│ Тiкұшақтар кейiн қону үшін │
│ жағдайында ұстап жағдайлар │
│ алушы тікұшақ қону қауiпсiз деп │
│ алаңына жақын iлi- саналып, қонуды │
│ нiп тұру режимiне орындау баста │
│ көше отырып, қонуға лады. │
│ ыңғайлана бастайды. │
├─────────────────────────────────────────────────────────────────────┤
│ 2. Ұсталынған әуе кемесi беретiн сигналдар және ұстап алушы │
│әуе кемесiнiң жауаптары. │
├──────┬──────────────────┬───────────┬─────────────────┬─────────────┤
│ Ce. │ Ұстап алушы │ Мағынасы │ Ұсталған │ Мағынасы │
│ риясы│ әуе кемесінің │ │ әуе кемесiнiң │ │
│ │ сигналдары │ │ жауаптары │ │
├──────┴──────────────────┴───────────┴─────────────────┴─────────────┤
│ 4 Күндіз немесе Түнде Сiз Күндіз немесе Сiздi түсін-│
│ - Пайдалану керек көрсеткен Түнде - егер ұстал-дім. │
│ болатын ұшу-қону әуеайлақ ған әуе кемесi ұс- Соңымнан │
│ жолағының немесе жарамсыз- тап алушы әуе кеме-Ерiңiз. │
│ тiкұшақтың қону сінің соңынан за- Сiздi түсін-│
│ жолағының үстiнен пастағы әуеайлаққа дім, │
│ әуежай деңгейiнен iлесуi тиiмдi бол- өз бағда- │
│ 300 м-ден астам са, ұстап алушы рыңызды │
│ (1000 фут), бiрақ әуе кемесі шас- ұстаныңыз. │
│ 600 м-ден жоғары сиін жинап алады │
│ емес (2000 фут) (егер мүмкiн │
│ биiктiкте (тiкұшақ- болса) және ұстап │
│ тар үшiн 50 м-ден. алушы әуе кемеле- │
│ астам (170 фут), ріне арналған 1- │
│ бiрақ 100 м-ден жо- серия сигналдарын │
│ ғары емес (330 фут) пайдаланады. Егер │
│ биiктiкте ұшып өт- ұстап алушы әуе │
│ кенде шассидi жинау кемесі ұсталған │
│ (егер мүмкiн болса) әуе кемесіне әре- │
│ және қону фарларын кет бостандығын │
│ жыпылықтату және бергісі келсе, ол │
│ пайдалану керек бо- ұстап алушы әуе │
│ латын ұшу-қону жо- кемесіне арналған │
│ лағының немесе тiк- 2-серия сигналда- │
│ ұшаққону алаңының рын пайдаланады. │
│ үстiнен шеңбер бо- │
│ йынша ұшуды жалғас- │
│ тыру. Қону фарларын │
│ жыпылықтату мүмкiн │
│ болмаған жағдайда │
│ кез келген бортот- │
│ тарын жыпылықтау │
│ керек. │
│ 5 Күндіз немесе Түнде Орындай Күндіз немесе Сiздi түсін-│
│ - Барлық борт отта- алмаймын. Түнде - ұстап дім. │
│ рын, бiрақ жылтыл- алушы әуе кемеле- │
│ даған оттардан ріне арналған │
│ ажырататындай есеп- 2 серия сиг- │
│ пен ұдайы қосу және налдарын │
│ сөндiру пайдаланыңыздар- │
│ 6 Күндіз немесе Түнде Апат Күндіз немесе Сiздi түсін-│
│ - Бiркелкi емес уа- жағдайын- Түнде - ұстап дім. │
│ қыт аралықтарымен да алушы әуе кемеле- │
│ барлық борт оттарын ріне арналған │
│ жыпылықтату 2 серия сиг- │
│ налдарын │
│ пайдаланыңыздар. │
└─────────────────────────────────────────────────────────────────────┘
Ұшулар шектелген аймақта, тыйым салынған аймақта немесе қауiптi аймақта ұшып келе жатқан немесе осындай аймақтардың бiрiне апаратын жолдағы, рұқсаты жоқ әуе кемесiн ескерту үшiн пайдаланылатын көзге көрiнетiн сигналдар.
Күндiз немесе түнде - жерден 10 секунд аралықпен жiберiлетiн және жарылғанда қызыл және жасыл оттар немесе жұлдыздар шығаратын және рұқсаты жоқ әуе кемесiне ұшу шектелген аймақта, тыйым салынған немесе қауiптi аймақта ұшып келе жатқанын немесе осындай аймақтардың бiрiне бағыт ұстағанын және оған оның бұдан кейiнгi ұшуы осындай аймақтар шегiнен тыс өту үшiн қажеттi шаралар қолдану керектiгiн көрсететiн ракеталар сериясы.
Жердегi көзге көрiнетiн сигналдар
Жердегi көзге көрiнетiн құралдар туралы толық мәлiметтер ИКАО-ның 14-қосымшасында қамтылған.
1. Қонуға тыйым салу
Сигнал алаңында қойылатын сары диагоналдары бар қызыл түстi көлденең шаршы сигнал жолағы (1.2-сурет) қонуға тыйым салынғанын және бұл тыйым салу ұзартылуы мүмкiн екенiн бiлдiредi.
1.2-сурет.
[Графикалық нысанды қараңыз]
2. Қонуға кiргенде немесе қонғанда айрықша сақ болу қажеттілiгi
Сигнал алаңында қойылатын бiр сары диагоналы бар қызыл түстi көлденең шаршы сигнал жолағы (1.3-сурет) маневрлеу алаңының қанағаттанғысыз жай-күйiне байланысты немесе әлдеқандай басқа бiр себептен қонуға енгенде немесе қонғанда айрықша сақ болу қажеттiгiн білдiредi.
1.3-сурет.
[Графикалық нысанды қараңыз]
3. Ұшу-қону жолдары мен рульдiк жолдарды пайдалану
Сигнал алаңында қойылатын ақ түстi гантель түріндегі көлденең белгi (1.4-сурет) әуе кемелерi ҰҚЖ мен РЖ-да ғана қонуды, ұшуды және тұтқамен жүргiзудi қажет екенiн бiлдiредi.
1.4-сурет.
[Графикалық нысанды қараңыз]
Сигнал алаңында қойылатын ақ түстi гантель түріндегі дәл сондай, бiрақ белгiнiң әр дөңгелек бөлiгiнде жүргiзiлген тiк қара жолағы бар көлденең белгi (1.5-сурет) әуе кемелерiне қонуды және ұшуды ҰҚЖ-да ғана орындау қажеттiгiн, ал басқа маневрлердi орындау ҰҚЖ және РЖ шектерiмен ғана шектелмейтiнiн білдiредi.
1.5-сурет.
[Графикалық нысанды қараңыз]
[Графикалық нысанды қараңыз]
4. ҰҚЖ немесе РЖ жабылуы
ҰҚЖ-да және рульдiк жолдарда немесе олардың бөлiктерiнде қойылатын бiр контрастылық түстi, сары немесе ақ крестер түрдегi көлденең белгiлер (1.6-сурет) әуе кемелерiнiң қозғалысы үшiн жарамсыз аймақты білдiредi.
1.6-сурет.
[Графикалық нысанды қараңыз]
5. Қонуды немесе ұшуды бағыттау
Көлденең ақ немесе қонатын қызғылт сары "T" (1.7-сурет) әуе кемелерiнiң "T" әрпiнiң ұзына бойымен және оның көлденең бөлiгi жағына қарай параллельдi орындалатын қону және ұшу бағытын көрсетедi.
Қону "T"-ны түнгi уақытта пайдаланғанда, ол жарықтандырылады немесе ақ оттармен көмкеріледi.
1.7-сурет.
[Графикалық нысанды қараңыз]
Әуеайлақтық командалық-диспетчерлiк пунктте немесе оның маңайында соған жақын тiгiнен қойылатын екі цифрдың ұштастырылуы (1.8-сурет) маневрлеу алаңындағы әуе кемесiне магниттiк компастың жақын 10 градусына дейiн дөңгелектендiрiлген ондаған градустарда айқындалатын ұшу бағытын көрсетедi.
1.8-сурет.
[Графикалық нысанды қараңыз]
[Графикалық нысанды]
6. Ұшудың оң шеңберi
Сигнал алаңында немесе ҰҚЖ-ның немесе пайдаланылатын ұшу жолағының соңында көлденең орналасқан оңға қарай иiлген садақ түріндегі ашық түстi белгi (1.9-сурет) қону алдында немесе ұшқаннан кейiн әуе кемесi оңға бұрылуларды орындауы қажеттiгiн білдіредi.
1.9-сурет.
[Графикалық нысанды]
7. Әуе қозғалысына қызмет көрсетуге қатысты
хабарламаларды жинау пунктi
Сары түсте тiк орналасқан "С" әрпi (1.10-сурет) әуе қозғалысына қызмет көрсетуге қатысты хабарламаларды жинау пунктiнiң орналасқан жерiн білдiредi.
1.10-сурет.
[Графикалық нысанды]
8. Планерлердiң ұшуы орындалуда
Сигнал алаңында көлденең қойылатын ақ түстi қос крест түріндегі белгi (1.11-сурет) әуеайлақ планерлердiң ұшуы үшiн пайдаланылатынын және мұндай ұшу қазiргi уақытта орындалып жатқанын білдiредi.
1.11-сурет.
[Графикалық нысанды]
Әуе кемелерiнiң жердегi қозғалысын реттейтiн сигналдар
Әуе кемесiне сигнал берушi беретiн сигналдар қолмен беруге арналған, олар сигналдарды ұшқыштың түсiнуiн жеңiлдету үшiн қажет болса, жарықтандырылуы мүмкiн, бұл ретте сигнал берушi әуе кемесiне бетiн берiп: тiркелген қанатты әуе кемелерi үшiн - ұшқыштың назарында, сол қанаттың ұшына жақын алдында;
тiкұшақтар үшiн - оны ұшқыш жақсы көре алатын жерде тұруы керек.
Сигнал жалаушалары (дөңгелек "қалақшалар"), жарқыраған асатаяқтар немесе электр қол шамдары пайдаланылған жағдайда тиiстi сигналдар мәнi өзгермеген түрде қалады.
Сигнал берушi әуе кемесiне бетiн берiп тұрған жағдайда әуе кемелерiнiң қозғалтқыштары оңнан солға қарай нөмiрленедi (яғни № 1 қозғалтқыш - борт бойынша сол жақтан шеткi болады).
Жұлдызшалармен белгiленген сигналдар iлiну режиміндегі тікұшақтар үшін арналған.
Мынадай сигналдарды қолданар алдында сигнал берушi әуе кемесi маневр жасайтын шектегi алаңның соқтығып қалуы мүмкiн объектiлерден бос екенiне көз жеткізеді.
Көптеген әуе кемелерiнiң конструкциясы әуе кемесi жерде маневр жасағанда экипаж кабинасынан қанатының аяқ жақтарының, қозғалтқыштардың және басқа соңғы бөлiктердiң қозғалыс траекториясын көзбен бақылауға болатындай мүмкiндiк бере бермейдi.
Берiлетiн сигналдарға сай әрекет ете отырып сигнал берушi, егер мұны әуеайлақтағы қозғалыс жағдайлары талап етсе, ұшқыштың әрекеттерiне басшылық жасайды.
1. Тұрақ орны осы жерде
Алақан iш жаққа қаратылып,
қол бастан жоғары көтерiлген.
[Графикалық нысанды]
2. Келесi сигнал берушіге қарай
жүру керек
Оң немесе сол қол төмен түсiрiлген, екiншi қол келесi сигнал берушi тұрған жерге бағытты көрсете отырып тұла бойға кесе-көлденең бағытталған.
[Графикалық нысанды]
3. Алға карай жүр
Алақаны артқа қаратылған қолдары ақырын екi жаққа жайылған; иық тұсынан басталып, колдарымен жоғарыартқа қайталама қозғалыстар жасалады.
[Графикалық нысанды]
4. Бұрылу
а) Сол жаққа бұрылу: оң қол төмен түсiрiлген, сол қолмен қайталанатын жоғары-артқа қозғалыстар жасалады. Қол қозғалысының қарқындылығы бұрылу шапшаңдығын көрсетедi.
б) Оң жаққа бұрылу: сол қол төмен түсiрiлген, оң қолмен жоғары-артқа қайталанатын қозғалыстар жасалады. Қол қозғалысының қарқындылығы бұрылу шапшаңдығын көрсетедi.
[Графикалық нысанды]
5. Тоқта
Бастан жоғары көтерiлген қолмен қайталанатын айқасатын және айырылатын қозғалыстар жүргiзiледi (қол қозғалысының қарқындылығы тоқтау шапшаңдығын көрсетедi, яғни қол қозғалысы жылдам болған сайын тезiрек тоқтау керек).
[Графикалық нысанды]
6. Тежеуiштер
а) Тежеуiштi қосу: қолды шынтақтан бүгiп, саусақтарды кеуде алдында көлденең созылған, сонан соң олар жұдырыққа түйiледi.
б) Тежеуiштi босату керек: қолды шынтақтап кеуде алдында көлденең бүгедi, саусақтар жұдырыққа түйілген, одан кейiн саусақтарды жазады.
[Графикалық нысанды] [Графикалық нысанды]
7. Тұрақжай тiреуiштерi
а) Тiреуiштер орнатылды: алақан iшке қаратылып, қол төмен түсiрілген; екі жаққа жайылған қол төмен ауыстырылады.
б) Тiреуiштер алынды: алақан сыртқы қаратылып, қол төмен түсiрiлген; қолды екi жаққа жаю керек.
[Графикалық нысанды]
8. Қозғалтқышты (қозғалтқыштарды) қосу
Қосылған қозғалтқыштың нөмiрiне сәйкес келетiн ашылған саусақтардың санымен қол бастан жоғары көтерiлген; оң қолмен бастың деңгейiнде шеңберлiк қозғалыстар жүргiзiледi.
[Графикалық нысанды]
9. Қозғалтқыштарды сөндiру керек
Алақан төмен қаратылып, бiр қол мойын алдында иық деңгейiне дейiн көтерiледi. Шынтақта бүгiлген қалыпта қол бiр жақтан екiншi жаққа көлденең қозғалады.
[Графикалық нысанды]
10. Жылдамдықты азайту керек
Алақан жерге қаратылып, қол төмен түсiрiлген; бұдан кейiн жоғары-төмен бiрнеше қозғалыс жүргiзiледi.
[Графикалық нысанды]
11. Көрсетiлген жақта қозғалтқыштың
(қозғалтқыштардың) айналымдарын азайту керек
Алақан жерге қаратылып, қол төмен түсiрiлген; одан кейiн не оң, не сол қолмен жоғары және төмен қозғалыстар жасалады, бұл қозғалтқыштың қозғалтқыштардың) айналымын тиiсiнше, сол немесе оң жақта азайту керектiгiн бiлдiредi.
[Графикалық нысанды]
12. Артқа қарай жүру керек
Алақан алға жайылып, қол төмен түсiріледi; иық деңгейiне дейiн қайталанатын алға-жоғары қозғалыстар жүргізіледі.
[Графикалық нысанды]
13. Артқа қозғалу кезіндегі бұрылулар
а) Құйрығымен оңға қарай: сол қол бұрыштап төмен бағытталған; бастан жоғары көтерiлген оң қолмен алға - көлденең қалыпта және артқа тiк қалыпта қайталанатын қозғалыс жасалады.
б) Құйрығымен сол жаққа: оң қол бұрыштап төмен бағытталған; бастан жоғары көтерiлген сол қолмен алға - көлденең қалыпта және артқа тiк қалыпта қайталанатын қозғалыс жасалады.
[Графикалық нысанды]
14. Жол бос
Оң қол шынтақта бүгiлген және жоғары көтерiлген; саусақ буындары жұдырыққа түйiлген, бас бармақ, жоғары созылған.
[Графикалық нысанды]
15. Iліну
Қол көлденең екi жаққа созылған.
[Графикалық нысанды]
16. Жоғары көтерiлу керек
Алақан жоғары қаратылып, қол екі жаққа көлденең созылған; иық деңгейiне дейiн жоғары-төмен қайталанатын қозғалыстар жүргiзiледi. Қол қозғалысының қарқындылығы биiктiкке көтерiлу жылдамдығын көрсетедi.
[Графикалық нысанды]
17. Төмен түсу керек
Алақан төмен қаратылып, қол екі жаққа көлденең созылған; иық деңгейiне дейiн төмен-жоғары қайталанатын қозғалыс жүргiзiледi. Қол қозғалысының қарқындылығы төмендеу жылдамдығын көрсетедi.
[Графикалық нысанды]
18. Көлденең қозғалу керек
Қозғалыс бағытын көрсететiн қол көлденең созылған; екiншi қолмен оған кеуде деңгейiнде қайталанатын қозғалыс жүргiзiледi.
[Графикалық нысанды]
[Графикалық нысанды]
19. Жерге қону керек
Қол төмен түсірілген және айқастырылған.
[Графикалық нысанды]
Қазақстан Республикасының
әуе кеңiстiгiнде ұшудың
негiзгi ережесіне
4-қосымша
Iздестiру-құтқару жұмыстары кезiнде қолданылатын сигналдар
1. Көзге көрiнетiн.
Сигналдар мөлшерi мүмкiндiгiнше ұзындығы бойынша 2,5 м-ден кем болмауы керек және оларды барынша байқалатын дәрежеде жасау қажет.
Көзбен көрiнетiн сигналдар ретiнде мата, парашют материалы, ағаш кесектерiнен, тастардан, қаптардан, флюориттен (плавиктiк шпат), күлден және басқа материалдардан (заттардан) жасалған белгiлер көрнектi жерге қойылады. Жоғарыда аталған сигналдарға назарды радионың, жарық сигнал ракеталарының, шағылысқан жарықтың, түтiннiң және тағы басқалардың көмегiмен аударуға болады.
2. Құтқару әуе кемелерiнiң экипаждары әуеден беретiн көзбен көрiнетiн сигналдар.
Жерден берiлетiн сигнал түсiнiктi болғанын бiлдiретiн әуе кемесiнiң экипажы беретiн сигналдар:
күндiз - әуе кемесiнiң бiр қанаттан екiншi қанатқа шайқалуы;
түнде - қону фарларын екi рет жағу немесе әуе кемесi олармен жабдықталмаса, онда АНО-ны екi рет сөндiру.
Егер әуе кемесi мұндай сигналдарды бермейтiн болса, бұл экипаждың жерден берiлген сигналды түсiнбегенiн бiлдiредi.
3. Іздестiру әуе кемелерiнiң экипаждары су үстіндегі кемелерге беретiн сигналдары
Іздестiру әуе кемесiнiң экипаждары су үстіндегі кеменi апатқа ұшыраған әуе немесе теңiз (өзен) кемесiне бағыттай отырып, мынадай маневрлер жасайды:
1) су үстi кемесiнiң үстiнде тым болмағанда, бiр айналым жасайды;
2) шағын биiктiкте бiр қанаттан екiншi қанатқа шайқала отырып, су үстi кемесiнiң бағдарын қиып өтедi;
3) су үстi кемесi оның соңынан iлесетiн бағдарға шығады.
Егер iздестiру әуе кемесi бұл маневрлердi қайталайтын болса, олардың мәнi өзгермейдi.
Iздестiру әуе кемесiнiң маневрi сигнал арналған су үстi кемесiне ендi көмек қажет емес екенiн бiлдiредi;