Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер енгізу
және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 13 қарашадағы № 1705
қаулысының күшi жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2002 жылғы 19 шілдедегі № 808 қаулысы
Осы редакция 2006 ж. 29 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
1) "Жыныстық жолмен берiлетiн аурулардың алдын алу және оларға бақылау жасау жөніндегі 1999-2002 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 2 наурыздағы № 193 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 7, 55-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Жыныстық жолмен берiлетiн аурулардың алдын алу және оған бақылау жасау жөніндегі 1999-2002 жылдарға арналған бағдарламада:
"ЖЖБА-ның таралуының алдын алу жөніндегі iс-шаралар" 3-бөлiмiнiң реттiк нөмiрi 3.1.5-жолы алынып тасталсын;
2) "Қазақстан Республикасында әйелдердiң жағдайын жақсарту жөніндегі ұлттық iс-қимылдар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 19 шiлдедегi № 999 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 35, 311-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында әйелдердiң жағдайын жақсарту жөніндегі iс-қимылдардың ұлттық жоспарында:
M. Қыздар бөлiмi бойынша iс-шаралардың жоспарында:
реттiк нөмiрi 1-жолда:
3-бағандағы "Қазақстан Республикасының "Адамгершiлiк-жыныстық тәрбие туралы" мемлекеттік бағдарламасының жобасын әзiрлеу" деген сөздер алынып тасталсын;
4-бағандағы "Мемлекеттік бағдарламаның жобасы" деген сөздер алынып тасталсын;
3) "Қазақстан Республикасындағы адамгершiлiк-жыныстық тәрбие жөніндегі тұжырымдама туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 21 қарашадағы № 1500 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 40, 517-құжат):
2-тармақ алынып тасталсын.
2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 13 қарашадағы № 1705 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 47-48, 560-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi | И. Тасмағамбетов |