3) байланысты басқару;
4) мәліметпен алмасу жолдарымен қамтамасыз етіледі.
3. Технологиялық құжаттар және басқа да құжаттар дайындау арқылы тамақ өнімін әзірлеудің (жасаудың), өндірудің (дайындаудың), айналымның, қайта кәдеге жаратудың және жоюдың барлық процестерінде (сатыларында) өнімі бақылап отыру қамтамасыз етіледі, оларда қажетті технологиялық және бақылау операцияларын өткізгені туралы жазба жазылады және табылған ақаулар мен оларды жою жөніндегі қабылданған шаралар көрсетіледі.
Осы құжаттарды рәсімдеу субъектілердің тиісті таңбасымен және қолы арқылы жүргізіледі.
Бақылап отыру жөніндегі мәліметтің жазбасы тамақ өнімінің қауіпсіздігі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына сәйкес тамақ өнімін қайта шақырып алу үшін белгілі бір кезеңде жүргізілуі тиіс.
4. Оған тамақ өнімін жеткізіп беретін кез келген тұлғаның әзірлеуін (жасау), өндіруін (дайындау) және айналымын бірдейлендіруге субъектінің қабілеті болуы керек, сонымен қоса оның талабы бойынша уәкілетті органдарға ақпарат беруге мүмкіншілігі болуы керек.
5. Оның өнімін жеткізіп берген басқа сауда кәсіпорындарын бірдейлендіру үшін, субъектілердің жүйесі мен процедурасы болуы керек. Осы ақпарат тамақ өнімінің қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органдарының талаптары бойынша ұсынылуы тиіс.
6. Сатуға жататын тамақ өнімін ары қарай бақылап отыру үшін бірдейлендіруі және таңбалау болу керек.
24-бап. Өндірістік бақылауға қойылатын талаптар
1. Тамақ өнімінің қауіпсіздігіне өндірістік бақылау тамақ өнімінің қауіпсіздігі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптары негізінде субъектілермен әзірленген тәртіппен жүргізіледі.
2. Тамақ өнімінің қауіпсіздігіне өндірістік бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аттестацияланған және (немесе) аккредиттелген зертханаларда жүзеге асырады.
25-бап. Биологиялық таза тамақ өнімдеріне қойылатын талаптар
1. Органикалық өндірілген тамақ өнімдері экологиялық стандарттар негізінде дайындалады.
2. Биологиялық таза тамақ өнімдерін өндіру (дайындау), таңбалау биологиялық таза тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) стандарттауы бойынша нормативті құжаттардың талаптарына сай жүзеге асырылады.
26-бап. Ауыз суы қауіпсіздігіне қойылатын арнайы талаптар
1. Ауыз су Қазақстан Республикасының тамақ өнімінің қауіпсіздігі туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келуге тиіс.
2. Су тоғандары ғимараттарының, су дайындау ғимараттарының, сорғы станцияларының, су құбырлар жүйесінің, су сақтайтын ыдыстардың, сумен қамтамасыз ету айналымы ғимараттардың техникалық құрылғыларына ауыз судың қауіпсіздігі бөлігі бойынша қойылатын талаптар халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығы саласындағы уәкілетті органдармен белгіленеді.
3. Жер бетіндегі және жерасты көздерінен шаруашылық-ауыз су қажеттілігіне су беретін, сумен қамтамасыз ететін көздерде және су құбырлар ғимараттарына санитарлық қорғау аймағы Қазақстан Республикасының заңдары талаптарына сәйкес, санитарлық қорғау аймағы болуы керек.
4. Су дайындау, бірінші көтеру сорғылық станциясы мен өңделмеген суды айдау алаңдары, жер асты мен жер бетіндегі суды айдау ғимараттары, шаруашылық-ауыз су құбырлары ғимараттары, ұйымдардың аумағында орналасқан резервуарлар мен суды қысыммен айдағыш мұнаралары үшін алаңдар, құрылыс шарбақтарына жақындауы халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығы саласындағы заңдармен белгілейді.
5. Минералды табиғи суды пайдалануға курортология ғылыми орталықтарынан оларға бальнеологиялық қорытынды алғаннан кейін, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығы саласындағы уәкілетті орган анықтайтын тәртіппен рұқсат етіледі.
27-бап. Мал азығы мен азық қоспалары қауіпсіздігіне қойылатын арнайы талаптар
1. Мал азығы және азық қоспалары Қазақстан Республикасының тамақ өнімінің қауіпсіздігі туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келуге тиіс.
2. Мал азығы және азық қоспалары, ветеринарлық-санитарлық тұрғыдан қолайлы аумақтан шығуы керек.
3. Елімізге әкелінетін мал азығы мен азық қоспаларын тексеру және зертханалық сараптама аймақтың эпизоотикалық жағдайлары мен олардың шыққан жерлері есепке алына отырып жүргізілуі міндетті.
5 тарау.
Тамақ өнімінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі процедура
28-бап. Тамақ өнімінің қауіпсіздігі сәйкестігін растау
1. Тамақ өнімінің қауіпсіздігі сәйкестігін растау Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
2. Шет мемлекеттердің тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі сәйкестігін растау саласындағы құжаттары халықаралық шарттарына сәйкес мойындалады.
29-бап. Тамақ өнімін бірдейлендіру
1. Тамақ өнімін бірдейлендіру мынадай шаралар арқылы қамтамасыз етіледі:
1) тамақ өнімі партиясының көлемін анықтау;
2) бірдейлендіру әдістері (күнін белгілеу, тамақ өнімі партиясының шартты белгілері);
3) қайтар жолын бақылап отыру мақсаты үшін тиісті жазба жүргізу.
2. Барлық тамақ өнімінде мынадай мазмұндағы анық және өшпейтін бірдейлендірілген жазба мәліметтері болуы тиіс:
1) өнімнің атауы және (немесе) сериясын, түрін немесе нөмірін белгілеу;
2) әзірлеушінің толық атауы және оның заңды мекен жайы;
3) өндіріс объектісінің тіркеу нөмірі, сонымен қоса консервіленген тамақ өнімдері үшін тамақ өнімі түрлерінің реттік нөмірі;
4) тамақ өнімінің қауіпсіздігі саласындағы техникалық регламенттерде қарастырылғандай жағдайындағы сәйкестік белгісі;
5) дайындау күні мен жарамдылық мерзімі.
3. Барлық потенциалды қауіп-қатерлер бірдейлендірілуі тиіс.
4. Егерде тамақ өнімін рынокқа субъектпен орналастырса, онда оның нормативтік-техникалық құжаттары болуы керек.
30-бап. Қауіп-қатерді талдау, бағалау және басқару
1. Тамақ өнімінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қолданылатын шаралар, қауіп-қатерді талдауға негізделу керек.
2. Тамақ өнімі қауіпсіздігінің қауіп-қатерін бағалау кезінде тиісті өндіріс (дайындау) және өңдеу әдістерінің, инспекциялық әдістері, ішінара бақылау, зертхана зерттеулері, белгілі бір аурудың таралу деңгейі, ауру жоқ жердің бар болуының ғылыми мәліметтері пайдалану керек.
3. Тамақ өнімі қауіпсіздігінің қауіп-қатерін бағалау:
1) тағам өндіру үшін тағайындалған адам мен малдың организміне жағымсыз әсер тигізуі мүмкін тамақ өнімдерінің осындай сипатын табу;
2) адам организміне әсерін тигізетін потенциалды қауіптің әр-біріне ықпал жасау;
3) табылған қауіп-қатердің шектеу шараларын тең анықтаулар жолдарымен жүзеге асырылады.
4. Тамақ өнімі қауіпсіздігінің қауіп-қатерін бағалау әрбір нақты жағдайлардағы тамақ өнімдерінің зертхана зерттеулері кезіндегі қауіп-қатерін бағалау жинағы ретінде жүзеге асады.
5. Тамақ өнімін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналым, қайта кәдеге жарату және жоюдың барлық процестерінде (сатыларында) қауіп-қатерді бағалау және оларды барынша азайту әдістері туралы мәліметтер нормативтік-техникалық құжаттарда жазылуы тиіс.
Тамақ өнімінің жаңа түрлерін әзірлеу (жасау) кезінде тамақ өнімінің қауіпсіздігі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасындағы талаптармен қарастырылғандай қауіп-қатерге талдау жасау міндетті.
6. Қауіп-қатерді басқару қауіп-қатерді бағалаудың қорытынды есебіне, сонымен қоса адам денсаулығы үшін зиян әсерін тигізетін мүмкіншілікті алдын алу принциптеріне негізделуі тиіс.
31-бап. Адам өмірі мен денсаулығы үшін зиянды әсердің мүмкіншілігін ескерту
1. Ерекше жағдайларда, егер қауіп-қатерді талдау және бағалау кезінде адам өмірі мен денсаулығына зиян әсерінің мүмкіншілігі бірдейлендірілген, алайда уәкілетті органмен оның деңгейін анықтау үшін қолдағы ғылыми мәліметтер жеткіліксіз ерекше жағдайларда, қауіп-қатерді басқару бойынша қажетті уақытша шаралар қолданылуы мүмкін.
2. Осы баптың 1 тармағының негізінде қабылданған қауіп-қатерді басқару жөніндегі шаралар адам өмірі мен денсаулығын қорғауына қол жеткізу үшін талап етілетін керекті деңгейден аспайтын өзіне шектеу қоюы мүмкін.
3. Қауіп-қатерді басқару жөніндегі шаралар анықталынып жатқан қауіп-қатер деңгейінің ғылыми мәліметін алу үшін талап етілетін ең аз қажетті уақыт кезеңі аралығында қайта қаралуы мүмкін.
6 тарау.
Қорытынды ережелер
32-бап. Қазақстан Республикасының тамақ өнімінің қауіпсіздігі
туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының тамақ өнімінің қауіпсіздігі туралы заңнамасының бұзылуына кінәлі тұлға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
33-бап. Ауыспалы кезеңде генетикалық түрлендірілген объектілері
бар тамақ өнімін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналым, қайта
кәдеге жарату және жою процестерінің (сатыларының) ерекшеліктерi
Тамақ өніміндегі генетикалық түрлендірілген объектілердің қауіпсіздігін ғылыми негіздегі растауын анықтағанға дейін Еуроодақ мемлекеттерінде белгілеген тамақ өніміндегі олардың мөлшерінің деңгейінен артық болмауы қолданылады.
34-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібi
1. Осы Заң, 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 11 баптың 5 тармағын қоспағанда, ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
2. "Тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 8 сәуірдегі № 543-II Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж. № 6, 43-құжат) күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Президентi