«Елтаңбалық қағазды шығару қызметіне қойылатын біліктілік
талаптарын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 6 желтоқсандағы
№ 1580 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2006.15.03 № 168 қаулысымен күші жойылды
"Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған елтаңбалық қағазды шығару қызметіне қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Қ. Тоқаев |
Қазақстан Республикасы
Yкіметінің
2001 жылғы 6 желтоқсандағы
№ 1580 қаулысымен
бекітілген
Елтаңбалық қағазды шығару қызметіне
қойылатын біліктілік талаптары
Біліктілік талаптары елтаңбалық (оның ішінде вексель) қағазды шығару қызметімен айналысу құқығына үміткер субъектілерге қолданылады және өзіне мыналарды қамтиды.
1. Тұрақты үй-жайдың, яғни сумен және электр қуатымен, су құбырымен, өртке қарсы және күзет құрылғыларымен жабдықталған және мыналардан:
өндіріліп жатқан өнімді сақтау үшін жартылай фабрикаттардың аралық қоймасынан;
шикізат өндіруде пайдаланылатын химиялық талдау дайындалатын өнімді қорғау құралдарын әзірлеу үшін қажетті жабдығы бар химиялық зертхана үй-жайынан;
компьютерлік графика үй-жайы - елтаңбалық қағаздың дизайны фотопленкаға басылуы және дайындалуы жүзеге асырылуы тиіс үй-жайдан;
баспа формаларын, яғни елтаңбалық қағаз тікелей басылатын полиграфиялық жабдықта орнатылатын монометалл пластиналарын дайындау жөніндегі үй-жайдан;
бейнебақылау және жазып алу жөніндегі жиынтық жабдығы бар ішкі күзет үй-жайынан;
өндірістік үй-жай - елтаңбалық қағазды шығаруға қажетті полиграфиялық және өзге де жабдық орналасқан үй-жайдан;
дайын өнімді қабылдауға және сақтауға арналған үй-жайдан;
шығарылатын елтаңбалық қағаздың жазу парақтарын (баспа машинасындағы жұмыс жылдамдығындағы таралым формасынан алынған және басуға қол қойылған көшірме беттерді) және эталонды үлгілерді ұзақ сақтауға арналған мұрағат үй-жайынан;
әкімшілік-тұрмыстық үй-жайдан;
техникалық учаскелерден (желдеткіш камералар, ауаны тазартуға арналған камералар) тұратын күрделі ғимараттың немесе құрылыстың болуы.
2. Қолдан жасаудан қорғауды қамтамасыз ететін елтаңбалық қағазды шығаруға арналған полиграфиялық және өзге де жабдықтың (оның ішінде технологиялық қалдықтарды жоюға арналған), технологиялардың болуы.
3. Шығарылатын өнімді есепке алу және сақтау жүйесінің болуы.
4. Тиісті білім деңгейіне жауап беретін және мамандығы бойынша кемінде бір жыл практикалық жұмыс тәжірибесі бар білікті мамандардың болуы.
5. Құрамында кемінде 3 адамы бар күзет бөлімшесінің болуы.
6. Өндірістік және тұрмыстық үй-жайлардың дабыл беру және бейнебақылау жүйелерімен жабдықталуы.