Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің
«Мемлекеттік авиациялық орталық» мемлекеттік мекемесін құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 19 мамырдағы № 428 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 17 қарашадағы № 1085 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің «Мемлекеттік авиациялық орталық» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мекеме) құрылсын.
2. Мекеме қызметінің мәні Қазақстанның азаматтық авиациясы үшін ұшу құрамын, Қазақстан Республикасы Әуе қорғаныс күштерінің Әскери институты үшін әскер жасына дейінгі адамдарды бастапқы даярлауды, сондай-ақ ұшу дайындығы мен әуе кеңістігінде ұшуларды орындауға байланысты өзге де қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін.
3. Мекемені қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.
4. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі белгіленген тәртіппен мекеменің Жарғысын бекітсін және оны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
5. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация, Қорғаныс, Төтенше жағдайлар, Білім және ғылым министрліктері және Астана қаласының әкімдігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
6. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 қарашадағы № 1232 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2004 ж., № 46, 582-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. «Мемлекеттік авиациялық орталық» мемлекеттік мекемесі.«.
7. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |