Пайдалы қазбалар орналасқан алаңдарда құрылыс салуға рұқсат беру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жыл 27 қаңтардағы № 109 қаулысы
(2009.29.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 27 маусымдағы № 720 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2009.29.05. № 800 Қаулысымен тақырыб өзгертілді (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2009.29.05. № 800 Қаулысымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара)
Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 1996 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 14) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2009.29.05. № 800 Қаулысымен екінші абзац өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қоса беріліп отырған Пайдалы қазбалар орналасқан алаңдарда құрылыс салуға рұқсат беру ережесі бекітілсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
ҚР Үкіметінің 2009.29.05. № 800 Қаулысымен тақырыб өзгертілді, тараулардың «І», «II», «III» және «IV» деген сандары «1», «2», «3» және «4» деген сандармен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1997 жыл 27 қаңтардағы
№ 109 қаулысымен бекітілген
Пайдалы қазбалар орналасқан алаңдарда құрылыс
салуға рұқсат беру ережесі
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2009.29.05. № 800 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. «Пайдалы қазбалар орналасқан алаңдарда құрылыс салуға рұқсат беру ережесі» (бұдан әрi - Ереже) пайдалы қазбалар орналасқан алаңдарда құрылыс салуға, сондай-ақ олар орналасқан жерлерде пайдалы қазбаларды өндiруге байланысты емес жер асты ғимараттарын орналастыруға, мұндай алаңдарда құрылысты тиiмдi салу мен пайдалы қазбалар қорын толық өндiру мақсатында рұқсат беру тәртібін белгiлейдi.
Пайдалы қазбалар орналасқан алаңдар деп жердiң немесе су бетiнiң астында пайдалы қазбалар табылған бөлiгi ұғынылады.
Осы Ережеде қолданылатын анықтамалар мен терминдер оларға «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 1996 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында берілгендей мағынаны білдіреді.
ҚР Үкіметінің 2009.29.05. № 800 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Ереже пайдалы қазбаларды өндіруге байланысты емес қалаларды және басқа да елді мекендерді, өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын, ғимараттар мен құрылыстарды жобалауды, салуды, қайта жаңартуды жүзеге асыратын ұйымдарға қолданылады.
ҚР Үкіметінің 2009.29.05. № 800 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салу, сондай-ақ олар жатқан орындарда жер асты құрылыстарын орналастыру уәкілетті органдардың: жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі, өнеркәсіптегі жұмыстардың қауіпсіз жүргізілуін қадағалау және тау-кенді қадағалау жөніндегі уәкілетті органның рұқсатымен пайдалы қазбаларды алу мүмкіндігі қамтамасыз етілген немесе құрылыс салудың экономикалық орындылығы дәлелденген жағдайда жүргізіледі.
ҚР Үкіметінің 2009.29.05. № 800 Қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Пайдалы қазбалар орналасқан алаңдарда құрылыс салуға және пайдалы қазбаларды өндіруге байланысты емес жер асты ғимараттарын орналастыруға рұқсат (бұдан әрі - рұқсат) пайдалы қазбалар қорының бекітілгендiгiне қарамастан, белгiленген тәртiппен ресiмделедi.
ҚР Үкіметінің 2009.29.05. № 800 Қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Елді мекендерді, өнеркәсіптік кешендерді және басқа да шаруашылық объектілерін жобалауға және салуға жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның болашақ құрылыс учаскелері астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқтығы немесе оның болмашы екендігі туралы қорытындысын алғаннан кейін ғана рұқсат беріледі.
ҚР Үкіметінің 2009.29.05. № 800 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Рұқсаттарды ресiмдеу:
-көзделiп отырған құрылыс алаңының астында пайдалы қазбалар болмаған жағдайда;
- елдi мекен iшіндегі немесе құрылыстың Бас жоспары бекiткен аумақтар шегіндегі объектiлер салу кезiнде талап етiлмейдi.
7. ҚР Үкіметінің 2009.29.05. № 800 Қаулысымен алынып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2009.29.05. № 800 Қаулысымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
8. Пайдалы қазбалар орналасқан алаңдарда құрылыс салуға және пайдалы қазбаларды өндiрумен байланысты емес жер асты ғимараттарын орналастыруға:
жер қойнауын пайдалы қазбалар қорларын алу мүмкiндiгiн;
пайдалы қазбалар немесе тау-кен орындарын су басудан, суланудан, өрттен және оның құрылысына байланысты пайдалы қазбалардың сапасын және кен орындарының өндiрiстiк құндылығын төмендететiн басқа да факторлардан сақтауды;
ұйымдардың құрылыс және технологиялық жабдықтау объектілерін салып жатқан аумақтарда тау-кен жұмыстарының зиянды әсерлерiнен сақтауды;
ғылыми, мәдени және өзге де айрықша құны бар аумақтардың учаскелерiн сақтауды қамтамасыз еткен жағдайларда жол берiледi.
Радиоактивтi Пайдалы қазбалар орналасқан алаңдарда жалпы азаматтық объектiлердi салуға жол берiлмейдi.
ҚР Үкіметінің 2009.29.05. № 800 Қаулысымен 9-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
9. Радиоактивтi пайдалы қазбалар орналасқан алаңдарда өндiрiстiк объектiлердi салу кезiнде тиiстi ұйымдармен келісілетiн радиациялық қауіпсіздік жөніндегі іс-шаралар әзiрленуге тиiс.
ҚР Үкіметінің 2009.30.05. № 800 Қаулысымен 10-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
10. Пайдалы қазбалар немесе минералды шикiзат алу көзi болып табылатын iшкi теңiз, көл және басқа да су, тұз шөгiндiлер акваторияларындағы құрылыс үшiн рұқсат уәкілетті органда ресiмделуге тиiс.
ҚР Үкіметінің 2009.29.05. № 800 Қаулысымен 11-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
11. Уәкілетті органның жер бетiн қозғау процесiнiң аяқталуы туралы қорытындысы және жер қойнауын пайдаланушының жабылмаған тау-кен орындарының және қуыстарының жоқ екендiгi туралы берген анықтамасы болмаса, пайдаланылған пайдалы кен орындарының және жер асты ғимараттарының үстiне жер бетiнде құрылыс объектілерін салуға жол берiлмейдi.
ҚР Үкіметінің 2009.29.05. № 800 Қаулысымен 12-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
12. Рұқсаттарды басқа заңды және жеке тұлғаларға, соның iшiне шетелдiктерге беру, олардың ведомстволық бағыныштылығына және меншiк нысанына қарамастан уәкілетті органның жазбаша келісімi болған жағдайда ғана жүргiзiледi.
ҚР Үкіметінің 2009.29.05. № 800 Қаулысымен 13-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
13. Рұқсат:
қабаттар, рудалар және шөгiндiлердiң орналасқан жағдайларында, құрылыс салуға рұқсат етiлген алаң астындағы пайдалы қазбалардың қасиетi мен сапалық сипаттамасында елеулi өзгерістер табылғанда;
Пайдалы қазбалар кен орындарының мерзiмi, жүйесiнiң бағыты мен игеру әдiстерiнiң өзгеруi, егер бұл өзгерістер құрылыс жағдайларының алдын ала көзделмеген нашарлауын тудыратын жағдайларда уәкілетті органның, жер қойнауын пайдаланушының немесе құрылысты жүзеге асыратын ұйымның бастамасы бойынша қайта қаралуы мүмкiн.
ҚР Үкіметінің 2009.29.05. № 800 Қаулысымен 14-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
14. Уәкілетті органның берген рұқсаты:
құрылыс салуға рұқсат берiлген шарттар сақталмаған;
құрылыс салуға байланысты жұмыстардың зиянды әсерiнен пайдалы қазбалардың қорлары мен олардың сапасын сақтау талаптары сақталмаған;
табиғатты қорғау заңдары және жер қойнауы жөніндегі нормативтi құжаттардың талаптары орындалмаған жағдайларда күшiн жоюы мүмкiн.
2. Пайдалы қазбалар орналасқан алаңдарда құрылыс
салуға рұқсат берудiң тәртібі
ҚР Үкіметінің 2009.29.05. № 800 Қаулысымен 15-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
15. Рұқсат алу үшiн құрылыс салуға мүдделi заңды және жеке тұлғалар уәкілетті органға өтiнiш пен тау-кен-геологиялық негiздемесiнiң қосымшасының бір данасын жiбередi. Тау-кен-геологиялық негiздемесiн құрылыс салуға мүдделi заңды және жеке ұйымдардың өтiнiштерi бойынша, олардың есебiнен, жобалау ұйымы әзiрлейдi.
16. Өтiнiште заңды тұлғаның аты немесе рұқсат сұраушы жеке тұлғаның фамилиясы, аты, әкесiнiң аты, оның ведомстволық қатыстылығы, мекен-жайы, кен орнының атауы, географиялық координаттардағы құрылыс объектiсiнiң орналасатын жерi көрсетiледi.
ҚР Үкіметінің 2009.29.05. № 800 Қаулысымен 17-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
17. Уәкілетті орган берілген рұқсаттарды есепке алуды және тіркеуді жүргізеді.
ҚР Үкіметінің 2009.29.05. № 800 Қаулысымен 18-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
18. Пайдалы қазбалар орналасқан алаңда құрылыс объектiсiн немесе олар орналасқан жерлердегi пайдалы қазбаларды өндіруге байланысты емес жер асты ғимараттарын салуды жүзеге асыратын ұйым құрылыс аяқталғаннан кейiн жер қойнауын пайдаланушы ұйымға және салынған объектiнi пайдаланушы ұйымға;
салынған объектiлердiң жоспарын, бұрыштық нүкте координаттарымен;
пайдаланудағы құрылыс объектiлерi әдiстерiнiң және рұқсат берiлген жобаға және шарттарға сәйкес барлық құрылыс нормаларын орындау актілерінiң көшiрмесiн береді.
ҚР Үкіметінің 2009.29.05. № 800 Қаулысымен 19-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
19. Мемлекеттік меншiк нысанындағы объектiлерге рұқсат берудi уәкілетті орган тегiн, ал жеке меншiк нысанындағы объектiлер үшiн - Өкiлеттi орган белгiлеген тәртiпте жүргiзедi.
3. Пайдалы қазбалар орналасқан алаңдарда құрылыс
салудың тау-кен-геологиялық негiздемелерiнiң мазмұны
ҚР Үкіметінің 2009.29.05. № 800 Қаулысымен 20-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
20. Пайдалы қазбалар орналасқан алаңдарда көзделiп отырған құрылыс салуды немесе олар орналасқан жерлерде пайдалы қазбаларды өндiруге байланысты емес жер асты құрылыстарының тау-кен-геологиялық негiздемесi мынадай құжаттардан тұруға тиiс:
а) мыналарды қамтыған түсiндiрме жазбадан:
тау-кен-геологиялық негiздеменi әзiрлеген жобалау ұйымының аты;
құрылыс объектiсiнiң аты, мекен-жайы, не мақсатқа арналғандығы, объектi қандай ұйым үшiн салынады, қандай Пайдалы қазбалар орналасқан алаңда және қандай кәсiпорын аумағында салу көзделiп отыр;
құрылыс салынатын алаңның қысқаша сипаттамасы және өлшемi;
аталған объектiнiң құрылысына арналған жобалық құжаттаманы әзiрлейтiн жобалау ұйымының аты;
ауданның қысқаша геологиялық сипаттамасы (геологиялық құрылымы, орынның тереңдiгi, негiзгi кен және олармен бірге орналасқан Пайдалы қазбалардың құрылысы, қордың саны мен сапасы), гидрогеологиялық, инженерлiк-геологиялық жағдайлар;
Пайдалы қазбалар алаңдарындағы құрылыс объектілерін орналастыру негiздемесi, олардың орналасу алаңына құрылыс салумен байланысты пайдалы қазбалардың күтiлетiн зиянынан келетiн экономикалық шығын есебiн қоса есептегенде;
б) қорлардың саны мен сапасы туралы, көзделiп отырған құрылыс салынатын алаң астындағы негiзгi компоненттерiнiң және олармен бірге Пайдалы қазбалардың зерттелу дәрежесi туралы уәкілетті органның қорытындысының көшiрмесi;
в) құрылыс салу көзделген алаңның астында орналасқан Пайдалы қазбаларды жер қойнауын пайдаланушының есебi, онда тау-кен жұмыстарын дамыту болашағы күтiлетiн шығын немесе Пайдалы қазбалар қорын сақтаудың көлемi, сондай-ақ жер бетiн қозғау мүмкiн болатын процестер туралы мәлiметтер келтiрiлуi тиiс;
г) техникалық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету бөлiгіндегі Қазақстан Республикасының жұмыстарды қауiпсiз жүргiзу және тау-кен бақылау жөніндегі мемлекеттік комитетi органдарының қорытындыларының көшiрмелерi;
д) мыналардан тұратын графикалық бөлiк:
кәсiпорындардың көзделiп отырған құрылыс салу алаңының топографиялық жоспарының немесе негiзгi жоспардың көшiрмесiнен, елдi мекендердiң құрылыс салуға iргелес аумақтарымен тау-кен-геологиялық жағдайларының элементтерiн, қолданылып жүрген және жобаланған құрылыс салу контурлары, құрылыс салу объектілеріне тау-кен өндiрулерiнiң зиянды әсерiнiң аймақ шекарасы. Жоспар көшiрмесiнiң бос бөлiгiнде тiркеу жазбасы мен Х.Ү координаты көзделiп отырған құрылыс салу алаңынан бұрыштық нүктелерi үшiн орын қалдырылады;
геологиялық карталардан пайдалы қазбалардың құрылыс салу көзделген алаңдағы жер астындағы орындардан барлық қабаттардың, жарықтардың және басқа да шөгiндiлердiң гисометриялық жоспарларының көшiрмесi, осы орын бойынша геологиялық кенiштердiң көшiрмелерi (мұнай және газ кен орындары үшiн құрылымдық карталар және кескiндер).
Түсiндiрме жазба және графикалық құжаттамаға құрылыс салудың тау-кен-геологиялық негiздемесiн әзiрлеушi ұйымның басшысы қол қояды, қол мөрмен бекітіледi.
ҚР Үкіметінің 2009.29.05. № 800 Қаулысымен тақырыб өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Пайдалы қазбалар орналасқан алаңдарда құрылыс
салудың белгiленген тәртібінiң орындалуына бақылау жасау
ҚР Үкіметінің 2009.30.05. № 800 Қаулысымен 21-тармақ жаңа редакция (бұр.ред.қара)
21. Пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда өз бетімен құрылыс салу жұмсалған шығындарды және келісім-шарт аумағының жерлерін қалпына келтіруге және салынған объектілерді қайта бұзуға кеткен шығындарды өтеусіз тоқтатылады.
22. ҚР Үкіметінің 2009.29.05. № 800 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2009.29.05. № 800 Қаулысымен 23-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
23. Осы Ереженiң талаптарын сақтауға мемлекеттік бақылау жасауды уәкілетті орган жүзеге асырады.
24. ҚР Үкіметінің 2009.29.05. № 800 Қаулысымен 24-тармақ алынып тасталды (бұр.ред.қара)
25. ҚР Үкіметінің 2009.29.05. № 800 Қаулысымен 25-тармақ алынып тасталды (бұр.ред.қара)
26. ҚР Үкіметінің 2009.29.05. № 800 Қаулысымен 26-тармақ алынып тасталды (бұр.ред.қара)
1-ҚОСЫМША
ҚР Үкіметінің 2009.29.05. № 800 Қаулысымен 1-қосымша алынып тасталды (бұр.ред.қара)
2-ҚОСЫМША
ҚР Үкіметінің 2009.29.05. № 800 Қаулысымен 2-қосымша алынып тасталды (бұр.ред.қара)
3-ҚОСЫМША
ҚР Үкіметінің 2009.29.05. № 800 Қаулысымен 3-қосымша алынып тасталды (бұр.ред.қара)
4-ҚОСЫМША
ҚР Үкіметінің 2009.29.05. № 800 Қаулысымен 4-қосымша алынып тасталды (бұр.ред.қара)