Пайдалы қазбалар орналасқан алаңдарда құрылыс салуға рұқсат берудiң
тәртібі туралы Ереженi бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жыл 27 қаңтардағы № 109 қаулысы
Осы редакция 2009 жылғы 29 мамырдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 27 қаңтардағы № 2828 Жарлығын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
Пайдалы қазбалар орналасқан алаңдарда құрылыс салуға рұқсат беру тәртібі туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекітілсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1997 жыл 27 қаңтардағы
№ 109 қаулысымен бекітілген
Пайдалы қазбалар орналасқан алаңдарда құрылыс
салуға рұқсат берудiң тәртібі туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. «Пайдалы қазбалар орналасқан алаңдарда құрылыс салуға рұқсат берудiң тәртібі туралы» ереже (бұдан әрi - Ереже) Пайдалы қазбалар орналасқан алаңдарда құрылыс салуға, сондай-ақ олар орналасқан жерлерде пайдалы қазбаларды өндiруге байланысты емес жер асты ғимараттарын орналастыруға, мұндай алаңдарда құрылысты тиiмдi салу мен Пайдалы Қазбалар қорын толық өндiру мақсатында рұқсат берудiң бiрыңғай тәртібін белгiлейдi.
Пайдалы қазбалар орналасқан алаңдар деп жердiң немесе су бетiнiң астында Пайдалы қазбалар табылған бөлiгi ұғынылады.
Осы ережеде қолданылатын анықтаулар мен терминдер «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 27 қаңтардағы № 2828 Заң күшi бар Жарлығында берiлген мағынаны бiлдiредi.
2. Ереже Пайдалы қазбаларды Өндiрумен байланысты емес өндiрiстiк және ауыл шаруашылығы кәсiпорындарын, қалаларды және басқа да елдi мекендердi, үй-жайлар мен ғимараттарды және басқа да шаруашылық объектiлерiн жобалауды, салуды, қайта жаңартуды жүзеге асыратын барлық ұйымдардың орындауы үшiн мiндеттi болып табылады.
3. Пайдалы қазбалар орналасқан алаңдарда құрылыс салуға және Пайдалы қазбаларды Өндiрумен байланысты емес жер асты ғимараттарын орналастыруға Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі Өкiлеттi органның (бұдан әрi - Өкiлеттi орган) рұқсаты болған жағдайда ғана жол берiледi.
4. Пайдалы қазбалар орналасқан алаңдарда құрылыс салуға және Пайдалы қазбаларды Өндiрумен байланысты емес жер асты ғимараттарын орналастыруға рұқсат (Бұдан әрi - Рұқсат) Пайдалы қазбалар қорының бекітілгендiгiне қарамастан, белгiленген тәртiппен ресiмделедi.
5. Өкiлеттi органнан ғимараттар мен объектiлер салынатын учаскелерiнiң астындағы жер қойнауында Пайдалы қазбалардың жоқ екендiгi туралы актi (№ 1 қосымша) немесе Рұқсатты куәландыратын актi (№ 2, 3-қосымшалар) алғанға дейiн көзделiп отырған құрылыстарды салуға немесе қайта жаңартуға тыйым салынады.
6. Рұқсаттарды ресiмдеу:
- Өкiлеттi органның актiсiне сәйкес, көзделiп отырған құрылыс алаңының астында Пайдалы қазбалар болмаған жағдайда;
- елдi мекен iшіндегі немесе құрылыстың Бас жоспары бекiткен аумақтар шегіндегі объектiлер салу кезiнде талап етiлмейдi.
7. Құрылыс салу белгiленiп отырған алаңның астында Пайдалы қазбалардың жоқ екенi туралы Өкiлеттi органның актiсi, егер кейiнгi геологиялық жұмыстар Пайдалы қазбалардың бар екендiгi туралы қосымша ақпарат берген болса, құрылыс басталғанға дейiн олардан алынуы мүмкiн. Құрылыс кезiнде Пайдалы қазбалар табылған жағдайда тапсырыс берушi жер қойнауынан Пайдалы қазбаларды өндiрудi және жер қойнауын пайдалануға байланысты жұмыстардың болуы мүмкiн зиянды әсерлерiнен құрылыс объектiлерiн сақтау мүмкiндiгiн қамтамасыз ету мақсатымен құрылыс жобасына түзету жүргiзiлуi және Рұқсат ресiмделуi тиiс.
8. Пайдалы қазбалар орналасқан алаңдарда құрылыс салуға және Пайдалы қазбаларды өндiрумен байланысты емес жер асты ғимараттарын орналастыруға:
Жер қойнауын Пайдалы қазбалар қорларын алу мүмкiндiгiн;
Пайдалы қазбалар немесе тау-кен орындарын су басудан, суланудан, өрттен және оның құрылысына байланысты Пайдалы қазбалардың сапасын және кен орындарының өндiрiстiк құндылығын төмендететiн басқа да факторлардан сақтауды;
ұйымдардың құрылыс және технологиялық жабдықтау объектiлерiн салып жатқан аумақтарда тау-кен жұмыстарының зиянды әсерлерiнен сақтауды;
ғылыми, мәдени және өзге де айрықша құны бар аумақтардың учаскелерiн сақтауды қамтамасыз еткен жағдайларда жол берiледi.
Радиоактивтi Пайдалы қазбалар орналасқан алаңдарда жалпы азаматтық объектiлердi салуға жол берiлмейдi.
9. Радиоактивтi Пайдалы қазбалар орналасқан алаңдарда өндiрiстiк объектiлердi салу кезiнде тиiстi ұйымдармен келісілетiн санитарлық-қорғау шаралары әзiрленуге тиiс.
10. Пайдалы қазбалар немесе минералды шикiзат алу көзi болып табылатын iшкi теңiз, көл және басқа да су, тұз шөгiндiлер акваторияларындағы құрылыс үшiн Рұқсат Өкiлеттi органда ресiмделуге тиiс.
11. Өкiлеттi органның жер бетiн қозғау процесiнiң аяқталуы туралы қорытындысы және жер қойнауын пайдаланушының жабылмаған тау-кен орындарының және қуыстарының жоқ екендiгi туралы берген анықтамасы болмаса, пайдаланылған Пайдалы кен орындарының және жер асты ғимараттарының үстiне жер бетiнде құрылыс объектiлерiн салуға жол берiлмейдi.
12. Рұқсаттарды басқа заңды және жеке тұлғаларға, соның iшiне шетелдiктерге беру, олардың ведомстволық бағыныштылығына және меншiк нысанына қарамастан Өкiлеттi органның жазбаша келісімi болған жағдайда ғана жүргiзiледi.
13. Рұқсат:
қабаттар, рудалар және шөгiндiлердiң орналасқан жағдайларында, құрылыс салуға рұқсат етiлген алаң астындағы Пайдалы қазбалардың қасиетi мен сапалық сипаттамасында елеулi өзгерістер табылғанда;
Пайдалы қазбалар кен орындарының мерзiмi, жүйесiнiң бағыты мен игеру әдiстерiнiң өзгеруi, егер бұл өзгерістер құрылыс жағдайларының алдын ала көзделмеген нашарлауын тудыратын жағдайларда Өкiлеттi органның, жер қойнауын пайдаланушының немесе құрылысты жүзеге асыратын ұйымның бастамасы бойынша қайта қаралуы мүмкiн.
14. Өкiлеттi органның берген Рұқсаты:
құрылыс салуға рұқсат берiлген шарттар сақталмаған;
құрылыс салуға байланысты жұмыстардың зиянды әсерiнен Пайдалы қазбалардың қорлары мен олардың сапасын сақтау талаптары сақталмаған;
табиғатты қорғау заңдары және жер қойнауы жөніндегі нормативтi құжаттардың талаптары орындалмаған жағдайларда күшiн жоюы мүмкiн.
II. Пайдалы қазбалар орналасқан алаңдарда құрылыс
салуға рұқсат берудiң тәртібі
15. Рұқсат алу үшiн құрылыс салуға мүдделi заңды және жеке тұлғалар Өкiлеттi органға өтiнiш пен тау-кен-геологиялық негiздемесiнiң қосымшасының бiр данасын жiбередi. Тау-кен-геологиялық негiздемесiн құрылыс салуға мүдделi заңды және жеке ұйымдардың өтiнiштерi бойынша, олардың есебiнен, жобалау ұйымы әзiрлейдi.
16. Өтiнiште заңды тұлғаның аты немесе Рұқсат сұраушы жеке тұлғаның фамилиясы, аты, әкесiнiң аты, оның ведомстволық қатыстылығы, мекен-жайы, кен орнының атауы, географиялық координаттардағы құрылыс объектiсiнiң орналасатын жерi көрсетiледi.
17. Пайдалы қазбалардың сұралған аумағына құрылыс салуға берiлген Рұқсат Өкiлеттi органның (№ 1, 2, 3) актiсiмен ресiмделедi. Актiнiң бiр данасы өтiнiш иесiне берiледi, екiншi данасы Өкiлеттi органда қалады.
Өкiлеттi орган № 4 қосымшада белгiленген нысан бойынша берiлген Рұқсаттарды есепке алады және тiркейдi.
18. Пайдалы қазбалар орналасқан алаңда құрылыс объектiсiн немесе олар орналасқан жерлердегi Пайдалы қазбаларды Өндiрумен байланысты емес жер асты ғимараттарын салуды жүзеге асыратын ұйым құрылыс аяқталғаннан кейiн жер қойнауын пайдаланушы ұйымға және салынған объектiнi пайдаланушы ұйымға;
салынған объектiлердiң жоспарын, бұрыштық нүкте координаттарымен;
пайдаланудағы құрылыс объектiлерi әдiстерiнiң және Рұқсат берiлген жобаға және шарттарға сәйкес барлық құрылыс нормаларын орындау актілерінiң көшiрмесiн беруге мiндеттi.
19. Мемлекеттік меншiк нысанындағы объектiлерге Рұқсат берудi Өкiлеттi орган тегiн, ал жеке меншiк нысанындағы объектiлер үшiн - Өкiлеттi орган белгiлеген тәртiпте жүргiзедi.
III. Пайдалы қазбалар орналасқан алаңдарда құрылыс
салудың тау-кен-геологиялық негiздемелерiнiң мазмұны
20. Пайдалы қазбалар орналасқан алаңдарда көзделiп отырған құрылыс салуды немесе олар орналасқан жерлерде Пайдалы қазбаларды өндiруге байланысты емес жер асты құрылыстарының Тау-кен-геологиялық негiздемесi мынадай құжаттардан тұруға тиiс:
а) мыналарды қамтыған түсiндiрме жазбадан:
тау-кен-геологиялық негiздеменi әзiрлеген жобалау ұйымының аты;
құрылыс объектiсiнiң аты, мекен-жайы, не мақсатқа арналғандығы, объектi қандай ұйым үшiн салынады, қандай Пайдалы қазбалар орналасқан алаңда және қандай кәсiпорын аумағында салу көзделiп отыр;
құрылыс салынатын алаңның қысқаша сипаттамасы және өлшемi;
аталған объектiнiң құрылысына арналған жобалық құжаттаманы әзiрлейтiн жобалау ұйымының аты;
ауданның қысқаша геологиялық сипаттамасы (геологиялық құрылымы, орынның тереңдiгi, негiзгi кен және олармен бiрге орналасқан Пайдалы қазбалардың құрылысы, қордың саны мен сапасы), гидрогеологиялық, инженерлiк-геологиялық жағдайлар;
Пайдалы қазбалар алаңдарындағы құрылыс объектiлерiн орналастыру негiздемесi, олардың орналасу алаңына құрылыс салумен байланысты пайдалы қазбалардың күтiлетiн зиянынан келетiн экономикалық шығын есебiн қоса есептегенде;
б) қорлардың саны мен сапасы туралы, көзделiп отырған құрылыс салынатын алаң астындағы негiзгi компоненттерiнiң және олармен бiрге Пайдалы қазбалардың зерттелу дәрежесi туралы Өкiлеттi органның қорытындысының көшiрмесi;
в) құрылыс салу көзделген алаңның астында орналасқан Пайдалы қазбаларды жер қойнауын пайдаланушының есебi, онда тау-кен жұмыстарын дамыту болашағы күтiлетiн шығын немесе Пайдалы қазбалар қорын сақтаудың көлемi, сондай-ақ жер бетiн қозғау мүмкiн болатын процестер туралы мәлiметтер келтiрiлуi тиiс;
г) техникалық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету бөлiгіндегі Қазақстан Республикасының жұмыстарды қауiпсiз жүргiзу және тау-кен бақылау жөніндегі мемлекеттік комитетi органдарының қорытындыларының көшiрмелерi;
д) мыналардан тұратын графикалық бөлiк:
кәсiпорындардың көзделiп отырған құрылыс салу алаңының топографиялық жоспарының немесе негiзгi жоспардың көшiрмесiнен, елдi мекендердiң құрылыс салуға iргелес аумақтарымен тау-кен-геологиялық жағдайларының элементтерiн, қолданылып жүрген және жобаланған құрылыс салу контурлары, құрылыс салу объектiлерiне тау-кен өндiрулерiнiң зиянды әсерiнiң аймақ шекарасы. Жоспар көшiрмесiнiң бос бөлiгiнде тiркеу жазбасы мен Х.Ү координаты көзделiп отырған құрылыс салу алаңынан бұрыштық нүктелерi үшiн орын қалдырылады;
геологиялық карталардан пайдалы қазбалардың құрылыс салу көзделген алаңдағы жер астындағы орындардан барлық қабаттардың, жарықтардың және басқа да шөгiндiлердiң гисометриялық жоспарларының көшiрмесi, осы орын бойынша геологиялық кенiштердiң көшiрмелерi (мұнай және газ кен орындары үшiн құрылымдық карталар және кескiндер).
Түсiндiрме жазба және графикалық құжаттамаға құрылыс салудың тау-кен-геологиялық негiздемесiн әзiрлеушi ұйымның басшысы қол қояды, қол мөрмен бекітіледi.
IҮ. Пайдалы қазбалар орналасқан алаңдарда құрылыс
салудың белгiленген тәртібінiң орындалуына жауаптылық
және бақылау жасау
21. Пайдалы қазбалар орналасқан алаңдарда Рұқсатсыз салу жұмсалған шығындар өтеусiз және аумақты қалпына келтiру мен басталған құрылысты бұзу жөніндегі келесi шығын жұмсаумен тоқтатылады.
22. Өз бетiнше құрылыс салуға кiнәлi және Пайдалы қазбалар орналасқан жерлерде жер асты құрылыстарын өз бетiнше салған адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапқа тартылады.
23. Осы Ереженiң талаптарын сақтауға мемлекеттік бақылау жасауды Өкiлеттi орган жүзеге асырады.
24. Жер қойнауын қорғаудың жобаларында көзделген құрылыстық шаралардың толық әрi сапалы болуына өңделiп жатқан аумақта құрылыс жүргiзушi ұйым жауапты болады.
25. Ғимараттар мен құрылысты тау-кен жұмыстарының зиянды әсерiнен қорғаудың жобада көзделген шараларын орындау үшiн жер қойнауын пайдаланушы жауап бередi.
26. Өңделiп жатқан аумақта орналасқан ғимараттар мен құрылысты пайдаланудың техникалық жағдайларының дұрыстығына осы объектiлерге иелiк етушi ұйым жауап бередi.
1-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы
Қазақстан Республикасының Геология және жер
қойнауын қорғау министрлігі
Құрылыс салу алаңының астында Пайдалы қазбалар
жоқ екендiгiн куәландыратын
АКТ
______________________________________________________________
(актiнi берушi органның аты)
______________________________________________________________
(кәсiпорынның, ұйымның аты)
Құрылыс салуға арналған алаңның астында ______________________
______________________________________________________________
(объектiнiң аты)
орналасқан ___________________________________________________
(елдi мекен, аудан, облыс)
топографиялық жоспар көшiрмесiнде белгiленген Пайдалы қазбалар
______________________________________________________________
(Х,Ү координаттарымен бұрыштық нүктелердiң тiзбесi)
қорының жоқ екендiгiн хабарлайды.
Мөрдiң орны
Министрдiң орынбасары __________________________
(қолы)
2-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы
Қазақстан Республикасының Геология және жер
қойнауын қорғау министрлігі
Пайдалы қазбалар орналасқан алаңдарда құрылыс салуға
Рұқсат берудi куәландыратын
АКТ
"____"________________ 199__ж. _______________ қаласы
______________________________________________________________
(рұқсат берушi органның аты)
Ерекшелiк тәртiпте ___________________________________________
(рұқсат алатын кәсiпорынның, ұйымның аты)
қоса берiлiп отырған топографиялық жоспар көшiрмесiнде
______________________________________________________________
(қазбаның атауы және кен орны)
бұрыштық нүктелермен белгiленген және - гектарға тең кен орны
______________________________________________________________
(Х,Ү координаттарымен бұрыштық нүктелердiң тiзбесi)
алаңында құрылыс салуға рұқсат етедi__________________________
______________________________________________________________
Көрсетiлген алаңға мына шарттарды сақтай отырып ______________
______________________________________________________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________
(құрылыс объектiсiнiң атауы)
құрылыс салуға рұқсат етедi.
Мөрдiң орны
Министрдiң орынбасары __________________________
(қолы)
3-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы
Қазақстан Республикасының Геология және жер
қойнауын қорғау министрлігі
Пайдалы қазбалар орналасқан жерлерде Пайдалы қазбаларды
өндiрумен байланысты емес жер асты объектiлерiн
орналастыруға Рұқсат берудi куәландыратын
АКТ
"____"________________ 199__ж. _______________ қаласы
______________________________________________________________
(рұқсат берген органның аты)
Пайдалы қазбаларды Өндiрудi жүзеге асыратын __________________
______________________________________________________________
(рұқсат алған кәсiпорынның, ұйымның аты)
аумақта Пайдалы қазбаларды Өндiрумен байланысты емес объектiлердi
______________________________________________________________
(пайдалы кендi өндiру жөніндегі кәсiпорынның аты)
салуға ерекшелiк тәртiпте рұқсат бередi.
Көрсетiлген объектiлердiң орналасу орыны тiк кесiндiлермен және
топографиялық жоспарда бұрыштық нүктелермен жердiң бетiне
проекция түрiнде көрсетiлген _________________________________
______________________________________________________________
(Х,Ү координаттарымен бұрыштық нүктелердiң тiзбесi)
және -м3 тең.
Құрылыс мына шарттарды:_______________________________________
______________________________________________________________
(құрылыс объектiсiнiң атауы)
______________________________________________________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________
сақтаған жағдайда рұқсат етiлдi.
Мөрдiң орны
Министрдiң орынбасары __________________________
(қолы)
4-ҚОСЫМША
Пайдалы қазбалар орналасқан алаңдарда құрылыс салуға
немесе Пайдалы қазбалар орналасқан жерлерде
жерасты объектiлерiн салуға берiлген
Рұқсаттарды тiркеу
КIТАБЫ
____________________________________________________________________
Тiркеу|Рұқсат|Рұқсат |Құрылыс|Құрылыс |Кен орнының|Жер асты құры.|
нөмiрi|беру |алған |объек. |объек. |аты және |лысы салынатын|
|уақыты|кәсiп. |тiсiнiң|тiсiнiң |Пайдалы |құрылыс алаңы |
| |орнының,|аты |орналас. |қазбалардың|(га), көлемi |
| |ұйымның | |қан жерi |сақталатын |(м)3 |
| |аты және| |(әкiмшi. |қоры | |
| |оның ме.| |лiк бөлу)| | |
| |кен-жайы| |бойынша) | | |
______|______|________|_______|_________|___________|______________|
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
______|______|________|_______|_________|___________|______________|
_____________________________________
Рұқсат алынған|Жер қойнауын |Ескерту |
шарттар |пайдаланушы | |
|кәсiпорынның,| |
|ұйымның аты | |
|және оның | |
|мекен-жайы | |
______________|_____________|________|
8 | 9 | 10 |
______________|_____________|________|