радиотелеграфпен берiлетiн сигнал 3 рет қайталанатын "SOS" (... - - - ...) тобынан, 1 рет "ДЕ" (-..) үйлесiмiнен тұрады
this is (вис из) (халықаралық ұшу кезiнде);
апатқа ұшыраушы әуе кемесiнiң шақыру белгiсi - 3 рет;
апат болған жердiң координаты - 3 рет берiледi.
қысқа уақыт аралығында бiр-бiрден жiберiлетiн қызыл түстi жарқыл ракеталармен берiледi.
3) радиотелефонмен және радиотелеграфпен:
ұшу бағдары;
ұшу жылдамдығы;
ұшу биiктiгi;
апаттың сипаты мен қажеттi көмек;
экипаж командирiнiң шешiмi және iздестiру мен құтқаруға ықпал ететiн басқа да мәлiметтер берiледi.
"SOS" немесе "Апатқа ұшыраудамын" сигналы берiлумен бiр уақытта қайталама радиолокация жүйесiнiң танып-анықтау аппаратурасының "Апат" сигналы мен борттағы ӘҚБ жауап бергiшіндегі "Авария" сигналы қосылады. Қазақстан Республикасының шекарасынан тыс ұшу кезiнде жауап бергiште 7700 "Апат" коды орнатылады.
3. Егер жағдай мүмкiндiк берсе, апат белгiсiнен кейiн:
жердiң ендiгi - 2 рет;
жердiң бойлығы - 2 рет;
орта-еуропалық уақыт (UTC) - 2 рет;
зақымданулар мен қажеттi көмек түрi - 1 рет;
ұшқыш қабылдаған шешiм және іздестіру мен құтқаруға ықпал ететiн басқа да мәлiметтер - 1 рет.
"Қабылдаймын" сөзi берiле отырып, апат туралы хабар берiлуi мүмкiн.
Апат туралы хабарды бергеннен кейiн радиоэфирдi тыңдау үшiн 1-2 минутке қабылдауға көшу керек.
4. Авариялық-құтқару ӨЖЖ радиостанциялармен жұмыс iстегенде апатқа ұшыраушы әуе кемесiнiң экипажы қонғаннан кейiн КОСПАС CAPCAT спутник жүйесiнiң пеленгациялауын қамтамасыз ету үшiн радиостанцияны дереу тональдық жөнелтумен беру режимiне ("Маяк" режимi) қосу керек.
5. Апатқа ұшыраған әуе кемесi экипажының "Комар" үлгiсіндегі автоматты радиомаягы болса, парашютпен қонғаннан кейiн, оның таратқышының жұмысы тональдық жөнелтулерiн тыңдау арқылы тексерiледi. Таратқыштың бұл режимдегi жұмысы 3 сағат бойы жалғасады. Одан кейiн қабылдағыш-таратқышты радиомаяктың үрленбелi баллонынан алып, антеннасын орнату және қабылдау режимiне қосу керек.
6. Жерге қонғаннан кейiн алғашқы тәулiктердiң әр сағатының бастапқы кезiнде әр хабардың берілуiнен кейiн 3 минуттен қабылдау режимiне көше отырып, апат туралы үш дүркін хабар жөнелту жүргiзiледi, қалған уақытта радиостанция қабылдау режимiнде болуы тиiс. Кейiнгi тәулiктерде әр сағаттың бастапқы кезiнде әр хабардың берiлуiнен кейiн 3 минуттен қабылдау режимiне көше отырып, апат туралы үш дүркiн хабар жөнелту жүргiзiледi, қалған уақытта радиостанция сөндiрiледi.
7. Жерге қонғаннан кейiн берiлетiн хабар апат туралы әуеде берiлетiн хабарға ұқсас болады.
Iздестiру-құтқару ұшағының (тiкұшағының) дыбысы естіле бастағанда немесе оны көзбен көрiп байқағанда апат туралы хабар беру және онымен екi жақты байланыс орнату керек; егер екi жақты байланыс орнатудың орайы келмесе, апат туралы хабарды сүйемелдеп отыруға арналған сигналмен ("Маяк" режимi) 1.5-2 минут iшiнде кезектестiру керек; ұшақ (тiкұшақ) экипажымен екi жақты радиобайланыс орнатылған кезде радиостанциямен одан кейiнгi жұмыс тәртібін iздестiру-құтқару ұшағы (тiкұшағы) экипажының командирi белгiлейдi.
8. Өзара радиобөгеттердi болдырмау үшiн апатқа ұшыраған әуе кемесi экипажының бiрнеше авариялық-құтқару ӨЖЖ радиостанцияларын хабар беру үшiн бiр жерде қосуға тыйым салынады.
Апатқа ұшыраушы әуе кемесiне оның иелiгіндегі кез-келген құралмен назар аударту үшiн өзiнiң қай жерде және қандай көмек қажет екенi туралы хабар жөнелтуiне осы бөлiмнiң бiрде-бiр ережесi тыйым салмайды.
Апат және шұғылдық сигналдарды электрбайланысы арналарымен берудiң егжей-тегжейлi ережелерi ИКАО-ның 10-қосымшасында, II том, 5-тарауда көрсетiлген.
Шұғылдық сигналдары
9. Шұғылдық сигналдары әуе кемесiнiң ұшқышы оның қонуға мәжбүр етiп отырған қиындықтарды басынан кешiп отырғанын, бiрақ шұғыл көмек керек емес екенiн бiлдiредi және былай берiледi:
1) қону шамдарын қайталап қосу және сөндiру;
2) импульстiк аэронавигациялық оттардың жыпылықтауынан ерекшеленетiн аэронавигациялық оттарды қайталап қосып және сөндiрiп отыру.
10. ӘК мен ондағы жолаушыларға және экипажға қауiп төнуi ықтимал болған жағдайда берiлетiн халықаралық шұғылдық сигналы:
1) радиотелеграфпен - "666" (немесе ХХХ тобы);
2) радителефонмен - "ПАН" (PAN) белгiсiмен берiледi.
11. Не бiрге, не бөлек берiлетiн төмендегi сигналдар:
1) радиотелеграфпен немесе сигнал берудiң басқа әдiсiнiң көмегiмен берілетiн және ХХХ-тер тобынан тұратын сигнал;
2) PAN, PAN деп дауыстап айтылатын сөздерден тұратын радиотелефондық шұғылдық сигналы;
3) мәлiметтердi беру желісімен жөнелтілетiн және PAN, PAN сөздерiнiң мәнiн беретiн шұғылдық хабарлары су бетіндегі кеменiң, әуе кемесiнiң немесе қандай да бiр басқа қозғалыс құралының қауiпсiздiгiне, борттағы немесе көзге түсетiн жердегi адамның қауiпсiздiгiне қатысты әуе кемесiнiң беретiн төтенше шұғыл хабары барын бiлдiредi.
Азаматтық әуе кемелерiн ұстау
12. Қазақстан Республикасының әуe кеңiстiгiнде азаматтық әуе кемелерiнiң ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн мынадай қағидаттар қолданылады:
1) азаматтық әуе кемелерiн ұстау тек соңғы шара ретiнде қолданылады;
2) егер:
оны берiлген жол желісіне қайтарудың қажеттілігi болмаса;
оны мемлекет әуе кеңiстiгiнiң шегiнен шығарып жiберсе;
тыйым салынған аймақтан, ұшуларды шектеу аймағынан немесе қауiптi аймақтан басқа жаққа бағыттаса; немесе осы әуе кемесiне көрсетiлген әуеайлаққа қонуға бұйрық берiлсе ұстау, оны жүзеге асырған жағдайда әуе кемесiн танумен шектеледi.
13. Азаматтық әуе кемелерiн оқу-жаттығу мақсаттарында ұстауға тыйым салынады.
14. Радиобайланысты орнату мүмкiн болғанда, ұсталатын азаматтық әуе кемесiне радиотелефонмен ұшу бағытына қатысты нұсқау мен қажеттi мәлiметтер берiледi.
15. Әрбiр мемлекет ұшып бара жатқан азаматтық әуе кемелерiне қарсы қару қолданудан тартынуы тиiс.
16. Ұстауға байланысты қауiптi салдарларды болғызбау немесе азайту үшiн ұшқыштар мен ұшуларды басқаратын жердегi тиiстi органдар арасындағы әрекеттердi үйлестiрудi қамтамасыз етуге арналған барлық қолдан келетiн шаралар қабылданады, ол үшiн:
1) азаматтық әуе кемелерiнiң барлық ұшқыштары ұстап алынғанда олар орындауға тиiстi әрекеттер туралы бiлуге мiндеттi;
2) азаматтық әуе кемелерiнiң командирлерi 121,5 МГц жиiлiгiнде байланыс орнату мен ұстау ережелерiне, сондай-ақ көзге көрiнетiн сигналдар сериясын беру тәртібіне қатысты ережелердi орындайды;
3) әуе қозғалысына қызмет көрсету органының диспетчерлiк персоналы басқа әуе кемелерiнiң қауiпсiз ұшуын қамтамасыз ету үшiн қолға алынатын әрекеттер туралы бiлуге мiндеттi;
4) ұстайтын әуе кемелерiнiң ұшқыштары азаматтық әуе кемесiнiң ұшу-техникалық сипаттамаларына жататын жалпы шектеулер туралы және техникалық қиындықтарға немесе заңсыз қол сұғуға байланысты ұсталатын әуе кемесiнiң бортында авариялық немесе төтенше жағдайдың пайда болу ықтималдығы туралы бiлуге мiндеттi;
5) ұсталуды басқару органдарына және ұстауды орындауға ықтимал мүмкiндiгi бар командирлерге (ұшқыштарға) ұстау маневрі, ұсталатын әуе кемесiнiң ұшу бағыты, ұсталатын әуе кемесiне қатысты әрекеттер бойынша көзге көрiнетiн сигналдар, радиобайланыс жүргiзу, қару қолданудан тартыну қажеттілігi жөнiнде нақты және анық нұсқаулар берiледi;
6) ұсталуды басқару органдары мен ұстайтын әуе кемесi 121,5 МГц авариялық жиiлiкте ұсталатын азаматтық әуе кемелерiмен байланыс орнатуды қамтамасыз ететiн радиотелефон жабдықтарымен, олар ұсталуы мүмкін аудандарда ұстауды басқару органдарының азаматтық әуе кемелерiн тануы мақсатында (қайталама радиолокация) ҚШРЛ құралдарымен жабдықталуы тиiс. Мұндай құралдар "А" режимiнде дискреттi төрт таңбалы № 7500, 7600 және 7700 кодтарын тануға мүмкiндiк беруi тиiс.
17. Ұсталатын азаматтық әуе кемесiнен ұшып өтiп бара жатқан аймақта қону талап етілетiн ерекше жағдайларда:
1) әсiресе азаматтық әуе кемелерi әдетте әуе тасымалы үшiн әуеайлақты қолданбайтын жағдайда, көрсетiлген әуеайлақ азаматтық әуе кемесiнiң осы түрiнiң қауiпсiз қонуы үшiн жарамды болуы;
2) әуеайлақ аймағының қоршаған жерi айналым бойынша ұшуға, қонуға бет алуға және екiншi айналымға кетуге жарамды болуы;
3) қонатын әуеайлаққа жетуi үшiн ұсталатын әуе кемесiнде отынның жеткiлiктi запасы (қалдығы) болуы;
4) көрсетiлген әуеайлақ аэронавигациялық ақпарат жинағында сипатталуы тиiс;
5) ұсталатын әуе кемесiнiң қонуға қауiпсiз бет алуды орындауы және қонуы үшiн барлық қажеттi ақпарат оның бортына барлық қол жетiмдi арналар арқылы радиобайланыс бойынша берiледi.
18. Әуе қозғалысына қызмет ету органы оның жауапкершiлігіндегі ауданда әуе кемесiн ұстау жүзеге асырылатыны туралы бiле салысымен, ол төменде көрсетiлген шаралардың осы жағдайда қолайлы болып табылатынын қолданады:
1) егер мұндай байланыс орнатылмаса, авариялық 121,5 МГц радиожиiлiгiн қоса алғанда, қолда бар мүмкiндiктердiң бәрiн пайдаланып, ұсталатын әуе кемесiмен екi жақты байланыс орнатуға әрекет етедi;
2) ұсталатын әуe кемесiнiң ұшқышын ұстау туралы хабардар етедi;
3) ұсталатын әуе кемесiмен екі жақты байланыста болатын ұстауды басқару органымен байланыс орнатады және оны сол әуе кемесiне қатысты қолда бар ақпаратпен қамтамасыз етедi;
4) қажеттілiгiне қарай ұстап алушы әуе кемесi немесе ұстауды басқару органы және ұсталатын әуе кемесi арасындағы хабарларды таратады;
5) ұстауды басқару органымен өзара тығыз iс-әрекетте, ұсталатын әуе кемесiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн барлық қажеттi шараларды қолданады;
6) егер бағдарынан ауытқуы нәтижесiнде әуе кемесi осы ұшу ақпаратының көршi аудандарының шегiнен шығып кетсе, ұшу ақпаратының көршi аудандарында қызмет ететiн әуе қозғалысына қызмет көрсету органдарын хабардар етедi.
19. Басқа әуе кемесi ұстаған азаматтық әуе кемесiнiң командирi (ұшқышы):
1) көзге көрiнетiн сигналды пайымдауға және оларға ұстап алушының талаптарына сәйкес жауап бере отырып, ұстаған әуе кемесiнiң нұсқауларымен жүруге;
2) мүмкiндiгiне қарай әуе қозғалысына қызмет көрсететiн тиiстi органды хабардар етуге;
3) ұсталатын әуе кемесiн, оның ұшу сипатын атай отырып, ұстап алушы әуе кемесiмен немесе ұстауды басқаратын тиiстi органмен 121,5 МГц авариялық жиiлiкте радиобайланыс орнатуға әрекет етуге, ал егер байланыс орнатылмаса, 243,0 МГц авариялық жиiлiкте қайталап шақыру арқылы байланыс орнатуға әрекет етуге;
4) әуе қозғалысына қызмет көрсететiн тиiстi орган тарапынан басқа нұсқаулар берiлмесе, бортта ҚШРЛ қабылдағыш-жауап бергiш болғанда "А" режиміндегі 7700 кодын теруге мiндеттi.
20. Егер кез-келген көздерден радио арқылы алынған нұсқаулар, ұстап алушы әуе кемесi көзге көрiнетiн сигналдардың көмегiмен берген нұсқауларға қайшы келсе, ұсталған әуе кемесi ұстап алушы берген көзге көрiнетiн нұсқауларды орындауды жалғастыра отырып, дереу түсiнiктеме берудi сұрайды.
21. Ұстайтын және ұсталатын азаматтық әуе кемелерi қолданатын көзге көрiнетiн сигналдарды қатаң сақтаулары, оларды дұрыс түсiнулерi және ұсталған әуе кемесi берген оның авариялық кезеңде екенiн көрсететiн кез-келген сигналдарға айрықша назар аударуы қажет.
22. Егер ұстап алушымен байланыс орнатылса, алайда ортақ тiлде байланысты жүзеге асыру мүмкiн болмаса, екi реттен қайталанатын мынадай сөздердi қолдану арқылы негiзгi ақпаратты беруге және нұсқаулардың қабылданғанын растауға әрекет жасалады:
┌────────────────────────────────────────────────────────────────────┐
│ Ұстап алушы қолданатын сөздер Ұсталатын ӘК қолданатын сөздер │
├───────────┬───────────┬──────────┬───────────┬──────────┬──────────┤
│ Сөз │ Айтылуы │ Мәні │ Сөз │ Айтылуы │ Мәні │
├───────────┼───────────┼──────────┼───────────┼──────────┼──────────┤
│ CALLSIGN │КОЛ │Сiздiң │ CALLSIGN│ КОЛ │Менiң │
│ │САЙН │шақыру │ │ САЙН │шақыру │
│ │ │белгiңiздi│ │ │белгiм │
│ │ │хабарлауды│ │ │(белгi) │
│ │ │өтiнемiн │ │ │ │
│ FOLLOW │ФОЛЛОУ │Маған │ WILCO │ ВИЛ │Сiздi │
│ │ │iлесiңiз │ │ KOY │түсiндiм, │
│ │ │ │ │ │орындаймын│
│ │ │ │ CANNOT │ KЭH │Орындай │
│ │ │ │ │ HOT │алмаймын │
│ DESCEND │ДИ +Қонуды │ REPEAT │ РИПИТ +Қайталаңыз│
│ │СЕНД │орындау │ │ │ │
│ │ │үшін │ AMLOST │ ЭМ │Бағдардан │
│ │ │төмен- │ │ ЛОСТ │адастым │
│ │ │деңiз │ │ │ │
│ YOU │Ю ЛЭНД │Осы │ MAYDAY │ MЭЙ │Апатқа │
│ LAND │ │әуеай- │ │ ДЭЙ │ұшырау- │
│ │ │лаққа │ │ │дамын │
│ │ │қоныңыз │ │ │ │
│ │ │ │ HI JACK │ ХАЙ │Ұсталдым │
│ │ │ │ │ ДЖЭК │ │
│ PROCEED │ПРОСИД +Өз │ LAND │ ЛЭНД +Қонуды │
│ │ │бағдары- │ (place │ │талап │
│ │ │ңызбен │ name) │ │етемiн │
│ │ │жүре │ │ │ │
│ │ │берiңiз │ │ │ │
│ │ │ │ DESCEND │ ДИСЕНД │Төмендеудi│
│ │ │ │ │ │талап │
│ │ │ │ │ │етемiн │
└───────────┴───────────┴──────────┴───────────┴──────────┴──────────┘
Екiншi бағанда екпiнмен айтылатын буындардың асты сызылған.
Талап етілген шақыру белгiсi әуе қозғалысына қызмет көрсету органдарымен байланыс орнату үшiн қолданылатын және ұшу жоспарына енгiзiлген әуе кемесiнiң тану белгiсiне сәйкес болуы тиiс.
Жағдай "ХАЙ ДЖЭК" сөзiн қолдану үшiн әр уақытта қолайлы бола бермеуi мүмкiн.
Қазақстан Республикасының
әуе кеңiстiгiнде ұшудың
негiзгi ережесіне
3-қосымша
Әуе кемесiнiң жердегi және әуедегi
қозғалысын реттеу сигналдары
1. Әуеайлақтық диспетчерлiк қызмет беретiн сигналдар.
Тиiстi әуе кемесiне қарай бағытталған қызыл ракета осының алдындағы кез-келген сигнал-нұсқауларға қарамастан, қазiргi уақытта қонуға рұқсат етiлмейтiнiн білдiредi.
Сигналдық ракеталар ұшу шектелген аймақта, тыйым салынған немесе қауiптi аймақта ұшуды орындаған, сондай-ақ сол аймақтардың бiрiне апаратын жолдағы рұқсаты жоқ әуе кемелерiн ескерту үшiн қолданылады:
күндiз немесе түнде - 10 секундтық аралықпен жiберiлетiн және жарылғанда қызыл және жасыл оттарды немесе жұлдыздарды шашатын ракеталар сериясы, бұл әуе кемесiне оның ұшуы мұндай аймақтардың шегiнен тыс өтуi үшiн шара қолдануы керектiгiн білдiредi.
2. Әуе кемесi экипажының сигналдарды қабылдағаны туралы растаулары:
1) ұшу кезiнде: күндiз - қанаттарын шайқалту (бұл сигналды үшiншi және төртiншi бұрылыстар аралығындағы учаскеде және соңғы тура бағытта беруге болмайды);
2) түнде - қону шамдарын екi дүркiн жыпылықтату немесе олар орнатылмаса, аэронавигациялық оттарды екi дүркiн қосу және сөндiру;
3) жерде: күндiз - элерондарды немесе бүру рулiн қозғау;
4) түнде - қону шамдарын екi дүркiн жыпылықтату немесе олар орнатылмаса, аэронавигациялық оттарды екі дүркiн қосу және сөндiру арқылы берiледi.
3. Iлесiп жүретiн автомобильден берiлетiн сигналдар:
1) жасыл жарық - маған қарай жүрiңiз (маған iлесiңiз);
2) қызыл жарық - рульдеудi тоқтатыңыз (тоқта);
3) үзiк-үзiк жыпылықтату - рульдеу жылдамдығын азайтыңыз (жоғары назар).
Сигналды ашық түстi биялай киген сигнал берушi қолдарымен немесе таяқтың, жалаушалардың немесе электр қол шамдарының көмегiмен бередi.
Сигналдарды бергенде сигнал берушi әуе кемесiнiң командирiне жақсы көрiнетiн жерде тұруы тиiс.
Сигнал берушi әуе кемесiне бетiн берiп тұрған кезде қозғалтқыштардың нөмiрленуi оңнан солға қарай, яғни сигнал берушi үшiн оң жақтағы шеткi қозғалтқыш нөмiрi бiрiншi болып табылады.
4. Әуе кемесi командирiнiң сигнал берушiге беретiн сигналдары.
Тежегiштер.
Teжeгiштep қосылды: саусақтары созылған қолды беттiң деңгейiне дейiн көтерiп, саусақ буындарын жұдырық етiп түю керек. Саусақ буындарының түйiлу сәтi тежегiштердiң қосылу сәтiн көрсетедi.
Тeжeгiштep босатылды: саусақ буындары жұдырық етiп түйiлген қолды беттiң деңгейiне дейiн көтерiп, саусақтарды ашу керек. Саусақ буындарының ашылу сәтi тежегiштердiң босатылу сәтiн көрсетедi.
Тiрегiштер (Колодкалар).
Tiрeгiштep қойылсын: алақандарды сыртқа қаратып, көтерiлген қолдарды бет алдында айқастырады.
Tipeгiштep алып тасталсын: алақандарды сыртқа қаратып, бет алдында айқастыра көтерген қолдарды екi жаққа қарай жаю керек.
Қозғалтқыштарды қосуға дайындық.
Қосылатын қозғалтқыштардың нөмiрiне сәйкес келетiн саусақтар санын созып көрсету керек.
Әуеайлақ қозғалысына арналған сигналдар
Жарық сигналдары және ракеталар
көмегiмен берiлетін сигналдар
1. Hұсқаулар:
┬────────────────────┬───────────────────────────────────────────────┐
│ От │ Әуеайлақтық диспетчерлiк қызмет үшiн: │
│ ├───────────────────────┬───────────────────────┤
│ │ Ұшудағы әуe кемелерi │ Жердегi әуe кемелерi │
├────────────────────┴───────────────────────┴───────────────────────┤
│Тұрақты Жасыл Қонуға Ұшуға рұқсат │