4. Өз еркiмен емделуден жалтаратын нашақорлықпен немесе уытқұмарлықпен ауырған адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен денсаулық сақтау жүйесiнiң мамандандырылған емдеу-алдын алу мекемелерiнде мәжбүрлеп емделуге тиiс.
5. Қылмыс жасаған, нашақорлықпен немесе уытқұмарлықпен ауыратын адамдарға медициналық-санитариялық көмек Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негiздер мен тәртiп бойынша көрсетiледi.
6. Ерiктi стационарлық емдеу кезеңiнде ауру адамға - жұмысқа жарамсыздық қағазы, ал емделу аяқталғаннан кейiн оның өтiнiшi бойынша емдеу мақсаты көрсетiлген анықтама берiледi.
7. Емдеу курсынан өту үшiн наркологиялық мекемеге өз еркiмен келген адамға оның өтiнiшi бойынша жасырын емдеу қамтамасыз етiледi. Ондай емдеу туралы мәлiмет ол адам қылмыстық және әкiмшiлiк жауапқа тартылған жағдайда, тек iшкi iстер органдары мен өзге де арнаулы уәкiлеттi мемлекеттік органдарға ғана берiлуi мүмкiн.
8. Нашақорлықпен ауыратын адамдарға көмек көрсететiн жеке адамдардың (наркологтардың, адвокаттардың және т.б.) қызметтерiне ақы азаматтардың өз қаражаты немесе қайырымдылық есебiнен төленедi.
36-бап. Нашақорлықпен, уытқұмарлықпен ауыратын адамдарға медициналық-санитариялық көмек көрсетуге құқығы бар заңды және жеке тұлғалар
1. Қазақстан Республикасында нашақорлықпен, уытқұмарлықпен ауыратын адамдарға медициналық-санитариялық көмек көрсетуге осы қызметпен айналысуға тиiстi лицензиясы бар заңды және жеке тұлғалардың ғана құқығы бар.
2. Нашақорлықпен, уытқұмарлықпен ауыратын адамдарға медициналық-санитариялық көмек көрсету жөніндегі қызметке лицензия беру тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.
3. Нашақорлықпен, уытқұмарлықпен ауыратын адамдарға наркологиялық ұйымдар немесе нарколог-дәрiгерлер көрсететiн медициналық-санитариялық көмектiң түрлерi жарғылық құжаттар мен лицензияларда көрсетiледi. Олар туралы ақпарат тiлек бiлдiрушiлердiң бәрiне берiледi.
37-бап. Наркологиялық көмектi қаржыландыру
Нашақорлықпен, уытқұмарлықпен ауыратын адамдарға медициналық-санитариялық көмек көрсететiн мемлекеттік ұйымдарды қаржыландыру бюджет қаражатының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн өзге де көздердiң есебiнен жүзеге асырылады.
4-тарау. Қорытынды ережелер
ҚР 31.05.02 ж. № 327-II Заңына сәйкес 38-бап жаңа редакцияда
38-бап. Есірткі, психотроптық заттар мен пркурсорлар айналымы саласындағы бұзылушылықтар үшін жауаптылық
Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы бұзушылықтар үшін жауаптылық Қазақстан Республикасының заң актілерімен белгіленеді.
Әкімшілік және қылмыстық жауапқа тартқан жағдайда Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға тиісті есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тізімі және Заңсыз айналымда жүргені анықталған есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды шағын, ірі және өте ірі мөлшерге жатқызу туралы жиынтық кесте қолданылады (1, 2-қосымшалар).
Қазақстан Республикасының