Ескерту. Осы Кодекстiң осы бабына қатысты қолданыста әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған кездегi жүз айлық есептiк көрсеткiштен асатын сома iрi мөлшер болып табылады.
2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 314-бап жаңа редакцияда
314-бап. Су айдындарында қауіпсіздік ережелерін бұзу немесе
орындамау
1. Су айдындарында қауіпсіздік ережелерінің сақталуына жауапты адамның оларды бұзуы немесе орындамауы, егер бұл адам денсаулығына зиян немесе елеулі залал келтірсе, қылмыс белгілері болмаған кезде, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға қырықтан алпысқа дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 315-бап өзгертілді
315-бап. Атом энергиясын пайдалану кезiнде радиациялық қауiпсiздiк
талаптарын бұзу
Уәкілетті мемлекеттік органдар белгiлеген деңгейден жоғары мөлшерде атмосфераға, сулы ортаға және жер қойнауына радиоактивтi заттарды негiзсiз немесе әдейi шығарса; сәулеленуге ұшыраған немесе радиоактивтiк заттары бар өнiмдер мен материалдарды халықтың пайдалануы мен тұтынуы мақсатында осыған уәкілетті мемлекеттік органдардың рұқсатынсыз шаруашылық айналымына тарту; тиiстi дайындықтан өтпеген не олардың біліктілігiн көрсететiн құжаттары жоқ адамдарды, сондай-ақ он сегiз жасқа толмаған немесе медициналық жағынан рұқсат етiлмейтiн адамдарды атом энергиясын пайдалану объектiсіндегі жұмысқа жiберу; радиоактивтiк заттар мен иондалған сәулелендiру көздерiн есепке алуды және бақылау жасауды қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды бұзу, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жетпіске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не атом энергиясын пайдалану саласында қызметтің белгілі бір түріне берілген лицензиядан айыруға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 316-бап өзгертілді
316-бап. Ядролық қаруды таратпау режимiнiң талаптарын бұзу
Ядролық экспорт пен импорттың белгiленген тәртібін бұзу, ядролық материалдарды, атом энергиясын пайдалану объектiлерiн физикалық қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды бұзу; ядролық материалдарды есепке алу мен бақылауды қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды бұзу, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жетпіске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не атом энергиясын пайдалану саласында қызметтің белгілі бір түріне берілген лицензиядан айыруға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 317-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
317-бап. Техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету
саласындағы заңнаманы бұзу
1. Техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнаманы:
1) стандарттар, техникалық шарттар мен үлгiлер (эталондар) талаптарына сәйкес келмейтiн тауарларды шығару (соның iшiнде жөндеуден) немесе жеткізу (өткізу);
2) стандарттар, техникалық шарттар талаптарына сәйкес келмейтiн өнiмдi бөлшек сауда ұйымдарында, рыноктарда сатуға шығару;
3) тиiстi нормативтiк құжаттарсыз өнiм шығару (соның iшiнде жөндеуден), жеткізу (өткізу) немесе пайдалану (жарату), жұмыстар мен қызмет көрсетулердi орындау;
4) өнiмнiң сапасы немесе технологиялық процестерге арналған стандарттар талаптары бойынша стандарттар талаптарына және техникалық шарттарға сәйкес келмейтiн конструкторлық, технологиялық және жобалау құжаттамаларын тапсырыс берушiге не өндiрiске беру;
5) өнiмдi тасымалдау, сақтау және пайдалану (жарату) кезiнде, сондай-ақ тауарларды буып-түю және буып-түйiлген тауарларды кез-келген орама түрiнде өткізу кезiнде стандарттар мен техникалық шарттарды сақтамау, егер бұл өнiмнiң сапасының төмендеуiне, бұзылуына немесе нормативтен артық кемуiне әкелiп соқса;
6) мiндеттi түрде сертификаттауға жататын, сәйкестiк сертификаты жоқ, сондай-ақ оны қолдан жасаған, қолдану мерзiмi өткен немесе тоқтатылған жағдайда өнiмдi өткізу;
7) сәйкестiк сертификатын негiзсiз беру немесе қолданылу күшiн растау;
8) тiркеуден өтпеген өнiмдi сертификаттау сынағынан өткізу;
9) мемлекеттік сынақтан немесе метрологиялық аттестаттаудан өтпеген, сондай-ақ тексерiлмеген немесе жөнделмеген өлшеу құралдарын және стандарттық үлгiлердi айналымға шығару;
10) тиiстi рұқсатсыз өлшеу құралдарын дайындау, тексеру, жөндеу, сату мен жалға беру, сондай-ақ стандарттық үлгiлердi шығару мен метрологиялық аттестаттау;
11) мемлекеттік метрологиялық қадағалауға жататын және метрологиялық аттестаттаудан өтпеген өлшеудi орындау әдiстемелерiн қолдану;
12) өлшеу құралдарын пайдаланудың ережелерi мен нормаларын бұзу;
13) стандарттар мен техникалық ережелер талаптарын, сертификаттау ережелерi мен метрология ережелерiн сақтауға мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыратын органдардың нұсқауларын орындамау түрiнде жасалған бұзушылық, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға сексеннен жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан он беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - қырықтан елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 318-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
318-бап. Жабайы өскен сораны жоюға шара қолданбау
Ауыл шаруашылығы дақылдары егiстiктерiнде, бақшаларда, жүзiмдiктерде, питомниктер мен саябақтарда, егiн алқабының, суландыру және ирригациялық-мелиоративтiк желiлердiң жиегiнде, тас және темір жолдардың оқшау белдеулерiнде, ұйымдардың аумақтарында, қалалар, поселкелер мен басқа да елдi мекендер тұрғындарының жер учаскелерiнде, сондай-ақ мемлекеттік орман және су қорлары, мемлекеттік қор және ұйғарымнан кейiн ұйымдарға бекiтіліп берiлген жерлерiнде жабайы өскен сораны жоюға шара қолданбау, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жетпіске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жетпістен жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 319-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
319-бап. Құрамында есiрткi бар өсiмдiктер өсетiн егiстiктi күзетудi
қамтамасыз етуге шаралар қолданбау
Құрамында есiрткi заттары бар сора, көкнәр немесе басқа өсiмдiктер егiстiктерiн, осы дақылдардың өнiмдерiн сақтау мен қайта өңдеу орындарын күзетудiң белгiленген режимiн қамтамасыз етуге шаралар қолданбау, сол сияқты құрамында есiрткi заттары бар бастырудан қалған егiстiктердi және өндiрiс қалдықтарын жоюға шаралар қолданбау, -
лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II Заңымен 319-1-баппен толықтырылды ; 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 319-1-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
319-1-бап. Есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және
прекурсорларды өткізу мен тұтынудың жолын кесуге
шаралар қолданбау
1. Көңiл көтеру ұйымдары лауазымды адамының және (немесе) меншiк иесiнiң есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды өткізу мен медициналық тұрғыдан тыс тұтынудың жолын кесуге шаралар қолданбауы, -
қызметi тоқтатыла тұрып не онысыз, лауазымды адамдарға және (немесе) меншiк иелерiне айлық есептiк көрсеткiштiң елуден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - бес жүзден бiр мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
лауазымды адамдарға және (немесе) меншiк иелерiне жеке кәсiпкерлiк қызметiне тыйым салынып не онысыз, айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде заңды тұлғаларға - заңды тұлғаның қызметiне тыйым салынып не онысыз, бiр мыңнан екi мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңдарымен 320-бап өзгертілді
320-бап. Өткізу мақсатынсыз есiрткi құралдарымен, психотроптық
заттармен және прекурсорлармен заңсыз айналысу
1. Қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi жоқ есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды өткізу мақсатынсыз заңсыз түрде дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау немесе салып жiберу, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - отызға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. 16 жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар жасаған осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген iс-әрекеттер, -
ата-аналарына немесе оларды алмастыратын адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң екiге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Өткізудi мақсат етпей өзi дайындаған, қайта өңдеген, иемденiп алған, сақтаған, тасымалдаған немесе салып жiберген есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды немесе прекурсорларды өз еркiмен тапсырған адам жауаптылықтан босатылады.
2005.08.07 № 67-III ҚР Заңымен 321- бап өзгертілді (күшіне енетін мерзімім қара) (бұр. ред. қара) ; 2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 321-бап жаңа редакцияда
321-бап. Есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен
прекурсорларды насихаттау және заңсыз жарнамалау
1. Есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды насихаттау, сол сияқты оларды заңсыз жарнамалау, -
лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан қырыққа дейінгі мөлшерінде, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар тізіміне енген есірткі құралдарын және психотроптық заттарды медицина және фармацевтика қызметкерлеріне арнап мамандандырылмаған баспа басылымдарында жарнамалау, сол сияқты құрамында есірткі құралдары және психотроптық заттар бар дәрілік препараттар үлгілерін жарнамалау мақсатында тарату, -
тиісті қызмет түріне берілген лицензиядан айыра отырып не онсыз, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан жиырма беске дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүзден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүзден жеті жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертулер.
1. Осы бапта есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды насихаттау деп жеке және заңды тұлғалардың есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды әзірлеу, дайындау тәсілдері, әдістері туралы және оларды пайдалану, сатып алу орындары туралы мәліметтерді таратуға, сондай-ақ кітап өнімдерінің, бұқаралық ақпарат құралдары өнімдерінің өндірісіне және оны таратуға, аталған мәліметтерді компьютер желілерінде таратуға немесе осы мақсатта да өзге де іс-әрекеттер жасауға бағытталған қызметін түсінген жөн.
2. Осы бапта есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды заңсыз жарнамалау деп жеке және заңды тұлғалардың адамның қабылдауы мен түйсігіне ол сезіне алмайтындай әсер ететін, оның есірткі құралдарына, психотроптық заттар мен прекурсорларға қызығушылығын қалыптастыратын немесе қолдайтын кез келген ақпаратты кез келген құралдар көмегімен кез келген нысанда тарату және орналастыру жөніндегі қызметін түсінген жөн.
322-бап. Заңсыз емдеумен айналысу
1. Қызметтiң осы түрiне лицензиясы, сертификаты жоқ адамның жекеше медициналық практикамен немесе жеке фармацевтiк қызметпен айналысуы, егер бұл iс-әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Емшiнiң тиiстi дипломынсыз немесе заңмен белгiленген тәртiппен берiлген арнайы рұқсатсыз халық медицинасымен (емшiлiкпен) айналысу, бұқаралық емдеу сеанстарын, соның iшiнде - бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып өткізу, -
айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 323-бап өзгертілді ; 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 323-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
323-бап. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық
салауаттылығы саласындағы заңнаманы, сондай-ақ
гигиеналық нормативтерді бұзу
1. Абайсыздықтан жаппай ауруға немесе адамдардың улануына, немесе адам өліміне әкеп соқтырмаған, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - отызға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, адамның денсаулығына зиян келтіруі мүмкін іс-әрекет, егер бұл әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, -
қызметін тоқтата тұрып не онсыз, жеке тұлғаларға - екі жүз, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 06.05.04 ж. № 551-II Заңымен 324-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
324-бап. Фармацевтік қызмет, косметикалық заттардың, емдеу-профилактикалық тағамдар өнімдері мен тамақ қоспаларының өндірісі мен айналымы ережелерін бұзу
1. Дәрілік заттарды және оларға теңестірілген заттарды, емдеу-профилактикалық тағамдар өнімдері мен тамақ қоспаларын, сондай-ақ косметикалық заттарды тіркеу және қайта тіркеу, өндіру, сынау, (зерттеу) сатып алу, тасымалдау, сақтау, таңбалау, өткізу, қолдану, жою, жарнамалау ережелерін бұзу, егер олар адамның денсаулығына зиян келтірмесе, -
азаматтарға - айлық есептік көрсеткіштің беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға - жиырмаға дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға бір жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Тіркелмеген, жалған, қолдану рұқсат етілмеген дәрілік заттарды және оларға теңестірілген заттарды, емдеу-профилактикалық тағамдар өнімдері мен тамақ қоспаларын, сондай-ақ косметикалық заттарды өндіру, сатып алу, тасымалдау, сақтау, өткізу, жарнамалау, егер олар адамның денсаулығына зиян келтірмесе, -
құқық бұзушылықтың тікелей объектілерін және әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кірістерді тәркілей отырып, қызметін тоқтата тұрып немесе оған тыйым салып, не онысыз, азаматтарға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмаға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға елуге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, адамның денсаулығына зиян келтірген іс-әрекеттер, егер оларда қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, -
құқық бұзушылықтың тікелей объектілерін және әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кірістерді тәркілей отырып, азаматтарға - айлық есептік көрсеткіштің елуге дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға - бір жүзге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға бір мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға, сондай-ақ оның қызметін тоқтата тұруға немесе оған тыйым салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 325-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
325-бап. Медициналық қызмет көрсетудегi жалған жарнама
Қызметтiң мұндай түрiне рұқсаты жоқ жарнама берушiнiң медициналық сипатта қызмет көрсетудi ұсынатын жарнамалар таратуы, орналастыруы егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - он бестен отызға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елуден жетпіске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 326-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
326-бап. Қорғаныш тапшылығы вирусы инфекциясын жұқтырғандармен,
ЖҚТБ-мен, соз ауруларымен, туберкулезбен ауыратындармен
қатынаста болып жүрген, сондай-ақ дәрiгердiң тағайындауынсыз
есiрткi құралдарын немесе психотроптық заттарды пайдаланушы
адамдардың медициналық тексеруден және емделуден жалтаруы
1. Денсаулық сақтау мекемесiнiң жазбаша түрде жасаған ескертуiнен кейiн де қорғаныш тапшылығы вирусы инфекциясын жұқтырғандармен, ЖҚТБ-мен, соз ауруларымен, туберкулезбен ауыратындармен қатынаста болуды жалғастырып жүрген адамдардың медициналық тексеруден және емделуден жалтаруы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Маскүнемдікпен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауырады деп танылған не дәрігердің тағайындауынсыз есiрткi құралдарын немесе психотроптық заттарды пайдаланып жүргенi туралы жеткiлiктi деректер бар адамдардың медициналық тексеруден және емделуден жалтаруы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 327-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
327-бап. Айналасындағыларға қауiп төндiретiн аурулармен ауыратын
адамдардың емделуден жалтаруы
1. Айналасындағыларға қауiп төндiретiн, тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейтiн аурулармен ауыратын адамдардың, сондай-ақ денсаулық сақтау мекемесiнiң жазбаша жасаған ескертуiнен кейiн де олармен қатынаста болып жүрген және профилактикалық емдеудi қажет ететiн адамдардың дәрi-дәрмек құралдарын қабылдаудан бас тартуы және емделуден өзге де жалтаруы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың, айналасындағыларға қауiп төндiретiн, тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейтiн аурулармен ауыратын кәмелетке толмаған балаларын емдетуден жалтаруы, -
жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
328-бап. Айналасындағыларға қауiп төндiретiн аурулармен ауыратын
адамдардың жұқтыру көзiн және өздерiмен қатынаста болған
адамдарды жасыруы
Айналасындағыларға қауiп төндiретiн аурулармен ауыратын адамдардың жұқтыру көзiн және осы ауруларды басқа адамдарға жұқтыру қаупiн туғызатын өздерiмен қатынаста болған адамдарды жасыруы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
329-бап. 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
22-тарау. Қоғамдық тәртіпке және имандылыққа
қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 330-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
330-бап. Ұсақ бұзақылық
1. Ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларды қорлап тиiсу, тұрғын жайларды, ортақ пайдалану орындарын қорлау және қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын, төңiрегіндегілердi сыйламаушылықты бiлдiретiн басқа да осындай iс-әрекеттер, -
айлық есептiк көрсеткiштiң үштен онға дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға не он тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға не он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.
331-бап. Кәмелетке толмағандар жасаған бұзақылық
Он төрт жастан он алты жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар жасаған Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 257-бабының бiрiншi бөлiгiнде көзделген ұсақ бұзақылық немесе бұзақылық, -
ата-аналарға немесе оларды алмастыратын адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң бiрден екiге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 332-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
332-бап. Елдi мекендерде атыс қаруынан ату, пиротехникалық
қондырғыларды жару
1. Елдi мекендерде және бұл үшiн бөлiнбеген орындарда жеке тұлғалардың тыныштығын әрi белгiленген тәртiптi бұзатын атыс қаруы мен газды қарудан, сондай-ақ қолдан жасалған немесе соған бейiмделiп жасалған қарудан ату, -
қаруды тәркiлеп немесе онысыз, айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Елдi мекендерде және бұл үшiн бөлiнбеген орындарда жеке тұлғалардың тыныштығы мен белгiленген тәртiптi бұзатын және iрi материалдық залал келтiруге әкеп соқпаған арнайы және қолдан жасалған пиротехникалық қондырғыларды жару, -
пиротехникалық құралдар мен қондырғыларды тәркiлей отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Он алты жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар жасаған нақ сол iс-әрекеттер, -
пиротехникалық құралдарын тәркiлей отырып, ата-аналарға немесе оларды алмастыратын адамдарға ескерту жасауға не айлық есептiк көрсеткiштiң екiге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған, сол сияқты осы Кодекстің 333-бабында көзделген құқық бұзушылық үшін бір жыл ішінде әкімшілік жауаптылыққа тартылған адам жасаған іс-әрекеттер, -