Солтүстiк Қазақстан университетiнде әскери кафедра құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 2 наурыздағы
№ 160 қаулысы
Осы редакция 2006 ж. 24 мамырдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң жүйесi үшiн Солтүстiк Қазақстан университетi студенттерiнiң қатарынан офицерлер даярлау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Солтүстiк Қазақстан университетiнде оқу орнының шығыстары мен штат санының шегiнде әскери кафедра құрылсын.
2. Қазақстан Республикасының Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі Қорғаныс министрлігімен бiрлесiп:
әскери кафедраның құрылымы мен штат санын әзiрлесiн және бекiтсiн;
оқу кафедрасын командалық-оқытушылық құраммен және оқыту-қосалқы қызметкерлермен жасақтасын;
әскери даярлықтың бейiнiн ескере отырып оқу жоспарларын, бағдарламаларын дайындасын және бекiтсiн.
3. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі оқу процесiн жүргiзу үшiн әскери кафедраны әскери даярлықтың бейiнi мен оқу жоспарларына сәйкес әскери мүлiкпен қамтамасыз етсiн.
4. "Жоғары оқу орындарының студенттерiн (курсанттарын) запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлау туралы, жоғары оқу орындары жанындағы әскери кафедралар туралы Ережелердi және запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша студенттердiң (курсанттардың) әскери даярлығы белгiленген жоғары оқу орындарының тiзбесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 3 қазандағы № 1094 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., № 40, 439-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша студенттердiң (курсанттардың) әскери даярлығы белгiленген жоғары оқу орындарының тiзбесiне:
"Университеттер" деген тарау мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Солтүстiк Қазақстан университетi, Петропавл қаласы".
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi