«Дизель, авиациялық отын және бензин экспортына тыйым салуларды қолдану
мерзімін ұзарту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 6 ақпандағы № 70 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 20 ақпандағы № 171 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 сәуірдегі Кеден кодексінің 8-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Дизель отынын әкетуге уақытша тыйым салуды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы № 665 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., № 27, 342-құжат):
1-тармақтағы «2006 жылғы 7 ақпан» деген сөздер «2006 жылғы 28 ақпан» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) «Авиациялық отынды әкетуге уақытша тыйым салуды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 тамыздағы № 850 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., № 32, 444-құжат):
1-тармақтағы «2006 жылғы 7 ақпан» деген сөздер «2006 жылғы 28 ақпан» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) «Бензин әкетуге уақытша тыйым салуды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 11 қазандағы № 1015 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., № 37, 522-құжат):
1-тармақтағы «2006 жылғы 7 ақпан» деген сөздер «2006 жылғы 28 ақпан» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті осы қаулыны орындау жөніндегі қажетті шараларды қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі белгіленген тәртіппен Еуразия экономикалық қоғамдастығының Интеграциялық комитетін Қазақстан Республикасының аумағынан дизель, авиациялық отынды және бензинді әкетуге тыйым салу мерзімі ұзартылғандығы туралы хабардар етсін.
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |