Мәдени және гуманитарлық салалардағы қайырымдылық және демеушілiк
қызметi үшiн Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет дипломы туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 21 қазандағы № 1577 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 19.11.01 ж. № 1488; 09.10.02 ж. № 1099;31.12.03 ж. № 1370;
30.07.03 ж. № 807; 2005.28.02. № 173 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2006 ж. 27 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің "Мәдени және гуманитарлық салалардағы қайырымдылық және демеушiлiк қызметi үшiн Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет дипломын тағайындау туралы" 2000 жылғы 31 шiлдедегі № 423 Жарлығын орындау үшiн, Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қосымшаға сәйкес құрамда Мәдени және гуманитарлық салалардағы қайырымдылық және демеушiлiк қызметi үшiн Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет дипломын беру жөніндегі комиссиясы құрылсын.
2. Қоса берiлiп отырған Мәдени және гуманитарлық салалардағы қайырымдылық және демеушiлiк қызметi үшiн Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет дипломымен марапаттауға байланысты мәселелердi қарау жөніндегі ереже бекітілсiн.
3. Құрмет дипломдары мен олардың омырауға тағатын белгiлерiн жасаумен байланысты шығыстарды қаржыландыру ағымдағы жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінiң "Әдебиеттің әлеуметтiк-маңызды түрлерi бойынша баспа бағдарламаларын қалыптастыру" бағдарламасы бойынша 2000 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражаттың есебiнен және шегiнде анықталсын.
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 2001 жылдан бастап жыл сайын, республикалық бюджеттi қалыптастыру кезiнде Құрмет дипломдары мен олардың омырауға тағатын белгiлерiн жасауға Қазақстан Республикасының Президентi Iс Басқармасының "Мемлекеттік наградалар, оларға құжаттарды, құрмет дипломдары мен омырауға тағатын белгiлер, жасау бағдарламасы бойынша қаражат көздесiн.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Қ. Тоқаев |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң 2000 жылғы 21
қазандағы № 1577 қаулысына
қосымша
ҚР Үкіметінің 19.11.01 ж. № 1488; 09.10.02 ж. № 1099; 31.12.03 ж. № 1370; 30.07.03 ж. № 807 (бұр.ред. қара); 2005.28.02. № 173 (бұр. ред. қара) қаулыларымен қосымша өзгертілді
Мәдени және гуманитарлық салалардағы қайырымдылық және
демеушілiк қызметі үшiн Қазақстан Республикасы Президентінің
Құрмет дипломын беру жөнiндегі комиссиясының
Құрамы
Әбдiкәрiмов - Қазақстан Республикасының
Оралбай Мемлекеттік хатшысы, төраға
(келісім бойынша)
Қосыбаев - Қазақстан Республикасының Мәдениет,
Есетжан Мұратұлы ақпарат және спорт министрі, төрағаның
орынбасары
Әйтiмова - Қазақстан Республикасының Білім және
Бірғаным Сарықызы ғылым министрi
Аманшаев - Қазақстан Республикасының Мәдениет,
Ермек Әмiрханұлы ақпарат және спорт вице-министрi
Күзембаев - Қазақстан Республикасы Мәдениет,
Валерий Әлібекұлы ақпарат және спорт министрлігі Өнер
департаментiнiң директоры, хатшы
Терещенко - Қазақстан халықтары ассамблеясы
Сергей Александрович төрағасының орынбасары (келісім
бойынша)
Әуезов - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Мұрат Мұхтарұлы кiтапханасының бас директоры;
Тұрлыханов - Қазақстан Республикасы Мәдениет,
Дәулет Болатұлы ақпарат және спорт министрлігі Спорт
iстерi комитетiнiң төрағасы
Әбдіков - Қазақстан Республикасының Президентi
Төлен Әкiмшiлiгінің Iшкi саясат
басқармасы Әлеуметтiк-саяси
бөлiмiнiң бас инспекторы
(келісім бойынша)
Оразғалиев - "Абай атындағы Қазақ
Қуаныш Ғабидоллаұлы академиялық опера және балет
театры" РМҚК директоры
(келісім бойынша)
Мергенов - Қазақстан Суретшiлер одағы
Еркін Тілекұлы басқармасының төрағасы
(келісім бойынша)
Серкебаев - Музыка қайраткерлерi одағы
Ермек Бекмұхамедұлы басқармасының төрағасы
(келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң 2000 жылғы 21
қазандағы № 1577 қаулысына
қосымша
Мәдени және гуманитарлық салалардағы қайырымдылық және
демеушiлiк қызметі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің
Құрмет дипломымен марапаттауға байланысты мәселелердi қарау
жөнiндегі ереже
1. Осы Ереже мәдени және гуманитарлық салалардағы қайырымдылық және демеушiлiк қызметi үшiн Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет дипломымен (бұдан әрi - Диплом) марапаттауға байланысты мәселелердi қарау тәртібін айқындайды.
2. Дипломды алуға iзденушiлер болып өзiнің белсендi қайырымдылық және демеушiлік қызметтерiмен мәдени және гуманитарлық салалардағы жобаларды iске асыруға елеулi үлес қосқан Қазақстан Республикасының азаматтары, шет ел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар, сондай-ақ заңды тұлғалар болуы мүмкiн.
3. Ізденушiлердiң кандидатураларын орталық атқарушы органдар, облыстар, Алматы және Астана қалаларының әкiмдерi және қоғамдық бірлестiктер ұсынады.
4. Дипломды Қазақстан Республикасы Президентінің мәдени және гуманитарлық салалардағы қайырымдылық және демеушілік қызметi үшiн Құрмет дипломын беру жөнiндегі комиссияның (бұдан әрi - Комиссия) қорытындысы негізiнде Қазақстан Республикасы Үкіметінiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бередi.
5. Комиссияның құрамы мемлекеттік органдар мен мүдделi ұйымдардың өкiлдерiнен құралады және Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітіледi.
ҚР Үкіметінің 31.12.03 ж. № 1370; 2005.28.02. № 173 қаулыларымен 6-тармақ өзгертілді
6. Комиссияның жұмыс органының функциясын Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі орындайды.
7. Дипломның тағайындалуына ұсынылған жобаларды Комиссия екi кезеңмен қарастырады. Бірiншi кезеңде Дипломды алу конкурсына ұсынылған жобалар таңдалып алынады, екiншiден Комиссияның жалпы жиналысымен Дипломды беру туралы шешiм қабылданады.
ҚР Үкіметінің 31.12.03 ж. № 1370; 2005.28.02. № 173 қаулыларымен 8-тармақ өзгертілді
8. Комиссия отырысы қажеттiлiгiне қарай, бірақ жылына бір реттен кем емес өткiзiледi және егер, оларға Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысса құқылы деп саналады. Комиссия отырысын өткiзудiң бастамашысы Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі болып табылады.
9. Жобаларды алдын-ала iрiктеу және Дипломды беру туралы Комиссияның шешiмi Комиссия отырысына қатысып отырған мүшелерiнің көпшiлiк дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешiм қабылданды деп есептеледi.
10. Комиссия отырыстарының нәтижелерi бойынша Комиссияның Дипломды беру туралы қорытындысы (бұдан әрi - Қорытынды) ресiмделедi және Қазақстан Республикасының Yкіметіне ұсынылады.
11. Қазақстан Республикасының Yкіметі Қорытынды негiзiнде Қазақстан Республикасы Президентінің Дипломды беру туралы актiсiнiң тиiстi жобасын Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгiзедi.
12. Дипломды Қазақстан Республикасының Президентi немесе оның уәкiлеттi лауазымды тұлғалары бұқаралық ақпарат құралдарында кеңiнен жария етiлуiмен салтанатты жағдайда тапсырады.