Еуразия даму банкінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 12 сәуірдегі № 272 Қаулысы
(2008.01.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2009 жылғы 29 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2006 жылғы 12 қаңтардағы Еуразия даму банкін құру туралы келісіммен бекітілген Еуразия даму банкі Жарғысының 13 және 14-баптарын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Мыналар:
ҚР Үкіметінің 2007.29.05. № 432 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.01.02. № 85 Қаулысымен (бұр. ред. қара) 1) тармақша өзгертілді
1) Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Болат Бидахметұлы Жәмішев Еуразия даму банкінің Кеңесіндегі Қазақстан Республикасының өкілетті өкілі;
ҚР Үкіметінің 2007.29.05. № 432 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.01.02. № 85 Қаулысымен (бұр. ред. қара) 2) тармақша өзгертілді
2) Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі Қуандық Уәлиханұлы Бишімбаев Еуразия даму банкінің Кеңесіндегі Қазақстан Республикасының өкілетті өкілінің орынбасары болып тағайындалсын.
2. Ресей Федерациясының Еуразия даму банкі басқармасының төрағасы лауазымына белгіленген тәртіппен сайлау үшін Игорь Валентинович Финогеновті тағайындау туралы ұсынысына келісім берілсін.
3. Осы қаулы Еуразия даму банкін құру туралы келісім күшіне енген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |