Солтүстiк Қазақстан университетiнде әскери кафедра құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 2 наурыздағы
№ 160 қаулысы
(2006.24.05. берілген өзгерістерімен)
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң жүйесi үшiн Солтүстiк Қазақстан университетi студенттерiнiң қатарынан офицерлер даярлау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Солтүстiк Қазақстан университетiнде оқу орнының шығыстары мен штат санының шегiнде әскери кафедра құрылсын.
2. Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі Қорғаныс министрлігімен бiрлесiп:
әскери кафедраның құрылымы мен штат санын әзiрлесiн және бекiтсiн;
оқу кафедрасын командалық-оқытушылық құраммен және оқыту-қосалқы қызметкерлермен жасақтасын;
әскери даярлықтың бейiнiн ескере отырып оқу жоспарларын, бағдарламаларын дайындасын және бекiтсiн.
3. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі оқу процесiн жүргiзу үшiн әскери кафедраны әскери даярлықтың бейiнi мен оқу жоспарларына сәйкес әскери мүлiкпен қамтамасыз етсiн.
4. ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 24 мамырдағы № 449 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi