегі құрылысын аяқтау.
104-кіші бағдарлама.
Тікелей нәтиже:
- Қазақстандағы сияқты шетелде де кәсіпорындардың жарғылық капиталында үлестік және бақылаусыз қатысу жолымен экономиканың шикізаттық емес секторында жеке сектордың бастамасына қаржылық қолдау көрсету;
- инвестициялық мүмкіндіктерді кеңейту, инвестициялық жобаларды қаржыландыру көлемін ұлғайту;
- инвестициялық, оның ішінде ірі жүйе қалыптастыратын, инфрақұрылымдық және жоғары технологиялық жобаларды іске асыру.
Түпкілікті нәтиже:
- Инвестициялық қордың шикізат пен материалдардың тереңдетілген қайта өңделуін жүргізетін, бәсекеге қабілетті өнімдер шығаратын қайта құрылған, сондай-ақ қолданыстағы кәсіпорындардың жарғылық капиталының инвестицияларын жүзеге асыру;
- Қазақстанның Инвестициялық қорының қатысуымен қызметті жүзеге асыратын компаниялардың инвестициялық тартымдылығына қол жеткізу;