Таяу жылдары мемлекеттік кәсіпорындардың, акцияларының бақылау пакеттері (қатысу үлестері) мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың (серіктестіктердің) қаржы-шаруашылық қызметі нәтижелерін бақылау тетігін жетілдіру жөніндегі жұмыс жалғасатын болады.
Жасалған нормативтік құқықтық базада мемлекеттік меншік мониторингін жүргізу тәртібін айқындалады, меншік нысанына қарамастан, экономиканың стратегиялық маңызды салаларындағы аса ірі кәсіпорындарды кешенді тексеру осы мониторинг шеңберінде жүргізіледі. Алдағы кезеңде "Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингі туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, қабылданған заңи нормативтік құқықтық кесімдерді практикалық іске асыру жөніндегі жұмыс жалғасады. Мониторинг объектілері, меншігінде не басқаруында мониторинг объектілері бар жеке немесе заңды тұлғалар өздерінің қызметін объективті түрде көрсететін ақпарат беретін болады, ал электрондық дерекқорды енгізу мемлекеттік органдарға заңнамада белгіленген тәртіппен мониторинг объектілері туралы дұрыс ақпаратты жедел алуға, мәліметтерді экономикалық болжамдарды жасау және жекелеген мониторинг объектілері мен (немесе) экономика салалары қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған бағдарламаларды әзірлеу үшін пайдалануға мүмкіндік береді.
Бюджет кодексінде, 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңында жергілікті мемлекеттік басқару органдарының өкілеттіктері мен қаржыландыру көздері айқындалған. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы заңнамада көзделген өкілеттіктерді іске асыру үшін жақын арада аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әкімдіктері өздеріне қажет мүлікпен қамтамасыз етілуі тиіс. Бұл үшін мемлекеттік тұрғын үй қоры объектілерін қоса алғанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағындағы мемлекеттік мүлікке түгендеу жүргізу; әкімдіктерге қажетті мүлік тізбесін айқындау және заңнамада белгіленген тәртіппен оны жергілікті мемлекеттік басқару органдарына бекітіп беруді қамтамасыз ету керек.
Мемлекеттік меншік объектілерін толық әрі дұрыс есепке алуды қамтамасыз ету үшін бірыңғай дерекқор құру және жүргізу көзделіп отыр. Осыған байланысты, мемлекеттік мүлік есебін жүргізу мәселелері бойынша республикалық және коммуналдық меншіктің уәкілетті органдары арасындағы өзара іс-қимылдың айқын тәртібін дайындау керек.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 4 желтоқсандағы № 735 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарына сәйкес мемлекеттік активтерді басқару жүйесін жетілдіру мақсатында мемлекеттің активтері мен міндеттемелері теңгерімін жасау әдістемесі әзірленеді.
Мемлекеттік мүлікті басқару жүйесінің құрылымдық бөлшегі бола отырып, жекешелендіру жариялылық, ашықтық, бәсекелестік қағидаттарын сақтай отырып, белгілі бір салаларға және нақты кәсіпорындарға қатысты мемлекет мүддесіне сәйкес жүзеге асырылады.
Салық саясаты
2006-2008 жылдары салық саясатының негізгі бағыттары:
шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолдану аясын тартуға және оларды, ең алдымен, экономиканың шикізаттық емес секторына инвестициялар салуға тартуға шаралар қабылдау;
салық төлеушілер үшін қашықтық және ақпараттық қызмет әдістерінің көмегімен салықтық әкімшілендіру процестерін одан әрі жетілдіру және дамыту;
салықтық есептілікті талдаудың және оның камералдығының тәсілдері мен әдістерін дамыту;
ақпараттық қызметтерді біріктіру, мемлекеттік органдармен ақпараттық өзара іс-қимылды жетілдіру және тиімділігін арттыру;
шағын және орта бизнес субъектілеріне салық салуды жетілдіру;
халықтың әл-ауқатының өсу жағдайы кезінде қазақстандық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін күшейту мақсатында 2008 жылдан бастап заңды тұлғалардың кірістерінен салық жүктемесін жеке тұлғаларға біртіндеп қайта бөлудің мүмкіндігін қарау болады.
6. Бәсекелестікті қорғау және дамыту, табиғи монополия субъектілерінің
қызметін реттеу
§ 1. Бәсекелестікті қорғау және дамыту
Экономиканың одан әрі өрлеуі мемлекетті дамытудың басты басымдығы болып қала береді және ол бәсекелестікті қорғау жағдайларында ғана болуы мүмкін.
Тауар рыноктарында салауатты және адал бәсекелестікті дамыту мақсатында бәсекелестікті қорғау әрі дамыту және монополистік қызметті шектеу қажет.
Қолданыстағы монополияға қарсы заңнаманы қазіргі заман ақиқатына сәйкес келтіру үшін "Бәсеке және монополиялық қызметті шектеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы әзірленді, қазіргі уақытта ол Қазақстан Республикасы Мәжілісінің қарауында жатыр. Заң жобасы субъектілердің монополиялық мінез-құлқының алдын алуға бағытталған және жаңа компаниялардың пайда болуына, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар арасында салауатты бәсекелестікті дамытуға ықпал ететін жағдай туғызады.
Қолданыстағы заңнама шеңберінде заңи кесімдер әзірленуде. Мысалы, Республиканың тауар рыноктарындағы бәсеке жағдайын талдау мен бағалауды және бір немесе бірнеше рынок субъектілерінің үстем (монополиялық) жағдайын белгілеуді жүргізу жөніндегі нұсқаулық пен Монополиялық жоғары және монополиялық төмен бағаны айқындау жөніндегі әдістеме сияқты нұсқаулықтар әзірленді.
Сонымен қатар, бәсекелестікті қорғау мәселелерін реттейтін құқық нормаларын халықаралық стандарттарға сәйкес келтіру туралы мәселе өзекті болып табылады. Бұл, бірінші кезекте, қазақстандық экономиканы әлемдік экономикалық кеңістікке жоспарлы біріктірумен байланысты.
Нормативтік құқықтық және әдіснамалық базаны жетілдіру мақсатында бәсекелестікті қорғау саласында "Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жаңа редакциясы негізінде Халықаралық бәсеке желісі (бәсекелестікті қорғау жөніндегі органдарды біріктіретін халықаралық ұйым) қабылдаған ұсынымдарға сәйкес келетін заңи кесімдерді қабылдау жоспарланып отыр.
Экономика салаларындағы бәсекелестік дәрежесін айқындау мақсатында тауар рыноктарын талдау жүргізіледі, соның нәтижесінде осы салалардағы бәсекелестікті дамыту және монополиялық қызметті шектеу жөнінде нақты ұсыныстар дайындалады.
Бұл жұмыс, сондай-ақ жүргізіліп жатқан темір жол көлігі салаларын монополиясыздандыруға, электр энергетикасы саласындағы қайта құруларға байланысты жүргізілуде, бұлар ірі рынок субъектілерінің үстем болу үлесін нақтылауды және жаңадан құрылған шаруашылық жүргізуші субъектілердің үстемдік жағдайын айқындауды талап етеді.
Коммуналдық қызметтер мен әлеуметтік маңызды тауарлар бағаларының (тарифтерінің) өсуіне жол бермеу мақсатында жергілікті тауар рыноктарында үстем жағдайға ие болып отырған шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін қадағалауға ерекше көңіл бөлінеді.
Бұдан басқа, тауар рыноктарындағы бәсекелестік дәрежесін айқындау мақсатында оларға талдау жүргізілетін болады. Мемлекеттік реттеуді азайту немесе мемлекет тарапынан араласуды азайту мүмкіндігі жөніндегі ұсыныстар осындай талдаулардың нәтижесіне айналуы тиіс. Мұндай шаралар тиісті тауар рыноктарындағы бәсекелі қатынастарды дамытуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, монополизм көріністерін асыра пайдаланудың, рынок субъектілерінің монополиялық бағаларды белгілеу жөніндегі сыбайласуының жолын кесу, басқа субъектілерді рыноктан шеттету және олардың рынокқа кіруін шектеу, рынок субъектілерінің шаруашылық қызметіне мемлекеттік органдардың негізсіз араласуының жолын кесу мәселелері жөніндегі мемлекеттік бақылау бойынша шаралар күшейтілетін болады.
Кәсіпкерлік бостандығы мен тұтынушылар құқықтарын қорғаудың қоғамдық жүйесін нығайту, бәсеке мәдениетін арттыру басым мәнге ие болады.
§ 2. Тариф саясаты
Орта мерзімді кезеңде тариф саясатының негізгі бағыты табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтеріне тариф белгілеудің тиімді жүйесін құру болады. Тариф саясаты мынадай қағидаттарға негізделетін болады: тұтынушылар мен табиғи монополия субъектілері мүдделерінің теңгерімін сақтау;
табиғи монополия субъектілерінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін шығындар мен пайданы жабу;
орта мерзімді негіздегі тарифтер тұрақтылығы;
Қазақстанды әлемдік экономикаға біріктіру процесін қамтамасыз ету мақсатында тарифтерді негізсіз сараландырудан бас тарту;
табиғи монополия субъектілері қызметінің тиімділігін арттыру.
Табиғи монополиялар саласында тариф саясатын дамыту тұжырымдамасын, сондай-ақ 1999 жылғы 13 шілдедегі "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының ережелерін іске асыру шеңберінде орта мерзімді кезеңде тариф саясатының негізгі міндеттері:
экономиканың тиісті секторларын қайта құрылымдау бағдарламаларының шеңберінде табиғи монополияға жататын қызмет түрлерін нақтылау;
табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін мемлекеттік реттеу және бақылау әдістерін, соның ішінде:
табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтік сметаларды орындауын талдау;
тарифтердің (бағалардың, алым ставкаларының) инвестициялық және шекті деңгейін бекіту әдістемесін әзірлеу;
табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін техникалық және қаржылық сараптауды жүргізу талаптары мен ережелерін белгілеу;
табиғи монополиялар субъектілерінің реттелетін қызмет (тауарлар, жұмыстар) түрлері бойынша кірістерінің, шығындарының және тартылған активтерінің бөлек есебін енгізу жөніндегі есепті мәліметтерін талдау;
табиғи монополиялар субъектілері жүзеге асыратын тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алуды бақылауды күшейту;
табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерге (бағаларға, алым ставкаларына) қосылатын амортизациялық шегерімдердің мақсатты пайдаланылуын бақылау;
инвестициялық бағдарламаларды бағалау әдістерін енгізу;
табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушылардың құқығын, соның ішінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық бірлестіктерді (үкіметтік емес ұйымдарды) тарта отырып, табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтері (бағалары, алым ставкалары) жобаларын қарау кезінде міндетті түрде бұқаралық тыңдаулар жүргізу арқылы кеңейту жолымен кеңейту;
табиғи монополияның барлық салаларында табиғи монополиялар субъектілерінің реттелетін қызмет (тауарлар, жұмыстар) түрлері бойынша кірістерінің, шығындарының және тартылған активтерінің бөлек есебі ережесін әзірлеу және енгізу;
табиғи монополия субъектілеріне негізгі құралдарды тұрақты жаңарту үшін жағдайлар жасау, салалардың инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында тартылған активтерді өтеуді қамтамасыз ету;
табиғи монополиялар субъектілерінің реттелетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтерін (бағаларын, алым ставкаларын) есептеудің тұжырымдамалық ұстанымдары мен неғұрлым оңтайлы (қолайлы) әдіснамасын айқындау;
ұсынылатын қызметтер (тауарлар, жұмыстар) сапасының көрсеткіштеріне қарай тарифті (бағаны, алым ставкаларын) айқындау тәртібін әзірлеу және белгілеу;
табиғи монополиялар субъектілерінің реттелетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) есептеу аспаптарын сатып алуға және орнатуға жұмсаған шығындарын қосу тәртібін айқындау;
табиғи монополиялар субъектілерінің реттелетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тұтынушылардың тең қол жетімділігі тәртібін бекіту болып табылады.
2003 жылы тартылған активтердің реттелетін базасына пайда ставкасын есептеу әдісі енгізіле басталды. Бұдан басқа, табиғи монополиялардың электр және жылу энергетикасы саласында қызметтер көрсететін бірнеше субъектісі орта мерзімді тарифтер бойынша жұмысқа ауысты. Осыған байланысты аталған субъектілердің қызметіне талдау жүргізіледі, сондай-ақ табиғи монополиялардың барлық салаларында тариф құрудың орта және ұзақ мерзімді әдістемесіне іс жүзінде көшу аяқталады.
Реттеудің жаңа тетіктерін дамыту бағытында мынадай міндеттерді шешу қажет:
табиғи монополия субъектілерінің қызметтеріне тарифтер деңгейінің өзгеру серпінінің экономика салаларына және тұтынушылардың жекелеген топтарына әсерін бағалау модельдерін әзірлеу;
салалардың ерекшеліктерін ескере отырып, тарифтердің экономикалық негізді саралануын айқындау;
қызметтерді мемлекеттік субсидиялау тетіктерін әзірлеу;
табиғи монополия субъектілерінің қызметін бақылау және сараптау тетіктерін жетілдіру. Көрсеткіштердің теңгерімді жүйесі негізінде субъектілер қызметінің мониторингі жүйесін құру;
реттеуші орган қызметін ақпараттандыру.
7. Сауда және сыртқы экономикалық қызмет
§ 1. Сыртқы сауда саясаты
2006-2008 жылдары сауда мен сыртқы экономикалық қызметтегі жұмыстардың негізгі бағыттары:
"Сауда қызметін реттеу туралы" 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыруға;
сауда және қоғамдық тамақтандыру объектілерінің қызметін қазіргі заман талаптарына сәйкес келтіруге (Қазақстан Республикасындағы сауда және қоғамдық тамақтандыру объектілеріне қойылатын біліктілік және техникалық талаптарды қолдану жөнінде ұсынымдар тұжырымдауға);
әртүрлі сауда түрлерін дамытуға, өңіраралық сауданы дамытуға ықпал ететін және ішкі рынокқа әлеуметтік маңызды тауарлардың тұрақты жеткізілуін қамтамасыз ететін қазіргі заманғы инфрақұрылымды және сауда саласы кәсіпорындарын құруды ынталандыруға;
ауыл шаруашылығы өнімдері рыноктарында бәсекелі орта құруға және тұтыну тауарлары бағаларының негізсіз өсуіне жол бермеуге;
Қазақстан Республикасында тауар биржаларының қызметін одан әрі дамытуға;
Қазақстан Республикасының Yкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы "Қорғас" Халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығын (ХШЫО) құру туралы негіздемелік келісімді іске асыруға;
экспортты әртараптандыру және жалпы экспорт көлеміндегі қосылған құны жоғары өнімнің үлесін ұлғайту жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдауға;
уәкілетті органдармен және мүдделі кәсіпорындармен консультациялар жүргізу жолымен қазақстандық тауарларға қатысты шетелдік мемлекеттер бастамашы болған демпингке қарсы талқылауларды реттеу жөніндегі іс-шараларды жүргізуге;
қазақстандық тауарларды сыртқы рыноктарға экспорттық жеткізудің және сауда теңгерімінің оң сальдосының өсу серпінін сақтауға жәрдемдесуге;
өндірісті әртараптандыруға жәрдемдесуге және экспортқа бағдарланған тауарлар мен қызметтер өндірісін ұлғайтуға;
сауда теңгерімін жақсарту және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (бұдан әрі - ТМД) елдерімен оң сальдоға көшу мақсатында ТМД елдеріне экспорттық жеткізулерді ұлғайтуға жәрдемдесуге;
Икемді кеден-тарифтік саясат жүргізу және қорғау, демпингке қарсы және өтемдік шараларды қолдану жолымен отандық өндірушілердің мүдделерін тауарлардың өсіп кеткен импортынан қорғауға бағытталған шараларды қабылдауға бағытталатын болады.
Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру
Сыртқы экономикалық саясаттың 2006-2008 жылдарға арналған басым бағыттарының бірі Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі жөніндегі жұмыстарды жалғастыру және Қазақстанның сыртқы саудадағы мүддесін кемсітудің алдын алу үшін аталған ұйымның тетіктерін белсенді пайдалану болып табылады.
Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі жөніндегі қорытынды құжаттарды дайындауға көшу Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі жөніндегі көпжақты және екіжақты келіссөздер жүргізудің нәтижесіне айналуы тиіс, мұнда Қазақстанның экономикалық мүддесі барынша ескеріледі.
Орта мерзімді перспективада Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі жөніндегі келіссөз процесін аяқтау және ДСҰ-ның тең құқылы мүшесі мәртебесін иелену күтіліп отыр. Осыған байланысты барлық міндеттерді, оның ішінде өңірлік бірлестіктер шеңберінде қайта қарау және ұлттық заңнаманы ДСҰ нормаларымен сәйкестендіру жөнінде жұмыс жүргізіледі.
Халықаралық экономикалық бірігуге қатысу
Елдің әлемдік экономикаға өзара тиімді бірігуі, оның халықаралық еңбекті бөлу жүйесіндегі рөлін оңтайландыру үшін жағдайларды қалыптастыру сыртқы экономикалық саясаттың 2006-2008 жылдарға арналған негізгі басым бағыттарының бірі болып табылады.
Қазақстанның әлемдік экономикаға трансформациясының аса маңызды шарты саудадағы әріптес елдерді таңдауда икемді саясат жүргізу: үшінші елдер арқылы транзитті барынша азайту мақсатында Еуропа мен Азия елдерінің таяу рыноктарын неғұрлым толық пайдалануға, өңірлік одақтармен өзара іс-қимылды күшейтуге, еркін сауда аймағының артықшылықтарын барынша пайдалануға бағытталған өткізу рыногын әртараптандыру болып табылады.
Алдағы кезеңге арналған аса маңызды іс-шаралардың бірқатары: саудада преференциялық режимді белгілеу жөнінде екіжақты және көпжақты келісімдер жасау жөніндегі келіссөздерді одан әрі жүргізу;
өңірлік бірлестіктер (ТМД, ЕурАзЭҚ, БЭК, ШЫҰ және ОАО) шеңберінде экономикалық бастамаларды жылжыту;
Қазақстанның халықаралық экономикалық ұйымдардың қызметіне қатысуымен байланысты мәселелер жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру болып табылады.
8. Адами капиталды дамыту
§ 1. Білім жүйесін дамыту
2006-2008 жылдары білім беру саласындағы негізгі міндеттер:
Білім берудің 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру;
халықтың барлық жігінің сапалы білімге қол жеткізуін қамтамасыз ету;
12-жылдық жалпы орта білім беруге көшуге дайындық және кезең- кезеңімен көшуді бастау;
Техникалық мамандықтар бойынша біліктілігі жоғары кадрларды басымды даярлықпен қамтамасыз ете отырып, жоғары білімді кадрлар даярлаудың мемлекеттік білім беру тапсырысы құрылымын жетілдіру;
сапаны бағалаудың ұлттық жүйесін құру;
бірыңғай ұлттық ақпараттық ортаны қалыптастыру;
білім беру процесін оқу-әдістемелік және ғылыми қамтамасыз етуді жетілдіру;
білім беру бағдарламаларын әртараптандыру және олардың икемділігі, жоғары оқу орындары желісін оңтайландыру және академиялық бостандықтарды кеңейту негізінде жоғары кәсіптік білім беру сапасын арттыру;
магистрлік және докторлық бағдарламалар бойынша жоғары білікті кадрлар даярлауға көшуді жүзеге асыру;
білім берудің кредиттік жүйесін енгізу;
кредиттерді қайтару жөніндегі мемлекет кепілдігін қамтамасыз ете отырып, екінші деңгейдегі банктер арқылы студенттік кредиттер берудің қазіргі заманғы жүйесін құру;
ұлттық жоғары оқу орындарына шетелдік оқытушылар мен консультанттарды тарту;
жыл сайын "Болашақ" бағдарламасы шеңберінде үздік үш мың студентті әлемнің озық жоғары оқу орындарында даярлау;
жоғары кәсіптік білім беру үшін оқулықтар мен оқу құралдарының жаңа буынын әзірлеу және шығару;
шетелдегі кез келген елде тағылымдаманы қоса алғанда, жыл бойы ғылыми зерттеулер жүргізуге арналған грант мәртебесі бар жыл сайынғы мемлекеттік "Үздік оқытушы" стипендиясын төлеу арқылы профессорлық-оқытушы құрамды қолдау болады.
§ 2. Кәсіптік орта білімді мамандар мен жұмысшы
кадрларды даярлау жүйесін дамыту
Ең жаңа технологиялар талаптарына және еңбек рыногының қажеттілігіне сәйкес оқып жатқандарды тиімді кәсіптік қызметке даярлауды қамтамасыз ету үшін 2006-2008 жылдары мынадай міндеттерді шешу:
білім берудің халықаралық стандарттық сыныптамасының өлшемдеріне сәйкес бастауыш және орта кәсіптік білім беру және кадрлар даярлаудың жүйесін қайта құрылымдау;
халықтың барлық жігінің кәсіптік бастауыш және орта білімге қол жеткізуін қамтамасыз ету және олардың білікті техникалық және кәсіптік білім алуға мүдделілігін арттыру;
біліктілігі жоғары жұмысшы кадрларын және орта буын мамандарын даярлау үшін экономиканың нақты секторын тарту тетіктерін құру;
оқитындардың еңбек рыногындағы бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін кәсіптік дағды алуы үшін жағдайлар жасау;
оқитындардың еңбек рыногындағы бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін кәсіби дағды алуына жағдайлар жасау;
кәсіптік орта білім мен техникалық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша кәсіптік орта білімнің бір бөлігін орта білім беру жүйесінің құраушы бөлігі болып табылатын техникалық және кәсіптік білімге трансформациялау;
кәсіптік орта білім берудің жекелеген бағдарламаларын жаңа - ортадан кейінгі кәсіптік білім беру деңгейінде көшіру;
бастауыш және орта кәсіптік білімі бар кадрлар даярлауды кластерлік бастамаларды ескере отырып, жүзеге асыру;
оқытудың кредиттік жүйесін енгізу қажет.
§ 3. Ғылым мен инновацияларды дамыту
2003-2015 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму стратегиясының басымдықтарына сәйкес ғылыми зерттеулер ресурс үнемдеуші және экологиялық таза технологияларды әзірлеуге, экономиканың шикізаттық бағытталуынан ауытқуға, өндірістік кәсіпорындардың экспортқа бағдарлануын жоғарылатуға және өндірісті әртараптандыруға бағытталған.
Осыған байланысты бірінші кезектегі міндеттер:
Қазақстан Республикасының ұлттық инновациялық жүйесін қалыптастыру және дамыту жөніндегі 2005-2015 жылдарға арналған бағдарлама міндеттерін іске асыру;
Қазақстанда ұлттық ғылыми-технологиялық және өңірлік технологиялық парктер, технологиялық бизнес-инкубаторлар құру;
технологиялар трансферті жүйесін дамыту;
шағын инновациялық кәсіпорындарды дамыту мен қолдаудың нәтижелі тетіктерін құру;
инновациялық кәсіпкерлік саласында кадрларды даярлау және қайта даярлау;
инновациялық кәсіпкерлікті ақпараттық қолдауды дамыту;
ғылыми әзірлемелерді, жаңа технологияларды коммерцияландыру үшін венчурлық, оның ішінде шетелдік капиталды тарту.
Қазақстанның стратегиялық мүддесін негізге ала отырып, орта мерзімді кезеңде мыналарды жүзеге асыру:
республиканың әлеуметтік-экономикалық даму қажеттіліктеріне және әлемдік ғылымның даму үрдістеріне сәйкес орта мерзімді кезеңге арналған іргелі зерттеулер бағдарламаларын қалыптастыруды қамтамасыз ету;
ғылыми және инновациялық инфрақұрылым субъектілерін (ғылыми ұйымдарды, технопарктерді, технополистерді, инновациялық орталықтарды, технологиялық бизнес-инкубаторларды, ғылыми-технологиялық аймақтарды және т.б.) дамыту және қолдау;
инновациялық даму саласындағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіру;
отандық және шетелдік қаржы институттарымен бірлесіп, венчурлік инновациялық қорлар құру, инновациялық жобаларды венчурлік қаржыландыру тетіктерін әзірлеу және іске асыру;
инновациялық сала үшін мамандар даярлау мақсатында республиканың жетекші университеттері базасында инновациялық жобаларды басқару жөніндегі менеджерлерді, инновациялық кәсіпорындар үшін инженер-техник мамандарды даярлауға, сондай-ақ мамандарды қайта даярлауға бағытталған шаралар кешенін әзірлеу;
шетелдік озық технологияларды тарту жүйесін құру;
отандық ғылым мен технологиялардың жетістіктерін алға жылжыту мақсатында отандық әзірлемелердің деректер банкін құру және экономиканың нақты секторының инновациялық әзірлемелерге мұқтаждығын талдау жөніндегі жұмысты жалғастыру қажет.
§ 4. Халықтың әл-ауқатын арттыру
Халықтың кірістері
Әлеуметтік-экономикалық дамудың алдағы кезеңге арналған орта мерзімді жоспарының халықтың әл-ауқаты саласындағы мақсаты жалақының жалпы деңгейін көтеру, зейнетақы және басқа да әлеуметтік төлемдер мөлшерін арттыру болып табылады.
Халықтың кірістерін одан әрі жоғарылату, оның ішінде бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысын кезең-кезеңмен жоғарылату көзделіп отыр.
Бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдардың қызметкерлеріне жалақы төлеу жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі жұмыс бюджет саласының қызметкерлеріне жалақы төлеу жүйесін одан әрі жетілдіру шеңберінде жалғасады.
Қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін:
зейнетақы мөлшерін жыл сайын арттыру және зейнетақылар мен жәрдемақыларды уақтылы төлеуді қамтамасыз ету;
әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік қызмет көрсету нормативтері мен шетелдік тәжірибені ескере отырып, ең төменгі күнкөріс деңгейін есептеуді жетілдіру жұмысын жалғастыру көзделеді.
2006 жылдан бастап базалық мемлекеттік төлемдер ең төменгі күнкөріс деңгейіне негізделе отырып айқындалатын болады.
Шағын кәсіпкерлікті дамыту және орташа тапты құру
Шағын және орта бизнес субъектілерінің белсенділігін арттыру мақсатында 2006-2008 жылдары кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдайларды жақсарту жөніндегі жұмыс жалғасатын болады.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 18 ақпандағы "Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында" атты Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі жеделдетілген шаралардың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы әзірленді.