Тұрғын үйлердегi пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайларды меншiктенушiлердiң
тұтынушылар кооперативтерiн дамыту жөніндегі шаралар
туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996
жылғы 27 мамырдағы № 647 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005 ж. 9 ақпандағы № 124 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Тұрғын үй қорын ұстау және пайдалану саласының дотациясыз негiзде жұмыс iстеуге көшуiне және оны сақтау жөніндегі шараларды күшейту қажеттiгiне, сондай-ақ "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын монополиясыздандыру және тұрғын үй-коммуналдық қызмет көрсетулерi үшiн есеп айырысуды тәртiпке келтiру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 13 мамырдағы № 587 қаулысының қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Тұрғын үйлердегi пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайларды меншiктенушiлердiң тұтынушылар кооперативтерi (бұдан әрi - кооператив) тұрғын үйлердi (оның iшiнде ведомстволық), жеке-дара және ортақ меншiктегi үйдiң бiр бөлiгiн, сондай-ақ қолданылып жүрген тәртiппен үш еншiсiне бекітілген үй жанындағы жер аумақтарын ұстауды, пайдалануды және оларға қызмет көрсетудi басқару мақсатында құрылады деп айқындасын.
2. Кооператив екi және одан да көп меншiк иелерiнiң арасындағы келісім бойынша құрылуы мүмкiн. Кооператив қызметi процесiнде басқа меншiк иелерiнiң мүдделерi ескерiледi, сонымен бiрге кооператив өзiне басқа меншiк иелерiнiң кiруi үшiн ашық күйiнде қалады.
3. Ортақ бөлiнбейтiн мүлiктер (шатырлар, төлелер, баспалдақ торлары, лифтiлер, инженерлiк коммуникациялар, жайластыру элементтерi және т.б.) барлық меншiк иелерiнiң меншiгi болып табылады, олардың ортақ мүлiктегi үлесi барлық тұрғын үйдiң жалпы алаңына бөлектемелi меншiктегi үй-жайлар алаңына қатысты айқындалады;
үй-жайлардың барлық меншiк иелерi (жеке, заңды тұлға және мемлекет) ортақ бөлiнбейтiн мүлiктердiң (шатырлар, төлелер, баспалдақ торлары, лифтiлер, инженерлiк коммуникациялар, жайластыру элементтерi және т.б.) сақталуы мен қауiпсiз пайдаланылуы үшiн жауапкершiлiкте болуға, оларды ұстау жөнiнде бөлектемелi меншiк иелерiнiң үлесiн мөлшерлей отырып шығыстар жасауға мiндеттi;
үй-жайларды меншiктенушiлер тұрғын үй-коммуналдық қызметi үшiн (сумен жабдықтау, канализация, газ, электр және жылу энергиялары) төлем жасау осы қызметтердi көрсететiндер кооператив арқылы да, өз бетiмен де жүргiзе алады;
кооперативтер үй жанындағы жер учаскелерiн арнаулы мақсаттар бойынша сәулет-жобалаушылық, құрылыс, экологиялық, санитарлық-гигиеналық, өртке қарсы белгiленген және өзге де арнаулы талаптардың белгiленген нормалары мен ережелерiн сақтай отырып пайдаланады деп белгiленсiн.
Кооперативтi құру кезiнде құрылтай құжаттарында, белгiленген заңдық мәлiметтерден басқа;
кооператив меншiгiн құрайтын жылжымайтын мүлiктiң жалпы сипаттамасы;
ортақ мүлiк және үй жанындағы жер аумағы туралы мәлiметтер;
үй-жайларды меншiктенушiлер мен олардың ортақ мүлiктегi үлестерi (проценттiк арақатынаста) болуы тиiс.
4. Тұрғын емес үй-жайларды жалдаушылар (жалгерлер) үйдi ұстау жөніндегі жалпы шығындарға жалдау (жалға алу) шарты жағдайында жалдаушы (жалгер) ретiнде қатысады. Тұрғын емес үй-жайларды меншiктенушiлер осы шығындарға кооператив жарғысына сәйкес қатысады.
5. Тұрғын үйлердегi пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайларды меншiктенушiлердiң тұтынушылар кооперативтерi заңды тұлға ретiнде мемлекеттік тiркеу үшiн тiркеу алымын төлеуден босатылатын болып белгiленсiн.
6. Облыстардың және Алматы қаласының, аудандар мен елдi мекендердiң әкiмдерi Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетi, Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі мемлекеттік комитетi:
кооперативтердi құруда олардың қызметтерiн жүзеге асыруда жан-жақты көмек көрсету мен жәрдемдесудi;
кооперативтерге олар тiркелгеннен кейiн 15 күн мерзiм iшiнде жердi пайдалану, жердi иелену құқығы болуына тиiстi құжаттар берудi;
аппараттардың тұрғын меншiк иелерiнiң тұрғын үйлердi ұстауды басқарудың жаңа нысандарын түсiндiру мен насихаттау жөнiнде жиналыстар өткiзуге қатысуын;
бұқаралық ақпарат құралдарын халық арасында насихат және түсiндiру жұмысына тартуды, бұқаралық ақпарат құралдары үшiн баспасөз конференцияларын өткiзудi;
кооперативтердiң Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлігі мен Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитетi әзiрлеген Үлгi жарғысын халық арасына таратуды қамтамасыз етсiн.
7. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Тұрғын үй кодексi қабылданғанға және күшiне енгенге дейiн қолданылады.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi