В6 Белгіленген сыйақы үшін қызмет көрсетулерді ұсынуға арналған, ол бойынша қызмет көрсетулер туындауы белгісіз оқиғаға қатысты болатын кейбір келісімшарттар осы Стандарттың сақтандыру келісімшартының анықтамасына сай келеді, бірақ кейбір елдерде сақтандыру келісімшарттары ретінде реттелмейді. Қызмет көрсетуге арналған келісімшарт мысалдардың бірі болып табылады, ол бойынша қызмет көрсетуді жеткізуші белгілі бір жабдықты ол бұзылған кезде жөндеуге міндеттенеді. Ұсынылған қызмет көрсету үшін белгіленген сыйақы межелі бұзылу санына негізделді, бірақ нақты станоктың сынатынына не сынбайтынына қатысты белгісіздік бар. Жабдықтың бұзылуы меншік иесіне жағымсыз әсер етеді және келісімшарт бойынша меншік иесіне өтемақы ұсынылады (ақша қаражатымен емес, заттай нысанда). Автомобиль бұзылған жағдайда қызмет көрсетуді ұсыну келісімшарты басқа мысал ретінде болады, ол бойынша қызмет көрсетуді жеткізуші белгілеген жылдық сыйақы үшін автомобиль жолда бұзылған кезде техникалық көмек көрсетуге немесе автомобильді жақын жердегі техникалық қызмет көрсету станциясына тіркеп апаруға міндеттенеді. Соңғы келісімшарт, тіпті егер қызмет көрсетуді жеткізуші жөндеу немесе тетіктерді ауыстыру жөнінде міндеттемелер қабылдамаса да, сақтандыру келісімшартының анықтамасын қанағаттандыруы мүмкін.
В7 Осы Стандарттың В6-тармақта жазылған келісімшарттарға қолдану, ең алдымен, егер келісімшарттар аталған Стандартты қолдану аясынан тыс болса, қолданылуы мүмкін Халықаралық қаржылық есептіліктің стандартын қолданғанша шамалы жүктеме берілген болар еді:
(а) кездескен бұзылулар немесе іркілістер бойынша елеулі міндеттемелер болуы екі талай;
(b) егер 18 Табыс ХҚЕС-ы (IАS) қолданылса, онда қызмет көрсетулерді жеткізуші түсімді аяқталу сатысын (немесе басқа белгілі бір талаптарды) ескере отырып таныған болар еді. Осы тәсілге сондай-ақ осы Стандартқа сәйкес рұқсат етіледі, ол бойынша қызмет көрсетулерді жеткізушіге (і) оларға 14-тармақта тиым салынған практиканы кіргізген жағдайларды қоспағанда, осы келісімшарттар үшін қолда бар есеп саясатын пайдалануды жалғастырады және (іі) егер 22-30-тармақтарда рұқсат етілсе, есеп саясатын өзгертеді;
(с) қызмет көрсетулерді жеткізуші қызмет көрсетулерді ұсыну жөніндегі келісімшарттық міндеттемелерді орындау бойынша шығындардың аванспен алынған түсімнен асатынын не аспайтынын талдауды жүргізуі тиіс. Бұл үшін ол осы Стандарттың 15-19-тармақтарында жазылған міндеттемелердің баламалығын тексеруі тиіс. Егер осы Стандарт көрсетілген келісімшарттарға қолданылмаса, онда қызмет көрсетулерді жеткізуші келісімшарттардың жүктеме берілген болып табылатынын анықтау үшін 37 Міндеттемелер, шартты міндеттемелер және шартты активтер ХҚЕС (IАS) қолданған болар еді;
(d) келісімшарттар бойынша осы Стандартты ашып көрсету бойынша талаптардың басқа Халықаралық қаржылық есептіліктің стандарттары талап ететін ашып көрсетулер көлемін біршама ұлғайтатыны екіталай.
Сақтандыру тәуекелдігінің басқа тәуекелдіктерден айырмашылығы
В8 Сақтандыру келісімшартының анықтамасында осы Стандарт келісімшартты ұстаушыдан эмитентке өтетін қаржы тәуекелдігінен өзгеше тәуекелдік ретінде айқындайтын сақтандыру тәуекелдігіне сілтеме бар. Эмитентті қаржы тәуекелдігіне ұшырататын, біршама сақтандыру тәуекелдігі жоқ келісімшарт сақтандыру келісімшарты болып табылады.
В9 А қосымшадағы қаржы тәуекелдігінің анықтамасына қаржылық және қаржылық емес айнымалылар тізбесі кіреді. Осы тізбеге келісімшарт бойынша тараптарға жатқызылмаған, белгілі бір аймақтағы зілзаладан шығындардың индексі немесе белгілі бір қаладағы температуралар индексі ретіндегі қаржылай емес айнымалылар кіреді. Тізбеге келісімшарт бойынша тараптарға жататын келісімшарт бойынша тарапқа тиесілі активті бүлдіретін немесе бұзатын өрттің туындауы немесе туындамауы сияқты қаржылық емес айнымалылар кірмейді. Сонымен бірге қаржылай емес активтің әділ құнының өзгеру тәуекелдігі, егер әділ құн осындай активтердің (қаржылық айнымалы) нарықтық бағаларының өзгерісін ғана емес, сонымен қатар келісімшарт бойынша тарап ұстап тұратын белгілі бір қаржылық емес активтің (қаржылай емес айнымалы) жай-күйін де көрсетсе, қаржы тәуекелдігі болып табылмайды. Мысалы, егер белгілі бір автомобильдің тарату құнына кепілдік беру гарантты автомобильдің нақты жай-күйі өзгерістерінің тәуекелдігіне ұшыратса, онда осы тәуекелдік қаржылық емес, сақтандыру тәуекелдігі болып табылады.
В10 Кейбір келісімшарттар бойынша сақтандырушы сақтандыру тәуекелдігімен қатар қаржы тәуекелдігіне ұшырайды. Мысалы, көптеген өмірді сақтандыру келісімшарттары полисті ұстаушылардың ең төменгі кірістілігіне кепілдік береді (қаржы тәуекелдігін жасай отырып) және сол сияқты қайтыс болған жағдай бойынша, кейде полис ұстаушының шотындағы қаржылық жағдай есебі біршама асып түсетін төлемдерді жасау міндеттемесі болады (қайтыс болу тәуекелдігі түріндегі сақтандыру тәуекелдігін жасай отырып). Осындай келісімшарттар сақтандыру келісімшарттары болып табылады.
В11 Кейбір келісімшарттар бойынша сақтандырылған оқиға баға индексіне қатысты сомаларды төлеуге әкеп соғады. Осындай келісімшарттар сақтандыру келісімшарттары болып табылады, бұл ретте сақтандырылған оқиғаға қатысты төлемдердің көлемі едәуір болуы мүмкін. Мысалы, өмір сүру деңгейіне байланысты өмірлік зейнетақы сақтандыру тәуекелдігін өткізеді, себебі төлем туындауы белгісіз оқиға - аннуитенттің өміріне қатысты болады. Бағаларға байланысты болу орнықтырылған туынды құрал болып табылады, бірақ ол сондай-ақ сақтандыру тәуекелдігін өткізеді. Егер өткізілетін сақтандыру тәуекелдігі едәуір болса, онда орнықтырылған туынды құрал сақтандыру келісімшартының анықтамасына сай болады және осы жағдайда оны әділ құн бойынша бөліп алу және бағалау талап етілмейді (Стандарттың 7-тармағын қараңыз).
В12 Сақтандыру тәуекелдігінің анықтамасында сақтандырушы полис ұстаушыдан қабылдайтын тәуекелдікке сілтеме бар. Басқаша айтқанда, сақтандыру тәуекелдігі - бұл болып отырған, полис ұстаушыдан сақтандырушыға өтетін тәуекелдік. Осылайша, келісімшартта жасалатын жаңа тәуекелдік сақтандыру тәуекелдігі болып табылмайды.
В13 Сақтандыру келісімшартының анықтамасында полис ұстаушыға жағымсыз әсерге сілтеме бар. Анықтама сақтандырушы төлемдерінің мөлшерін жағымсыз әсер етудің қаржылық ықпалына тең сомамен шектемейді. Мысалы, анықтама полис ұстаушыға бұзылған ескі активті жаңасына ауыстыру үшін жеткілікті өтем төленетін «ескі үшін жаңа» сақтандыру өтемін жоққа шығармайды. Анықтама дәл солай, өмірлік сақтандыру келісімшарты бойынша төлемдердің мөлшерін қайтыс болған адамның асырауындағыларға келтірілген қаржылық шығынға тең сомамен шектемейді және алдын ала анықталған сомаларды төлеу төлем мөлшері қайтыс болуы немесе жазатайым жағдай салдарынан келтірілген шығынды сандық бағалау болып табылуы үшін кедергі жасамайды.
В14 Кейбір келісімшарттар бойынша, егер туындауы белгісіз ескертілген оқиға болса, өтем төлеу талап етіледі, бірақ полис ұстаушыға міндетті талап ретінде жағымсыз әсер етудің болуы талап етілмейді. Осындай келісімшарт тіпті, егер полис ұстаушы осы келісімшартты оның негізінде жатқан тәуекелдікке ұшырауды төмендету үшін пайдаланса да, сақтандыру келісімшарты болып табылмайды. Мысалы, егер полис ұстаушы туынды құралды құралдың негізінде жатқан, ұйымның активінен ақша қаражатының қозғалысына байланысты қаржылық емес айнымалыны хеджирлеу үшін пайдаланса, онда туынды құрал сақтандыру келісімшарты болып табылмайды, себебі өтем төлеу полис ұстаушы активтен ақша қаражаты ағындарының азаюы салдарынан жағымсыз әсерге ұшырағанына не ұшырамағына қатысты болмайды. Және керісінше, сақтандыру келісімшартының анықтамасында туындауы белгісіз және полис ұстаушыға жағымсыз әсері келісімшарттың төлемді жүзеге асыру үшін міндетті талабы болып табылатын оқиғаға сілтеме бар. Келісімшарттың осы міндетті талабы сақтандырушыдан оқиға шын мәнінде жағымсыз әсері болғанын не болмағын зерттеуді талап етпейді, бірақ сақтандырушыға, егер ол оқиға жағымсыз әсер еткеніне сенімді болмаса, төлемнен бас тартуына рұқсат етеді.
В15 Келісімшартты мерзімінен бұрын бұзу немесе неғұрлым ұзақ қолдану тәуекелдігі (яғни, келісімшарттың бағасын құру кезінде келісімшарт бойынша қарама-қарсы тарап келісімшарттан эмитент күтіп отырғаннан ерте немесе кешірек бас тарту тәуекелдігі) сақтандыру тәуекелдігі болып табылмайды, себебі келісімшарт бойынша қарама-қарсы тарапқа төлем жасау туындауы белгісіз және оған әсер етуі жағымсыз болатын оқиғаға қатысты емес. Осылайша, жоғары шығыстардың тәуекелдігі (яғни, сақтандырылған оқиғаларға байланысты шығыстар емес, келісімшартқа қызмет көрсетуге байланысты әкімшілік шығыстардың көзделмеген ұлғаюы) сақтандыру тәуекелдігі болып табылмайды, себебі шығыстардың көзделмеген ұлғаюы келісімшарт бойынша қарама-қарсы тарапқа жағымсыз әсер етпейді.
В16 Сондықтан эмитенті келісімшартты мерзімінен бұрын бұзу тәуекелдігіне, келісімшарттың неғұрлым ұзақ қолдану тәуекелдігіне немесе жоғары шығыстардың тәуекелдігіне ұшыратқан келісімшарт, ол эмитентті сақтандыру тәуекелдігіне де ұшыратқан жағдайларды қоспағанда, сақтандыру келісімшарты болып табылмайды. Дегенмен, егер осы келісімшарттың эмитенті осы тәуекелдіктің бір бөлігін үшінші тарапқа беру үшін қосымша келісімшартты пайдалана отырып осындай тәуекелдікті азайтса, онда осы қосымша келісімшарт үшінші тұлғаны сақтандыру тәуекелдігіне ұшыратады.
В17 Ұйым сақтандырушыны полис ұстаушыдан бөлген болып табылған жағдайда ғана сақтандырушы полис ұстаушыдан едәуір сақтандыру тәуекелдігін қабылдайды. Өзара сақтандырушымен болған жағдайда өзара сақтандырушы әрбір полис иеленушіден тәуекелдікті қабылдайды және оларды пулға біріктіреді. Полис ұстаушылары меншік иелері ретінде бірлесіп осы біріктірілген тәуекелдікті көтерсе де, өзара сақтандырушы сақтандыру келісімшартының мәні болып табылатын осы тәуекелдікті қабылдайды.
Сақтандыру келісімшарттарының мысалдары
В18 Төменде өткізілетін сақтандыру тәуекелдігі едәуір болуы келісімшартымен сақтандыру келісімшарттары болып табылатын келісімшарттардың мысалдары келтірілген:
(а) мүліктің ұрлануы немесе шығын келтіру жағдайына сақтандыру;
(b) тауар өндірушілердің жауапкершілігін, кәсіби жауапкершілігін, азаматтық жауапкершілігін сақтандыру немесе сот шығыстарын сақтандыру;
(c) өмірді сақтандыру және жерлеу бойынша шығыстардың сақтандыру жоспарлары (қайтыс болу белгісіз болса да, қайтыс болған немесе өмірді сақтандырудың кейбір түрлері үшін сақтандырумен қамтылған кезең ішінде қайтыс болған сәт белгісіз болып табылады);
(d) өмірлік зейнетақылар және зейнетақылар (яғни, олар бойынша туындауы белгісіз болашақ оқиғаға (аннуитенттің немесе зейнеткердің өмірі) қатысты өтем аннуитентке немесе зейнеткерге керісінше жағдайда оның өміріне жағымсыз әсер етуі мүмкін белгілі бір өмір деңгейін қамтамасыз ету үшін қамтамасыз етілетін келісімшарттар);
(e) мүгедектікті сақтандыру және медициналық сақтандыру;
(f) кепілдік бондтары, алаяқтық, басшылық пен қызметкерлер тарапынан талан-тараж тәуекелдіктерін сақтандыру, міндеттемені табысты орындауды сақтандыру, оферттерді орындауды сақтандыру (яғни олар бойынша өтем ұсынылатын, егер басқа тарап келісімшарттық міндеттемелерді орындай алмаса, мысалы, үй салу міндеттемесін);
(g) белгілі бір борышкер борыштық құралдың бастапқы немесе өзгерген мерзімдердің басталуы кезінде төлемдерді жүзеге асырмауына байланысты келтірілген шығынның иесіне өтем үшін белгілі бір төлемдер көзделетін кредиттік сақтандыру. Осындай келісімшарттардың кредиттер бойынша міндеттемелерін немесе сақтандыру келісімшарттарын орындамауға қатысты әр түрлі қаржылық кепілдік беру, аккредитив, туынды құралдар сияқты заңдық нысандары болуы мүмкін. Сөйіп, мұндай келісімшарттар сақтандыру келісімшартының анықтамасына жауап бергенмен, олар сондай-ақ 9 ХҚЕС-та (IFRS) қаржылық кепілдік келісімшартының анықтамасына сай келеді және осы Стандарттың емес, 32ХҚЕС (IAS)[4] пен 9 ХҚЕС (IFRS) қолданысына түседі (4(d)-тармаққа қараңыз). Дегенмен де, егер қаржылық кепілдік келісімшартының эмитенті мұндай келісімшарттарды сақтандыру келісімшарттары деп санайтынын мәлімдесе және сақтандыру келісімшартына қатысы есеп рәсімдерін пайдаланса, ол мұндай қаржы кепілдігінің келісімшарттарына 32 ХҚЕС (IAS) пен 9 ХҚЕС(IFRS) немесе осы Стандартты қолдануды таңдай алады.[5]
(h) өнімге кепілдік беру. Өндіруші, дилер немесе бөлшек сатушы сатқан тауарларға басқа тарапқа ұсынылған өнімге кепілдіктер осы Стандартты қолдану аясына кіреді. Дегенмен тікелей өндіруші, дилер немесе бөлшек сатушы ұсынған өнімге кепілдіктер оның қолданылу аясына кірмейді, себебі олар 18 Табыс ХҚЕС (IАS) және 37 Міндеттемелер, келісімшартты міндеттемелер және келісімшартты активтер ХҚЕС (IАS) қолдану аясына кіреді;
(i) меншік иесі мәртебесін сақтандыру (яғни, жерге меншік иесі мәртебесінің кемшіліктерін анықтау жағдайына сақтандыру, олардың болуы сақтандыру келісімшартын жасау сәтінде айқын болмаған). Осы жағдайда сақтандыру оқиғасы ақаудың өзін емес, меншік иесі мәртебесінің ақауын анықтау болып табылады;
(j) саяхаттау уақытына сақтандыру (яғни, полис ұстаушыларына олардың саяхаттау уақыты ішінде келтірілген шығынды ақша қаражатымен немесе заттай нысанда өтеу). В6 және В7-тармақтарында осындай түрдегі келісімшарттар қарастырылады;
(k) егер белгілі бір оқиғалар облигациялардың эмитентіне жағымсыз әсер етсе, негізгі соманың, пайыздардың сомаларын немесе қандай да болмасын басқа сомалардың төлемдерін азайту көзделетін апаттар бойынша облигациялар (келісілген оқиға едәуір сақтандыру тәуекелдігін жасамаса, мысалы, егер осындай оқиға пайыздық мөлшерлемені немесе валютаның айырбас бағамын өзгерту болып табылса);
(l) негізінде төлемдердің мөлшері климаттық, геологиялық немесе келісімшарт тараптарының біріне жатқызылатын басқа да физикалық айнымалыларға негізделетін сақтандыру своптары және басқа да келісімшарттар;
(m) қайта сақтандыру келісімшарттары.
В19 Төменде сақтандыру келісімшарттары болып табылмайтын баптардың мысалдары келтірілген:
(а) сақтандыру келісімшартының заңды нысаны бар, бірақ сақтандырушыны сақтандыру тәуекелдігіне ұшыратпайтын инвестициялық келісімшарттар, мысалы, негізінде сақтандырушы қайтыс болудың едәуір тәуекелдігіне ұшырамайтын өмірді сақтандыру келісімшарттары (осы келісімшарттар сақтандырылмайтын қаржы құралдары немесе қызмет көрсету ұсынылатын келісімшарттар болып табылады, В20 және В21-тармақтарын қараңыз);
(b) сақтандырудың заңды нысаны бар, бірақ барлық маңызды сақтандыру тәуекелдігін полис ұстаушыға заңдық күші бар және жоюға жатпайтын, полис ұстаушы жүзеге асыратын, сақтандырылған шығындарға тікелей қатысты болашақ төлемдерді түзететін механизм арқылы кері өткізілетін келісімшарттар, мысалы, кейбір қаржылық қайта сақтандыру келісімшарттары немесе кейбір топтық келісімшарттар (осындай келісімшарттар әдетте сақтандыру емес қаржылық құралдар немесе қызмет көрсету келісімшарттары болып табылады, А20 және В21-тармақтарды қараңыз):
(c) өзін-өзі сақтандыру, басқаша айтқанда сақтандырумен өтелуі мүмкін тәуекелдікті өткізбеу (сақтандыру келісімшарты болып табылмайды, себебі басқа тараппен келісім жоқ);
(d) егер туындауы белгісіз, бірақ полис ұстаушыға жағымсыз әсер ететін оқиғаның болуы төлем үшін міндетті келісімшарт талабы ретінде болуы талап етілмейтін келісілген оқиға болса, өтем бөлу талап етілетін келісімшарттар (құмар полистер сияқты). Дегенмен бұл қайтыс болу немесе жазатайым жағдай сияқты келісілген оқиға келтірген шығынды сандық бағалауды көрсететін өтемнің мөлшерін алдын ала белгілеуге кедергі жасамайды (В13-тармақты қараңыз);
(e) тараптардың бірін сақтандыру емес, қаржылық тәуекелдікке ұшырататын туынды құралдары, себебі олар бойынша тараптардың бірі бір немесе бірнеше айналмалылардың: белгілі бір пайыздық мөлшерлеменің, қаржы құралы бағасының, тауардың бағасын белгілеудің, валютаның айырбас бағамының, кредиттік бағалардың немесе мөлшерлемелер индексінің, кредиттік рейтингтің немесе кредиттік индекстің немесе айналымалының басқа өзгерісіне негізделген төлемдерді қаржылық емес айнымалы жағдайында ол келісімшарттық бойынша тараптарға жатқызылмау келісімшартымен жүзеге асыруы талап етіледі (9 ХҚЕС (IFRS) қараңыз);
(f) қаржылық кепілдік беру келісімшарты (немесе аккредитив, кредиттер бойынша міндеттемелердің орындалмауына қатысты туынды құрал немесе кредиттік сақтандыру келісімшарты), ол бойынша, тіпті егер ұстаушы борышкердің уақтылы төлемдерді жүзеге асыруға мүмкіндігі болмауы салдарынан шығын келтірмесе де, өтем төлеу талап етіледі (9 IFRS қараңыз);
(g) төлем келісімшарт тараптарының біріне қатысты болмайтын климаттық, геологиялық немесе басқа физикалық айнымалыларға (әдетте метеорологиялық туынды құралдар деп аталатын) негізделетін келісімшарттар;
(h) негізгі соманың, пайыздар сомасының немесе келісімшарт тараптарының біріне қатысты болмайтын климаттық, геологиялық немесе басқа физикалық айнымалыларға негізделген қандай да болмасын соманың төлемдерін азайту көзделген апаттық облигациялар.
В20 Егер В19-тармақта жазылған келісімшарттар қаржылық активтерді немесе қаржылық міндеттемелерді құраса, онда олар 9 ХҚЕС (IFRS) қолдану аясына кіреді. Бұл басқаша алғанда келісімшарт бойынша тараптардың кейде депозиттік есепке алу деп аталатын есепке алуды пайдаланады, онда:
(а) тараптардың бірі алынған өтемді түсім ретінде емес, қаржылық міндеттеме ретінде таниды;
(b) ал басқа тарап төленген өтемді шығыс ретінде емес, қаржылық актив ретінде таниды.
В21 Егер В19-тармақта жазылған келісім-келісімшарттар қаржылық активті немесе міндеттемелерді құрамаса, онда 18 ХҚЕС (IАS) қолданылады. Егер операцияның нәтижесі сенімді түрде бағаланса, 18 ХҚЕС (IАS) сәйкес қызмет көрсету болжанған операция бойынша түсім, операцияның аяқталу сатысы негізінде танылады.
Маңызды сақтандыру тәуекелдігі
В22 Келісімшарт, егер ол бойынша маңызды сақтандыру тәуекелдігі өткізілген жағдайда ғана сақтандыру келісімшарты болып табылады. В8-В21-тармақтарында сақтандыру тәуекелдігі қарастырылады. Келесі тармақтарда сақтандыру тәуекелдігі маңызды болып табылатыны не табылмайтыны қаралады.
В23 Сақтандыру тәуекелдігі, егер сақтандырған оқиға нәтижесінде сақтандырушыға коммерциялық маңызы жоқ жағдайларды қоспағанда, кез келген негізде маңызды қосымша сыйақы төлеуге тура келген жағдайда ғана маңызды болады. Егер маңызды қосымша сыйақылар коммерциялық мазмұны бар жағдайларда төлеуге жатса, онда алдыңғы сөйлемдегі талап, тіпті егер келісімшартты ақша ағындарының межелі (яғни, ықтималдылық негізінде бағаланған) келтірілген құны келісімшарт бойынша қалған ақша қаражаты ағындарының межелі келтірілген құнымен салыстырғанда шамалы болып табылса да, орындалуы мүмкін.
В24 В23-тармағында келтірілген қосымша сыйақылар, егер сақтандыру оқиғасы болмаса, төлеуге жататын сомалардан артық сомаларға жатқызылады (коммерциялық мазмұны бар жағдайларды қоспағанда). Осы қосымша сомаларға шағымдарды қарау және оларды бағалау шығындары кіреді, бірақ мыналар қосылмайды:
(а) полис ұстаушыдан болашақ қызмет көрсетулер үшін ақы алу мүмкіндігінің шығыны. Мысалы, инвестицияға байланысты сақтандыру келісімшарты бойынша, полис ұстаушының қайтыс болуы сақтандырушының бұдан әрі инвестициялауды басқару жөніндегі қызмет көрсетуді ұсынбайтынын және ол үшін ақы алмайтынын білдіреді. Дегенмен, өзара қормен болған, оның басқарушысы клиенттің қайтыс болуы мүмкіндігіне қатысты сақтандыру тәуекелдігін қабылдаған жағдайдағыдай сақтандырушының экономикалық шығыны сақтандыру тәуекелдігін көрсетпейді. Сондықтан инвестицияларды басқару үшін болашақ сыйақылар шығындарының әлуеттік мүмкіндігі келісімшарт бойынша сақтандыру тәуекелдігі қандай көлемде ауыстырылатынын бағалау кезінде орынды болып табылмайды.
(b) қайтыс болған жағдайда келісімшарт тоқтатылған немесе одан бас тартқан жағдайда келтірілуі мүмкін шығыстардан бас тарту. Осы шығыстар келісімшарттың нәтижесінде туындағандықтан, онда осы шығыстардан бас тарту полис ұстаушыға болған тәуекелдік үшін өтем жасамайды. Сондақтан олар келісімшарт бойынша сақтандыру тәуекелдігі қандай көлемде ауыстырылатынын бағалау кезінде орынды болмайды;
(c) туындаған кезде келісімшартты ұстаушы маңызды шығындар көтермейтін оқиғаға қатысты төлем. Мысалы, егер нәтижесінде полис ұстаушы бір ақша бірлігіне тең шамалы экономикалық шығын көтеруі нәтижесінде активке нақты шығын келсе, сақтандырушы бір миллион ақша бірлігін төлеуі тиіс келісімшарт бар. Осы келісімшарт бойынша полис ұстаушы сақтандырушыға бір ақша бірлігінің шамалы шығын тәуекелдігін өткізеді. Сол уақытта келісімшарт, егер белгілі бір оқиға болса, эмитент 999 999 ақша бірлігін төлеуі тиіс сақтандыру емес тәуекелдігін жасайды. Эмитент полис ұстаушыдан маңызды сақтандыру тәуекелдігін қабылдайтындықтан, осы келісімшарт сақтандыру келісімшарты болып табылады;
(d) қайта сақтандыру келісімшарты бойынша алынған шығындарды өтеу мүмкіндігі. Сақтандырушы оларды бөлек есепке алуы тиіс.
В25 Сақтандырушы келісімшарттар бойынша сақтандыру тәуекелдігінің маңыздылығын қаржылық есептілік негізінде олардың маңыздылығы негізінде емес, жеке негізде бағалауы тиіс.[6] Осылайша, сақтандыру тәуекелдігі, тіпті, барлық есепке алынған келісімшарттар бойынша маңызды шығындардың ең төменгі ықтималдылығы болған жағдайда да маңызды болуы мүмкін. Келісімшарттардың жеке негізде осылай бағалануы келісімшарттарды сақтандыру келісімшарттары ретінде жіктеуді жеңілдетуге көмектеседі. Дегенмен, егер шағын келісімшарттардың біртекті тобы сақтандыру тәуекелдіктері өткізілетін келісімшарттардан тұратыны белгілі болса, онда сақтандырушының шамалы сақтандыру тәуекелдігі өткізілетін туынды емес құралдар болып табылатын бірнеше келісімшарттарды анықтау үшін осы топтың әрбір келісімшартын жеке талдауы үшін талап етілмейді.
В26 В23-В25-тармақтардан, егер осы келісімшарт бойынша қайтыс болу жағдайы бойынша өмір сүру кезінде төленетін сомадан асатын өтем төленсе, онда осы келісімшарт қайтыс болу жағдайы бойынша қосымша төлемдер шамалы болған жағдайды қоспағанда, сақтандыру келісімшарты болып табылатынын (бұл келісімшарттардың барлық тобына емес, келісімшарттың өзіне қатысты бағаланады) айтуға болады. В24(b)-тармақта аталып өткендей, қайтыс болған жағдайда келісімшарт тоқтатылған немесе одан бас тартылған жағдайда келтірілуі мүмкін шығыстардан бас тарту, егер осы бас тарту нәтижесінде полисті ұстаушыға болып отырған тәуекелдік өтелмесе, осындай бағалауға кірмейді. Осылайша полисі ұстаушының өмірінің қалған кезеңі ішінде жүйелі төлемдер жүргізілетін зейнетақы келісімшарты қалған өмір сүру кезеңіне қатысты жиынтық төлемдер шамалы болып табылатын жағдайларды қоспағанда сақтандыру келісімшарты болып табылады.
В27 В23-тармақ қосымша сыйақыларға жатқызылады. Осы қосымша сыйақыларға, егер сақтандырылған оқиға ерте болса және төлем ақшаның уақытша құнын ескере отырып түзетілмесе, сыйқыларды мерзімінен бұрын төлеу жөніндегі талап кіруі мүмкін. Белгіленген сомаға өмірлік сақтандыру осының мысалы болып табылады (басқаша айтқанда, қайтыс болған жағдайда белгіленген төлемдер жүргізілетін және өтеудің аяқталу мерзімі жоқ сақтандыру). Полис ұстаушы қайтыс болуы анықталды, бірақ қайтыс болу күні анықталмаған болып қалады. Сақтандырушы, тіпті егер тұтастай алғанда келісімшарттар тобы бойынша шығын болмаса да, ұстушылары қайтыс болған жекелеген келісімшарттар бойынша шығынды көтереді.