Басқа заңды тұлғаның есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы аталған қызметке лицензиясы болуына қарамастан, оған әкелу мен әкетуге берiлген лицензияны беруге болмайды.
3. Жүктiң әрбiр тобына есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды әкетуге арналған лицензияның куәландырылған көшiрмесi қоса берiледi, ол да жүк апарылатын елдiң үкіметіне жiберiледi.
4. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды импорттаушылар мен экспорттаушылардың арасында әкелу және әкету сертификаттарын алмасу арқылы экспорт сертификатына нақты тобының түскенi туралы және әкелу немесе әкету операциясының аяқталғаны туралы белгi қойыла отырып, жүзеге асырылады.
5. Егер есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың әкелiнiп (әкетiлiп) отырған нақты мөлшерi лицензияда көрсетiлген мөлшерге сәйкес келмесе, бұл туралы мәлiметтер әкелiнген (әкетiлген) елдiң тиiстi құзыреттi органына хабарланады.
6. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды әкелудi (әкетудi) жүзеге асыратын кәсiпорындардың атаулары мен мекен-жайлары, осы заттардың тiзбесi мен мөлшерi дәл көрсетiлмейiнше, есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге тыйым салынады.
7. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар транзитін заңды тұлғалар есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган берген рұқсат негізінде, сондай-ақ осы Заңның 28-бабында көзделген жағдайларда жүзеге асырады.
Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар транзитін жүзеге асыру жағдайлары Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен айқындалады.
8. Осы бапта белгiленген талаптар бұзылған жағдайда есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәркiленуге тиiс. Тәркiленген есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды одан әрi пайдаланудың немесе жоюдың тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленедi.
ҚР 31.05.02 ж. № 327-II Заңына сәйкес 13-бап өзгертілді
13-бап. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды тасымалдау, жөнелту
1. Халықаралық тасымалдауды қоса алғанда, есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды тасымалдау, сондай-ақ осы үшiн қажеттi құжаттарды ресiмдеу тәртібі Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерімен реттеледi.
2. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар жүктi тасымалдауды iшкi iстер органдарымен келiсе отырып, әскерилендiрiлген күзет немесе басқа күзет қызметтерi жүзеге асырады.
3. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдауды жүзеге асыру құқығы заңды тұлғаларға есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы осы қызмет түрiне тиiстi лицензиялар алғаннан кейiн берiледi.
4. Емделу кезiнде құрамында есiрткi немесе психотроптық заттар бар дәрi-дәрмектердi пайдаланатын азаматтардың мұндай дәрiлердi сатып алудың және пайдаланудың заңдылығын растайтын құжаты болуға тиiс. Мұндай құжаттың нысанын соған уәкiлеттi мемлекеттік органдар белгiлейдi.
5. Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды почта, соның iшiнде халықаралық почта жөнелтiлiмдерiмен жiберуге тыйым салынады.
14-бап. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды сақтау
1. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды сақтау Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен осы қызмет түрiне берiлген лицензияның негiзiнде арнайы жабдықталған үй-жайларда жүзеге асырылады.
2. Осы Заңда белгiленген шектеулер заңсыз айналымнан алынған және Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органдары белгiлеген тәртiппен сақтаулы тұрған есiрткi, психотроптық заттарға, сол тектестер мен прекурсорларға қолданылмайды.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 15-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
15-бап. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды сату және бөлу
1. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды сатуды және бөлудi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес осы қызмет түрлерiне берiлген лицензиясы болған кезде заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен жүзеге асырады.
2. Азаматтарға құрамында есiрткi және психотроптық заттар бар дәрiлiк препараттарды босату тәртібін денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлейдi.
3. Азаматтарға құрамында есiрткi, психотроптық заттар бар дәрiлiк препараттар осындай қызмет түрiне лицензиясы бар дәрiхана және емдеу-профилактикалық ұйымдарында ғана босатылады. Азаматтарға құрамында есiрткi және психотроптық заттар бар дәрiлiк препараттарды босату құқығы берiлген лауазымдар мен ұйымдар тiзбесiн есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органмен және ветеринария саласындағы уәкiлеттi органмен келісім бойынша белгiлейдi.
4. Құрамында Есiрткi және психотроптық заттар бар дәрiлiк препараттар азаматтарға рецепт бойынша ғана тек медициналық мақсатта пайдалану үшiн, оларды осы мақсаттарға пайдалануға лайықты нысандар мен мөлшерде тағайындалады және босатылады.
5. Денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган Тiзiмге енгiзiлген, медициналық мақсаттарда пайдаланылып жүрген құрамында есiрткi, психотроптық заттар бар дәрiлiк препараттарды ең ұзақ тағайындалу мерзiмiн, сондай-ақ олардың бiр рецепт бойынша жазып беру мен босатуға болатын мөлшерiн белгiлейдi.
6. Тiзiмге енгiзiлген есiрткi және психотроптық заттар құрамында бар дәрiлiк препараттарды тағайындаған кезде емдеушi дәрiгер азаматтан бұдан бұрын тағайындалған құрамында есiрткi, психотроптық заттар бар дәрiлiк препараттар туралы сұрастырып, медициналық құжаттамаға тиiстi жазба түсiруге тиiс.
ҚР 31.05.02 ж. № 327-II; 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) Заңдарымен 16-бап өзгертілді
16-бап. Есiрткi және психотроптық заттарды медициналық мақсатта пайдалану
1. Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға тиiстi есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен медициналық мақсатта пайдаланылуы мүмкiн.
2. Тiзiмге енгiзiлген, медициналық мақсатта пайдалануға рұқсат етiлген дәрiлiк заттарға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген барлық дәрiлiк заттарға қолданылатын ережелер, егер бұл ережелер осы Заңға қайшы келмесе, таралады.
3. Тiзiмге енгiзiлген есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды медициналық мақсатта қолдану Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.
4. Денсаулық сақтау ұйымдары мен дәрiхана ұйымдарында есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына бақылау жасауды денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
5. Тiзiмге енгiзiлген құрамында есiрткi заттар бар дәрiлiк препараттарды қолдану құқығы азаматтық мақсаттағы санитариялық көлiкке қолданылады. Аталған құқықты азаматтық мақсаттағы көлiктiң басқа түрлерiнде заңсыз iске асыру Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жауаптылыққа әкеп соғады.
6. Тiзiмге енгiзiлген құрамында есiрткi заттар бар дәрiлiк препараттар оқыс оқиғаларда алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған азаматтық мақсаттағы көлiкте ғана болуы мүмкiн. Бұған Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау және iшкi iстер органдары рұқсат бередi.
7. Осы баптың 6-тармағында аталған рұқсатта бұл дәрiлiк заттарды орынсыз пайдалануға және олардың заңсыз жолдармен таралып кетуiне жол бермеу мақсатында қолданылуы тиiс шаралар белгiленедi. Рұқсатта экипаж құрамынан осы дәрiлiк заттар сенiп тапсырылатын адамдар, олардың сақталу шарттары, оларды босатудың, алмастырудың тiркелуi, сондай-ақ оларды пайдалану туралы есеп берудiң кезеңдерi көрсетiледi.
8. Дәрiлiк препараттарды осы баптың 7-тармағына сәйкес оқыс оқиғалар мен төтенше жағдайларда пайдалану осы Заңның азаматтарға есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды босатудың тәртібі туралы ережелерiн бұзу деп қаралмайды.
ҚР 31.05.02 ж. № 327-II; 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) Заңдарымен 17-бап өзгертілді
17-бап. Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды мал дәрiгерлiгiнде пайдалану
1. Мал дәрiгерлiгiнде, сондай-ақ жануарларды аулау үшiн пайдаланатын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
2. Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды мал дәрiгерлiгiнде пайдалану шарты мен тәртібін ветеринария саласындағы уәкiлеттi органмен келісім бойынша есiрткi, психотроптық заттар және прекурсорлардың айналымы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлейдi.
18-бап. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды ғылым және оқу мақсаттарында пайдалану
Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды ғылым және оқу мақсаттарында пайдалану есiрткi және психотроптық заттар мен прекурсорларды пайдалануға байланысты қызметке лицензия алған заңды тұлғаларға осы лицензияда дәл көрсетiлген мөлшерде рұқсат етiледi.
ҚР 05.05.00 ж. № 47-1 Заңына сәйкес 19-бап жаңа редакцияда
19-бап. Есiрткi және психотроптық заттарды, прекурсорларды сараптама және криминалистика қызметiнде пайдалану
Осы Заңның 18-бабында көрсетiлген лицензиясы бар заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген сот-сараптама қызметiн жүзеге асырудың өзге де талаптары сақталған жағдайда есiрткi заттар мен прекурсорларды пайдалана отырып не соңғысын анықтау үшiн сараптама жүргiзуге рұқсат етiледi. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды пайдалана отырып не соңғыларын анықтау үшiн сот сараптамасы мемлекеттік органының сараптама жүргiзуі, сондай-ақ iшкі iстер және ұлттық қауіпсiздік органдарының жедел-криминалистiк бөлiмшелерiнiң криминалистiк зерттеулер жүргiзуi лицензиялаусыз жүзеге асырылады
20-бап. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды жедел-iздестiру қызметiнде пайдалану
Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдарға есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды сатып алу мен жұмсаудың тәртібін көздейтiн Қазақстан Республикасы заңдарына және заңға орай шығарылатын нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес жедел-iздестiру шараларын жүргiзу кезiнде, сондай-ақ олардың заңсыз айналымына қарсы күрестi жүзеге асырушы қызметкерлер мен адам құрамының арнайы даярлығы және қызмет иттерiн үйрету үшiн пайдалануға рұқсат етiледi.
21-бап. Есiрткiнi, психотроптық заттар мен прекурсорларды жою
1. Айналымда одан әрi пайдалану орынсыз деп танылған есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар мен құрамында есiрткi бар өсiмдiк тектес заттар, сондай-ақ аспаптар мен жабдықтар Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерінде белгiленген тәртiппен жойылуға тиiс.
2. Есiрткiнi, психотроптық заттар мен прекурсорларды жою:
1) есірткiнiң, психотроптық заттар мен прекурсорлардың жарамдылық мерзiмi өткен;
2) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар химиялық немесе физикалық әсерге ұшырап, соның салдарынан қайта қалпына келтiру немесе қайта өңдеу мүмкiндiгiнен айрылып, жарамсыз болған;
3) тәркiленген, табылып заңсыз айналымнан шығарылып тасталған есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың медициналық, ғылыми немесе өзге де құндылығы болмаған және қайта өңделмейтiн жағдайларда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда жүзеге асырылуы мүмкiн.
3. Құрамында есiрткi және психотроптық заттар бар өсiмдiктердi өсiруге және жинауға лицензиясы жоқ кез келген заңды тұлға, осы өсiмдiктер өсетiн жер учаскелерiнiң иелерi немесе пайдаланушылары болып табылатын азаматтар оларды жоюға мiндеттi.
4. Осы баптың 3-тармағының талаптарын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.
22-бап. Құрамында есiрткi, психотроптық заттар бар өсiмдiктердi өсiру мен жинау
1. Құрамында есiрткi және психотроптық заттар бар өсiмдiктердi өсiру мен жинауға қызметтiң осындай түрiне лицензиясы бар заңды тұлғаларға белгiленген мемлекеттік квоталардан аспайтын көлемде рұқсат берiледi.
2. Қазақстан Республикасының аумағында есiрткiлiк дәрiлiк заттар дайындау мақсатында апиын көкнәрiн, кокаин бұтасы мен каннабис (сора) өсiруге және жинауға осы Заңның 18-бабында көзделгеннен басқа жағдайларда тыйым салынады.
3. Қазақстан Республикасының аумағында құрамында есiрткi және психотроптық заттары бар басқа да өсiмдiктердi өсiру мен жинауға тыйым салу туралы шешiмдi Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайды.
4. Құрамында есiрткi және психотроптық заттар бар өсiмдiктердi өсiру мен жинауға лицензия берудiң және оларды тек қана өнеркәсiптiк және медициналық мақсатта пайдалану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
23-бап. Прекурсорлар айналымының тәртібі
1. Тiзiмге енгiзiлген прекурсорларды әзiрлеу, өндiру, өңдеу, сақтау, тасымалдау, жөнелту, сату, бөлу, сатып алу, пайдалану, Қазақстан Республикасының аумағына әкелу, Қазақстан Республикасының аумағынан әкету, олардың Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өткелi осы Заңмен және Қазақстан Республикасының соған сәйкес қабылданатын прекурсорлар, сондай-ақ есiрткi және психотроптық заттарды өндiру үшiн пайдаланылатын аспаптар мен жабдықтар туралы нормативтiк құқықтық актiлермен реттеледi.
2. Заңды тұлғаларға өздерiнiң өндiрiстiк мұқтаждарынан артық мөлшердегi прекурсорларды сақтауға тыйым салынады.
3. Бөлшек сауда жасайтын заңды тұлғаларға прекурсорларды көтерме сатуға тыйым салынады.
4. Тiзiмге енгiзiлген заттардың бiрi заңсыз түрде есiрткi заттарын немесе психотроптық заттарды дайындау мақсатында пайдалануға арналғандығына дәлелдер болған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оны одан әрi пайдалану туралы сот шешiм қабылдағанға дейiн оған дереу тыйым салынады.
24-бап. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы насихатқа тыйым салу және жарнаманы шектеу
1. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды насихаттауға, яғни заңды және жеке тұлғалардың есiрткi, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын әзiрлеу, дайындау және пайдалану әдiстерi мен тәсiлдерi туралы, оларды сатып алатын орындар туралы мәлiметтердi таратуға бағытталған қызметiне, сондай-ақ кiтап өнiмдерiн, бұқаралық ақпарат құралдары өнiмдерiн шығару мен таратуға, компьютер желiлерiнде аталған мәлiметтердi таратуға немесе осы мақсатта басқа да әрекеттер жасауға тыйым салынады.
2. Тiзiмге (II, III кестелер) енгiзiлген есiрткi мен психотроптық заттарды жарнамалау медицина және фармацевтика қызметкерлерiне арналған арнайы баспасөз басылымдарында ғана жүзеге асырылуы мүмкiн. Есiрткi немесе психотроптық заттары бар дәрi-дәрмек препараттары үлгiлерiн жарнамалау мақсатында таратуға тыйым салынады.
3. Осы бапта белгiленген нормаларды бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа соқтырады.
ҚР 31.05.02 ж. № 327-II Заңына сәйкес 25-бап өзгертілді
25-бап. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына және терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары
1. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына және олардың терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл ұйымдастыру Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн тиiстi мемлекеттік бағдарламалар негiзiнде жүзеге асырылады.
2. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы күрестi өздерiне берiлген өкiлеттiктер шегiнде Қазақстан Республикасының тиiстi уәкiлеттi органдары жүзеге асырады.
3. Есiрткi, психотроптық заттардың, прекурсорлардың заңсыз айналымына және олардың терiс пайдаланылуына қарсы күрестi үйлестiрудi есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады.
ҚР 05.05.00 ж. № 47-II Заңына сәйкес 26-бап өзгертілді
26-бап. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымынан түскен табысты заңдастыру үшін жауаптылық және пайдалану
Табысты заңдастыру: есiрткi, психотроптық заттардың, сол тектестердiң және прекурсорлардың заңсыз айналымынан алынған ақшалай қаражаттың немесе өзге мүлiктiң не мүлiкке құқықтың көздерi мен шығу тегiн, тұрған, орналасқан, қозғалыстағы жерiн немесе шын мәнiнде кiмдiкi екенiн жасыру немесе бұрмалау, сондай-ақ осындай ақшалай қаражатты немесе өзге мүлiктi кәсiпкерлiк немесе өзге экономикалық қызметпен шұғылдану үшiн пайдалану; есiрткi психотроптық заттардың, сол тектестердiң немесе прекурсорлардың заңсыз айналымынан түскен ақша қаражатын меншiк нысандарына қарамастан, банкiлерде, кәсiпорындарда және басқа құрылымдарда орналастыру немесе осындай қаражатқа өндiру және басқа да қажеттер үшiн жабдықтар сатып алу, немесе мұндай қаражат пен мүлiктi, есiрткiнiң, психотроптық заттардың, сол тектестердiң немесе прекурсорлардың заңсыз айналымын жалғастыру мақсатымен пайдалану заңды және жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылығына апарып соғады.
27-бап. Көлiк құралдарын, жүктердi және азаматтардың жеке заттарын тексеру
1. Көлiк құралын, ондағы жүктi, жүргiзушi мен жолаушылардың жеке заттарын тексерудi Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес мемлекеттік органдардың (мемлекеттік органдардың бөлiмшелерiнiң) осыған уәкiлеттi лауазымды адамдары жүзеге асырады.
2. Есiрткi, психотроптық заттарға, сол тектестерге немесе прекурсорларға жатады деген күдiк тудыратын заттар табылған кезде және одан әрi тексеру қажет болса, сондай-ақ жүргiзушiде немесе жолаушыларда есiрткiге мас болу белгiлерi байқалса, көлiк пен аталған адамдар қажеттi мән-жайларды анықтау үшiн құқық қорғау органдарына жеткiзiлуi мүмкiн.
3. Көлiктi, ондағы жүктi, жүргiзушi мен жолаушыларды негiзсiз тексерген, сондай-ақ аталған адамдар мен көлiктi құқық қорғау органдарына негiзсiз алып барған жағдайда, мұндай адамдар өзiне келтiрiлген материалдық және моральдық залалды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес толық өтеттiрiп алуға құқылы.
28-бап. Бақыланатын жеткізу
1. Қазақстан Республикасының жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыру құқығы берiлген уәкiлеттi органдары есiрткi, психотроптық заттардың, сол тектестердiң, прекурсорлардың заңсыз айналымының көздерi мен жолдарын, сондай-ақ оған қатысушы адамдарды анықтау мақсатында, әрбiр жекелеген жағдайда шет мемлекеттерiнiң тиiстi органдарымен уағдаластық бойынша немесе халықаралық шарттар негiзiнде бақыланатын жеткізу әдiсiн пайдалануы, яғни осы органдардың бақылауымен есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды мемлекет аумағына әкелуге немесе шетелге әкетуге, бiр мемлекет арқылы өткізуге жол беруi мүмкiн.
2. Бақыланатын жеткізу мемлекет аумағы шегiнде жүзеге асырылатын есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорларды заңсыз тасымалдауға және жөнелтуге қатысты да пайдаланылуы мүмкiн.
3. Бақыланатын жеткізу iсiн жүргiзу тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарымен және халықаралық шарттармен белгiленедi.
29-бап. Жедел сатып алу
Есiрткiнiң, психотроптық заттардың, сол тектестер мен прекурсорлардың заңсыз айналымына байланысты қылмыстық әрекетке дәлелдер алу үшiн жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыру құқығы берiлген уәкiлеттi органдардың қызметкерлерiне есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды жедел сатып алу жүргiзуге рұқсат етiледi.
Жедел сатып алу iсiн жүргiзу тәртібі Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерімен белгiленедi.
ҚР 05.05.00 ж. № 47-II Заңына сәйкес 30-бап өзгертілді және толықтырылды
30-бап. Заңды тұлғаны тарату
1. Азаматтар жаппай болатын жерлерде қызмет көрсететiн ұйымдарда есiрткi, психотроптық заттардың, сол тектестер мен прекурсорлардың заңсыз айналымы фактілері туралы мәлiметтер анықталған жағдайда мұндай ұйым соттың шешiмi бойынша тартылуға тиiс, ал кiнәлi адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапқа тартылады.
2. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымы нәтижесiнде алынған кiрiстердi заңдастыру (iзiн жасыру) мақсатында заңды тұлғаның қаржы операциясын жүзеге асыру фактiсi анықталған жағдайда аталған заңды тұлға сот шешiмi бойынша таратылуы мүмкiн, ал оның басшылары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
3. Есiрткi, психотроптық заттардың, сол тектестердiң және прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы iс-қимылды жүзеге асыруға уәкiлеттi мемлекеттік органдар, осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген жағдайларда, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен сотқа заңды тұлғаны тарату туралы талап-арыз қоюға құқылы.
31-бап. Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестердi, прекурсорларды тәркiлеу
1. Заңсыз айналымдағы есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер, прекурсорлар, оларды заңсыз әзiрлеуге пайдаланылатын заттар, аспаптар мен жабдықтар, сондай-ақ есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер, прекурсорлардың заңсыз айналымына пайдаланылатын мүлiк пен ақша қаражатын не олардың заңсыз айналымы нәтижесiнде алынған табыс тәркiленуге және заңда белгiленген тәртiппен мемлекет кiрiсiне алынуға тиiс.
2. Заңсыз айналымда пайдаланылған, тәркiлеуге жататын, заңды айналымда әрi қарай қолдану соттың шешiмi бойынша жөнсiз деп танылған есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар, сондай-ақ оларды әзiрлеуге арналған заттар, аспаптар мен жабдықтар заңда белгiленген тәртiппен жойылуға тиiс.
3-тарау. Нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын
адамдарға медициналық-санитариялық көмек көрсету
32-бап. Есiрткi, психотроптық заттарды және сол тектестердi тұтынатын адамдарды анықтау
1. Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары мен өзге де уәкiлеттi мемлекеттік органдарына немесе денсаулық сақтау органдарына ұйымдардан немесе жекелеген азаматтардан, есiрткi немесе психотроптық заттарды немесе сол тектестердi заңсыз тұтынады не есiрткiге етiлген күйде деген хабарлама түскен адам медициналық куәландырылуға тиiс.
2. Есiрткi немесе психотроптық заттарды немесе сол тектестердi заңсыз тұтыну фактiсi куәлардың айғақтары негiзiнде, сондай-ақ есiрткiге елту белгiлерi және медициналық куәландыру нәтижелерi болған жағдайда, сондай-ақ тексерiлетiн адам организмiнде есiрткi немесе психотроптық заттардың немесе сол тектестердiң бар-жоғына сынақ жүргiзу негiзiнде анықталады.
3. Есiрткi немесе психотроптық заттарды немесе сол тектестердi заңсыз тұтыну салдарынан есiрткiге елту фактiсiн анықтау медициналық куәландыру (тексеру) жүргiзу жөніндегі мiндет жүктелген дәрiгердiң ғана құзыретi болып табылады, ал "нашақорлық" диагнозын дәрiгерлiк-консультациялық комиссия анықтайды.
4. Есiрткi, психотроптық заттарды немесе сол тектестердi заңсыз тұтынатын адамдарды анықтау мен есепке алу тәртібі денсаулық сақтау, iшкi iстер мәселелерiн реттейтiн органдардың, Қазақстан Республикасының өзге де уәкiлеттi органдардың нормативтiк құқықтық актілерімен белгiленедi.
33-бап. Есiрткiнi, психотроптық заттарды немесе сол тектестердi шектен тыс пайдаланатын адамдарды медициналық куәландыру және медициналық тексеру
1. Медициналық куәландыру - құқық қорғау органдары қызметкерлерiнiң жолдамасы бойынша, ал медициналық тексеру нарколог-дәрiгердiң жолдамасы бойынша жүргiзiледi. Медициналық куәландырудан немесе медициналық тексеруден жалтаратын адам наркологиялық мекемеге әкелiнуге тиiс.
2. Медициналық куәландыру мен медициналық тексеру жүргiзу тәртібі Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органдарының нормативтiк құқықтық актілерімен белгiленедi.
34-бап. Нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын адамдарды мәжбүрлеп емдеу
Ерiктi түрде емделуден жалтаратын нашақорлықпен, уытқұмарлықпен ауыратын адамдарды мәжбүрлеп емдеу мәселелерi, адамды нашақорлықпен немесе уытқұмарлықпен ауру деп тану тәртібі және оны мамандандырылған емдеу-профилактикалық мекемесiне емдеуге жiберудiң негiздерi, мәжбүрлеп емдеудi тоқтатудың негiзi мен тәртібі, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратындарды есепке алу және демеп емдеудi жүргiзу тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледi.
35-бап. Нашақорлықпен, уытқұмарлықпен ауыратын адамдарға наркологиялық көмек көрсету принциптерi
1. Нашақорлықпен, уытқұмарлықпен ауыратындарға медициналық-санитариялық көмек наркологиялық кеселдердiң алдын алуды, азаматтарды тексеруден өткізудi, ауытқуларға диагноз қоюды, наркологиялық кеселдерден зардап шегетiн адамдарды емдеудi, күтудi, медициналық-әлеуметтiк оңалтуды қамтиды және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
2. Нашақорлықпен, уытқұмарлықпен ауыратын адамдарға мемлекет медициналық-санитариялық көмек көрсетуге кепiлдiк бередi және ол заңдылық, адамгершiлiк және адам мен азаматтың құқықтарын сақтау принциптерi негiзiнде жүзеге асырылады.
3. Адам наркологиялық мекемеге медициналық көмек сұрап, ерiктi түрде өтiнiш бiлдiрген кезде нашақорлықпен, уытқұмарлықпен ауыратын адамға медициналық-санитариялық көмек көрсетiледi. Кәмелетке толмаған, сондай-ақ заңдар белгiленген тәртiппен әрекетке қабiлетсiз деп танылған адамға наркологиялық көмек олардың ата-аналарының, асырап алушыларының немесе қамқоршыларының келісімi бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен көрсетiледi.