Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кіретін де,
кірмейтін де орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының
нормативтік құқықтық актілері мен жергілікті өкілді және атқарушы
органдарының актілерін мемлекеттік тіркеудің тәртібін
бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1998 ж. 12 желтоқсандағы № 1278 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 14.06.99 ж. № 733; 24.01.00 ж. № 122; 11.03.01 ж. N
341; 02.10.02 ж. № 1082; 26.11.03 ж. № 1184; 01.10.04 ж. № 1017
қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2006 ж. 14 ақпандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кіретін де, кірмейтін де орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері мен жергілікті өкілді және атқарушы органдарының актілерін мемлекеттік тіркеудің тәртібі бекітілсін.
2. "Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 8 мамырдағы № 810 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 18, 165-құжат) күші жойылған деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
1998 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1278 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы
Үкіметінің құрамына кіретін де, кірмейтін де орталық
атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік
органдарының нормативтік құқықтық актілері мен
жергілікті өкілді және атқарушы органдарының
актілерін мемлекеттік тіркеудің
Тәртібі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Тәртіп Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік реестрі және оларды мемлекеттік тіркеуді ретке келтіру жөніндегі шаралар туралы" 1997 жылғы 4 наурыздағы № 3379 Жарлығының Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімі туралы ережені бекіту туралы" 1997 жылғы 4 желтоқсандағы № 1680 қаулысының негізінде әзірленді.
ҚР Үкіметінің 24.01.00 ж. № 122 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді және толықтырылды
2. Тәртіп:
1) нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу кезінде қойылатын талаптар мен тіркеудің мерзімдерін;
2) мемлекеттік тіркеуге ұсынылатын нормативтік құқықтық актілерге қойылатын талаптарды;
3) нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімін жүргізуді;
4) тіркелген нормативтік құқықтық актілерді қолданысқа енгізуді;
5) нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеуден бас тартудың, олардың қолданылуын тоқтата тұрудың, тоқтатудың және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне тиісті жазбалар енгізудің тәртібін;
5-1) ҚР Үкіметінің 01.10.04 ж. № 1017 қаулысымен алынып тасталды (бұр. ред. қара)
2. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу
кезінде қойылатын талаптар мен оларды қараудың
мерзімдері
ҚР Үкіметінің 14.06.99 ж. № 733; 24.01.00 ж. № 122 қаулыларымен 3-тармақ толықтырылды. ҚР Үкіметінің 02.10.02 ж. № 1082; 01.10.04 ж. № 1017 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 3-тармақ өзгертілді
3. Нормативтік құқықтық актілер Әділет министрлігіне және оның аумақтық органдарына олар бекітілген (қол қойылған) сәттен бастап тиісті мемлекеттік органның бірінші басшысы қол қойғаннан (бекіткеннен) кейін екі аптаның ішінде, мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түпнұсқасын (түпнұсқа мәтінін) қоса алғанда, қағаз және электронды жеткізілімдердегі үш данада ("құпия" деген белгісі бар құжаттар мемлекеттік және орыс тілдерінде қағаз және электронды жеткізілімдерде екі данада ұсынылады) ұсынылады.
Аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті өкілді және атқарушы органдарының нормативтік құқықтық актілердің туынды түрлерін бекітуді көздемейтін нормативтік құқықтық актілері, сондай-ақ республикалық маңызы бар қаладағы (астанадағы) аудан, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар (селолар), ауылдық (селолық) округтер әкімдерінің нормативтік құқықтық актілері Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органдарына олар бекітілген (оларға қол қойылған) сәттен бастап екі аптаның ішінде, мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түпнұсқасын (түпнұсқа мәтінін) қоса алғанда, қағаз жеткізілімдердегі екі данада тиісті мемлекеттік органның бірінші басшысы қол қойғаннан (бекіткеннен) кейін ұсынылады.
Осы органның бірінші басшысының міндетін атқаратын адамның қолы қойылған (бекіткен) нормативтік құқықтық актіні ұсынған мемлекеттік орган сондай-ақ оған тиісті міндеттемелер жүктелгені туралы құжаттың көшірмесін де ұсынуға тиіс.
Нормативтік құқықтық акті мемлекеттік тіркеуге қайта тапсырылған жағдайда, ол тиісті органның қайта бекітуіне (қайта қол қоюға) жатады және осы тармақта белгiленген тәртiппен және мерзiмде Әдiлет министрлігі мен оның аумақтық органдарына ұсынылады.
Іс қағаздары бірыңғай мемлекеттік тілде жүргізілетін әкімшілік-аумақтық бірліктерде жергілікті басқару органдарының нормативтік құқықтық актілері тіркеуші органға орыс тіліне аударылмай ұсыныла алады.
ҚР Үкіметінің 02.10.02 ж. № 1082 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді
4. Нормативтік құқықтық актілерге:
ҚР Үкіметінің 01.10.04 ж. № 1017 қаулысымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1) мынадай негiзгi мәлiметтердi:
нормативтiк құқықтық актiнiң тиiстi нормасына сiлтемемен нормативтiк құқықтық актінi қабылдау негізiн (органның құзыретi);
нормативтiк құқықтық актiнi қабылдау қажеттілiгiнiң негiздемесiн (нақты мақсаттар, дәлелдер және неге байланысты акт қабылданады);
осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық акт және оларды өзгерту немесе нормативтiк құқықтық актiні қабылдауға байланысты күшi жойылды деп тану туралы ұсыныстар дайындау туралы;
мемлекеттік тiркеуден бас тартылған осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтiк құқықтық актілер туралы;
мемлекеттік бюджеттің (республикалық жергiлiктi) кiрiстерiн қысқарту немесе шығыстарын ұлғайту туралы;
мүдделi мемлекеттік органдармен нормативтiк құқықтық актінi келiсу қажеттiлігін қамтуы тиiс, Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі белгілеген нысан бойынша анықтама-негіздеме;
2) уәкілетті органның өзінің құзыретіне сәйкес қабылдаған нормативтік құқықтық актіні бекіту туралы шешімі қоса беріледі.
Қоса берілетін анықтама-негіздемеге осы актіні шығарған органның заң қызметінің бастығы (ондай болмаған кезде - заң кеңесшісі) қол қоюы тиіс.
Көрсетілген адамдар болмаған кезде анықтама-негіздемеге осы актіні шығарған органның бірінші басшысы қол қояды.
ҚР Үкіметінің 24.01.00 ж. № 122 қаулысымен 5-тармақ толықтырылды
5. Мемлекеттік тіркеуге ұсынылған нормативтік құқықтық актілерде анықтама-негіздеменің болмауы немесе оның осы Тәртіппен белгіленген талаптарға сәйкессіздігі құжаттарды қайтару үшін негіз болып табылады.
ҚР Үкіметінің 02.10.02 ж. № 1082 қаулысымен 6-тармақ толықтырылды
6. Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу барлық қажетті құжаттар ұсынылған сәттен бастап 30 күннің ішінде жүргізіледі.
Егер нормативтік құқықтық акт мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жағдайда, ол туралы нормативтік құқықтық актіні ұсынған органға, құжаттар тіркеуге ұсынылған сәттен бастап жеті күннен кешіктірілмей жазбаша хабарланады.
Мемлекеттік тіркеудің қажеттілігі туралы мәселені шешу үшін сол немесе өзге актіні ұсыну туралы Әділет министрлігінің және оның аумақтық органдарының сұрауларын мемлекеттік органдар мұндай сұрау түскен сәттен бастап екі аптаның ішінде орындайды.
7. Заңсыз нормативтік құқықтық актілерді шығарғаны және қолданғаны, сондай-ақ оларды мемлекеттік тіркеуге ұсынудың тәртібін бұзғаны үшін бірінші басшылар Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жауапкершілікте болады.
3. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу
ҚР Үкіметінің 01.10.04 ж. № 1017 қаулысымен 8-тармақ өзгерді (бұр. ред. қара)
8. Жалпы міндеттілік маңызы бар; олардың қолданылу мерзіміне (тұрақты немесе уақытша) қарамастан азаматтардың құқықтарына, бостандығына және міндеттемелеріне қатысты ведомствоаралық сипаты бар нормативтік құқықтық актілер, оның ішінде Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларын қоспағанда, мемлекеттік құпияларды қамтитын актілер мемлекеттік тіркеуге жатады.
ҚР Үкіметінің 02.10.02 ж. № 1082 қаулысымен 9-тармақ толықтырылды
9. Нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеу қажеттігі туралы мәселені шешу Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің және оның аумақтық органдарының айрықша құзыретіне жатады.
ҚР Үкіметінің 24.01.00 ж. № 122 қаулысымен 10-тармақ жаңа редакцияда
10. Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеуді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі жүзеге асырады.
Жергілікті өкілді және атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеуді аумақтық әділет органдары жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 24.01.00 ж. № 122 қаулысымен 11-тармақ өзгертілді
11. Нормативтік заңдық актілерді мемлекеттік тіркеу:
1) актінің Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкестігіне құқықтық сараптауды;
2) осы актіні мемлекеттік тіркеудің қажеттігі туралы шешім қабылдауды;
3) тіркелген актіге тіркеу нөмірін беруді;
4) нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне енгізуді;
5) тіркелген нормативтік құқықтық актілерді оларды Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жолдауды қамтиды.
12. Мемлекеттік тіркеуден өткен нормативтік құқықтық актілерге енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар осы Тәртіппен белгіленген ретпен тіркеуге жатады.
4. Мемлекеттік тіркеуге ұсынылатын нормативтік
құқықтық актілерге қойылатын талаптар
ҚР Үкіметінің 24.01.00 ж. № 122; 11.03.01 ж. № 341 қаулысымен 13-тармақ толықтырылды. ҚР Үкіметінің 02.10.02 ж. № 1082 қаулысымен 13-тармақ өзгертілді және толықтырылды; ҚР Үкіметінің 26.11.03 ж. № 1184 қаулысымен 13-тармақ өзгертілді
13. Мемлекеттік тіркеуге ұсынылатын нормативтік құқықтық акт мына талаптарға сәйкес келуі тиіс:
1) нормативтік құқықтық актіні қабылдау рәсімінің сақталуына:
алқалық орган үшін - Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкестігі;
орталық және жергілікті атқарушы орган үшін - бірінші басшының не оның орнындағы адамның қолының болуы (бірінші басшы не оның орнындағы адам бекітпеген алқаның шешімі мемлекеттік тіркеуге жататын нормативтік құқықтық акт болып табылмайды).
ҚР Үкіметінің 01.10.04 ж. № 1017 қаулысымен 1-1) тармақша өзгерді (бұр. ред. қара)
1-1) нормативтік құқықтық актіні келісудің болуы:
Қазақстан Республикасының заңдарымен нормативтік құқықтық актіні міндетті келісу көзделген жағдайда, сондай-ақ егер онда басқа мемлекеттік органдарға қатысты ережелер, нормалар және тапсырмалар болса, онда нормативтік құқықтық акт осындай органдармен келісуге жатады.
Нормативтiк құқықтық актiнi мүдделі мемлекеттік органдармен келiсу олардың құзыретiне қарай жүзеге асырылады, бұл ретте нормативтiк құқықтық актiнi келiсудегі мұндай мүдделілік қаралатын мәселелердiң мәнiн ескере отырып белгіленедi.
Нормативтік құқықтық акт республикалық бюджет кірістерінің қысқартылуын немесе шығыстарының ұлғайтылуын көздейтін жағдайда ол Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігімен келісуге жатады.
Нормативтік құқықтық актілерді келісу мерзімі 5 жұмыс күнінен аспауға тиіс және нормативтік құқықтық акті тиісті мемлекеттік органға келіп түскен күннен бастап есептеледі.
Келісу нормативтік құқықтық актінің негізгі түрінде тиісті мемлекеттік органдар басшыларының не басшыларының орынбасарларының бұрыштамаларымен ресімделеді.
Бұрыштама орган басшысы немесе оның орынбасары қызметінің атауын, бұрыштама қоюшының жеке қолын, қол иесінің аты-жөнінің толық жазылуын, күнін және елтаңбалы мөрді қамтиды.
1-2) нормативтік құқықтық акт мемлекеттік тіркеуге ұсынылған жағдайда осы актіні шығарған органның заң қызметінің басшысы (ол болмаған жағдайда - заң кеңесшісі) оған парақ сайын қол қоюды жүргізеді;
нормативтік құқықтық актіні келісу кезінде келісуді жүзеге асыратын органның заң қызметінің басшысы да алдын ала қол қоюды жүргізеді;
бірнеше мемлекеттік орган қабылдаған нормативтік құқықтық актілер ұсынылған жағдайда, парақ сайын қол қоюды әр органның заң қызметінің басшысы жүргізеді.
ҚР Үкіметінің 01.10.04 ж. № 1017 қаулысымен 2) тармақша өзгерді (бұр. ред. қара)
2) қолданылып жүрген заңдарға сәйкестігін талдау:
Қазақстан Республикасының Конституциясына;
Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізетін заңдарға;
Қазақстан Республикасының Конституциялық заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық заң күші бар жарлықтарына;
Қазақстан Республикасының кодекстеріне, заңдарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлықтарына;
Қазақстан Республикасы Парламентiнiң нормативтік қаулыларына;
Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік жарлықтарына;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік қаулыларына;
мемлекеттік органдардың нормативтiк құқықтық актілеріне.
ҚР Үкіметінің 01.10.04 ж. № 1017 қаулысымен 3) тармақша өзгерді (бұр. ред. қара)
3) нормативтік құқықтық актінің деректемелерінің болуы.
Нормативтік құқықтық актілердің төмендегідей деректемелері:
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасы;
акт нысанына сілтеме: орталық мемлекеттік органның бұйрығы қаулысы, мәслихаттың шешімі, әкімдіктің қаулысы, әкімнің шешімі мен өкімі;
осы нормативтік құқықтық актіні реттеудің мәнін білдіретін тақырыбы (егер акт өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы болса, онда өзгертілетiн және/немесе толықтырылатын актінiң тақырыбында көрсетiлген ретпен өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлетiн, актiнiң нысаны, бекіту күнi, тiркеу нөмiрi, актiнiң толық атауы көрсетіледi);
нормативтік құқықтық актінің қабылданған жері мен күні;
нормативтік құқықтық актінің тіркеу нөмірі;
тиісті нормативтік құқықтық актіге қол қоюға уәкілетті адамның қолы; елтаңбалы мөрі болуы тиіс.
ҚР Үкіметінің 01.10.04 ж. № 1017 қаулысымен 4) тармақша толықтырылды
4) нормативтік құқықтық актінің құрылымына қойылатын талаптардың сақталуы:
құқық нормасын қамтитын тармақ нормативтік құқықтық актінің негізгі құрылымдық элементі болып табылады;
нормативтік құқықтық актілер тармақтарының тармақшаларға бөлінуі, ал тармақтардың, тармақшалардың ішінде абзацтармен бөлінген бөліктері болуы мүмкін;
нормативтік құқықтық актінің әр тармағы араб санымен нөмірленеді;
тармақтарды нөмірлеу бүкіл нормативтік құқықтық акті үшін басынан аяғына дейін ретті болып табылады;
тармақшаларды нөмірлеу әр тармақ үшін дербес болады;
тармақтардағы тармақшалардың нөмірлері жақшаға алынып араб санымен белгіленеді;
мазмұны жағынан жақын тармақтар тарауларға біріге алады;
мазмұны жағынан жақын бірнеше тараулар бөлімшелерге біріктірілуі мүмкін, ал бөлімшелер, өз кезегінде бөлімдерге біріге алады;
көлемі жағынан үлкен тараулардан параграфтар және параграфтардың бөліктері бөлініп шыға алады, ал бөлімшелер осылайша бөліктерге бөліне алады;
нормативтiк құқықтық актiнiң әрбiр бөлiмiндегi әрбiр тарау мен кiшi бөлiмдердегi параграфтарды нөмiрлеу дербес болып табылады.
ҚР Үкіметінің 01.10.04 ж. № 1017 қаулысымен 5) тармақша толықтырылды
5) нормативтік құқықтық акт мәнінің мазмұндалу стиліне қойылатын талаптар;
нормативтік құқықтық актінің мәтіні әдеби тіл мен заңгерлік терминологияның нормалары сақтала отырып баяндалады. Ескірген, көп мағыналы сөздер мен бейнелі сөздерді, теңеулерді, эпитеттерді, метафораларды, мағынасы және құқықтық жүктемесi жоқ декларациялық сипаттағы ереженi қолдануға, сөздерді қысқартуға жол берілмейді. Тармақтың мәтіні басқа тармақтарда қайталанып баяндалмайды.
6) егер, нормативтік құқықтық актінің мәтінінде оларға сілтеме жасалған жағдайларда қосымшалардың болуы;
7) нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі оның ішінде қосымшалардағы да, мәтіндерінің сәйкес келуі;
ҚР Үкіметінің 01.10.04 ж. № 1017 қаулысымен 7-1) тармақшамен толықтырылды
7-1) нормативтiк құқықтық актiнiң күшi жойылды деп тану кезiнде осы актіге өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлген барлық нормативтiк құқықтық актiлердiң не олардың бөліктерінің бiр мезгілде күшi жойылды деп танылады.
ҚР Үкіметінің 01.10.04 ж. № 1017 қаулысымен 8) тармақша толықтырылды
8) қолданылып жүрген нормативтік құқықтық актінің құрылымдық бөліктерінің (бөлімдерінің, бөлімшелерінің, тарауларының, параграфтарының, тармақтарының, тармақшаларының) күші жойылған деп танылған кезде мұндай бөліктер қолданылып жүрген актіден алынып тасталады, бірақ олардың нөмірлері сақталады және одан әрi пайдаланылмайды. Сақталған нөмірге актінің (немесе оның бөлігінің) күші жойылған деп тану туралы нормативтік құқықтық актіге сілтеме қосылады. Сақталған құрылымдық бөліктердің нөмірленуі өзгермейді;
9) қолданылып жүрген актіге қосымша құрылымдық бөліктерді енгізу кезінде, олар өздері жалғасатын құрылымдық бөліктердің нөмірлерін қайталайтын: 2-1-тарау, 8-1-параграф, 4-1-тармақ және одан әрі, қосымша нөмірлермен енгізіледі. Енгізілген құрылымдық бөліктің мәтіннен кейін жақшада енгізілгендігі туралы актіге сілтеме жасалады. Қалған құрылымдық бөліктердің нөмірленуі сақталады;
10) қолданылып жүрген актінің құрылымдық бөлігінің мәтіні өзгерген кезінде, мұндай бөлік өзгертілген редакцияда қолданылуын жалғастырады. Өзгертілген құрылымдық бөліктің мәтінінен кейін бөліктің оны өзгерткен актінің редакциясында қолданылатыны туралы сілтеме жалғасады.
ҚР Үкіметінің 01.10.04 ж. № 1017 қаулысымен 10-1) тармақшамен толықтырылды
10-1) нормативтiк құқықтық актіге немесе оның құрылымдық бөлігіне осындай мәтiн мазмұнының жартысынан асатын көлемде өзгерістер мен толықтырулар енгізiлген кезде оның жаңа редакциясы қолданылады.
ҚР Үкіметінің 24.01.00 ж. № 122 қаулысымен 13-1-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 02.10.02 ж. № 1082 қаулысымен 13-1-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 01.10.04 ж. № 1017 қаулысымен 13-1-тармақ өзгерді (бұр. ред. қара)
13-1. Осы Тәртіптің 5-тармағымен көзделген жағдайларда, сондай-ақ 3-тармағында, 13-тармағының 1-1), 1-2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында, көрсетілген талаптар сақталмаған жағдайда нормативтік құқықтық акт тиісті заң сараптамасы жүргізілместен, осы актіні ұсынған органға пысықтауға жеті күн ішінде қайтарылады.
5. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік
тіркеудің тізілімін жүргізу
ҚР Үкіметінің 24.01.00 ж. № 122 қаулысымен 14-тармақ жаңа редакцияда
14. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімін жүргізуді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі және оның аумақтық органдары жүзеге асырады.
Тізілімде тіркеу күні, берілген нөмірі, нормативтік құқықтық актінің және оны мемлекеттік тіркеуге ұсынған органның атауы көрсетіледі.
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімін жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілейді.
6. Нормативтік құқықтық актілерді қолданысқа енгізу
15. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу оларды қолданысқа енгізу үшін міндетті шарт болып табылады. Тіркелмеген нормативтік құқықтық актілердің заңдық күші болмайды.
ҚР Үкіметінің 01.10.04 ж. № 1017 қаулысымен 16-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
16. Нормативтiк құқықтық актiлер "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабына сәйкес қолданысқа енгізiледi.
ҚР Үкіметінің 24.01.00 ж. № 122 қаулысымен 17-тармақ толықтырылды. ҚР Үкіметінің 02.10.02 ж. № 1082 қаулысымен 17-тармақ өзгертілді және толықтырылды; ҚР Үкіметінің 01.10.04 ж. № 1017 қаулысымен 17-тармақ өзгерді (бұр. ред. қара)
17. Мемлекеттік тіркеуден кейін, қорытынды мен нормативтік құқықтық актінің бір данасы (түпнұсқа) оған берілген тіркеу нөмірімен бірге егер осы акт азаматтардың құқықтарына, бостандықтарына және мiндеттерiне қатысты болса, ресми жариялау міндеттемесімен құжатты тіркеуге ұсынған органға жолданады.
Осы Тәртіптің 3-тармағының екінші абзацында көрсетілген нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Нормативтік құқықтық актінің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды жеткізілімдердегі екінші данасы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің тізіліміне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жолданады, үшіншісі тіркеуші органда қалады.
Осы Тәртіптің 3-тармағының екінші абзацында көрсетілген мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркелгеннен кейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберілмейді.
Осы тәртіп бірнеше мемлекеттік органдар шығарған нормативтік құқықтық актіні тіркеу жағдайында да қолданылады.
Қорытынды мен тіркеу нөмірі берілген "құпия" деген белгісі бар нормативтік құқықтық актінің бір данасы (түпнұсқасы) құжатты тіркеуге ұсынған органға баспасөз басылымына жариялау міндеттемесінсіз жіберіледі. Екінші данасы Әділет министрлігінде және оның аумақтық органдарында қалады.
Нормативтік құқықтық актіні жариялау және жіберу кезінде мемлекеттік тіркеу нөмірі мен күнін көрсету міндетті болып табылады.
ҚР Үкіметінің 02.10.02 ж. № 1082 қаулысымен 18-тармақ жаңа редакцияда
18. Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ жергілікті өкілді және атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілерін ресми жариялау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
7. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік
тіркеуден бас тартудың, қолданылуын тоқтата тұрудың,
тоқтатудың және Қазақстан Республикасы Нормативтік
құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне тиісті
жазбалар енгізудің тәртібі
ҚР Үкіметінің 24.01.00 ж. № 122 қаулысымен 19-тармақ толықтырылды
19. Нормативтік құқықтық актілерді тіркеуден мына жағдайларда: егер мұндай акт азаматтардың заңдармен белгіленген құқықтары мен бостандықтарына қысым жасаса; жоғары тұрған деңгейдегі нормативтік құқықтық актілерге қайшы келсе; оны шығарған орган құзыретінің шегінен шықса; егер келісу қажет болғанда мүдделі органдармен келісілмесе; егер актілерді мемлекеттік тіркеуге ұсынудың тәртібі бұзылса; егер актінің жаңа құқықтық нормасы болмаса, тіркеуден бас тартылуы мүмкін.
Бас тарту туралы, бас тартудың негіздемесі көрсетіле отырып, нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеуге ұсынған органға жазбаша хабарланады.
Мемлекеттік тіркеуден бас тартқан жағдайда нормативтік құқықтық актінің көшірмесі тіркеуші органда қалады.
ҚР Үкіметінің 01.10.04 ж. № 1017 қаулысымен 19-1-тармақпен толықтырылды
19-1. Нормативтiк құқықтық актінi мемлекеттік тiркеуден бас тартуды алған күннен бастап он бес күн iшiнде мемлекеттік органның басшысы не оның мiндеттерiн атқаратын адам тiркеуден бас тартылған нормативтiк құқықтық актіні жою туралы тиiсті актінi шығарады және оның көшiрмесiн Әдiлет министрлігіне немесе оның аумақтық органына жiбередi.