2. Тамақ өнімі қауіпсіздігіне мемлекеттік бақылауды жүргізу мақсатында, мемлекет - олардың материалдық-техникалық базасы мен қызметкеріне қойылатын талаптары халықаралық талаптарға сәйкес генетикалық түрлендірілген объектілердің сандық және сапалық құрамдарының мөлшерін анықтау үшін зертханаларды қосқандағы ветеринариялық-санитарлық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптаудың мемлекеттік зертханалар жұмысын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
3. Жеке кәсіпкерлер субъектілері тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау, тексеруді тағайындау туралы акт шығарусыз жүзеге асырылады.
8-бап. Тамақ өнімін мемлекеттік тіркеу
1. Қазақстан Республикасында мал азығы қоспаларын, тағамдық биологиялық белсенді қоспаларын, генетикалық түрлендірілген объектілерін өндіру (дайындау), әкелу (импорт) және сату тек қана мемлекеттік тіркеуді өткізгеннен кейін, ерекше жағдайларда тіркеу сынақтарын өткізу қажеттілігі үшін өндіруге, әкелуге (импорт) рұқсат беріледі.
Қазақстан Республикасы аумағында алғаш өндірілетін (дайындалатын) және алғаш әкелінетін (импорттан) әкелінетін мал азығы қоспалары, тағамдық биологиялық белсенді қосымшалары, генетикалық түрлендірілген объектілері мемлекеттік тіркеуге жатады.
2. Қазақстан Республикасының аумағында алғаш өндірілетін (дайындалатын) және алғаш әкелінетін (импорттан) мал азығы қоспалары, тағамдық биологиялық белсенді қоспалары, генетикалық түрлендірілген объектілерді мемлекеттік тіркеуді:
1) жеткізіп беру шарттарымен, Қазақстан Республикасының тамақ өнімінің қауіпсіздігі саласындағы заңнамасы талаптарымен субъектілер ұсынатын және тамақ өнімінің сәйкестігін растайтын құжаттарын сараптауды;
2) ғылыми және зертхана зерттеулерінің жүргізген қорытындыларының сараптамасын;
3) Қазақстан Республикасы аумағында өндіруге (дайындауға), әкелуге (импорттан) рұқсат берілген мал азығы қоспаларының, тағамдық биологиялық белсенді қоспаларының, генетикалық түрлендірілген объектілерінің Мемлекеттік тізілімге енгізуді өзіне қамтиды.
3. Бір өндірушімен дайындалған, бір атаумен тамақ өнімінің бір түрін (әртүрлі жабдықтаушы-делдалдардан) бірнеше рет мемлекеттік тіркеуге жол берілмейді.
4. Тіркелуге жататын тамақ өнімі, мал азығы қоспалары, тағамдық биологиялық белсенді қоспаларына және генетикалық түрлендірілген объектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілген тамақ өнімін тамақ өнімінің қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органдар белгілеген мерзімде қолдануға рұқсат етіледі.
5. Қазақстан Республикасында консервіленген тамақ өнімін тіркеу Қазақстан Республикасының үкіметімен белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
3 тарау.
Тамақ өнімін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналым, қайта кәдеге
жарату және жою бойынша субъектілердің құқықтары мен міндеттерi
9-бап. Тамақ өнімін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналым, қайта
кәдеге жарату және жою бойынша субъектілердің құқықтары
Субъектілердің:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аумақтың және (немесе) объектінің санитарлық-эпидемиологиялық және ветеринариялық-санитарлық туралы дұрыс ақпараттарды уақытылы алуға;
2) санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларын, гигиеналық нормативтерін, ветеринариялық-санитарлық ережелер мен нормативтерін орындау мақсатында зерттеулер жүргізу бойынша мемлекеттік органдарға жүгінуге;
3) санитарлық-эпидемияға қарсы (алдын алу) және ветеринариялық-санитарлық іс-шараларды өткізуге қатысуға;
4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тамақ өнімінің қауіпсіздігі саласындағы нормативті-құқықтық актілерді, техникалық регламенттерді әзірлеуге қатысуға;
5) Қазақстан Республикасының тамақ өнімінің қауіпсіздігі саласындағы заңнамаларының тиісті міндетті талаптарымен ұйымның стандарттарын әзірлеуге және бекітуге;
6) тамақ өнімінің қауіпсіздігіне өндірістік бақылаудың бағдарламасын әзірлеуге;
7) тамақ өнімінің қауіпсіздігін және менеджмент сапа жүйесін ендіруге;
8) оны өндіруде стандарттар талаптарына сәйкес келген кезде, биологиялық таза тамақ өнімдерін экологиялық белгімен таңбалауға құқығы бар.
10-бап. Тамақ өнімін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналым,
қайта кәдеге жарату және жою бойынша субъектілердің міндеттерi
1. Субъектілер:
1) Қазақстан Республикасының тамақ өнімінің қауіпсіздігі туралы заңнамаларының талаптарын сақтауды қамтамасыз етуге;
2) тамақ өнімінің қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органдардың келісімі бойынша Қазақстан Республикасының тамақ өнімінің қауіпсіздігі туралы заңнамаларына сәйкес ол үшін міндетті жарамдылық мерзімін белгілеуге;
3) оны өндіру (дайындау), айналым және қайта кәдеге жарату процестерінде (сатыларында) тамақ өнімінің әрбір партиясының қауіпсіздігіне өндірістік бақылауды қамтамасыз етуге;
4) тамақ өнімін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналым, қайта кәдеге жарату және жою процестеріндегі (сатыларындағы) қауіпті қасиеттерді сіңіруіне әкеп соқтырған бұзушылықтар туралы тиісті хабарды тамақ өнімінің қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органдарға хабарлауға және осы өнімді сараптамаға жолдауға;
5) егер тамақ өнімі қауіпті қасиеттерді сіңіруіне әкеп соқтырған болса, онда тамақ өнімін әзірлеу (жасау), айналым және қайта кәдеге жарату процестерін (сатыларын) тез арада тоқтатып, оларды сатып алушылардан (тұтынушылардан) қайтарып алуды қамтамасыз етуге, сараптама жүргізуді қамтамасыз етуге, содан соң оны Қазақстан Республикасының Үкіметімен анықталған тәртіппен қайта кәдеге жаратуды және (немесе) жоюды ұйымдастыруға;
6) тамақ өнімін сатып алушыларға (тұтынушыларға), сонымен қатар тамақ өнімінің қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органдардың талаптары бойынша оларға тамақ өнімінің қауіпсіздігін куәландыратын құжаттарды ұсынуға;
7) олар өндірген немесе сатқан тамақ өнімімен байланысты қауіп-қатерді болдырмау немесе азайту жөніндегі іс-қимылдары бойынша уәкілетті органдармен бірлесіп істеуге;
8) тамақ өнімін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналым, қайта кәдеге жарату және жою бойынша оның барлық процестерінде (сатыларында) тамақ өнімінің бірдейлендіруі мен бақылап отыру мүмкіншілігін қамтамасыз ету;
9) тамақ өнімін өндіру және сату объектілерін, сонымен қоса консервіленген тамақ өнімін тіркеуді жүзеге асыруға міндетті.
2. Егер субъектілер әкелетін (импорттан), өндіретін (дайындайтын), қайта өңдейтін немесе сататын тамақ өнімі қауіпсіздік талаптарымен сәйкес келмейді деп санаса немесе күдіктенген жағдайда, олар дереу:
1) тамақ өнімін алып тастау рәсімін бастауға;
2) тұтынушылар үшін қауіп-қатерді болдырмау мақсатында қабылданған әрекеті туралы тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органдарға хабар етуге міндетті.
4 тарау.
Тамақ өнімінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
11-бап. Тамақ өнімінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ең аз қажетті жалпы талаптар мен шаралар
1. Қазақстан Республикасының тамақ өнімінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленгендей тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі мен оны әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналым, қайта кәдеге жарату және жою процестеріне (сатыларына) қойылатын талаптар субъектілермен орындау үшін міндетті болып табылады.
2. Тамақ өнімінің қауіпсіздігі:
1) субъектілердің Қазақстан Республикасының тамақ өнімінің қауіпсіздігі туралы заңнамаларының талаптарын сақтауы;
2) Қазақстан Республикасының тамақ өнімінің қауіпсіздігі саласындағы заңнамасының талаптарына тамақ өнімін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналым, қайта кәдеге жарату және жою процестерінің (сатыларының) сәйкестігіне өндірістік бақылау жүргізу;
3) тамақ өнімінің Қазақстан Республикасының тамақ өнімінің қауіпсіздігі саласындағы заңнамасының талаптарымен сәйкестігін растауы;
4) санитарлық-эпидемиологиялық және ветеринариялық-санитарлық сараптама жүргізу;
5) тамақ өнімінің қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік реттеу шараларын қолдану арқылы қамтамасыз етіледі.
3. Қазақстан Республикасының тамақ өнімінің қауіпсіздігі туралы заңнамасымен белгіленген тамақ өнімінің қауіпсіздігіне және тамақ өнімін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналым, қайта кәдеге жарату және жою бойынша оның процестеріне (сатыларына) қауіпсіздік талаптарын субъектілер орындау үшін міндетті болып табылады.
3. Тамақ өнімінің қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органдардың келісімі бойынша тамақ өнімін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналым, қайта кәдеге жарату және жою процестері (сатылары) жүзеге асырылады.
4. Қазақстан Республикасының тамақ өнімінің қауіпсіздігі туралы заңнамасының талаптарына тамақ өнімін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналым және қайта кәдеге жарату процестерінің (сатыларының) мынадай көрсеткіштер бойынша сай келмейтін:
1) сапасыздығының айқын белгілері бар (бүлінген, бұзылған, ластанған);
2) радиологиялық, токсиологиялық, химиялық және микробиологиялық көрсеткіштерінің бөлігі бойынша қойылатын талаптарға жауап бермейтін;
3) олардың қауіпсіздігін куәландыратын және олардың шыққан жерін растайтын құжаттардың болмауы;
4) белгіленген жарамдылық мерзімінің болмауы немесе жарамдылық мерзімінің өтіп кетуі;
5) Қазақстан Республикасының тамақ өнімінің қауіпсіздігі туралы заңнамасымен қарастырылғандай мәліметтер бар таңбалаудың жоқ болуы;
6) ұсынылған ақпаратқа сай келмейтіндер жіберілмейді.
5. Генетикалық түрлендірілген объектілердің айналымы, тек қана олардың қауіпсіздігін ғылыми-негіздегі растаудан кейін және мемлекеттік тіркеу өткізгеннен кейін Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен рұқсат беріледі.
12-бап. Арнайы мақсаттағы тамақ өнімінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
1. Арнайы мақсаттағы тамақ өніміне:
1) балалар тағамы өнімі;
2) мал азығы қоспалары, тағамдық биологиялық белсенді қоспалар;
3) диетикалық өнімдер және емдеу-профилактикалық тағамдары жатады.
2. Арнайы мақсаттағы тамақ өнімі:
1) Қазақстан Республикасы заңнамасымен арнайы мақсаттағы тамақ өнімінің алдына қойылған талаптарға сәйкес;
2) сатып алушылардың (тұтынушылардың) тиісті тобының физиологиялық тұтынуын қанағаттандыру;
3) бумада (ыдыста) көрсетілген тағамдық, биологиялық және энергетикалық ақпараттары сай болуы керек.
3. Балалар тағамы өнімін, диеталық және емдеу-профилактикалық тағамдардың өндіру (дайындау) кезінде өсімін жеделдеткіштер (соның ішінде гормонды препараттар), дәрілік заттардың жекелеген түрлері, пестицидтер, агрохимикаттар, генетикалық түрлендірілген объектілер, бірдейлендірілмеген заттар мен құрамалар және жасанды тағам қоспалары пайдаланылған азық-түлік шикізатын қолдануға тыйым салынады.
13-бап. Байытуға (фортификациялауға) жататын тамақ өніміне қойылатын талаптар
1. Тамақ өнімі байытылуы (фортификациялануы) мүмкін.
2. Тамақ өнімін байыту (фортификациялану) Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
3. Байыту (фортификациялау) әдістері нормативтік-техникалық құжаттарға, санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларға және басқа да нормативті құжаттарға сәйкес келуі керек.
14-бап. Тамақ өнімін әзірлеу (жасау) кезінде олардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
1. Субъектілер әзірлейтін нормативтік-техникалық құжатқа, тамақ өнімі қауіпсіздігінің көрсеткіштері, оның жарамдылық мерзімі, буып-түюге, таңбалауға, әзірлеуге (жасау), өндіруге (дайындау), айналым процестеріне (сатыларына) қойылатын талаптары, оның қауіпсіздігіне өндірістік бақылау бағдарламасы, зерттеу әдістері, қауіп-қатерді бағалау, оны барынша азайту тәсілі, қайта кәдеге жарату тәсілі және қауіпті тамақ өнімін жоюы енгізіледі.
2. Тамақ өнімінің нормативтік-техникалық құжаты мен тәжірибе үлгілерінің жобалары Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтайтын санитарлық-эпидемиологиялық, ветеринариялық-санитарлық сараптауға жатады.
Көрсетілген жобалар тамақ өнімінің қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органдармен өз құзыреті шеңберінде келісіліп, тамақ өнімі қауіпсіздігінің субъектілерімен бекітіледі және олар үшін міндетті болып табылады.
3. Әзірлеу (жасау) кезінде тамақ өнімінің барлық әзірлеу (жасау), айналым және қайта кәдеге жарату процестерінде (сатыларында) мүмкін болатын барлық қауіп бірдейлендірілуі керек, оның ішінде әдеттегі немесе төтенше жағдайлар кезінде (сыртқы әсерлерде), субъектілер қызметкерлерінің болжалды қателіктері және жол берілмейтін пайдалану.
4. Барлық бірдейлендірілген қауіптер үшін қауіп-қатерлер есептеумен, сынақпен, сараптама жолымен бағалануы керек.
5. Тамақ өнімінің әрбір түрлері үшін қауіп-қатерді бағалауын өткізгенін есепке ала отырып, әзірлеу және құру кезінде тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), айналым және қайта кәдеге жарату айналымының барлық процестерінде (сатыларында) қауіп-қатерді мүмкін (қолайлы) деңгейге дейін жою немесе азайту (төмендету) үшін барлық шаралар жиынтығы анықталу керек.
15-бап. Тамақ өнімін өндіру (дайындау) кезінде оның қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
1. Өндіру үшін, Қазақстан Республикасының тамақ өнімінің қауіпсіздігі туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін шикізат пен тағам қоспалары қолданылуы керек.
2. Тағам мақсаттары үшін қолданылатын өсімдік пен мал шикізаттарын өндіру кезінде, осы Заңның 12 б. 3 т. айтылған жағдайлардан басқа мемлекеттік тіркеуден өткен мал азығы қоспаларын, мал өсімін жеделдеткіштерін, пестицидтерді, агрохимикаттарды пайдалануға жол беріледі.
3. Шығарылатын (дайындайтын) тамақ өнімінің жекелеген ингредиенттерін алмастыру халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығы саласындағы уәкілетті органның келісімімен жүргізіледі.
4. Жабдықтар, аумақ, сумен жабдықтау, канализация, жылыту жүйесі, ауаны алмастыра және өндірістік, қосымша, санитарлық-қызмет көрсету бөлмелерге жарық түсіру және қызметкерлердің жұмыс жағдайлары Қазақстан Республикасының тамақ өнімі қауіпсіздігі саласындағы заңнамасымен белгіленген талаптарға сәйкес болуы керек.
Тамақ өнімін өндірумен (дайындаумен) байланысты экологиялық жайларды бағалау, қоршаған ортаны қорғау саласындағы қолданыстағы заңдармен сәйкес жүргізіледі.
5. Объектіні мемлекеттік тіркеу, тек қана тиісті уәкілетті органдардың қорытындысы мен объектіні мемлекеттік тіркеуі бар болған кезде Қазақстан Республикасының Үкіметімен анықталатын тәртіппен жүргізіледі.
16-бап. Тамақ өнімін бөлшектеп өлшеп салу, орау және таңбалау
кезінде олардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
1. Қазақстан Республикасының тамақ өнімінің қауіпсіздігі саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес тамақ өнімдерінің айналымы кезінде оның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тәсілдермен бөлшектеніп өлшеп салынуға және орауға тиіс.
2. Буып-түю материалдардың және бұйымдардың этикеткаларында, жапсырмаларында, қосымша парақтарында және желімдеулерінде (стикерлерде), Қазақстан Республикасының заңнамасында анықталған ақпараттан басқа тамақ өнімдерінің түрлері есепке алына отырып, ақпараттардан басқа, мемлекеттік және орыс тілдерінде:
1) өнімнің тағамдық және биологиялық құндылықтары;
2) тағайындаулар мен қолдану шарттары (арнайы тағайындалған тағамдар үшін);
3) тамақ өнімін дайындау тәсілдері мен шарттары (тамақ өнімінің концентраттары мен жартылай фабрикаттары үшін);
4) сақтау шарттары мен жарамдылық мерзімдері;
5) тамақ өнімі дайындалған күні;
6) құрамы, сонымен қоса тағамдық және азық қоспалардың, тағамдық биологиялық белсенді қоспалардың, генетикалық түрлендірілген объектілердің бар болуы мен саны туралы мәліметтер болуы керек.
17-бап. Тамақ өнімін сақтау және тасымалдау кезінде олардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
1. Тамақ өнімін сақтау және тасымалдау Қазақстан Республикасының тамақ өнімінің қауіпсіздігі туралы заңнамасының талаптарына сәйкес олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жағдайларда жүзеге асырылуға тиіс.
2. Тамақ өнімін сақтау Қазақстан Республикасының тамақ өнімінің қауіпсіздігі туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келуге тиісті арнайы жабдықталған үй-жайларда, сақтауға рұқсат беріледі.
3. Тамақ өнімін тасымалдау үшін арнайы осы мақсаттарға арналған және (немесе) жабдықталған, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделген санитарлық құжаты бар көлік құралдары пайдаланылады.
4. Егер тамақ өнімін сақтау және (немесе) тасымалдау кезінде олардың қауіпті қасиеттерін тудыруға әкеп соқтырған бұзушылыққа жол берілсе, онда ол айналымнан алынып және тиісті сараптамаға жіберіліп, соның нәтижелеріне сәйкес қайта кәдеге жаратылады немесе жойылады.
18-бап. Тамақ өнімін сату кезінде олардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
1. Тамақ өнімін сату, Қазақстан Республикасының тамақ өнімінің қауіпсіздігі туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін тек қана арнайы жабдықталған үй-жайларда, ғимараттарда рұқсат беріледі.
2. Егер тамақ өнімін сату кезінде олардың қауіпті қасиеттерін тудыруға әкеп соқтыратын бұзушылыққа жол берілсе, онда ол айналымнан алынып және тиісті сараптамаға жіберіліп, соның нәтижелеріне сәйкес қайта кәдеге жаратылады немесе жойылады.
3. Қазақстан Республикасынан экспортқа шығатын тамақ өнімі, Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарын қанағаттандыру керек, импорттаушы елдердің қолданыстағы заңдарымен, регламенттерімен, стандарттарымен және басқа да нормативтік-құқықтық актілерімен басқа талап етілмеген жағдайлардан басқа.
4. Қазақстан Республикасының тамақ өнімінің қауіпсіздігі саласындағы заңнамасының талаптарына оның сәйкестігін растайтын құжаттары жоқ тамақ өнімдерін сатуға тыйым салынады.
19-бап. Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін
(импорттан) тамақ өнімінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
1. Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін (импорттан) тамақ өнімінің қауіпсіздігі Қазақстан Республикасының тамақ өнімінің қауіпсіздігі туралы заңнамасының талаптарына сәйкес болуы тиіс.
2. Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге:
1) Қазақстан Республикасының тамақ өнімінің қауіпсіздігі туралы заңнамасының талаптарына оның сәйкес келетінін куәландыратын құжаттары жоқ;
2) осы Заңның 8 бабының талаптарына сәйкес тіркеу жүргізу үшін қажетті үлгілерден басқа, мемлекеттік тіркеуден өтпеген тамақ өніміне тыйым салынады.
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғалар өз құзыреттері шегінде тамақ өнімін, олардың тауарлық ілеспе құжаттарын тексеруден өткізеді және мұндай тамақ өнімінің Қазақстан Республикасы аумағында әкеліну (импорт) мүмкіндігі туралы шешім қабылдайды.
Егер Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тамақ өнімі, осы Заңның 11 б. 5 т. талаптарына сәйкес келмесе, осы тармақта аталған лауазымды тұлғалар Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіппен оларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуді уақытша тоқтата тұру, оларды сараптауға жалдау жөнінде шешім қабылдайды немесе оларды әкелуге тыйым салуды белгілейді.
4. Сараптама нәтижелері бойынша қауіпті деп танылған тамақ өнімін алып кетуге міндетті.
Егер қауіпті тамақ өнімі осы тармақта белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасының аумағынан әкетілмеген болса, олар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алып қойылады, қайта кәдеге жаратылады немесе жойылады.
20-бап. Қауіпті тамақ өнімін өндіру (дайындау), айналым процестерінен
(сатыларынан) алып тастауға, оларды қайта кәдеге жаратуға немесе
жоюға қойылатын талаптар
1. Қауіпті тамақ өнімін өндіру (дайындау), айналым процестерінен (сатыларынан) алынып тастауға жатады.
Қауіпті деп танылған тамақ өнімін иеленуші оларды өндіру (дайындау) айналым процестерінен (сатыларынан) өзі алып тастауға немесе тамақ өнімінің қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органдардың ұйғарымдары негізінде анықталған кезден бастап дереу алып тастауға міндетті.
Тамақ өнімінің қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органдардың ұйғарымдарына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым берілуі мүмкін.
2. Егер қауіпті тамақ өнімін иеленуші оларды өндіру (дайындау), айналым процестерінен (сатыларынан) алып тастау жөнінде шаралар қолданбаған жағдайда, олар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен алып қоюға жатады.
3. Өндіру (дайындау), айналым процестерінен (сатыларынан) алып тасталған қауіпті тамақ өнімі олардың қайта кәдеге жаратылу немесе жою мүмкіндіктерін анықтау мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өткізілетін тиісті сараптама жасауға жатады. Қауіпті тамақ өнімін қайта кәдеге жарату немесе жою туралы шешім сараптаманың нәтижелері бойынша қабылданады.
4. Шыққан жері белгісіз, сондай-ақ сапасыздықтың белгілері бар және осыған байланысты адам мен мал өмірі және денсаулығына тікелей қатер төндіретін тамақ өнімі сараптамадан өткізілмей-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен алып қоюға және жойылуға жатады.
5. Өңделген өнімді мақсаты бойынша немесе оның жаңа атауымен одан әрі пайдалану тиісті халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығы саласындағы қорытындыларды ала отырып, сараптаманың оң нәтижелері болған кезде ғана мүмкін болады.
6. Адам мен мал үшін қауіп төндіретін залалды тамақ өнімдерін жою алдында олар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен зарарсыздандырылады.
7. Қауіпті тамақ өнімінің сараптамасына, тасымалдануына, қайта кәдеге жаратылуына немесе жойылуына қатысты шығындарды оларды иеленушілер төлейді.
8. Аурулардың пайда болуы мен таралуын, адам мен жануарлардың улануын болғызбау мақсатында тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органдар қауіпті тамақ өнімінің қайта кәдеге жаратылуын немесе жойылуын бақылауды жүзеге асыруға міндетті.
21-бап. Тамақ өнімін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналым
және қайта кәдеге жарату бойынша субъектілердің қызметшілеріне
қойылатын талаптар
1. Тамақ өнімін әзірлеуге (жасауға), өндіруге (дайындауға), айналымы мен қайта кәдеге жаратуға қатысатын қызметші, алдын ала және мерзімді медициналық тексеруден, сондай-ақ халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығы саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен гигиеналық оқытудан өтеді.
2. Субъектілер қызметшілердің алдын ала және мерзімді медициналық тексеруден өтуін және гигиеналық оқуын қамтамасыз етулері тиіс.
Алдын ала және мерзімді медициналық тексеруден өтпеген қызметшілер тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналым процестеріне (сатыларына) жіберілуге рұқсат берілмейді.
Жұқпалы, паразиттік аурулармен ауырады деп күдік келтірілген, алдын ала және мерзімді медициналық тексеруден өтпеген қызметшілер осы бапта аталған тамақ өнімінің әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналым процестеріне (сатыларына) жіберілмейді.
22-бап. Тамақ өнімін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналым
процестерінде (сатыларында) пайдаланылатын машиналар мен жабдықтарға,
материалдар мен бұйымдарға қойылатын талаптар
1. Тамақ өнімін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналым процестерінде (сатыларында) пайдаланылатын машиналар мен жабдықтар, материалдар мен бұйымдар:
1) Қазақстан Республикасының тамақ өнімінің қауіпсіздігі туралы заңнамасының талаптарына сәйкес болуы;
2) тек қана мақсаты бойынша пайдалану;
3) тамақ өнімімен байланыста болатын материалдар мен бұйымдарда пайдаланылатын материалдар мен олардың композицияларында Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгілеген тәртіппен уәкілетті органдар берген санитарлық-эпидемиологиялық қорытындылар болуы керек.
2. Тамақ өнімімен байланысатын тасымалдау ыдыстарының барлық бөліктері (цистерналар, танкерлер және басқа да) құбырлар, сорғылар, шлангілер, машиналар, көлік құралдары, жабдықтар және аппараттар Қазақстан Республикасының азық-түлік саласындағы машина жасау және тамақ өнеркәсібі үшін қолдануға рұқсат берген материалдардан дайындалуы керек.
3. Тамақ өнімімен түйісетін материалдар мен бұйымдарды бірдейлендіру және қауіп-қатерді бағалау үшін қажетті деңгейге дейін төмендегілерді қоса сипатталуы керек:
1) химиялық, биологиялық және физикалық сипаттамаларды;
2) тұтыну, оның ішінде қосымша мен өңдеу мақсаты;
3) шыққан жері және өндіру әдісі;
4) жеткізіп беру, буып-түю әдістері мен сақтау жағдайлары;
5) пайдалану алдындағы дайындық;
6) қабылдау белгілерін қосқанда.
23-бап. Тамақ өнімін бақылап отыруға қойылатын талаптар
1. Тамақ өнімін бақылап отыру тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналым, қайта кәдеге жарату және жою бойынша барлық процестерінде (сатыларында) қамтамасыз етілуі тиіс.
2. Тамақ өнімін бақылап отыру:
1) бірдейлендіру;
2) мәліметті жинау және жазып алу;