9-1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру тарифтерін бағалау әдістеріне және есептеу принциптеріне талаптар қояды;
9-2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығындылық коэффициентін есептеудің тәртібін белгілейді;
10) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерiнiң, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары мен өкілдіктерінің және сақтандыру брокерлерінің, актуарийлердiң және уәкiлеттi аудиторлардың тiзiлiмiн жүргiзедi;
11) 11.06.04 ж. № 562-II Заңымен алынып тасталды
11-1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын автоматтандыруға қойылатын талаптарды белгілейді;
12) 10.07.03 ж. № 483-II Заңымен алынып тасталды
13) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру рыногының басқа да қатысушылары орындауға мiндеттi нормативтiк құқықтық актiлер қабылдайды;
14) сақтандыру қызметi субъектiлерiн , сақтандыру брокерлерін, сақтандыру қызметі субъектілерінің оқшауланған бөлімшелері мен сақтандыру брокерлерін тексеру iсiн жүргiзедi;
15) сақтандыру рыногының кәсiби қатысушыларына санкция қолданады;
16) сақтандыру рыногының кәсiби қатысушыларына берiлген лицензиялардың қолданылуын тоқтата тұру және лицензияларды керi қайтарып алу туралы шешiмдер қабылдайды;
17) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметiн Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негiздемелер бойынша тоқтату туралы сот органдарына талап қойып жүгiну жөнiнде шешiм қабылдайды;
18) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметi туралы, оның құрылтайшыларының құқықтық мәртебесi мен қаржылық жай-күйi туралы, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және оның құрылтайшыларына қатынасы жөнiнен еншiлес ұйымдар немесе оқшауланған бөлiмшелер болып табылатын тұлғалар туралы мәлiметтер алуға құқылы;
19) осы Заңға сәйкес сақтандыру нарығының және олардың бірлестіктерінің кәсіби қатысушыларынан, сақтандыру агенттерінен өздерінің бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыруға қажетті мәліметтер алуға құқылы;
20) 11.06.04 ж. № 562-II Заңымен алынып тасталды
21) мемлекеттік органдар мен ұйымдардан өзiнiң бақылау және қадағалау қызметi үшiн қажеттi мәлiметтердi, оның iшiнде қызметтiк немесе коммерциялық құпия болып табылатын мәлiметтердi алуға құқылы;
22) міндетті сақтандырудың жекелеген түрлері бойынша сақтандыру полистері бланкілерінің мазмұнына және оларды әзірлеуге қойылатын талаптарды белгілейді;
23) сақтандыру нарығының кәсіби қатысушыларына шектеулі ықпал ету шараларын қолдануға құқылы;
24) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын мәжбүрлеп сатып алу жөнiнде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен шаралар қолданады;
25) Қазақстан Республикасы қаржы рыногының субъектiлерiн қадағалайтын басқа да уәкiлеттi органдармен ынтымақтастықты және қажеттi ақпарат алмасуды жүзеге асырады;
26) басқа мемлекеттердiң сақтандыруды қадағалау органдарымен, сондай-ақ халықаралық ұйымдармен сақтандыру рыногын реттеу және сақтандыру қызметiн қадағалау мәселелерi бойынша қатынастарда Қазақстан Республикасының мүдделерiн бiлдiредi;
27) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес өзге де функцияларды, өкiлеттiктер мен құқықтарды жүзеге асырады.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 44-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) ; 2006.20.02. № 128-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 44- бап өзгертілді
44-бап. Тексеру
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің және олардың оқшауланған бөлімшелерінің қызметiн тексерудi уәкiлеттi орган жүргiзедi.
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері, олардың оқшауланған бөлімшелері жүргiзiлетiн тексеру мәселелерi бойынша уәкiлеттi органға жәрдемдесуге, кез келген қызметкерге сауал қою мүмкiндiгiн, тексеру мақсатын орындау үшiн қажеттi барлық құжаттар мен өзге де ақпарат көздерiне қол жеткізу мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге мiндеттi.
3. Инспекциялауды жүзеге асыратын адам сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерiнiң қызметiн тексеру барысында алынған сақтандыру құпиясы не коммерциялық құпия болып табылатын мәлiметтердi жария еткенi үшiн заңдарда көзделген тәртiппен жауап бередi.
4. Өздерiне заң актілерінде берiлген өкiлеттiк шегiнде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының , сақтандыру брокерлерінің және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының оқшауланған бөлімшелері мен сақтандыру брокерлерінің қызметiн тексерудi жүзеге асыратын мемлекеттік органдар сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңдарды бұзушылықтағы анықталған жолсыздықтар жөнiнде уәкiлеттi органға хабарлауға мiндеттi.
9-тарау. Сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымдарының қызметін реттеу
45-бап. 2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен алып тасталды ( бұр. ред. қара)
ҚР 10.07.03 ж. № 483-II Заңымен (бұр. ред. қара) 46-бап өзгертілді ; 2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 46- бап жаңа редакцияда ( бұр. ред. қара)
46-бап. Пруденциялық нормативтер және сақталуға міндетті
өзге де нормалар мен лимиттер
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және шоғырландырылған негізде қадағалау жүзеге асырылатын тұлғалардың төлем қабілеттілігі мен қаржылық тұрақтылығын қадағалау уәкілетті орган белгілеген пруденциялық нормативтердің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің орындалуын немесе сақталуын бақылау арқылы жүргізіледі.
2. Пруденциялық нормативтерді:
1) жарғылық капиталдың ең аз мөлшері;
2) кепілдік қорының ең аз мөлшері;
3) төлем қабілеттігі маржасының ең аз мөлшері;
4) төлем қабілеттігі маржасының және кепілдік қорының жеткілікті нормативі;
5) жоғары өтімді активтердің жеткілікті нормативі;
6) активтерді әртараптандыру нормативі құрайды.
Уәкілетті орган қосымша пруденциалық нормативтер белгілеуге құқылы.
3. Төлем қабілеттігі маржасы сапасы мен өтімділігі бойынша сыныптамасы ескеріліп есептелген активтердің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының міндеттемелерінен асуы болып табылады.
4. Кепілдік қоры сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық тұрақтылығын және төлем қабілеттігін қамтамасыз ету мақсатында төлем қабілеттігі маржасын белгіленген ең аз мөлшерден төмендету нәтижесінде құрылады.
5. Жекелеген сақтандыру немесе қайта сақтандыру шарты бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өздігінен ұстап қалуының ең көп мөлшері актуариймен есептеледі және төлем қабілеттілігі маржасының нақты мөлшерінен аспауға тиіс.
Бұл ретте сақтандыру ұйымы осы тармақта көрсетілген нормативтен асатын сақтандыру тәуекелінің тек қана бір бөлігін қайта сақтандыруға беруге құқылы.
Өздігінен ұстап қалудың ең көп мөлшері есептік күнге, сақтандыру немесе қайта сақтандыру шартын жасасу күнінің алдында екі ай бұрын есептеледі және осы Заңның және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын ескере отырып, сақтандыру немесе қайта сақтандыру шарты қолданыста болған барлық кезең ішінде әрбір келесі есептік күнге сақталуға тиіс.
6. Топтап сақтандыру кезінде осы баптың 5-тармағында аталған норма әрбір сақтандырылушыға жеке есептеледі.
7. Ортақ сақтандыру кезінде осы баптың 5-тармағында аталған норма әрбір ортақ сақтандырушының сақтандыру сомасынан түскен үлес негізінде есептеледі.
8. Уәкілетті орган төлем қабілеттігі маржасының ең аз деңгейіне және ипотекалық сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымы үшін сақтандыру резервтерін есептеу тәртібіне қосымша талаптар белгілеуге құқылы.
9. Қазақстан Республикасының резиденті емес қайта сақтандыру ұйымдарының цеденттің алуы үшін есептеген сақтандыру сыйлықақыларының олардан цеденттің алуына есептелген комиссиялық алымдар шегерілгендегі жиынтық мөлшері толық қаржы жылы аяқталғаннан кейін сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша алуға есептелген сақтандыру сыйлықақыларының жиынтық мөлшерінің сексен бес процентінен аспауға тиіс.
10. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қаржылық есеп беруіне кірмейтін туынды қаржылық құралдардың болуы және оларды пайдалануды шектеу туралы мәліметтерді уәкілетті органға береді.
11. Пруденциялық нормативтерді есептеудің нормативтік мәндері мен әдістемелері, сондай-ақ пруденциялық нормативтерді және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді есептеу үшін сапасы және өтімділігі бойынша сыныптамасын ескере отырып, активтер құнын есептеу әдістемесіне қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.
2005.23.12 № 107-III ҚР Заңымен 46-1- баппен толықтырылды
46-1-бап. Ірі қатысушылардың міндеттері
1. Уәкілетті орган, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциялық нормативтерді және (немесе) сақтауға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді бұзғаны үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін иеленетін (олармен дауыс беру құқығы бар) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушыларын жауаптылыққа тарту бойынша шаралар қолданады.
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін иеленетін (олармен дауыс беру құқығы бар) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген, пруденциялық нормативтерді белгіленген деңгейлерден төмен емес деңгейде ұстау жөніндегі шараларды қолдануға міндетті.
3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін иеленетін (олармен дауыс беру құқығы бар) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабілеті маржасының мөлшерін уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген деңгейде қамтамасыз етуге міндетті.
Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін иеленетін (басқаруға құқығы бар) ірі қатысушысы жоқ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін жекелеген пруденциялық нормативтерді және олардың нормативтік мәнін белгілеуге құқылы.
4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциялық нормативтерінің деңгейі төмендеген жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін иеленетін ірі қатысушысы уәкілетті органның талабы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайын жақсарту, оның ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабілеті маржасын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге жеткілікті мөлшерге ұлғайту жөніндегі шараларды қолдануға міндетті.
5. Егер уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушыларының аффилиирленген тұлғаларының, олардың лауазымды тұлғаларының немесе қызметкерлерінің бұзушылықтары, заңсыз әрекеті немесе әрекетсіздігі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайын нашарлатқанын анықтаса, осы бапта келтірілген шаралар осы тұлғаларға қатысты да қолданылуы мүмкін.
ҚР 10.07.03 ж. № 483-II Заңымен (бұр. ред. қара) ; 2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен ( бұр. ред. қара) 47-бап өзгертілді
47-бап. Сақтандыру резервтерi
1. Сақтандырудың және қайта сақтандырудың қолданылып жүрген шарттары бойынша қабылдаған мiндеттемелерiн орындауды қамтамасыз ету үшiн сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының актуарий есептеген көлемде қалыптасқан сақтандыру резервтерiнiң болуы мiндеттi.
2. Сақтандыру резервтерiнiң қаражаты тек қана сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қолданылып жүрген сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша өз мiндеттемелерiн орындауға байланысты сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға арналған.
3. Сақтандыру резервтерiн есептеу әдiстемесiн қалыптастыруға және олардың құрылымына қойылатын талаптар уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерімен белгiленедi.
2005.08.07 ж. № 72-IІІ (бұр. ред. қара) ; 2005.23.12 № 107-III ( бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 48- бап өзгертілді
48-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мәмiлелер жасауына қойылатын шектеулер
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына:
1) қаржы ұйымдарының жарғылық капиталдарына қатысу үлестерін немесе акцияларын сатып алудан;
2) акциялары Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын қор биржасының тізіміне листингтің ең жоғарғы және ең жоғарыдан кейінгі санаты бойынша енгізілген, қаржы ұйымдары болып табылмайтын заңды тұлғалардың акцияларын сатып алудан;
3) сақтандыру қызметін автоматтандыруды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың, сақтандырудың міндетті түрлері бойынша деректер базасын қалыптастыруды және жүргізуді жүзеге асыратын заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерін немесе акцияларын сатып алудан;
4) сақтандыру агентінің қызметін қызметтің ерекше түрі ретінде жүзеге асыратын заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерін немесе акцияларын сатып алудан;
5) банктер, сақтандыру ұйымдары, зейнетақы қорлары, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары мәртебесі бар Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғалардың қатысу үлестерін немесе акцияларын сатып алудан;
6) Қазақстан Республикасының резиденттері-акционерлік инвестициялық қорлардың акцияларын сатып алудан басқа жағдайларда, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу үлестерін немесе акцияларын сатып алуға тыйым салынады.
Осы тармақтың 2) және 6) тармақшаларында көрсетілген заңды тұлғалардың акцияларын сатып алу бір эмитенттің орналастырылған акциялары жалпы санының он процентінен аспауға тиіс.
1-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының осы баптың 1-тармағында көрсетілген заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерін не акцияларын сатып алуы бір заңды тұлғаға:
1) 1), 3)-5) тармақшаларда аталған заңды тұлғалар үшін - активтердің сапасы мен өтімділігі бойынша жіктелуін ескере отырып, олардың құны негізге алынып есептелген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабілетінің іс жүзіндегі маржасының он бес процентінен;
2) 2) және 6) тармақшаларда аталған заңды тұлғалар үшін - активтердің сапасы мен өтімділігі бойынша жіктелуін ескере отырып, олардың құны негізге алынып есептелген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабілетінің іс жүзіндегі маржасының он процентінен аспауға тиіс.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржы ұйымдары болып табылмайтын заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерінің немесе акцияларының жиынтық құны сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабілетінің іс жүзіндегі маржасының алпыс процентінен аспауға тиіс.
1-2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы:
акционері сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы болып табылатын заңды тұлғаның акциялары санының оның дауыс беретін акцияларының жалпы санына проценттік арақатынасының;
заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына тиесілі қатысу үлесінің он бес, отыз немесе қырық процент деңгейінен көбею немесе азаю фактісін анықтаған күннен бастап он күн ішінде уәкілетті органды хабардар етуге міндетті.
1-3. Осы баптың 1-тармағында белгіленген шектеулер сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының еншілес ұйымдарының, капиталына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қомақты қатысуы бар ұйымдардың қызметіне қолданылады.
2. 2005.23.12 № 107-III ҚР Заңымен алып тасталды ( бұр. ред. қара)
3. 2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен алып тасталды ( бұр. ред. қара)
4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы бес күн мерзiмде өз мүлкiнiң кепiлi, кепiлдiк беру немесе басқа да баланста көрсетiлмеген мiндеттемелердi қабылдағаны туралы уәкiлеттi органға хабарлауға мiндеттi. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кепiлдiгi тiзiлiмiн жүргiзуге және өзге де мiндеттемелерiне байланысты қосымша талаптар уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерімен белгiленедi.
49-бап. Сақтандыру бойынша iрi мәмiлелер жасау
1. Егер сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жауапкершiлiк лимитi (сақтандыру сомасы немесе өздiгiнен ұстап қалу) уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленген нормативтен асып кетсе, сақтандыру (қайта сақтандыру) бойынша мәмiле iрi мәмiле деп танылады.
2. Iрi мәмiле жасау туралы шешiмдi сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының директорлар кеңесi актуарийдiң алдын ала қорытындысы негiзiнде бекiтуге тиiс.
2005.23.12 № 107-III ( бұр. ред. қара) ; 2006.20.02. № 128-III ( бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 50- бап өзгертілді
50-бап. Бағалы қағаздармен және вексельдермен мәмiлелер жасау
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларымен жасалған мәмiлелер Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес осы Заңда көзделген ерекшелiктердi ескере отырып тiркеледi.
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының алтын акция шығаруға құқығы жоқ.
ҚР 10.07.03 ж. № 483-II Заңымен (бұр. ред. қара) 51-бап өзгертілді
51-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларымен жасалған мәмiлелердi бақылау
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретiн акцияларының жалпы санының бес процентiнен астам дауыс беретiн акцияларын меншiк құқығына немесе басқару құқығына алатын тұлға уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша күнтiзбелiк он күн iшiнде уәкiлеттi органға көрсетiлген мәмiленiң жасалғандығы туралы жазбаша хабарлама табыс етуге мiндеттi.
1) мәмiленiң нәтижесiнде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретiн акциялары жинақталымының жиырма бес процентiнен астамын бiр тұлға немесе қосылма тұлғалар тобы иеленетiн, басқаратын немесе кепiлге иеленетiн болса;
2) осы Заңның 35-бабының 2-тармағындағы тармақшалардың бiрiне қатысы бар тұлға мәмiле тараптарының бiрi болып табылса уәкiлеттi органының алдын ала рұқсатын алуға мiндеттi.
2. алып тасталды
3. Оффшорлық аймақта тiркелген ұйым мәртебесiне ие заңды тұлғаның немесе оффшорлық аймақта тiркелген жарғылық капиталына заңды тұлғалар тiкелей немесе қосылма тұлғалар арқылы қатысатын заңды тұлғаның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретiн акциялары санының бес проценттен астам мөлшеріндегі дауыс беретiн акцияларды иеленуге құқығы жоқ.
4. Осы баптың талаптары сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының акцияларымен және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының акцияларына шығарылған депозитарийлiк қолхаттармен жасалған мәмiлелердiң барлық түрiне қолданылады.
52-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бiрлескен қызметке қатысуы
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы консорциум немесе жай серiктестiк құруға қатысуға құқылы.
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қатысуымен бiрлескен қызмет туралы шарт оны жасаған күннен бастап он күн iшiнде уәкiлеттi органда тiркелуге тиiс.
3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, онымен және оның құрылтайшыларымен қосылма тұлғалардың және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары қатысатын консорциумдар мен жай серіктестіктерге қатысушы ұйымдардың қызметін қадағалау ынтымақтасқан негiзде жүзеге асырылады. Ынтымақтасып қадағалау ережелерiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
10-тарау. Санкциялар және өзге де ықпал ету шаралары
10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) ; 2005.23.12 № 107-III ( бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 53-бап өзгертілді ; 2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 53-бап жаңа редакцияда ( бұр. ред. қара)
53-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық
жағдайын сауықтыру жөніндегі ұсынымдар
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайы нашарлаған, шығындылық коэффициенттері өзгерген жағдайларда уәкілетті орган:
1) сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша міндеттемелер қабылдауды шектеу туралы;
2) жарғылық капиталды ұлғайту туралы;
3) дивидендтер төлеуді тоқтату және сақтандыру резервтерін ұлғайту туралы;
4) жекелеген филиалдар мен өкілдіктерді жабу арқылы, сондай-ақ қызметкерлерді қосымша жалдауды тоқтату немесе шектеу арқылы шығыстарды қысқарту туралы;
5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кез келген басшы немесе өзге де қызметкерлерін тұрақты немесе уақытша қызметтен шеттету туралы;
6) тәуекел дәрежесі жоғары кейбір сақтандыру сыныптары бойынша сақтандыру қызметін тоқтата тұру немесе шектеу туралы ұсынымдар беруді қоса алғанда, акционерлерге сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын қаржылық сауықтыру жөніндегі шаралар қабылдауды ұсынуға құқылы.
2. Нақты аралық нәтижелер бизнес-жоспарда көрсетілген болжамды нәтижелерге сәйкес келмеген жағдайда уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бизнес-жоспарда көрсетілген болжамды көрсеткіштерді орындаудағы кемшіліктерді жоюға бағытталған шараларды қабылдау қажеттігі туралы не бизнес-жоспарға тиісті өзгерістер енгізу туралы ұсынымдар жіберуге құқылы.
2005.23.12 № 107-III ҚР Заңымен 53-1- баппен толықтырылды
53-1-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі
қатысушыларына қолданылатын мәжбүрлеу шаралары
1. Уәкілетті орган:
1) ірі қатысушы мәртебесін алуға уәкілетті органның келісімін алмаған;
2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін алғаннан кейін осы Заңның 26-1-бабының 1-тармағында көрсетілген мән-жайлар пайда болған;
3) осы Заңның 53-бабының 1-1-тармағына сәйкес уәкілетті органның жазбаша нұсқамаларын орындамаған;
4) салдарынан сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына зиян келтірілген әрекеттерді сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы жасаған;
5) салдарынан сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына зиян келтірілген, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысының қаржылық жағдайының тұрақсыздығы;
6) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушысының арасында уәкілетті органның осы Заңда көзделген қадағалау функцияларын жүзеге асыруына кедергі келтіретін қатынастар болған жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушыларына мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайлар болған ретте, уәкілетті орган:
1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысынан сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының оған тікелей немесе жанама тиесілі акцияларының санын дауыс беретін акциялардың он процентінен төмен деңгейге дейін азайтуды не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметін басқаруға тікелей немесе жанама қатысудан, оның ішінде дауыс беру құқығын жүзеге асырудан бас тартуды талап етуге;
2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымынан ірі қатысушы мен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы арасындағы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тәуекелге ұрындыратын операцияларды (тікелей және жанама операцияларды) ірі қатысушыға қатысты жүзеге асыруды тоқтата тұруды талап етуге құқылы.
3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы осы баптың 2-тармағында, сондай-ақ осы Заңның 20-бабының 8-тармағында көзделген талаптарды уәкілетті орган белгілеген мерзім ішінде орындамаған жағдайда, уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушысының акцияларын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын басқаруға сенімгерлік басқарушы ретінде қатысу құқығымен үш айға дейінгі мерзімге уәкілетті органның сенімгерлікпен басқаруына беру жөнінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акционерлерімен шарт жасасу туралы шешім қабылдауға құқылы.
Акцияларды сенімгерлікпен басқаруға берудің негіздері осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімде жойылмаған кезде, уәкілетті орган сенімгерлікпен басқарудағы акцияларды бағалы қағаздардың ұйымдасқан нарығында сату жолымен осы акцияларды иеліктен шығаруды жүзеге асыруға құқылы. Көрсетілген акцияларды сатудан түскен ақша акциялары уәкілетті органның сенімгерлікпен басқаруына берілген тұлғаларға аударылады.