«Қазақстан Республикасында тұрғын үй-коммуналдық саланы дамытудың
2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 маусымдағы № 553 Қаулысы
(2008.05.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
«Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 30 наурыздағы № 80 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында тұрғын үй-коммуналдық саланы дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар Бағдарламада көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін және жарты жылдың қорытындылары бойынша 25 қаңтардан және 25 шілдеден кешіктірмей Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі жарты жылдың қорытындылары бойынша 1 ақпаннан және 1 тамыздан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат ұсынсын.
4. Бағдарламаның іске асырылу барысын үйлестіру Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Yкіметінің
2006 жылғы 15 маусымдағы
№ 553 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасында тұрғын үй-коммуналдық
саланы дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған
бағдарламасы
Мазмұны
1. Бағдарламаның паспорты
2. Кіріспе
3. Тұрғын үй-коммуналдық саланың қазіргі жай-күйін талдау
3.1. Тұрғын үй қорының жай-күйін талдау
3.2. Тұрғын үй-коммуналдық қызмет саласына қысқаша шолу
3.3. Тұрғын үй қорын ұстаудың негізгі проблемалары
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттерi
5. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетіктерi
5.1. Тұрғын үй-коммуналдық саладағы жүйелі қайта құрулар
5.2. Коммуналдық қызметтер саласындағы қатынастарды жетілдіру
6. Қажетті ресурстар және қаржыландыру көздерi
7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже
8. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
9. Ескерту
1. Бағдарламаның паспорты
Бағдарламаның атауы: Қазақстан Республикасында тұрғын
үй-коммуналдық саланы дамытудың
2006-2008 жылдарға арналған
бағдарламасы
Әзірлеу үшін негіздеме "Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму
стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегi
шаралар туралы" Қазақстан Республикасы
Президентінің 2006 жылғы 30 наурыздағы
№ 80 Жарлығы
Бағдарламаны әзірлеуші Қазақстан Республикасы Индустрия және
сауда министрлігi
Бағдарламаның мақсаты Қолданыстағы тұрғын үй қорының тиісінше
пайдаланылуы мен ұсталуын, онда қауіпсіз
және қолайлы тұру жағдайын қамтамасыз ету
Бағдарламаның Қолданыстағы тұрғын үй қорының жай-күйін
міндеттері қолдауды, жаңарту мен күрделі жөндеудi
қаржыландыру жүйесін қалыптастыруға,
тұрғын үй қорын тиімді басқару үшін жағдай
жасауға, пайдаланылатын тұрғын үй қорының
жай-күйіне тиісінше бақылауды қамтамасыз
етуге және халықтың арасында түсіндіру
жұмыстарын жүргізуге байланысты тұрғын
үй-коммуналдық салада жүйелік қайта
құрулар жүргізу.
Тұру жағдайларын және көрсетілетін
коммуналдық қызметтер сапасын қамтамасыз
ету үшін коммуналдық қызметтер саласындағы
қатынастарды жетілдіру.
Iске асыру мерзімі 2006-2008 жылдар
Қажетті ресурстар және Бағдарламаны іске асыруға мемлекеттік
қаржыландыру көздері қаражат қажеттілігі 31,7 млн. теңгенi
құрайды:
республикалық бюджет қаражатынан
бұқаралық ақпарат құралдарында
Бағдарламаны түсіндіруді және насихаттауды
ұйымдастыруға арналған шығындар - 2007
жылы 31,7 млн. теңге.
Бағдарламаны іске Бағдарламаны іске асыру 2006-2008 асырудан күтілетін жылдар кезеңінде ұзақ мерзімді және
нәтижелер орнықты тұрғын үй қатынастарын құруға,
тұрғын үй қорының жалпы жай-күйін
айтарлықтай жақсартуға, тұрғын үй қорының
жай-күйін тиімді басқару мен бақылау үшін
жағдайлар жасауға ықпал етуге тиіс.
Мынадай мультипликативтік тиімділік
күтіледі:
тұрғын үй-коммуналдық қызметтер нарығын
кеңейту;
шағын және орта бизнесті одан әрi
дамыту;
тұрғын үйлердің жалпы мүлкін жөндеу
жөнінде жаңа кәсіпорындар құру.
2. Кіріспе
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік саясат негіздерінің бірі азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету, олардың тұрып жатқан үй-жайда қауіпсіз және сапалы тұруы үшін жағдай жасау болып табылады.
Бұл ретте, мемлекет тұрғын үйге және оны пайдалануға меншік құқығы туындаған және тоқтаған кезде азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын және міндеттерін іске асыру нормаларын заңнамалық түрде белгілейді.
Мемлекет сондай-ақ қолда бар тұрғын үй қорының техникалық және санитарлық жай-күйіне, тұрақты жұмыс істеуіне, тиісінше пайдаланылуы мен ұсталуына, оның инженерлік және коммуналдық қамтамасыз етілуіне қойылатын талаптарды белгілейді.
Кезінде Қазақстан Республикасында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы реформасы жүргізілді, тұрғын үйлерді жаппай жекешелендіру жүзеге асырылды, осының нәтижесінде тұрғын үй қатынастарының сапалы жаңа саласы қалыптасты.
Сонымен бірге, өткен кезең тұрғын үй қатынастарын дамытуда белгілі бір үйлеспеушілікті анықтады, оларды шешуге осы бағдарлама бағытталған.
Бағдарламаның негізгі бағыты тұрғын үй-коммуналдық саланы дамытуды, тұрғын үй-коммуналдық саланың нормативтік құқықтық базасын одан әрі жетілдіруді қамтамасыз ету, оған инвестицияларды тарту және тұрғын үй қатынастары саласында халықты атаулы әлеуметтік қорғау болып табылады.
«Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 30 наурыздағы № 80 Жарлығы Бағдарламаны әзірлеу үшін негіздеме болып табылады.
3. Тұрғын үй-коммуналдық саланың қазіргі жай-күйін талдау
3.1. Тұрғын үй қорының жай-күйін талдау
2005 жылғы 1 қаңтардағы тұрғын үй қоры тіркелімінің деректері бойынша Қазақстан Республикасының тұрғын үй қорының жалпы алаңы 252,7 млн. шаршы метрді құрайды. Оның ішінде 153,0 млн. шаршы метрі қалалық елді мекендерге және 99,7 млн. шаршы метрі ауылдықтарға тиесілі.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес меншік нысандары бойынша Қазақстан Республикасы тұрғын үй қорының 97,0 % жеке тұрғын үй қорынан (244,9 млн. шаршы метр) және 3,0 % мемлекеттік тұрғын үй қорынан (7,8 млн. шаршы метр) тұрады.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты реформалаудың тиімді жағы жаппай жекешелендіру жүргізу болып табылады, нәтижесінде іс жүзінде бүкіл мемлекеттік тұрғын үй қоры жекешелендірілді. Тұрғын үй қорын пайдалану және жөндеу жөніндегі жауапкершілік мемлекеттен жаңа меншік иелеріне - халыққа өтті, олардың көпшілігі бұған дайын болмай шықты. Республикадағы көп пәтерлі үйлердің көпшілігі белгіленген талаптарды бұза отырып пайдаланылуда, оларды уақтылы күрделі жөндеу жүргізілмейді.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты монополиясыздандыру нәтижесінде көп пәтерлі тұрғын үйлерде (тұрғын ғимараттарда) - кондоминиум объектілерінде жаңа меншік иелерін қалыптастыруға көшу жүргізіліп, коммуналдық қызметтерді жеткізуші кәсіпорындар қайта ұйымдастырылды. Облыстық және қалалық тұрғын үй-коммуналдық құрылымдарды монополиясыздандыру, табиғи монополия субъектілерінен әлеуметтік саланың объектілерін оқшаулау, негізгі қызметпен айналыспайтын құрылымдарды табиғи монополия субъектілерінің құрамынан шығару жүргізілді.
Тұрғын үй қорын жабдықтау (орталықтан жылыту, суық және ыстық сумен жабдықтау, орталықтандырылған кәріз, газдандыру, электрлендіру) деңгейі тұрғын үйлердің қалалық немесе ауылдық жерлерде орналасуына, осы елді мекеннің немесе оның бөліктерінің (тұрғын үй кварталдарының, массивтерінің орналасқан жері) инженерлік инфрақұрылымдармен қамтамасыз етілу деңгейіне байланысты (1-кестені қараңыз).
Тұрғын үй ғимараттарындағы тұрғын үй және тұрғын емес үй-жайларды жаппай жекешелендіруден кейін мемлекет тұрғын үй-коммуналдық салаға демеуқаржы беру қағидаттарынан бас тартты. Жұмыстарды ұйымдастырудың шығынды тетігінде өз қызметтерін жүзеге асыратын ірі және тиімділігі аз тұрғын үй-коммуналдық қызметтерді негізінен жаңа меншік иелерінің тұтынушылар кооперативтеріне ауыстыру көзделді. Үй-жай (пәтер) иелерінің кооперативтері (ПИК) кондоминиум объектілерін басқарудың кеңінен таратылған нысаны болды. «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңында көзделген басқарудың басқа да нысандары әртүрлі себептер бойынша дамымай қалды және қазіргі кезде жекелеген елді мекендерде ғана жұмыс істеуде.
Қазіргі практикада ПИК бірнеше тұрғын үйлерді, тіпті тұтас кварталдарды немесе шағын аудандарды біріктіреді. Пәтер иелері тіпті, егер ақшаны (өз үйлерін) ұстауға және күрделі жөндеуге төлесе де, онда осы қаражат басқа объектіге кедергісіз пайдаланылуы мүмкін. Әлбетте, тұрғындар жөндеу жұмыстарына ақы төлемесе, бірақ олардың үйлері осы ПИК-ке қарайтын өзге үй тұрғындарының қаражаты есебінен жөнделетін керісінше жағдай да туындауы мүмкін.
Мұндай тәсіл тұрғын үйдің жалпы мүлкіне тұрғындардың жауапты қатынасын қалыптастыруға ықпал етпейді.
Біреулер өздерінің ақшасы тек өз үйлерін жөндеуге пайдаланылатынына сенімсіз болғандықтан ақша төлемейді, басқалар ерте ме, кеш пе "әйтеуір біреу" жөндеу үшін ақша төлейді деп есептейді. Оларды да басқаларды да көрші тұрған үйдің жай-күйі алаңдатпайды, оларға өздерінің жеке меншік үйлерінің қалай ұсталғаны мен жөнделгені маңызды. Басқаны айтпағанның өзінде ірі ПИК-ті бақылаудың нақты тетіктері тұрғындарда іс жүзінде жоқ.
Десек те әрбір үйді өз Hausmeirster (үйлерді басқарушы) басқаратын және банкте өзінің есеп айырысу шоты бар Германиядағы көп пәтерлі үйлерді ұстау жөніндегі жұмыстың оң тәжірибесі назар аударуға тұрады.
Меншікті есеп айырысу шотының болуы нақты үйдің тұрғындарына тиесілі қаражатты жұмсаудың толық ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Осы үйді басқарушының қолы қойылып жүргізілген әрбір төлем нақ осы үйдің нақты мұқтаждары үшін пайдаланылады. Төлемдерді және осы үй бойынша іс жүзінде орындалған жұмыстарға олардың сәйкестігін оңай тексеруге болады.
Нормативтік-техникалық талаптарға сәйкес биіктігі 6 және одан көп қабатты тұрғын үйлер жолаушы лифтілерімен, ал аса көп қабатты үйлер - жолаушы және жүк-жолаушы лифтілерімен жабдықталуға тиіс.
Лифтілерді бөле отырып, тұрғын үй қорына қызмет көрсететін лифті шаруашылығының жай-күйі туралы деректер тіркелмейді.
Тұрғын үйлердегі барлық лифті шаруашылығының жай-күйі қосымшада беріліп отыр (2-кестені қараңыз).
3.2. Тұрғын үй-коммуналдық қызмет саласына қысқаша шолу
XX ғасырдың соңғы он жылдығының ортасында реформа басталғанға дейінгі тұрғын үй-коммуналдық саладағы мемлекеттік саясат тұрғын үй-коммуналдық қызметтер көрсетуді ұсынуға арналған барлық ресурстарды орталықтандырылған бөлу, мемлекеттік жоспарлау және мемлекеттік монополия түрінде болды. Тұрғын үй-коммуналдық қызметтерді ұсынатын кәсіпорындарға іс жүзіндегі шығындарға қарамастан пәтер ақының мөлшерінде белгілейтін мемлекет демеу қаржы беріп отырды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызметін көрсетуге ақы төлеудің жаңа принциптеріне көшу туралы» 1996 жылғы 12 сәуірдегі № 437 және «Тұрғын үйлердегі пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайларды меншіктенушілердің тұтынушылар кооперативтерін дамыту жөніндегі шаралар туралы» 1996 жылғы 27 мамырдағы № 647 қаулыларымен: тұрғын үй-коммуналдық қызметтің тарифтеріне бұл қызметтерді көрсетуші ұйымдардың шығындарын жабатын деңгейге дейін кезең-кезеңмен көшу;
жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен халықтың аз қамтылған бөлігіне жәрдемақы беру түрінде халықты әлеуметтік қорғау шараларын қолдану;
тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында монополиясыздандыру және онда бәсекелестік ортаны құру;
кәсіпорындардың - табиғи монополистердің қызметтеріне арналған тарифтерді мемлекеттік реттеу көзделді.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық реформалаудың алғашқы кезеңінде:
шаруашылық жүргізуші субъектілер табиғи монополистердің мемлекеттік тізіліміне сумен жабдықтау және кәріз қызметтерін ұсыну, жергілікті тораптардың желілерін пайдалана отырып, электр және жылу энергияларын беру мен тарату, телекоммуникация жөніндегі кәсіпорындар енгізілді;
коммуналдық саладағы табиғи монополия субъектілері өндіретін және сататын өнімдердің (жұмыстар, қызметтер) өзіндік құнына енгізілген шығындардың құрамын қалыптастырудың ерекше тәртібі бекітілді;
бірыңғай пәтер ақысының ставкасы түрінде тұрғын үйлерді ұстау бойынша пайдалануға беру жұмысы үшін ақы алудың бұрын белгіленген тәртібі күшін жойды;
тұрғын үй ғимараттарындағы пәтер және тұрғын емес үй-жайлар кооперативі меншік иелерінің үлгілік Жарғысы бекітілді.
Тұрғын үй-коммуналдық саладағы қатынастарды одан әрі дамыту және ретке келтіру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Пәтер иелерінің тұтыну кооперативтерінің қызметін қолдану жөніндегі шаралар туралы» 1997 жылғы 17 сәуірдегі № 570 және «Кондоминиум үй-жайларының меншік иелеріне (қатысушыларына) жер учаскесін берудің тәртібін бекіту туралы» 1997 жылғы 22 желтоқсандағы № 1813 қаулылары, сондай-ақ «Электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық кесімдерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 желтоқсандағы № 1822 қаулысымен бекітілген Коммуналдық қызмет көрсету ережесі қабылданды.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты реформалау басталғанда 1996 жылы Қазақстан Республикасында жаппай жекешелендіру нәтижесінде көп пәтерлі үйлердегі тұрғын үй қорының 80 пайызынан астамы кейіннен тұрғын үйлердегі пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің кооперативтерін құра отырып, азаматтардың меншігіне берілді.
Республикада жүргізілген реформаның нәтижесінде облыстық және қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық құрылымдарын монополиясыздандыру жүргізілді, республиканың тұрғын үй қорының 90 пайызға жуығын басқаратын1 4801 ПИК, ПИК-тің 45 өңірлік қауымдастығы, сондай-ақ үй-жайларды меншіктеушілер кооперативтерінің республикалық қауымдастығы құрылды.
Халық үшін тұрғын үй-коммуналдық қызметтерге арналған тарифтер осы қызметтерді көрсететін ұйымдардың шығынын жабады. Халықтың аз қамтамасыз етілген жігіне коммуналдық қызметтерге ақы төлеу жөніндегі шығындарды өтеу үшін тұрғын үй көмегі түрінде әлеуметтік қорғау шаралары қолданылады.
«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегі Заңына сәйкес табиғи монополия субъектісі ұсынылатын коммуналдық қызметтерді есептеу құралдарын сатып алуға және орнатуға міндетті.
«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 14 қаңтардағы Заңымен табиғи монополия саласына жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі қызметтер жатқызылды.
Осыған байланысты, жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі қызметті ұсынатын табиғи монополия субъектілерінің қызметі табиғи монополиялар туралы заңнамамен реттеледі.
Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 10 бұйрығымен Электр энергиясын пайдалану ережесі және жылу энергиясын пайдалану ережесі бекітілді.
3.3. Тұрғын үй қорын ұстаудың негізгі проблемалары
Қазіргі уақытта барлық тұрғын үй қорын 3244 ПИК, 3944 жеке басқарушылар және 522 басқарудың басқа да нысандары (ынтымақты, заңды тұлғалар, кәсіпкерлер) басқарады.
Іс жүзінде ПИК жүйесін жер-жерлерде енгізу тұрғын үй қорын пайдаланған кезде өндірістік емес шығындарды барынша қысқартуды, инженерлік-коммуналдық қамтамасыз ету қызметтері мен жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары нарығын дамытуды, тұрғын үйлерді және үй жанындағы аумақтарды сақтау мен тиісінше ұстау үшін тұрғындардың жауапкершілігін арттыруды болжайды.
Алайда, қолданылған шараларға қарамастан тұрғын үй қорының жай-күйі жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуді талап етеді. Негізінен, бұлар қызметінің нормативтік мерзімі төмен тұрғын үйлер. Өңірлер әкімдерінің деректері бойынша жөндеу жүргізуді талап ететін тұрғын үйдің көлемі 30,7 млн. шаршы метрді құрайды (3, 4-кестелерді қараңыз).
Қазіргі кезге дейін коммуналдық қызметтерді көрсетушілер үшін де, оларды тұтынушылар үшін де ресурстар үнемдеуді ынталандырудың нақты тетігі жасалған жоқ. Көпшілік жағдайда тұрғын үй қорын пайдалану мен ұстау жөніндегі коммуналдық қызметтерді жеткізу, инженерлік қамтамасыз ету конкурстық негізде жүзеге асырылмайды, ал коммуналдық қызмет көрсетуге арналған шарттар формальды жасалады және көрсетілетін қызметтер сапасының ең аз стандарттарын қамтамасыз етпейді. Монополист тұтынушымен тікелей қызметтерді жеткізуге шарт жасасады. Сонымен қатар, нақты тұтынушыға қызметтерді жеткізу пәтер иелерінің жалпы мүлкі болып табылатын жалпы үй желілері бойынша жүргізіледі. Кондоминиум объектісін басқару органы мен монополист арасындағы және кондоминиум объектісін басқару органы мен пәтер иелерінің арасындағы шарттық қатынастардың жоқтығы жалпы үй желісінің жөнделмеуіне және тиісінше жай-күйінде болмауына алып келеді. Көпшілік жағдайда тұтынушыларға коммуналдық қызмет көрсетудегі іркілістер нақ осы себеп бойынша болады.
Жағдай тұтынушылардың коммуналдық қызметтерді есептеу приборларымен қамтамасыз етілуінің төменгі деңгейіне байланысты күрделене түсуде.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 желтоқсандағы № 1822 қаулысымен бекітілген Коммуналдық қызмет көрсету ережелеріне сәйкес есептеу приборларын энергия беруші ұйым сатып алады және орнатады. Есептеу приборларын орнатуды қаржыландыру энергия беруші ұйымның жеке немесе қарызға алған қаражаты есебінен жүргізіледі.
2004 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша суық суды тұтынудың есептеу приборларымен тұтынушылардың бар-жоғы 41%-ы қамтылған. Жекелеген облыстарда (Павлодар, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан) бұл көрсеткіш 20%-дан аспайды. Мұндай жағдай ең бағалы табиғи байлық - судың үнемді жұмсалуына ықпал етпейді.