Еуразия даму банкінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 12 сәуірдегі № 272 Қаулысы
(2013.23.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 27 Қаулысымен күші жойылды
2006 жылғы 12 қаңтардағы Еуразия даму банкін құру туралы келісіммен бекітілген Еуразия даму банкі Жарғысының 13 және 14-баптарын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 2007.29.05. № 432 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.01.02. № 85 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2009.29.06. № 1001 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.23.12. № 1384 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов Еуразия даму банкінің Кеңесіндегі Қазақстан Республикасының өкілетті өкілі;
2) Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі Әсет Өрентайұлы Исекешев Еуразия даму банкінің Кеңесіндегі Қазақстан Республикасының өкілетті өкілінің орынбасары болып тағайындалсын.
2. Ресей Федерациясының Еуразия даму банкі басқармасының төрағасы лауазымына белгіленген тәртіппен сайлау үшін Игорь Валентинович Финогеновті тағайындау туралы ұсынысына келісім берілсін.
3. Осы қаулы Еуразия даму банкін құру туралы келісім күшіне енген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |