айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе оннан он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 333-бап жаңа редакцияда ; 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 333-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
333-бап. Тыныштықты бұзу
Жеке тұлғалардың қалыпты демалысы мен тыныштығына кедергi келтiретiн, түнгi уақыттағы (сағат 23-тен таңғы 6-ға дейiн) тыныштықты бұзу, соның iшiнде тұрғын үй-жайларда және олардың сыртында шұғыл қажеттілікпен байланыссыз шу шығаратын жұмыстарды жүргiзу, -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің екіге дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - онға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға қырыққа дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 334-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
334-бап. Арнайы қызметтердi көрiнеу жалған шақыру
1. Мемлекеттік өртке қарсы қызметтi, полицияны, медициналық жедел жәрдемдi, авариялық қызметтердi көрiнеу жалған шақыру, -
айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған не аварияларды, өрттерді, табиғи апат зардаптарын жою кезеңінде жасалған іс-әрекеттер, -
айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Он төрт жастан он алты жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар жасаған, осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген iс-әрекеттер, -
ата-аналарға немесе оларды алмастыратын адамдарға ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
335-бап. Үйде жасалатын күштi спирт iшiмдiктерiн дайындау және сату
Самогон, чача, тұт арағы, брага және басқа да күштi спирт iшiмдiктерiн сату мақсатымен заңсыз дайындау, сол сияқты аталған спирт iшiмдiктерiн сату, -
спирт iшiмдiктерiн, аппараттарды, оларды дайындауға арналған шикiзаттарды және жабдықтарды, сондай-ақ оларды сатудан түскен ақша мен өзге де құндылықтарды тәркiлей отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
336-бап. Спирт iшiмдiктерiн iшу немесе қоғамдық орындарға мас күйiнде
келу
1. Жергiлiктi атқарушы орган спирт iшiмдiктерiн құйып сатуға рұқсат еткен сауда және қоғамдық тамақтандыру ұйымдарынан басқа, көшелерде, стадиондарда, гүлзарларда, саябақтарда, қоғамдық көлiкте және басқа да қоғамдық орындарда спирт iшiмдiктерiн iшу немесе қоғамдық орындарға адамның қадiр-қасиетiне әрi қоғамдық имандылыққа нұқсан келтiретiндей мас күйiнде келу, -
айлық есептiк көрсеткiштiң бiрге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiнгi бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
айлық есептiк көрсеткiштiң бiрден екiге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, спирт iшiмдiктерiн iшкенi немесе қоғамдық орынға мас күйiнде келгенi үшiн бiр жыл iшiнде екi рет әкiмшiлiк жаза қолданылған адамның жасаған iс-әрекеттерi, -
айлық есептiк көрсеткiштiң екiден беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға, ал ерекше жағдайларда, егер iстiң мән-жайына орай және тәртiп бұзушының жеке басы ескерiле отырып, бұл шаралар жеткiлiксiз деп танылса, - он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II Заңымен 336-1-баппен толықтырылды
336-1-бап. Жекелеген қоғамдық орындарда темекi шегуге
тыйым салуды бұзу
1. Қазақстан Республикасының заңдарында темекi шегуге тыйым салу белгiленген жекелеген қоғамдық орындарда темекi шегу, -
бiр айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
айлық есептiк көрсеткiштiң екiден беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Жұмыс берушiнiң темекi шегу үшiн арнаулы орындар бөлудi көздейтiн Қазақстан Республикасының зияндарын бұзуы, сондай-ақ бұл үшiн арнаулы белгiленбеген орындарда темекi шегушiлерге шаралар қолданбауы, -
лауазымды адамға айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - қырыққа дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 336-2-баппен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
336-2-бап. Қоғамдық орындарда есірткі құралдарын,
психотроптық заттарды және прекурсорларды
медициналық тұрғыдан тыс тұтыну
1. Қоғамдық орындарда есірткі құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды медициналық тұрғыдан тыс тұтыну, -
айлық есептік көрсеткіштің бірден екіге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
337-бап. 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
338-бап. Құмар ойындар
1. Бұл үшiн бөлiнбеген орындарда құмар ойындарға (ақшаға, затқа және басқа құндылықтарға) қатысу, сол сияқты бұған арнайы рұқсаты жоқ адамдардың спорттық және өзге де жарыстарға ұтыс тiгуi, -
ойын құралдарын, ақшасын, заттары мен өзге де құндылықтарын тәркiлей отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң екiден беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе он тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.
2. Он алты жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандарды ақша, зат және өзге де құндылықтар салып құмар ойындармен айналысуға тарту, -
айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
339-бап. Эротикалық мазмұндағы өнiмдердi жарнамалау
Осы мақсаттар үшiн бөлiнбеген орындарда эротикалық мазмұндағы өнiмдердi сату, тарату немесе жарнамалау, -
аталған өнiмдердi тәркiлей отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 340-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
340-бап. Тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау мен пайдалану
ережелерiн бұзу
Мемлекет қорғайтын тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау мен пайдалану ережелерiн бұзу, -
жеке тұлғаларға- айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
341-бап. Тарих және мәдениет ескерткiштерiн немесе табиғи объектiнi
қорлау
1. Мемлекет қорғайтын тарих және мәдениет ескерткiштерiн немесе табиғи объектiлердi қорлау, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Он алты жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар жасаған нақ сол iс-әрекеттер, сондай-ақ адамдар жерленген орындарды қорлау, -
ата-аналарға немесе оларды алмастыратын адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
23-тарау. Баспасөз және ақпарат саласындағы
әкімшілік құқық бұзушылық
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 342-бап жаңа редакцияда ; 2005.08.07 № 67-III ҚР Заңымен 342- бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) ; 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 342-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
342-бап. Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат
құралдары туралы заңдарын бұзу
1. Бұқаралық ақпарат құралдарының өнiмiн, сондай-ақ ақпарат агенттiгiнiң хабарлары мен материалдарын есепке қоймай не олардың шығарылуын (эфирге шығуын) тоқтата тұру, тоқтату немесе есепке қою туралы куәлiктің күшi жойылды деп тану туралы шешiм шыққаннан кейiн тарату, -
бұқаралық ақпарат құралдарының өнiмi тәркiлене отырып, лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткіштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, бұқаралық ақпарат құралдарының меншiк иелерiне, заңды тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Мемлекеттік тiлдегі хабарларды уақыты жағынан телерадио-хабарлар арналарында басқа тiлдердегі хабарлардың жиынтық көлемiнен аз тарату, -
баспа немесе өзге де өнімі тәркiлене отырып және бұқаралық ақпарат құралдарының шығарылуын (эфирге шығуын) үш айға дейiнгi мерзiмге тоқтатып, лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, бұқаралық ақпарат құралдарының меншiк иелерiне, заңды тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде, бұқаралық ақпарат құралдарының меншiк иелерiне, заңды тұлғаларға телевизия және (немесе) радио хабарларын таратуды ұйымдастыру жөніндегі қызметке берiлген лицензиядан айыра отырып және бұқаралық ақпарат құралдарының шығарылуын (эфирге шығуын) тоқтата отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Меншiк иесi не оның ұйымдық-құқықтық нысаны, атауы, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралының атауы ауысқан, басылымның не хабарлардың тілі, таралу аумағы, негiзгi тақырыптық бағыты өзгерген жағдайларда қайта есепке қоймай бұқаралық ақпарат құралының өнiмiн, сондай-ақ ақпарат агенттiгiнiң хабарлары мен материалдарын тарату -
бұқаралық ақпарат құралдарының шығарылуын (эфирге шығуын) үш айға дейiнгі мерзiмге тоқтата отырып, лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткіштің жиырмадан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде, бұқаралық ақпарат құралдарының меншiк иелеріне, заңды тұлғаларға айлық есептiк көрсеткіштiң жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2005.08.07 № 67-III ҚР Заңымен 343- бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
343-бап. Бұқаралық ақпарат құралдарында ұлттық араздықты тұтандыруға
бағытталған материалдарды жариялауға рұқсат беру
Нәсiлдiк, ұлттық, әлеуметтiк және дiни араздықты тұтандыруға бағытталған, тектiк-таптық артықшылықты, соғысты насихаттайтын, республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге және аумақтық тұтастығын бұзуға шақыратын үндеуi бар мәлiметтер мен материалдарды баспасөзде және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға рұқсат беру, -
бұқаралық ақпарат құралдарының лауазымды адамдарына айлық есептiк көрсеткiштiң жүзден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не баспа өнiмдерi тәркілене отырып, он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкімшілік қамауға алуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 344-бап жаңа редакцияда ; 2005.08.07 № 67-III ҚР Заңымен 344- бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) ; 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 342-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
344-бап. Бұқаралық ақпарат құралдарының өнiмдерiн, сол
сияқты өзге де өнiмдердi Қазақстан Республикасының
аумағында даярлау, сақтау, әкелу, тасымалдау,
тарату
1. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертудi, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiрудi, соғысты, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық араздықты қоздыруды, қатыгездiктi, зорлық-зомбылықты және порнографияны насихаттауға немесе үгiттеуге бағытталған мәлiметтерi мен материалдары бар бұқаралық ақпарат құралдары өнiмдерiн Қазақстан Республикасының аумағында даярлау, сақтау, әкелу тасымалдау -
бұқаралық ақпарат құралдарының өнімдері тәркілене отырып, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмаға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - жиырма беске дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертудi, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiрудi, соғысты, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық араздықты қоздыруды насихаттауға немесе үгiттеуге, экстремизмдi немесе терроризмдi насихаттауға және ақтауға бағытталған мәлiметтерi мен материалдары бар бұқаралық ақпарат құралдары өнiмдерiн Қазақстан Республикасының аумағында тарату, -
бұқаралық ақпарат құралдарының өнімдері тәркілене отырып, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмаға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - жиырма беске дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
телевизия бағдарламалары мен (немесе) радиохабарларын ұйымдастыру жөніндегі қызметке берілетін лицензиядан айырып және заңды тұлғаның қызметіне тыйым сала отырып, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің елуден жүзге дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүзден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мыңнан екі мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертудi, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсiздігіне нұқсан келтiрудi, соғысты, әлеуметтiк нәсілдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық араздықты қоздыруды, қатыгездiктi, зорлық-зомбылықты және порнографияны насихаттауға немесе үгiттеуге бағытталған мәлiметтерi мен материалдары бар бұқаралық ақпарат құралдарына жатпайтын өзге де өнiмдердi Қазақстан Республикасының аумағында даярлау, сақтау, әкелу, тасымалдау, тарату, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткіштің елуден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жүзден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе он бес тәулiкке дейiнгi әкiмшiлiк қамауға, заңды тұлғаларға - өнiмдерi тәркiлене отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң бес жүзден екi мыңға дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Осы баптың үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде көзделген әкiмшілiк жазалар қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштің жүзден екi жүзге кейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткіштiң екi жүзден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға телевизия және (немесе) радио хабарларын таратуды ұйымдастыру жөніндегі қызметке берiлетiн лицензиядан айыра отырып және заңды тұлғаның қызметiне тыйым сала отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң бiр мыңнан екi мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
345-бап. 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 346-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
346-бап. Бұқаралық ақпарат құралдарымен сотқа ықпал жасау
Сот қарайтын қандай да болсын iс бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында сотта iс қарау нәтижелерiне алдын ала пайымдау жасау немесе сот актiсi күшiне енгенге дейiн сотқа ықпал ету, -
лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) ; 2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңдарымен 347-бап өзгертілді
347-бап. Бұқаралық ақпарат құралдарына көрiнеу жалған мәлiметтер және материалдар беру
Бұқаралық ақпарат құралдарына көрiнеу жалған мәлiметтер және материалдар беру, -
жеке тұлғаларға- айлық есептiк көрсеткiштiң он беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) ; 2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңдарымен 348-бап өзгертілді
348-бап. Мерзiмдi баспа басылымдарының мiндеттi тегiн
даналарын берудiң, теле- және радиохабарлар
материалдарын тiркеудiң, сақтаудың тәртібін бұзу
1. Мерзiмдi баспа басылымдарының мiндеттi тегiн даналарын берудiң, сондай-ақ теле- және радиохабарлар материалдарын тiркеу мен сақтаудың тәртібін бұзу, -
айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
айлық есептiк көрсеткiштiң он беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға және бұқаралық ақпарат құралдарының шығуын (эфирге шығуын) үш айға дейiнгi мерзiмге тоқтата тұруға әкеп соғады.
05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) ; 2005.08.07 № 67-III (бұр. ред. қара) ; 2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңдарымен 349-бап өзгертілді
349-бап. Теле-, радиохабарлары мен жарнамалық роликтердi эфирге
шығару тәртібін бұзу
1. Темекi және алкоголь өнiмдерiн насихаттайтын теле-, радиохабарлары мен жарнамалық роликтердi эфирге шығару тәртібін бұзу, -
лауазымды адамдарға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
теле- және радиохабарлардың, жарнамалық роликтердiң жекелеген шығарылымдарын тәркiлей отырып, лауазымды адамдарға жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Заңдарда белгiленген тәртiптi бұза отырып, шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарының теле- және радиобағдарламаларын қайталап беру, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде, бұқаралық ақпарат құралдарының меншiк иелерiне, заңды тұлғаларға - жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
бұқаралық ақпарат құралдарының шығарылуын (эфирге шығуын) үш айға дейiнгi мерзiмге тоқтата отырып, лауазымды адамдарға жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, бұқаралық ақпарат құралдарының меншiк иелерiне, заңды тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II Заңымен 349-1-баппен толықтырылды
349-1-бап. Темекi және темекi бұйымдарын жарнамалау
1. Мерзiмдi баспа басылымдарында жарнаманы шығару тәртібін, оның iшiнде оларда темекi және темекi бұйымдарына жарнаманы бiрiншi және соңғы беттерiнде, мұқабаларында орналастыру жолымен бұзу, кәмелетке толмағандарға бағдарланған мерзiмдi баспа басылымдарында темекi бұйымдарын жарнамалау, -
айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Темекi бұйымдарын жарнама мақсатында тегiн тарату, -
айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Кәмелетке толмағандар арасында жарнама мақсатында темекi бұйымдарының үлгiлерiн тарату, -
айлық есептiк көрсеткiштiң отызға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Мәдени-ойын-сауық және спорт шараларын өткізу кезiнде темекiнi және темекi бұйымдарын жарнамалау, сол сияқты, кәмелеттiк жасқа толмағандарға арналған шараларға демеушi болып, егер бұл орайда мұнда темекi бұйымдарының атауы, бейнесi немесе тауар белгiсi (қызмет көрсету белгiсi) пайдаланылса, -
айлық есептік көрсеткiштiң жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Темекi бұйымдарын көлiкте жарнамалау, -
айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) ; 2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңдарымен 350-бап өзгертілді
350-бап. Шығарылым деректерiн жариялау тәртібін бұзу
1. Мерзiмдi баспа басылымдарын белгiленген шығарылым деректерiнсiз шығару, эфирде өз атауын хабарламай, сол сияқты анық емес не көрiнеу жалған шығарылым деректерiмен электрондық бұқаралық ақпарат құралдарының теле- және радиобағдарламаларының эфирге шығуы, -
бұқаралық ақпарат құралдары өнiмдерiнiң таралымы тәркiлене отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
өнiм таралымы және бұқаралық ақпарат құралдары өнiмдерiн дайындау және тарату үшiн қолданылатын техникалық құралдар тәркiлене отырып немесе онсыз, айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не бұқаралық ақпарат құралын шығаруды (эфирге шығуын) үш айға дейiнгi мерзiмге тоқтата тұруға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 351-бап өзгертілді
351-бап. Авторлық құпияны және ақпарат көзiн жария ету
Бұқаралық ақпарат құралының лауазымды адамының авторлық құпияны және ақпарат көзiн жария етуi, егер ол оны жария етпеуге жазбаша түрде мiндеттенген болса, -
айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 352-бап жаңа редакцияда
352-бап. Журналистiң заңды кәсiби қызметiне кедергi жасау
1. Журналистiң заңды кәсiби қызметiн орындауына кедергi келтiретiн не оны бұл мүмкiндiктен толық айыратын жағдайлар туғызу, -
айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Журналист сұратқан ақпаратты беруден негiзсiз бас тарту не заңдарда белгiленген мерзiмде табыс етпеу, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
24-тарау. Басқарудың белгіленген тәртібіне қол сұғатын
әкімшілік құқық бұзушылық
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 353-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
353-бап. Заңсыз нормативтiк құқықтық акт шығару және оны қолдану
1. Мемлекеттік органның лауазымды адамының Конституцияға не өзге де заң актілеріне қайшы келетiн, жеке тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын және мiндеттерiн, шаруашылық жүргiзушi субъектiлер мен мемлекеттiң заңды мүдделерiн қозғайтын көрiнеу заңсыз нормативтiк құқықтық акт шығаруы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң он беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Белгiленген тәртiппен күшi жойылған, сот күшi жоқ деп таныған не қолданылу күшiн уәкiлеттi органдар тоқтата тұрған, сондай-ақ әдiлет органдарында мемлекеттік тiркеуден өтпеген нормативтiк құқықтық актiлердi орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың, сондай-ақ жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың лауазымды адамдарының көрiнеу заңсыз қолдануы, не белгiленген тәртiпте жарияламау, -