2006 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту
туралы (Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі)
(Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы
12 желтоқсандағы № 1235 Қаулысы 223-264-қосымшалар)
(үзінді)
(2006.27.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналардың:
223, 224, 225, 226, 227, 228, 229, 230, 231, 232, 233, 234, 235, 235-1, 236, 237, 237-1, 238, 239, 239-1, 240, 241, 242, 243, 244, 245, 246, 247, 248, 249, 250, 251, 252, 253, 254, 255, 256, 257, 258, 259, 260, 261, 262, 263, 264-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің;
2. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
1235 қаулысына
223-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
«Білім және ғылым саласындағы уәкілетті
органның қызметін қамтамасыз ету»
деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 950238 мың теңге (тоғыз жүз елу миллион екі жүз отыз сегіз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Білім» туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 8, 12, 21, 27, 30, 35-баптары;»"Қызмет телефондары мен мемлекеттік органдарды орналастыруға арналған алаңдардың нормативтері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 3 қазандағы № 1217 қаулысы; "Бюджет қаражатынан қаржыландырылатын ұйымдар бойынша электр энергиясын, жылуды, ыстық және суық суды және басқа да коммуналдық қызмет көрсетулерді тұтынудың нормативтері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 2 қарашадағы № 1118 қаулысы; "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көлік қызметін көрсету үшін қызметтік жеңіл автомобильдерді пайдалануды ретке келтіру туралы"»Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 663 қаулысы; "Мемлекеттік бюджеттің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Парламенті
депутаттарының Қазақстан Республикасының шегіндегі қызметтік іссапарлары туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі № 1428 қаулысы; «Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестациялау туралы ережені бекіту туралы»» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 3 қыркүйектегі № 1305 қаулысы; «Ғылыми ұйымдарды аттестаттау туралы» Ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 мамырдағы
№ 460 қаулысы; Қазақстан Республикасы «Білім және ғылым министрлігінің мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысы;» «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған іс-шараларының Жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 қарашадағы № 1180 қаулысы;» «Жоғары оқу орындарының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантын тағайындау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 тамыздағы № 872 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жүктелген функцияларды іске асыру үшін білім саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыруды қамтамасыз ету және оны іске асыру; білім жүйесінің, ғылым, ғылыми-техникалық және аэроғарыш салаларын, сондай-ақ мемлекеттік жастар саясатының тиімділігін арттыру; ғылыми-зерттеу ұйымдарын жетілдіру және олардың бәсекелік қабілеттіліктерін арттыру; балалардың заңды мүдделерін жүзеге асыру және қорғау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: білім және ғылым ұйымдарымен лицензиялар беру және біліктілік талаптарын сақтауын бақылау; білім ұйымдарының лицензиялау жөніндегі Республикалық комиссияларының жұмысын қамтамасыз ету; білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау нысанында білім беру сапасын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантын беру; білім бағдарламалары бойынша олардың теориялық және практикалық білімдерін, шеберліктерін, профессионалдық деңгейлеріне сәйкес көрсетілген талаптар бойынша өздерінің қызметтік міндеттері мен кәсіби шеберліктерін арттыру; аэроғарыш қызметі және балалық шақты сақтау құқықтарын қорғау саласында мемлекеттік саясатты іске асыру; қаржыландырудың тұтастай және тиімді пайдалануын бақылау; білім сапасын басқару.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 001 | | Білім жә- не ғылым саласын- дағы уәкілетті органның қызметін қамтама- сыз ету | | | |
2 | | 001 | Орталық органның аппараты | Бекітілген штаттық лимит саны шегінде жүктелген міндеттерді орындау үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлі- гінің орталық аппара- тын ұстау және қамта- масыз ету. Лицензия- лау, аттестаттау, аккредитациялау жөнін- дегі іс жүргізуді қам- тамасыз ету, мемлекет- тік лицензиялар мен қосымшалардың бланк- терін даярлау бойынша қызметтерді сатып алу. Білім беру ұйымдарында мемлекеттік аттестат- тау өткізу, жоғары оқу орындары мен колледждерді аккредитациялау; ғылы- ми ұйымдарды аттестат- тау және аккредация- лау, мемлекеттік аттестаттау рәсімін өткізу үшін аттестат- тау комиссияларының шығындарын қаржылан- дыру. Қызметтік авто- көлікті ұстау және жалға алу. Тәрбиешілер мен мұғалімдер арасында республикалық конкурстар өткізу. Мемлекеттік үлгідегі құжаттар жасау. | 2006 жыл бойы | Қазақс- тан Респуб- ликасы Білім және ғылым министр- лігі |
3 | | 007 | Мемле- кеттік қызмет- шілердің білік- тілігін арттыру | Министрлік қызметшілерінің біліктілігін арттырудың бекітілген жоспарына сәйкес министрлік орталық аппараты қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жөніндегі қызметтерді сатып алу, мынадай 6 тақырыптар бойынша: 1) мемлекеттік органдарда қазіргі ақпараттық технология; 2) қазіргі технологияны адам ресурстарымен басқару; 3) Қазақстанның тұрақты дамуы және халық қауіпсіздігі; 4) бюджеттік саясат және бюджеттік процесс; 5) білім сапасын басқару; білім ұйымдарының салаларын бағалаудың (аудит) жаңа тәсілдері; 6) мемлекеттік және ағылшын тілдерін оқыту. | 2006 жылғы наурыз- жел- тоқсан | Қазақс- тан Респуб- ликасы Білім және ғылым министр- лігі |
4 | | 009 | Мемле- кеттік орган- дарды матери- алдық- техни- калық жарақ- тандыру | Орталық аппараттың жұмыс орындарын қамтамасыз ету үшін ксерокс аппаратын, офистік және жұмсақ жиһаздар сатып алу. Балалардың құқығын қорғау комитетін қамтамасыз ету үшін ксерокс аппараттарын, офистік және жұмсақ жиһаздар, суға арналған диспенсер- лерін сатып алу. | 2006 жыл бойы | Қазақс- тан Респуб- ликасы Білім және ғылым министр- лігі |
5 | | 017 | Ақпарат- тық жүйе- лердің жұмыс істеуін қамта- масыз ету және мемле- кеттік орган- дарды ақпарат- тық-тех- никалық қамтама- сыз ету | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің есептеу техникасы мен телеком- муникациялық жабдық- тарының сервистік және техникалық қызмет көрсетуі және оларды сүйемелдеу. Телекоммуникациялық қызметке ақы төлеу. Есептеу техникасын, телекоммуникациялық жабдықтарды және шығыс материалдарын сатып алу. | 2006 жыл бойы | Қазақс- тан Респуб- ликасы Білім және ғылым министр- лігі |
6 | | 100 | Ғылыми кадрларды аттеста- циялау | Бірыңғай талаптарға сәйкес ғылыми және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерге ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтар беру жөніндегі аттестаттау істерін ұйымдастыру әрі қарау. Мемлекет атынан дипломдар мен аттестаттарды ресімдеуді және тапсыруды жүзеге асыру. 1820 дана санында аттестаттау ісін қарау. | 2006 жыл бойы | Қазақс- тан Респуб- ликасы Білім және ғылым министр- лігі Білім және ғылым сала- сындағы қада- ғалау және аттес- таттау комитеті |
7 | | 102 | «Жоғары оқу орнының үздік оқыту- шысы» грантын табыс ету | «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» 200 мемлекеттік грантын тағайындау және беру. | 2006 жылғы қаңтар- маусым | Қазақс- тан Респуб- ликасы Білім және ғылым министр- лігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже:
1. Штаттық сан көлемінде Министрлік аппаратына - 204 бірлік саны, Білім және ғылым саласын қадағалау және аттестаттау комитеті - 53 бірлік саны, Аэроғарыш комитеті - 40 бірлік саны, Балалардың құқығын қорғау комитеті - 20 бірлік саны өздеріне жүктелген функцияларды толығымен орындау. Бекітілген нормативтік тәртіпке сәйкес автокөлікті ұстау және жалға алу; мемлекеттік аттестаттауды, аккредитациялауды, лицензиялауды өткізу; мұғалімдердің және білім беру ұйымдарының арасында республикалық конкурстар өткізу; мемлекеттік үлгідегі құжаттарды даярлау; мемлекеттік қызметшінің лауазымдық міндеттерін орындау үшін кәсіптік білімдері мен қабілеттерін тереңдету; орташа есеппен 20 қызметшінің біліктілігін арттыру, орташа есеппен 60 қызметшіні мемлекеттік тілге, орташа есеппен 40 қызметшіні ағылшын тіліне оқыту; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігін негізгі құралдармен, шығыс материалдарымен және басқа да жабдықтармен жарақтандыру; ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу және техникалық қамтамасыз ету.
2. Мемлекет атынан ғылыми дәрежелерді белгілеу, ғылыми атақтарды беру және дипломдар мен аттестаттарды табыстау.
3. «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантын тағайындау.
4. 200 жоғары оқу орнының үздік оқытушысын ғылыми зерттеулері үшін ынталандыру, шетелдерге стажировкаға жіберу.
5. Білім ұйымдары арасында бақылау жүргізу бойынша олардың берген қызметтерінің Мемлекеттік жалпы білім стандартына сәйкес келетін білім деңгейіне лайықты шаралар өткізу.
Соңғы нәтиже: Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің орталық аппараты мен комитеттері өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындау.
Министрлік үшін бір қызметшінің кәсіби деңгейін көтеруді қамтамасыз ету - 6,3%;
министрлік үшін мамандарды мемлекеттік тілге оқыту қажеттілігін қамтамасыз ету - 20%;
министрлік үшін мамандарды ағылшын тіліне оқыту қажеттілігін қамтамасыз ету - 21%;
жиһазбен қамтамасыз ету - 100%, оның ішінде орталық аппарат пен комитеттерге жиһаздар жаңарту - 14%,
оргтехникамен қамтамасыз ету - 78%.
Қаржы-экономикалық нәтиже: орталық аппараттың бір мемлекеттік қызметшісін ұстауға орташа шығындар - 1227,9 мың теңге.
Бір қызметшінің біліктілігін арттыруға, мемлекеттік және ағылшын тілдеріне үйретуге орташа шығыстар - 12,2 мың теңге.
Орталық орган мен комитеттерді жарақтандыруға бір қызметкерге есептегенде орташа шығыстар - 38,7 мың теңге.
Бір аттестаттық істі қарауға орташа шығыстар - 18,32 мың теңге.
Уақтылығы: жасалған шарттарға және бекітілген қаржыландыру жоспарларына сәйкес министрлік аппаратын ұстауға бөлінген бюджеттік қаражатты игеру - 100%.
Сапасы: Мемлекеттік стандартқа сәйкес келмейтін білім ұйымдарының болмауы, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдардың мәртебесін көтеру.
Ғылым кандидаттары мен докторларына ғылыми атқару беру тиімділігін көтеру және арттыру. Доцент және профессор атақтарын ғылыми-педагогикалық кадрларға да беру;
Шет елдерге стажировкаға жіберілетін жоғары оқу орындары оқытушыларының санын көбейту.
Қазіргі экономикалық талаптарға сәйкес мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби деңгейін кәсіби мемлекеттік қызметшілерге сай келетіндей көтеру;
Мемлекеттік тілді үйрену курсынан өткеннен кейін іс қағаздарды мемлекеттік тілде жүргізетін мемлекеттік қызметшілер - 19%
Ағылшын тілін үйрену курсын өткеннен кейін ағылшын тіліндегі құжаттармен жұмыс істейтін мемлекеттік қызметшілер - 12,6%
Білім көтеру курсын өткеннен кейін жоғары қызметке сайланған мемлекеттік қызметшілер - 6,3%
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
1235 қаулысына
224-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
«Іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер» деген
002 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Құны: 7238963 мың теңге (жеті миллиард екі жүз отыз сегіз миллион тоғыз жүз алпыс үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шілдедегі Заңының 26-бабы; «Қазақстан Республикасында ғылымды мемлекеттік басқару жүйесін жетілдірудің шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 11 наурыздағы № 2895 Жарлығы; «2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту туралы» Қазақстан Республикасының Президентінің 2005 жылғы 25 қаңтардағы № 1513 Жарлығы; «Қазақстан Республикасында ғылымды және ғылыми-техникалық бағдарламаларды жоспарлау мен қаржыландыруды жетілдіру шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 22 қаңтардағы № 61 қаулысы; «Республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламаның негізгі топтамалары мен көрсеткіштерін бекіту туралы» Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 14 қыркүйектегі № 875 қаулысы; «Республикалық бюджет есебінен орындалатын қолданбалы ғылыми бағдарламаларын құрудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 ақпандағы № 145 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003-2004 жылдарға арналған іс-қимылдар бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 5 қыркүйектегі № 903 қаулысы; «2002-2006 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында фармацевтік өнеркәсіпті дамыту үшін төлтума фитопрепараттар өндіру және өндіріске енгізу» Республикалық ғылыми-техникалық бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 шілдедегі№№ 996 қаулысы; «Микроорганизмдердің республикалық коллекциясы туралы» 2002 жылғы 30 шілдедегі № 850 қаулысы; «Ғылым қорының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 қаңтардағы № 113 қаулысы; «2004-2006 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі үшін өсімдіктер мен жануарлардың аса қауіпті жұқпалы ауруларын қоздырушылардың мониторингін және генетикалық картирлеуінді ғылыми-техникалық қамтамасыз ету» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 4 ақпандағы № 135 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Отандық технологиялардың бәсекелестік қабілетін көтеру, өндірістің ғылымды көп қажет ететін салаларын тұрақты дамыту үшін жағдай жасау; елдің экспортқа бағдарланған өнеркәсіп кешенін құру мақсатымен ғылым мен отандық жаңа технологиялар жетістігін іске асыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Экономиканың базалық салаларының қажеттіктерін ғылыми-техникалық қамтамасыз ету, ғылымды көп қажет ететін жаңа өндірістер ұйымдастыру үшін оңтайлы жағдайлар жасау, "зерттеу-әзірлеу-кадрлар даярлау-өнеркәсіптік игеру бірыңғай ғылыми-өндірістік тізбекке көшуге септігін тигізетін ғылыми-техникалық және басқа да салаларда инновациялық қызметті дамыту. Ғылыми зерттеулердің материалдық-техникалық базасын нығайту және тиімділігін арттыру. Қажетті жабдықтар мен аспаптар, реактивтер, қосалқы бөлшектер сатып алуда бірінші кезекті қажеттіктерді қанағаттандыру; ғылыми ұйымдарды осы заманғы жабдықпен, аспаптармен және есептеу техникасымен жасақтау; осы заманғы жоғары өнімді жабдықтарды және ақпараттық технологияларды пайдалану негізінде ғылыми зерттеулердің деңгейін көтеру. Ғылыми ұйымдардың ғимараттарын күрделі жөндеуден өткізу.
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 002 | | Іргелі және қолдан- балы ғылыми зерт- теулер | | | |
2 | | 001 | Іргелі ғылыми зерт- теулер | Орталықтар мен институттардың 5 басымдық бағытқа сәйкес іргелі ғылыми зерттеулер өткізуі; 1) ақпараттық және ғарыштық технологиялар: математикалық модельдер мен теориялар негізінде күрделі ақпараттық жүйелердің іргелі негіздерін құру; қауіпсіз және тиімді ақпараттық жүйелер әзірлеу; ғарыштық денелер мен олардың жүйелері эволюциясын- дағы өзара іс-қимыл, Жерді ғарыштан зерттеу; 2) ғылыми негіздер мен жаңа технологиялар әзірлеу, көмірсутек, минералдық, өсімдік шикізаттарының қасиеттері бар материалдар жасау; 3) биологиялық жүйелердің медицинада, ауыл шаруашылығында және қоршаған ортаны қорғауда инновациялық технологияларды әзірлеу үшін молекулярлық, геномдық, клеткалық, ағзалық, популяциялық және биогеоценотикалық деңгейлерде қызмет етуінің іргелі негіздері; 4) минералдық ресурстарды толықтыру, игеру, су ресурстарын геологтың-географиялық жүйелерді рационалды пайдалану мен табиғи және техногендік апаттардың залалын азайтудың іргелі негіздері; 5) қазіргі заманғы өзекті процестер мәнінде қазіргі Қазақстанның тұрақты дамуының және оны жеделдетіп модерниза- циялау стратегиясының негізі ретінде жалпы ұлттық идеялардың ғылыми-әдістемелік негіздерін дамыту. Фундаменталды зерттеулер жүргізетін ғылыми ұйымдарға күрделі жөндеу жүргізу үшін күрделі трансферттер аудару. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген тізімге сәйкес фундаменталды зерттеулер жүргізетін ғылыми ұйымдарға негізгі құралдар алу үшін күрделі трансферттерді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген сатып алынатын жабдықтар тізбесіне сәйкес аудару. | жыл бойы | Қазақс- тан Респуб- ликасы Білім және ғылым министр- лігі |
3 | | 101 | Қолдан- балы ғылыми зерт- теулер | «Қазақстан Республика- сындағы 2005-2007 жылдарға арналған ғарыштық қызметті дамыту» мемлекеттік бағдарламасын және 6 мақсатты ғылыми- техникалық бағдар- ламаларды іске асыру: 1) мемлекеттік ғылыми-техникалық ақпаратты және ғылыми-техникалық инфрақұрылымды дамыту; 2) 2002-2006 жылдарда Қазақстан Республика- сының фармацевтік өнеркәсіпті дамыту үшін түпнұсқалық фито- препараттарды әзірлеу және өндіріске енгізу; 3) Қазақстан Республикасының биоқауіпсіздігі үшін өсімдіктер мен жануар- лардың аса қауіпті инфекциялары қоздыр- ғыштарының ғылыми- техникалық мониторин- гін қамтамасыз ету және генетикалық картирлеу; 4) 2006-2008 жылдары Қазақстан Республика- сында биотехнология кластерін қалыптастыру және дамыту үшін қазіргі технологиялар- ды дамыту; 5) Қазақстан Республикасының 2006-2008 жылдарға биологиялық және химиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету. 6) «Құс тұмауы: зерделеу, қарсы күрестің 2006-2008 жылдарға арналған құралдары мен әдістерін әзірлеу. Қазақстан Республика- сының Білім және ғылым министрінің бұйрығына сәйкес елдің индустриалды- инновациялық дамуы бағыттары шеңберіндегі конкурстар нәтижелерi бойынша қолданбалы ғылыми жобаларды іріктеу және қаржыландыру. Ғылым саласындағы халықаралық ынтымақтастық. | жыл бойы | Қазақс- тан Респуб- ликасы Білім және ғылым министр- лігі |
4 | | 102 | Ғылыми- техни- калық сараптама | Ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобаларға ғылыми-техникалық сараптамалар жүргізу. Бағдарламалар мен жобалар бойынша аралық және қорытынды есептерге сараптамалар жүргізу Халықаралық сарапшылардың қатысуымен басым ғылыми бағыттар бойынша ғылыми-техникалық бағдарламалар мен ғылыми әлеуеттің сараптамасын жүргізу | жыл бойы | Қазақс- тан Респуб- ликасы Білім және ғылым министр- лігі |
5 | | 103 | Ғылым қоры арқылы баста- малық және тәуе- келдік ғылыми зерт- теулердi жүргізу | Ғылым қоры арқылы бастамалық және тәуекелдік ғылыми зерттеулерді Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің бұйрығы бойынша конкурс нәтижелеріне сәйкес жүргізу. | жыл бойы | Қазақс- тан Респуб- ликасы Білім және ғылым министр- лігі |
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: Іргелі және қолданбалы ғылыми бағдарламалар жөніндегі жобалар конкурстар нәтижелеріне сәйкес, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген тақырыптар бойынша, сондай-ақ Ғылым қоры арқылы өткізілді. 40 ғылыми ұйымдарға жекелеген жабдықтар кемінде 50 бірлік есебінде сатып алынды және 9 ғылыми ұйым ғимараты күрделі жөндеуден өтті: М.Айтхожина атындағы молекулярлық биология мен биохимия институты, Физика-техникалық институты, Ғарыштық зерттеулер институты, металлургия және байыту институты, Жану институты, Ұлттық биотехнология орталығы, микробиология және вирусология институты, Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты, Д.В.Сокольский атындағы органикалық катализ және электрохимия институты. Жабдықтар сатып алу ғылыми ұйымдардың ағымдағы міндеттерді сапалы әрі мезгілінде орындауына мүмкіндік береді және олардың өңдейтін ақпаратының шапшаңдығын арттырады. Ғылыми ұйымдарды күрделі жөндеуді өткізу ғылыми қызметкерлерді жұмыс жағдайын жақсартады.
Соңғы нәтиже: Табиғи және әлеуметтік жүйелер туралы қағидатты бүтіндей жаңа білім алу, экономиканы жүйелі қайта құрудың, қоғамды, мәдениетті, ғылымды тұрақты дамытудың ғылыми негіздерін әзірлеу;
ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің жалпы ғылыми-технологиялық кеңістігі мен ғылыми еңбектің әлемдік бөлінісі шеңберінде қазақстандық ғылымның айқындамасын нығайту; Қазақстан Республикасында ғылымның одан әрі дамуы жөнінде ұсыныстар әзірлеу; экспорттық және импорттың ауыстыратын өнімдерді көбейтуге және ғылымды көп қажет ететін, өндірістерді дамытуға септігін тигізетін өтемді әзірленімдерді жасау және енгізу; синтетикалық және табиғи тума медициналық бірегей препараттар өндіру; ауылшаруашылық дақылдарының жоғары өнімді тұқымын тездетіп жасау әдістерін әзірлеу.
- 10% ғылыми ұйымдардың ғылыми жабдықтарға қажеттілігі жарақтандырылды.
- 15% ғылыми ұйымдарды күрделі жөндеу өткізудің жалпы қажеттілігі. Қаржы-экономикалық нәтиже:
бір ұйым үшін жабдықтар сатып алуға орташа шығыстар - 8379,0 мың теңге;
бір ұйымды күрделі жөндеуге орташа шығыстар - 17082,5 мың теңге.
Уақтылығы: шарттар бойынша жұмыстар жүргізу кестесіне сәйкес. Сапасы: ғылыми мақалалар, авторлық куәліктер, патенттер, технологиялық регламенттер, тәжірибелі үлгілер, технологиялық процестер.
Елдің әлеуметтік-экономикалық даму қажеттіліктеріне сәйкес ғылыми зерттеулер өткізу.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
1235 қаулысына
225-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
«Ғылыми-мәдени құндылықтарды сақтау»
деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 5670 мың теңге (бес миллион алты жүз жетпіс мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 24 желтоқсандағы Заңының 33-бабы; «Академик Қ.И.Сәтбаевты мәңгі есте қалдыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 14 сәуірдегі № 332 қаулысы; «Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомствалық бағыныста мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 5 наурыздағы № 214 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қ.И. Сәтбаевтың құндылықтарын сақтау, Қ.И. Сәтбаевтың қорлары мен мемориалдық мұражайында жатқан көрнекті ғалым, Қазақстан Ғылым академиясының тұңғыш Президенті Қ.И.Сәтбаевтың өмірі мен қызметі туралы білімді білімдік-тәрбиелікпен және мақсаткерлікпен таратуды жүзеге асыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Қазақстан Республикасының азаматтарының жеке, интеллектуалдық, рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруға жағдай жасау.