Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі процесі туралы 12 санда кәсіпқой аудармашылардың, телебағдарламалар мен сюжеттерді дайындау және тарату жөніндегі қызметтерді сатып алу;
Радио-Интернет - 1 бірлік, факс аппараты - 1 бірлік, ноутбук - 1 бірлік, ұйымдастыру техникалары - 4 бірлік, сервер, дерекқорлар - 1 бірлік, компьютер үстелдері - 4 бірлік, принтерлер - 2 бірл., сканерлер -1 бірлік сатып алу, бұл қажеттілікті 100 %-ын құрайды. Түпкілікті нәтиже:
2005 жылы ИСО 9001 халықаралық стандарттарынан өткен Қазақстан Республикасы кәсіпорындарының барлық саны 409-ды құрайды, 2006 жылы күтілетін күтім - 20 %;
экономиканың шикізаттық емес секторына ірі шетел инвесторларын тарту;
шағын кәсіпкерлік субъектілерінің санын одан әрі өсіру үшін жағдайлар жасау;
мемлекет мүдделерін және тұтынушыларды сапасыз өнімнен қорғауды қамтамасыз ету;
барлық өлшемдер түрлерін шынайы есепке алуды қамтамасыз ету;
отандық тауар өндірушілердің алыс және жақын шетел компанияларымен тиімді келісім-шарттар және шарттар жасасуы (бұрын өткізілген көрмелер тәжірибесін ескере отырып, көрмеге қатынасқан кәсіпорындардың 50 %-дан астамы шетелдік компаниялармен ынтымақтасу туралы шарттар жасайтынын атап кету қажет);
шағын кәсіпкерлік субъектілер санын 692,6 мыңнан 734,0 мыңға дейін ұлғайту;
тауар рыноктарының шоғырлану деңгейін, 25 тауар көрінісі бойынша тауар рыногының құрылым деңгейінің көрсеткіштерін айқындау, бәсекелестікті қорғау саласындағы саясатты жетілдіру жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу;
Қазақстан Республикасы мен алыс, жақын шетелдері арасындағы сауда-экономикалық байланысты дамыту.
Қазақстанның ДСҰ-ға кіру салдарын бағалау есебі.
Қаржы-экономикалық нәтижелері:
Қазақстанның жақсы тауарлары конкурсына 1 қатысушыны тартуға кететін орташа шығын - 175 мың теңге;
1 кадастрды жүргізуге және басуға кететін орташа шығын - 48,5 мың теңге;
1 аттестациялық зерттеу жүргізуге кететін орташа шығын - 24,1 мың теңгені құрайды;
сапа менеджментін әзірлеуге, енгізуге және сертификаттауға кететін орташа шығын 4700,0 мың теңгені құрайды.
лицензияның 1 бланкісін дайындауға кететін орташа шығын - 0,45 мың теңге;
сатып алуға кететін орташа шығын 0,595 мың теңге, сынау - 3,4 мың теңге;
1 аумақтың бөлімше үшін сапа менеджментін әзірлеуге, енгізуге және сертификаттауға кететін орташа шығын - 1875,0 мың теңгені құрайды; кез келген түрде орамадағы қатталған тауарлардың санын қадағалау бойынша 1 метрологиялық аспапты сатып алуға кететін орташа шығын кемінде 1851,0 мың теңгені құрайды;
жылжымалы зертхананы сатып алуға кететін орташа шығын кемінде 9312,0 мың теңгені қурайды;
технологиялық көлікті сатып алуға кететін орташа шығын кемінде 1346,0 мың теңгені қурайды;
КМҚ-ты 3500,0 мың теңгеге сүйемелдеу;
ДСҰ-мен техникалық кедергілер жөніндегі өзара іс-қимыл бойынша ақпараттық орталық жүйесін сүйемелдеу - 5500 мың теңге; инвестицияларды қолдау жөніндегі 1 семинар, саммитке кететін шығын 400 мың теңгені, Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өтетін ШИС 3310 мың теңгені, 1 жарнамалық-ақпараттық өнімді басуға кететін шығын - 3,8 мың теңгені құрайды;
шағын кәсіпкерліктің ЖІӨ құрылымындағы үлесін ұлғайту кемінде 35 %;
бұрын өткізілген тәжірибелерге сілтеме жасай отырып, көрмеге қатынасқан кәсіпорындардың 50 %-дан астамы шетелдік компаниялармен ынтымақтасу туралы шарттар жасайтынын атап кету қажет, бұл қазақстандық экспорттың құрылымын жақсартуға, шығарылатын өнімнің сапасын жақсарту және түрлерді ұлғайту негізінде кәсіпорындардың экспорттық тиімділігін және ауқымын арттыруға мүмкіндік береді;
1 мемлекеттік қызметшінің біліктілігін арттыруға кететін орташа шығын - 15,2 мың теңге; 1 мемлекеттік қызметшіні мемлекеттік тілге оқытуға кететін орташа шығын 13,5 мың теңге; ағылшын тіліне - 15,0 мың теңге; 1 сарапшы - аудиторды дайындауға кететін орташа шығын 635,0 мың теңге.
Уақтылығы:
жүктелген функцияларды уақтылы орындау. Қоғамдастыққа Қазақстан Республикасының инвестициялық мүмкіндіктері туралы уақтылы хабар беру және экономиканың басым кластерлерін дамыту;
техникалық тапсырмаға (ерекшелікке) және жасалған шарттарға сәйкес.
Сапасы:
қазақстандық тауарларды сыртқы рыноктарға экспорттық жылжыту үшін жағдайлар жасау, қазақстандық кәсіпорындардың жүргізілген іс-шаралардың ұйымдастырылуынан қанағаттану деңгейі, БАҚ-та басылымдар, көрменің сәтті өткізілгені туралы пікірлер. Қазақстандық қатысуды ұлғайту;
техникалық тапсырмаға (ерекшелікке) және жасалған шарттарға сәйкес;
инвесторларды инвестицияларды мемлекеттік қолдау шаралар туралы толық ақпаратпен қамтамасыз ету;
қазіргі заманғы экономикалық шарттарға сәйкес, кәсіптік мемлекеттік қызметтің талаптарына сай мемлекеттік қызметшілердің кәсіптік деңгейін арттыру.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
327-қосымша
233 - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
"Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының
бюджеттеріне тұрғын үй салуға кредиттер беру"
деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 22000000 мың теңге (жиырма екі миллиард теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында Тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 11 маусымдағы № 1388 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 маусымдағы № 715 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында Тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспары; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы № 210 қаулысымен бекітілген Мемлекет Басшысының "Қазақстан экономикалық әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында" Қазақстан халқына 2005 жылғы 18 ақпандағы Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық жоспарын" орындаудың желілік кестесінің 35-тармағы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: халықтың қалың топтары үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін қамтамасыз ететін тұрғын үй құрылысын дамытудың проблемаларын кешенді шешу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: рыноктың тарабынан да және сұраныс тарабынан да тұрғын үйдің толыққанды теңгермелі рыногын құру;
халықтың қалың топтары үшін ипотекалық кредиттер беру мен тұрғын үй құрылыс қорланымдарының қолжетімділігін арттыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 002 | | Облыстық бюджет- терге, Астана және Алматы қалалары- ның бюд- жеттеріне тұрғын үй салуға кредиттер беру | 22000 млн. теңге сома- сында облыстық бюджет- терге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тұрғын үй салуға республикалық бюджеттен кредиттік қаражаттар аудару. | жыл бойы | Қазақстан Респу- бликасы Индустрия және сау-да мини- стрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже.
- кредиттік тұрғын үйді болжанатын пайдалануға беру 0,42 млн. шаршы метрді құрайды;
- құрылыс өнімі импортының көлемін азайту;
- рыноктың тарабынан да және сұраныс тарабынан да тұрғын үйдің толыққанды теңгермелі рыногын құру;
- құрылыс индустриясының тиімді рыногын қалыптастыру;
Түпкілікті нәтиже.
- республика бойынша тұрғын үй құрылыстың барлық көлемі 4,2 млн. шаршы метрді құрайды.
- тұрғын үй құрылысын дамытудың проблемаларын шешу;
Қаржы-экономикалық тиімділік.
- инвестициялық салымдардың тиімділігін арттыру және жаңа қазақстандық сметалық нормативтердің жүйесі арқылы қаржы қаражаттарын жұмсауды оңтайландыру;
- құрылыс қызметінен бюджетке салықтарды, оның ішінде, құрылыс саласы қызметкерлерінен мүлік салығын, табыс салығын жинауды ұлғайту;
- құрылыс материалдары, электротехникалық өнеркәсіп, металлургия және химия өнеркәсібінің өнімін, сондай-ақ жаңа тұрғын үйді жайғастыру заттарын шығаруды ұлғайту есебінен салалас салаларындағы мультипликативтік тиімділік;
Уақтылығы:
- тұрғын үйлерді пайдалануға берудің жыл сайынғы қарқыны өсуі кезінде үш жылда жалпы аумағы 12 млн. шаршы метрден астам тұрғын үй салынатын болады;
- 45 мыңнан астам адамға жаңа жұмыс орындарын құру;
- тұрғын үйдің бастапқы рыногы және инвестициялық процесс одан әрі дамиды;
Сапа.
- тұрғын үй қорының қолайлылығын жақсарту;
- қалалар мен басқа да елді мекендердің сәулет бейнесін жақсарту.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
328-қосымша
233 - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
"Мырғалымсай кен орны кеніштерін жою"
деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 502619 мың теңге (бес жүз екі миллион алты жүз он тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: "Кентаукеніштерінжою" республикалық мемлекеттік кәсіпорын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 4 қарашадағы № 1488 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 6 желтоқсандағы № 1278 қаулысымен бекітілген "Қазақстан Республикасының 2005-2007 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау" мемлекеттік бағдарламасы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Кентау, Түркістан қалаларының өңірлерінде және оған жақын 20-дан астам елді мекендерде экологиялық апаттың алдын алу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Кентау қаласының оңтүстік-батыс ауданындағы "Глубокий" кенішінің Клетьев діңгегінен суағар қазбасының өткіні бойынша және жобаларға сәйкес Баялдыр қалдықсақтауышын тоқтату және қалпына келтіру бойынша жұмыстарды жүзеге асыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 003 | | Мырғалымсай кен орны ке-ніштерін жою | 1. Баялдыр қалдықсақ- тауыш аумағын жоспарлау жөніндегі жұмыстарды бастау; (1-ші кезек - 142 га). 2. Жер жұмыстары (35 га). 3. Орманды алқап. (25 га). Су ағар қазбасы: 1. Темір бетон науаша- сынан бастап Қосқорған су қоймасына дейінгі су лақтырындысының ашық арнасын үңгілеу; 2. 372В ұңғысының порталынан бастап Кентау қаласының оң- түстік-батыс ауданына дейін су ағар қазбасы- ның ашық қазбалау бөлігін үңгілеу және бекіту; 3. № 1, 2, 3 өзектерін үңгілеуге жарақтандыру (копер). 4. Үңгілеуге жарақтау (электр. жабдықтау); 5. № 1, 2, 3 ұңғыларын қазбалау. 6. "Глубокий" кенішінің Клетьев ұңғысынан бастап Кентау қаласының оңтүстік-батысына су ағар әзірлеу (750м. тау жынысы). 7. "Глубокий"»кенішінің Клетьев ұңғысынан бастап Кентау қаласы- ның оңтүстік-батысына су ағар әзірлеу (ІҮ тобының топырағы бойынша 1510 м); 8. Су ағар құбырлар бар 5 атм.-ге су өткізбейтін мойнақ 9. Су ағар қазбалауда үңгілеу кезінде су деңгейінің төмендеуі 10. Жер бетін және жер асты суларын бақылау жөнінде өндірістік мониторинг. 11. Пайдалану шығыстары. | жыл бойы | Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда ми- нистрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:
2006 жылы Кентау қаласының оңтүстік-батыс ауданындағы "Глубокий" кенішінің суағар қазбасының өткіні бойынша жобаға сәйкес жұмыстың жалпы көлемінен 56,0%-ға сәйкес келетін көлемінде жұмыс, 90,0 % жобаны іске асыруды бастаудың барлығы орындалатын болады;
2006 жылы Баялдыр қалдықсақтауышын консервациялауды жалғастыру жөніндегі жұмыстар жоба бойынша жұмыстардың жалпы көлемінен 60,0 %-ға сәйкес келетін көлемде, 80,0 % жобаны іске асыруды бастаудың барлығы орындалатын болады.
Түпкілікті нәтиже:
Кентау, Түркістан қалаларының өңірлеріндегі және оған жақын 20-дан астам елді мекендердегі тұрғын үй массивіне және ауыл шаруашылығы алқаптарына улы шаңдардың түсуінің ең аз қатері.
Қаржы-экономикалық тиімділік: халық пен ұйымдарға зиянды өтеуге арналған бюджеттік қаражатты міндетті бөлуді талап ететін мүмкін болатын жағдайдың туындауының алдын алу.
Уақтылығы: күнтізбелік жұмыс жоспарына сәйкес.
Сапасы: ПСД-ға сәйкес.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
329-қосымша
233 - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
"Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының
бюджеттеріне инженерлік-коммуникациялық
инфрақұрылымды дамытуға және жайластыруға берілетін нысаналы
даму трансферттері" деген 004 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 20000000 мың теңге (жиырма миллиард теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында Тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 11 маусымдағы № 1388 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 маусымдағы № 715 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында Тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспары.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: халықты тұрудың тиісті жағдайларымен қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: жеке тұрғын үй құрылысы аумақтарын және көп пәтерлі тұрғын үйлерді инженерлік-коммуникациялық желілермен қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 004 | | Облыстық бюджет- терге, Астана және Алматы қалала- рының бюджет- теріне инженер-лік-ком-муникациялық инфрақұ-рылымды дамытуға және жайлас- тыруға беріле- тін нысаналы даму трансфе-рттері | Облыстардың, Астана және Алматы қалалары- ның бюджетеріне жеке тұрғын үй құрылысы және көп пәтерлі тұр- ғын үйлер үшін инженерлік- коммуникациялық желі- лерді салуға арналған республикалық бюджет- тің трансферттерін беру. Жеке тұрғын үй құрылысы және көп пәтерлі тұрғын үйлер үшін инженерлік-комму- никациялық желілерді салу. | I тоқсан | ҚазақстанРеспубли-касы Индустрия және сау- да минис- трлігі, облыстар-дың, Астана және Алматы қалалары-ның әкім- діктері |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: *Тікелей нәтиже:
- 2,6 млн. шаршы метр инженерлік желілерді пайдалануға беру.
Түпкілікті нәтиже:
- тұрудың тиісті жағдайларында халықтың қажеттілігін неғұрлым толық қанағаттандыру.
Қаржы-экономикалық тиімділік:
- 1 шаршы метрге инженерлік-коммуникациялық желілерді салуға шығыстар 7700 (жеті мың жеті жүз) теңгені құрайды.
Уақтылығы:
- Қазақстан Республикасында Тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын тиімді іске асыру үшін инженерлік-коммуникациялық желілерді пайдалануға берудің кестесіне сәйкес.
Сапасы:
- СНиП-тарға сәйкес;
- тұрғын үйлерді салу аумақтарының қажеттіліктеріне инженерлік-коммуникациялық желілерін коммуналдық және басқа да қызметтеріне толық сәйкестігі.
Ескерту: *) "2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 1228 қаулысының 2-қосымшасына сәйкес инвестициялық жобалардың тізбесі, сондай-ақ заңнамамен белгіленген тәртіпте бекітілген жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес іс-шаралар (бекітілген күні мен № немесе ЖСҚ мемлекеттік сараптамасының қорытындысын көрсете отырып), трансферттерді игеру шеңберіндегі сандық және сапалық көрсеткіштер, күтілетін нәтижелер тиісті жергілікті бюджет бағдарламалардың паспорттарында көрсетілген.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
330-қосымша
233 - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
"Құрылыс саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер"
деген 005 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 73460 мың теңге (жетпіс үш миллион төрт жүз алпыс мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242-ІІ Заңының 28 және 29-баптары; "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шілдедегі Заңы, "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шілдедегі Заңы, "Қазақстан Республикасында құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмалары өнеркәсібін дамытудың 2005-2014 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 желтоқсандағы № 1305 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: адамның толыққанды мекен ету және өмір қызметін қалыптастыру, құрылыс материалдары, бұйымдары және құрастырмалары өнеркәсібінің инновациялық дамуын қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: - болуы мүмкін бұзушылық жер сілкіністерінен сейсмикалық тәуекелді және залалды төмендету;
- ғимараттардың және имараттардың тұрақтылығы мен ұзақ жарамдылығын қамтамасыз ету, оның ішінде күрделі инженерлік-геологиялық жағдайлардағы құрылыс үшін іргетастарды және ғимарат негіздерін тиімді құрастырмалық шешімдер әзірлеу;
- импорт алмастырушы құрылыс материалдарының, бұйымдарының, құрастырмаларының өндірістері технологияларының жаңа түрлерін алу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 005 | | Құрылыс саласын-дағы қолданбалы ғылыми зерттеу-лер | I. Үш өтпелі тақырып- тар бойынша болуы мүмкін бұзушылық жер сілкіністерінен сейс- микалық тәуекелді және залалды төмендету саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүргізу: 1) Қазақстанның сейсмикалық аудандарындағы тұрғын үйлерді жергілікті құрылыс материал- дарымен(саман, қожкүл- блоктар) жобалау, салу және күшейту жөніндегі нұсқама. ларды әзірлеу; 2) Қабатты бетондардан қабырғалық жүйелердің сейсмикалық тұрақтылы- ғын зерттеу және сейс- микалық аудандар үшін қабатты бетондардан ұстап тұрушы қабырға- лармен моналиттік ғимараттарды жобалау жөніндегі нұсқама. ларды әзірлеу; 3) Ғимараттардағы инженерлік-сейсмомет- рикалық қызмет стан- циясы аспаптарына жаңғырту жүргізу және өлшеудің цифрлық жүйе- сін енгізу. II. Ғимараттардың және имараттардың тұрақтылығы мен ұзақ жарамдылығын қамтамасыз ету саласындағы қолданба- лы ғылыми зерттеу- лерді жүргізу, оның ішінде бір өтпелі тақырыптар бойынша әлсіз топырақтағы іргетастар мен негіздемелердің тиімді конструктивтік шешімдерін әзірлеу: Нығыздалатын топырақ- тардағы азбүлдірілген іргетастар құрылғыла- рының технологияларын және механизациясын зерттеу және әзірлеу. ІІІ. Үш жаңа тақырып бойынша құрылыс индус- триясының базасын да- мытуды ғылыми-техника- лық қамтамасыз ету саласындағы қолданба- лы ғылыми зерттеулерді жүргізу (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 желтоқсандағы № 1305 қаулысымен бекі- тілген Қазақстан Республикасында құры- лыс материалдары, бұйымдары мен құрас- тырмалары-өнеркәсібін дамытудың 2005-2014 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде): 1) Құрылыс материалда- ры өнеркәсібінің шикізаттық базасын кешенді бағалауды орындау және зерттеу жүргізу; 2) Құрылыс материал. дарының, бұйымдарының және құрастырмала. рының жаңа өнді- рістері үшін стандарт- тарды, нормативтік- техникалық және әдістемелік құжаттар- ды әзірлеуді ғылыми- техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастыру; 3) Құрғақ құрылыс қоспалары, бетондар, ерінділер мен бояғыш- тар үшін химиялық қоспаларды шығару жө- ніндегі кешенді зерт- теулерді және тәжіри- белік-конструкторлық жұмыстарды жүргізу. IV. Мемлекеттік ғылы- ми-техникалық сарапта- маны жүргізу жөніндегі қызметтерді төлеу. | жыл бойы | ҚазақстанРеспубли-касы Индустрияжәне сауда министр- лігінің Құрылыс және тұр-ғын үй- коммунал-дық шаруашылық іс- тер коми- теті |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:
саланың дамытудың перспективаларын айқындау үшін шикізат базасын кешенді бағалау.
Түпкілікті нәтиже:
жер сілкінісінен мүмкін болатын зиянды азайту, жаңа технологиялармен және нормативтік құжаттармен құрылыс индустриясының базасын дамытуды қамтамасыз ету, тиімді, экологиялық таза құрылыс материалдарын шығаруды дамыту.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
бір тақырып бойынша қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүргізудің орташа құны 10494,3 мың теңге құрайды;
Уақтылығы: жасалатын шарттарға сәйкес жыл бойы.
Сапасы:
ғылыми-техникалық өнімнің халықаралық талаптармен жұмыстар нәтижелеріне сәйкестігі, мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманың оң қорытындысы.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
331-қосымша
233 - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
"Технологиялық сипаттағы қолданбалы ғылыми зерттеулер"
деген 006 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 964540 мың теңге (тоғыз жүз алпыс төрт миллион бес жүз қырық мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: "Қазақстан Республикасының тау-кен-металлургия кешенін дамытудың тұрақты қалыптасуын және стратегиялық басымдықтарын ғылыми-техникалық қамтамасыз етудің" 2004-2006 жылдарға арналған ғылыми-техникалық бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 ақпандағы № 187 қаулысы; "Жұқпалы ауруларға қарсы жаңа препараттар әзірлеудің кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 25 маусымдағы № 703 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: қолданыстағы технологияларды жетілдіруге бағытталған ғылыми-техникалық өнімді құру, жаңа материалдарды жасау және жұқпалы ауруларды азайту
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: жаңа ғылымды қажетсінетін технологияларды, материалдар мен дәрілік препараттарды әзірлеу жөніндегі қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүргізу;
өнеркәсіптің тау-кен металлургия саласын дамыту және қауіпсіз жұмыс істеуі үшін нормативтік-әдістемелік құжаттарды әзірлеу;
халықаралық стандарттар бойынша жұқпалы ауруларға қарсы тәжірибелік өндірісті құру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 006 | | Техно- логиялық сипатта- ғы қол- данбалы ғылыми зерт- теулер | 3 ғылыми-техникалық бағдарламалар шеңбе- рінде қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу: 1. Мынадай негізгі іс-шараларды қамтитын 2004-2006 жылдарға арналған "Қазақстан Республика- сының тау-кен-метал- лургия кешенінің тұрақты жұмыс істеуі мен дамытудың страте- гиялық басымдықтарын ғылыми-техникалық қамтамасыз ету" бағ- дарламасы: - бәсекеге қабілетті өнімді шыға- руды қамтамасыз ете- тін кен және техноген- дік шикізатты кешенді пайдалану үшін ресурс- тық және энергия үнем- дейтін, экологиялық таза технологиялар мен жабдықты әзірлеу және іске асыру: - тау-кен өндіру және өңдеу кәсіпорындарының қатты, сұйық және газ тәрізді қалдықтарын кәдеге жаратудың технологиясын әзірлеу; - тәжірибелік және тәжірибелік-конструк- торлық жұмыстарды жүргізу және ғылыми- техникалық өнімді одан кейінгі іске асыру үшін техникалық, технологиялық және жобалық құжаттаманы әзірлеу; - өнеркәсіп- тің тау-кен және ұқса- ту салаларын дамыту және қауіпсіз жұмыс істеуінің нормативтік- әдістемелік құжатта- рын әзірлеуді қамтама- сыз етудің ғылыми- техникалық қамтамасыз етуін ұйымдастыру. 2. Мынадай негізгі іс-шараларды қамтитын 2006-2008 жылдарға арналған "Әртүрлі мақсаттағы перспекти- валық жаңа материал- дарды әзірлеу" бағдар- ламасы: - отандық шикізаттан күн энер- гиясы мен электрондық техника үшін жартылай өткізгіш материалдар- ды алудың жаңа техно- логиялары әзірлеу және бұрынғылары жетілдіру; - әртүрлі функцио. налдық бағыттағы наноматериалдар мен наноқұрылымдардың ерекшеліктерін құру мен басқарудың әдіс- терін әзірлеу; - Қазақстанда шығарылатын металдар- дың негізінде көп функциялы қоспалар мен материалдарды алудың жаңа әдістерін әзірлеу және ғылыми зерттеулер жүргізу. Іске асыру мерзімі: мамыр-желтоқсан. 3. Мынадай негізгі іс- шараларды қамтитын 2004-2007 жылдарға арналған "Жаңа жұқпалы ауруларға қарсы препа- раттарды әзірлеу" бағдарламасы: - тубер- кулезді, ВИЧ-індетін, жұқпалы гепатиттерді және микст жұқпалы ауруларын емдеу үшін жаңа жұқпалы ауруларға қарсы бактериоло. гиялық, вирусоло. гиялық және иммунологиялық зерт- теулер жүргізу; - препараттарға клини- каға дейінгі және клиникалық сынақтар жүргізу; - GLP стан- дарттарына сәйкес келетін бақылау зерт- ханасы үшін препарат- тар мен аспаптарды шығарудың технология- лық процесінің экспресс-бакылауына арналған аспаптарды сатып алу, - тәжірибе- лік-өндірістік қондыр- ғыны шеф-монтаждау, препарат өндірісінің технологиясын өңдеу және препараттың үлгілік партиясын шы- ғару. 4. Мемлекеттік ғылыми- техникалық сараптама- ны жүргізу жөніндегі қызметтерді төлеу. | жыл бойы | Қазақстан Республи- касы Индустрия және сау- да мини- стрлігі |