В28 Егер сақтандыру келісімшарты депозиттік және сақтандыру құрамдарына бөлінсе, онда өткізілетін сақтандыру тәуекелдігінің маңыздылығы сақтандыру құрамы негізінде бағаланады. Орнықтырылған туынды құрал бойынша өткізілетін сақтандыру тәуекелдігінің маңыздылығы орнықтырылған туынды құрал негізінде бағаланады.
Сақтандыру тәуекелдігінің деңгейін өзгерту
В29 Кейбір келісімшарттар бойынша сақтандырушыға сақтандыру тәуекелдігі оларды қолданудың басында, олар бойынша сақтандыру тәуекелдігі кешірек берілсе де, өткізіледі. Мысалы, белгілі бір инвестициялық кіріс көзделетін және полис ұстаушы үшін инвестиялардан түсімдерді оны өтеу мерзімі басталған кезде сақтандырушы басқа жаңа аннуитенттерге ұсынатын және осы мүмкіндікті полис ұстаушы пайдаланған сәтте қолданылатын аннуитент бойынша ағымдағы мөлшерлемелер бойынша өмірлік зейнетақыны сатып алу үшін пайдалану мүмкіндігі енгізілген келісімшартты қарастырамыз. Келісімшарт бойынша сақтандыру тәуекелдігі осындай мүмкіндік пайдаланылған сәтке дейін сақтандырушыға өткізілмейді, себебі сақтандырушыда осы сәтте сақтандырушыға өткізілетін сақтандыру тәуекелдігін көрсететін негізде аннуитентті бағалау кезінде таңдау еркі қалады. Дегенмен, егер келісімшартта аннуитент бойынша мөлшерлемелер (немесе аннуитент бойынша мөлшерлемелерді белгілеу үшін қолданылатын негіз) келісілсе, онда ол бойынша сақтандыру тәуекелдігі сақтандырушыға осындай келісімшартты қолданудың басында өткізіледі.
В30 Сақтандыру келісімшартының анықтамасына енгізілетін келісімшарт барлық құқықтар мен міндеттемелер орындалғанша немесе мерзімі өткенше осындай болып қалады.