Банкроттық рәсiмдерде төлем жасауға кабiлетi жоқ борышкерлердiң
мүлкiн және iстерiн басқару жөніндегі қызметтi лицензиялау
ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2001 ж. 28 сәуірдегі № 581 қаулысы
(2006.15.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2006 ж. 21 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегі Заңын iске асыру мақсатында, "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Банкроттық рәсiмдерде төлем жасауға қабiлетi жоқ борышкерлердiң мүлкiн және істерiн басқару жөнiндегі қызметтi лицензиялау ережесi бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгізiлсiн:
1) ҚР Үкіметінің 2006.15.03 № 168 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
2) "Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1995 ж., № 41, 515-құжат):
көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:
реттiк нөмiрi 18-жолдың 3-бағаны "банкроттық рәсiмдерде төлем жасауға қабiлетi жоқ борышкерлердiң мүлкiн және істерiн басқару жөніндегі қызмет" деген сөздермен толықтырылсын.
3. "Кәсiпорындарды қаржы-экономикалық сауықтыру, банкроттықтың алдын алу, дәрменсiз кәсiпорындарды тарату жөніндегі қызметтi жандандыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 27 маусымдағы № 1029 қаулысының 4-тармағының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., № 29, 261-құжат) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Қ.Тоқаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2001 жылғы 28 сәуірдегі
№ 581 қаулысымен
бекітiлген
Банкроттық рәсiмдерде төлем жасауға қабiлетi жоқ борышкерлердiң
мүлкiн және iстерiн басқару жөнiндегі қызметтi лицензиялау
ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы Заңына, "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңына сәйкес әзiрлендi және банкроттық рәсiмдерде төлем жасауға қабiлеті жоқ борышкерлердiң мүлкiн және істерiн басқару жөніндегі қызметті лицензиялау тәртібін белгiлейдi.
ҚР Үкіметінің 28.11.02 ж. № 1268 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитетi банкроттық рәсiмдерде төлем жасауға қабiлеті жоқ борышкерлердiң мүлкiн және істерiн басқару жөніндегі қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензия беру жөніндегі уәкiлетті орган (бұдан әрi - лицензиар) болып табылады.
3. Лицензия алу құқығы Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiне және осы Ережеде белгiленген талаптарды сақтаған кезде Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына берiледi.
4. Банкроттық рәсiмдерде төлем жасауға қабiлеті жоқ борышкерлердiң мүлкiн және істерiн басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензия басты болып табылады.
Лицензия иелiктен айрылмайтын, яғни, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiмен өзгеше көзделмесе, лицензиатпен басқа жеке немесе заңды тұлғаларға берілмейтiн болып табылады.
5. Лицензияның күшi Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолданылады.
2. Лицензия алу үшін қажеттi құжаттар
6. Өтінiш берушi лицензия алу үшiн мынадай құжаттар ұсынады:
1) белгiленген үлгідегi өтiнiш;
2) банкроттық рәсiмдерде төлем жасауға қабiлеті жоқ борышкерлердiң мүлкiн және істерiн басқару жөніндегi қызметпен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым (бұдан әрi - лицензиялық алым) төлегенiн растайтын құжат;
3) өтiнiш берушінің біліктілік талаптарға жауап беретіндiгiн растайтын құжаттар:
жеке тұлғалар үшiн:
жеке куәлiгiнiң нотариалды куәландырылған көшiрмесi;
білімi туралы дипломының көшiрмесi;
жұмыс өтілін растайтын құжаттардың көшiрмесi;
заңды тұлғалар үшiн:
заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлiктiң нотариалды куәландырылған көшірмесi;
жоғарғы білімi бар қызметкерлермен еңбек қатынасының болуын растайтын құжаттардың көшiрмелерi;
жоғарғы білім бар қызметкерлердiң жұмыс өтілінiң болуын растайтын құжаттардың көшiрмелерi;
көрсетiлген қызметкерлердiң білімi туралы дипломдарының көшірмелерi.
3. Лицензиаттарға қойылатын білiктілiк талаптары
7. Банкроттық рәсiмдерде төлем жасауға қабiлеті жоқ борышкерлердiң мүлкiн және істерiн басқару жөніндегі қызметтi жүзеге асыруға лицензия алу үшiн өтiнiш берушi мынадай біліктілiк талаптарына жауап беруi тиiс:
1) жоғары білімiнiң болуы;
2) кемiнде екi жыл жұмыс өтілі.
8. Лицензия алуға үміткер заңды тұлғаға мынадай талап қойылады:
заңды тұлғаның штатында өтiнiш берушiлер - жеке тұлғалар үшiн белгiленген біліктілік талаптарына сәйкес келетiн кемiнде екi қызметкердiң болуы. Бұл ретте, көрсетiлген талаптарға бiрiншi басшы немесе оның орынбасарларының бiрi сәйкес келуi тиiс.
4. Лицензия беру туралы өтінiштердi қарау мерзiмдерi
мен лицензия бергенi үшiн алым
9. Лицензия, егер заңнамалық кесiмдермен басқа мерзiм көрсетілмесе, өтiнішті барлық қажетті құжаттармен бiрге өткiзген күннен бастап бiр ай мерзiмнен кешiктiрмей, ал шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн он күн мерзiмнен кешіктірмей берiледi.
10. Лицензия алымының мөлшерi мен оны төлеу тәртібi Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен белгiленедi.
Тиiстi қызмет түрiмен кезең бойы айналысуға лицензия беру лицензия берген сәтке бiр жолғы лицензиялық алым төлеумен жүзеге асырылады.
5. Лицензия беруден бас тарту
11. Лицензия мынадай жағдайларда берiлмейді, егер:
субъектiлердiң осы санаты үшiн қызметтiң белгiлi бiр түрiн жүзеге асыруға заң кесiмдерiмен тыйым салынса;
осы Ереженiң 6-тармағына сәйкес талап етiлген барлық құжаттар ұсынылмаса. Өтінiш берушi көрсетiлген кедергiлерді жойған кезде, өтінiш жалпы негiздерде қаралады;
лицензия алымы енгізiлмесе;
өтiнiш берушiге қатысты оған қызметтің осы түрiмен айналысуға тыйым салатын сот шешімі болса;
өтiнiш берушi банкроттық рәсiмдерде төлем жасауға қабiлетi жоқ борышкерлердiң мүлкiн және істерін басқару жөніндегі қызмет үшiн қойылатын белгiленген біліктілік талаптарына жауап бермесе.
12. Өтiнiш берушiге лицензия беруден бас тартқан кезде, лицензия беру үшiн белгiленген мерзiмдерде жазбаша түрдегi дәлелдi жауап беріледi.
13. Егер лицензия заң кесiмдерiмен және осы Ережемен белгiленген мерзiмде берiлмесе немесе өтiнiш берушiге бас тарту негiзсiз болса, ол бiр ай мерзiмде бұл әрекетке сот тәртібімен шағымдануға құқылы.
6. Лицензияның әрекетiн тоқтату
14. Лицензия мынадай жағдайларда өз әрекетін тоқтатады:
лицензия қайтарып алынса;
азамат кәсiпкерлiк қызметiн тоқтатса, заңды тұлға қайта ұйымдастырылса немесе таратылса.
15. Лицензия әрекетiнiң тоқтатылуына байланысты даулар сотпен шешiледi.
7. Лицензияны қайтарып алу және оның әрекетiн тоқтата тұру
16. Лицензия, егер заңнамалық кесiмдермен өзгеше көзделмесе, мынадай жағдайларда:
лицензиат лицензиядағы талаптарды орындамағанда;
жүзеге асыруға лицензиясы бар қызмет түрiмен айналысуға лицензиатқа сот тыйым салғанда;
лицензиар лицензияның әрекетiн тоқтата тұру себептерiн жоймағанда;
лицензиат лицензияны аларда алдын-ала терiс ақпарат бергенде сот тәртібімен қайтарып алынуы мүмкiн.
17. Лицензияның әрекетi мынадай жағдайларда:
қызметті заңнама талаптарын бұза отырып жүзеге асырған кезде;
Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа жағдайларда тоқтата тұруы мүмкiн.
18. Лицензиар лицензияның әрекетiн тоқтата тұру себебiн көрсете отырып алты айға дейiнгi мерзімге тоқтата тұруға құқылы.
Шағын кәсiпкерлiк субъектiсi лицензиясының күшiн тоқтата тұруды лицензиардың, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың өтiнiшi бойынша сот жүргiзедi.
Шағын кәсiпкерлiк субъектісi лицензиясының күшін тоқтата тұру туралы өтінiшті уәкiлетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiмен белгiленген тәртiппен және негiздемеде сотқа жiбередi.
Шағын кәсiпкерлiк субъектiсi лицензиясының күшін сот шешiмiнсiз тоқтата тұруға Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiмен белгіленген айрықша жағдайларда, сотқа көрсетiлген мерзiмде мiндеттi түрде талап арызын көрсете отырып, 3 күннен аспайтын мерзiмге рұқсат етiледi. Бұл ретте тоқтата тұру туралы кесiм сот шешiмi шығарылғанға дейiн қолданыста болады.
19. Лицензия тоқтатыла тұрған немесе қайтарып алынған жағдайда лицензиар конкурстық немесе оңалтушы басқарушыны тағайындаған сотқа осындай тоқтата тұру немесе қайтарып алу туралы хабар бередi.
20. Лицензиат лицензияның әрекетін тоқтата тұру туралы шешiмге сот тәртібімен шағымдануға құқылы. Сот лицензия әрекетін тоқтата тұру заңды екендiгі туралы шешкен кезде оны тоқтата тұрудың мерзiмi лицензиар осындай шешiм қабылдаған күнiнен бастап саналсын.
21. Лицензияның әрекетін тоқтата тұрған жағдайда, лицензиат анықталған тәртiп бұзушылықтарды жоюға мiндетті, содан кейін лицензияның әрекетi лицензиардың жазбаша рұқсаты бойынша не соттың тиiсті шешiмiнде белгiленген өзгеше тәртiппен қайта жаңартылады.
8. Лицензияның көшiрмесiн беру және лицензияны қайта ресiмдеу
22. Лицензиат лицензияны жоғалтып алған жағдайда, көшiрмесiн алуға құқығы бар. Лицензиар он күн iшiнде лицензиаттың жазбаша өтiнiші бойынша лицензияның көшiрмесiн берудi жүргізедi. Бұл ретте лицензиат лицензия алымын төлейдi.
23. Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесiнiң аты өзгерген жағдайда, ол бұл туралы лицензиарға көрсетiлген деректердi растайтын тиiсті құжаттарды қоса бере отырып, жазбаша түрде бiр ай мерзiмде хабарлауға мiндетті.
Заңды тұлғаның атауы, орналасқан жерi (егер ол лицензияда көрсетілсе) өзгерген жағдайда, ол бiр ай iшiнде көрсетілген деректердi растайтын тиiсті құжаттарды қоса бере отырып, лицензияны қайта ресiмдеу туралы өтініш беруге мiндеттi.
Лицензиар лицензиат тиiсті жазбаша өтiнiш берген күннен бастап он күн ішiнде лицензияны қайта ресiмдейдi.
Лицензияны қайта ресiмдеген және көрсетiлген құжатты берген кезде Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен белгiленген тәртiппен және мөлшерде алым төленедi.
9. Лицензиялық ережелердi сақтауды бақылау
24. Лицензиялық ережелердiң сақталуын бақылауды лицензиар жүзеге асырады.
25. Осы Ереженi бұзушылық Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгiленген жауапкершiлiк жүктейдi.