№ 1235 қаулысына
356-ҚОСЫМША
234 - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық жүйесін құру және дамыту»
деген 007 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 120674 мың теңге (бір жүз жиырма миллион алты жүз жетпіс төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Ақпаратқа кіру, шешімдер қабылдау процесіне жұртшылықтың қатысуы және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот әділдігіне қол жеткізу туралы Орхус конвенциясын ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 23 қазандағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 3 желтоқсандағы № 1241 "Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған Экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы туралы" Жарлығы; "Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру мен жүргізудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 маусымдағы № 885 қаулысы; "Қазақстан Республикасының 2005-2007 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау" Бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 6 желтоқсандағы № 1278 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: қоршаған орта мен табиғат ресурстарының жай-күйі туралы деректерді жинау және есепке алуды автоматтандыру, осы деректерді сақтау, өңдеу және талдау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Қазақстан Республикасының аумағындағы қоршаған орта мен табиғатты пайдаланудың жай-күйіне бақылаудың шындығын және жеделдігін жоғарылату, табиғатты қорғаудың іс-шараларының жоспарлауы және орындалуын жаңа деңгейіне көтеру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 007 | | Қоршаған ортаны қорғаудың ақпарат- тық жүйесін құру және дамыту | | | |
2 | | 006 | Ішкi көздер есебінен жобаны іске асыру | Компьютерлік және телекоммуникациялық жабдықты, кондиционерлердi сатып алу. Бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу. "Қоршаған ортаның жай-күйіне мониторинг жасау", "Қаржылық экологиялық іс-әрекетке мониторинг жасау", "Жобалардың экологиялық сараптамасының мемлекеттік жүйесі" атты кіші жүйелердi әзірлеу. Жоба енгізу шеңберінде мамандарды оқытуды жүргізу және ұйымдастыру. Ақпараттық жүйе іс-қимыл жасау үшін арнайы жабдықталған серверлік үймерет құру. Жабдық пен жүйелі бағдарламалық қамтамасыз етудi қондыру, инсталляция- лау және баптау жөніндегі қызмет көрсетулерді сатып алу. Консалтингтік қызметтерді және жобаны басқару жөніндегі қызметтердi алу. | қаңтар желтоқ- сан | Қазақ- стан Респуб- ликасы Қоршаған ортаны қорғау министр- лігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тура нәтиже:
жабдық сатылып алынды: 3 сервер, оның ішінде үздіксіз қоректенудің 3 көзі, үздіксіз қоректендіру көздерімен 43 жиынтық компьютерлік жабдық, 3 маршрутизатор, 3 коммутатор, 3 кросс-шкаф, 3 патч-панель;
бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу: серверлер үшін лицензиялар - 3 жиынтық (Windows2003 Std.Edit); (Oracle Ent.Edit, Oracle Spatial Option) пайдаланушылар үшін 50 лицензия; (Oracle Std.Edit) пайдаланушылар үшін 30 лицензия; АrcGIS Engine 9.1 (1 лицензия АrcGIS Engine Developer Kit, 2 лицензия Standard ArcGIS Engine Runtime, 2 лицензия ArcGIS Engine Runtime Spatial Extension, 2 лицензия ArcGIS Engine Runtime Geodatabase Update Extention) және 1 лицензия АrcSDE.
"Қоршаған ортаның жай-күйіне мониторинг жасау", "Қаржылық экологиялық іс-әрекетке мониторинг жасау", "Жобалардың экологиялық сараптамасының мемлекеттік жүйесі" атты кіші жүйелер әзірленді. Жобаны іске асыру шеңберінде мамандар оқытылды.
Серверлік үймерет құрылды.
Жабдық және жүйелі бағдарламалық қамтамасыз ету тестіленді.
Консалтингтік қызметтер мен жобаны басқару жөніндегі қызметтер алынды.
Соңғы нәтиже: ақпаратты неғұрлым сапалы және жедел өңдеу үшін қоршаған орта саласындағы бірыңғай есептің автоматтандырылған жүйесін құру.
Уақыттылық: келісім-шарттар тауарлар, жұмыстар және қызметтерді сатып алудың бекітілген жоспарына сәйкес жасалады.
Қаржылық экономикалық нәтиже: қоршаған ортаны ластағаны үшін қаражаттың түсу көлемін ұлғайту.
Сапа: "электрондық үкімет" шеңберінде қоршаған ортаның жай-күйі және ластануы туралы ақпаратты ұсыну.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
357-ҚОСЫМША
234 - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Қоршаған ортаның жай-күйіне бақылау жүргізу»
деген 008 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 519378 мың теңге (бес жүз он тоғыз миллион үш жүз жетпіс сегіз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 35, 58, 60 және 84-баптары; Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шілдедегі "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Заңының 4, 12, 48, 81-баптары; Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шілдедегі "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Заңы; Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 26 маусымдағы "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы" Заңының 21-бабы; Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 наурыздағы "Атмосфералық ауаны қорғау туралы" Заңы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 27 қаңтардағы "Қазақстан Республикасы теңіздері мен ішкі су қоймаларында мұнай операцияларын жүргізудің тәртібі туралы ережені бекіту туралы" № 105 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 наурыздағы "Қазгидромет" және "Қазавиамет" республикалық мемлекеттік кәсіпорындарын құру туралы" № 185 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 маусымдағы "Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің Бірыңғай мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру мен жүргізудің ережесін бекіту туралы" № 885 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 тамыздағы "Қазақстан Республикасының 2005-2007 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау" Бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 6 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2004-2006 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы" № 838 қаулысы; "Қазақстан Республикасының 2005-2007 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау Бағдарламасы туралы" № 1278 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: қоршаған ортаға мемлекеттік мониторинг жүйесін қалыптастыруды қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы халқының және экологиялық жүйелерінің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: қоршаған ортаға мемлекеттік мониторингті жүргізу, қоршаған ортаға мониторинг жүйесін дамыту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 008 | | Қоршаған ортаның жай- күйіне бақылау жүргізу | Қоршаған ортаның жай-күйі туралы ай сайынғы, тоқсан сайынғы бюллетендердi шығаруды дайындау үшін мемлекеттік тапсырыс шеңберінде қоршаған ортаға мемлекеттік мониторинг жүргізу; Арал маңындағы қоршаған ортаның және халық денсаулығының мониторингі; Каспий теңізінің қазақстандық бөлігі қоршаған ортасының мониторингі; қоршаған ортаның жай-күйі туралы тоқсан сайынғы бюллетендерді дайындау үшін "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағының аумағына мониторинг, Бурабай кешендi станциясына аялық мониторинг; Щучинск-Бурабай курорттық аймағының мониторингі; Балқаш көлі бассейнін қоршаған ортасына мониторинг жүргізу, мемлекеттік мониторинг деректерінің базасын енгізу және сүйемелдеу. Зымыран-ғарыш қызметтің әсеріне ұшыраған Қазақстан Республикасының аумақтары учаскелерінің экологиялық жай-күйіне мониторинг жүргізу. Экологиялық паспорттарды жасау мақсатында ауылдық аумақтарға экологиялық-демогра- фиялық зерттеу жүргізуді аяқтау. Желілік зертханаларды аттестаттау. Қоршаған ортаның мемлекеттік мониторинг жүйесін техникалық қайта жарақтандыру үшін аспаптарды және жабдықтарды сатып алу. Қоршаған ортаның мемлекеттік мониторинг жүйесін материалдық- техникалық қамтамасыз ету үшін автоматтан- дырылған станцияларды, аспаптарды және жабдықтарды ұйымдас тыру техникасын, автокөліктерді сатып алу. Қоршаған ортаның мемлекеттік мониторингі жүйесін дамыту үшін жиынтығы- мен бірге атмосфералық ауаның жай-күйін бақылайтын автоматтан- дырылған тұрақты бекеттерді, өлшеуіш аппаратымен мобильдi зертханаларды, аспаптарды және жабдықтарды сатып алу. Щучье-Бурабай курорттық аймағындағы қоршаған ортаға мемлекеттік мониторинг ұйымдастыру және жүргізу үшін жиынтығымен бірге атмосфералық ауаның жай-күйін бақылайтын автоматтандырылған тұрақты бекеттерді, өлшеуіш аппаратымен мобильді зертханаларды, аспаптарды және жабдықтарды сатып алу. | 2006 жылдың қаңтары -желтоқ- саны | Қазақ- стан Респуб- ликасы Қоршаған ортаны қорғау министр- лігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тура нәтиже: 23 елді мекендегі 57 бақылау бекетінде 16 көрсеткішке дейінгі атмосфералық ауаның жай-күй туралы деректер; 10 көрсеткіш бойынша 40 бақылау пунктіндегі атмосфералық жауын-шашынның және 32 бақылау пунктіндегі қар жамылғысының жай-күйі туралы деректер; 66 су объектісінде, оның ішінде 15 бақылау пунктіндегі трансшекаралық су объектілері бойынша 50 көрсеткішке дейінгі беткі сулар жай-күйінің деректері; 5 көрсеткішке дейінгі 15 елді мекендегі топырақтың жай-күйі туралы деректер; радиациялық жай-күйдің деректері (69 бақылау пунктіндегі гамма-ая, 40 бақылау пунктіндегі жиынтық бета-белсенділікке атмосфералық жауын-шашын туралы деректер); Бурабай кешенді станциясына мониторинг; Арал маңындағы қоршаған ортаның және халық денсаулығының жай-күйі туралы; "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аумағындағы қоршаған ортаның жай-күйі туралы деректер; Каспий теңізінің қазақстандық бөлігіндегі қоршаған ортаның жай-күйі туралы деректер; Щучье-Бурабай курорттық аймағының жай-күйі туралы деректер.
Зымыран-ғарыш қызметінің әсер етуіне ұшыраған Қазақстан Республикасы аумақтары учаскелерінің экологиялық жай-күйі туралы деректер.
Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарының экологиялық паспорттарын жасау мақсатында ауылды аумақтарды экологиялық-демографиялық зерттеу туралы есеп беру.
5 желілік зертхана аттестатталды.
Қоршаған ортаға мемлекеттік мониторинг жүйесін техникалық қайта жарақтандыру үшін: 3 спектрофотометр, 3 тұрақты рН-метр, 3 кондуктометр, 3 оксиметр, 5 талдау таразысы, 5 бидистиллятор, 5 кептіру шкафы, 5 су термостаты, 5 тоңазытқыш.
Қоршаған ортаға мемлекеттік мониторинг жүйесін материалдық-техникалық қамтамасыз ету үшін:
оның ішінде, Каспий теңізінің қазақстандық бөлігі үшін; 3 автоматтандырылған станция, антенналық-фидер қондырғысы бар жабдықтың жиынтығымен радиостанцияның 3 жиынтығы, компьютерлік жабдықтың 3 жиынтығы, автокөліктің 4 бірлігі, 4 моторлы қайық; Щучинск-Бурабай курорттық аймағындағы қоршаған ортаға мемлекеттік мониторинг ұйымдастыру және жүргізу үшін: жиынтығымен атмосфералық ауаның жай-күйін бақылайтын 2 автоматтандырылған тұрақты бекет, 2 жауын-шашын сынамасын алушы, 2 портативті рН-метр, электр жүргізуді өлшеу үшін 1 портативті кондуктометр, радиациялық мониторинг үшін 3 персоналды дозиметр, өлшеуіш аппаратымен және жиынтығымен 1 мобильді зертхана, 1 радиотелефон, 1 гидрографиялық кешен (эхолот) сатып алынды.
Қоршаған ортаға мемлекеттік мониторинг жүйесін дамыту үшін:
жиынтығымен атмосфералық ауаның жай-күйін бақылайтын 6 автоматтандырылған тұрақты бекет, жауын-шашын үшін 10 сынама алушы, 10 портативті рН-метр, электр жүргізуді өлшеу үшін 10 портативті кондуктометр;
ауыр металдар мен пестицидтер үшін талдау жабдығының 1 жиынтығы, оның ішінде: 1 атомдық-абсорбциондық спектрометр және 1 газ хроматографы, радиациялық мониторинг үшін 25 персоналды дозиметр, өлшеуіш аппаратымен 3 мобильді зертхана сатып алынды.
Соңғы нәтиже: экологиялық жүйелерге қауіпті антропогендік құбылыстардың теріс әсер етуінің алдын алуға мүмкіндік беретін тиімді функциялы экологиялық мониторингтің жүйесі.
Қаржылай-экономикалық нәтиже:
қоршаған ортаға мемлекеттік мониторинг жүргізуге ортасалмақты шығындар қолданыстағы бақылау желісі бойынша есептегі:
атмосфералық ауаның жай-күйін бақылаушы 1 пунктіне - 1236,7 мың теңгені;
беткі сулардың жай-күйін бақылаушы 1 пунктке - 170,2 мың теңгені;
топырақтың жай-күйін бақылаушы 1 пунктке - 123,5 мың теңгені;
радиациялық мониторингті бақылаушы 1 пунктке - 58,5 мың теңгені құрайды.
1 айға бір станцияға аялық мониторинг жүргізудің құны - 215,6 мың теңге.
1 айға Арал маңындағы қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына мониторинг жүргізудің құны - 538,6 мың теңге.
1 айға Каспий теңізінің қазақстандық қоршаған ортасына мониторинг жүргізудің құны - 1600,7 мың теңге.
1 айға "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағының аумағына мониторинг жүргізудің құны - 1149,1 мың теңге.
1 айға Щучье-Бурабай курорттық аймағына мониторинг жүргізудің құны - 833,3 мың теңге.
1 айға Балқаш көлі бассейнінің қоршаған ортасына мониторинг жүргізудің құны - 895,2 мың теңге.
1 айға зымыран-ғарыш қызметінің әсер етуіне ұшыраған Қазақстан Республикасы аумағының учаскелерінің жай-күйіне экологиялық мониторинг жүргізудің құны - 2083,3 мың теңге.
экологиялық паспорттар жасау мақсатында бір облыста ауылдық аумақтарға экологиялық-демографиялық зерттеу жүргізуді аяқтаудың құны - 5000 мың теңге.
Уақыттылық:
қоршаған ортаның жай-күйі туралы ай сайынғы ақпараттандыру, бақылау пункттерін құру және тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді сатып алудың бекітілген жоспарына сәйкес негізгі құралдарды сатып алу;
2006 жылғы 15 желтоқсанға дейін Байқоңыр кешенінің әсер етуіне ұшыраған аумақтардағы қоршаған ортаның жай-күйі және Қазақстан Республикасының 6 облысындағы ауылдық аумақтарды экологиялық-демографиялық зерттеу туралы есеп берулерді алу.
Сапа: қоршаған ортаға бақылау жүргізу, бекітілген басшылыққа алынатын нормативтік құжаттарға сәйкес бақылау бекеттерін және пункттерді құру және сатып алу; зертханалардың халықаралық стандарттың талаптарына сәйкестігі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
358-ҚОСЫМША
234 - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының
бюджеттеріне қоршаған ортаны қорғау объектілерін салуға және
қайта жаңартуға берілетін нысаналы даму трансферттері»
деген 009 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Құны: 584266 мың теңге (бес жүз сексен төрт миллион екі жүз алпыс алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 6 желтоқсандағы «2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау» Бағдарламасы туралы» № 1278 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 тамыздағы «2006-2008 жылдарға арналған Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының дамуы Бағдарламасын бекіту туралы» № 874 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының өңірлерінде қоршаған ортаның жай-күйін жақсарту, табиғи ресурстарды қалпына келтіру, сақтау және ұтымды пайдалану.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Қазақстан Республикасының өңірлерінде табиғи жүйелер тозуының алдын алу және экологиялық жағдайды тұрақтандыру үшін тиімді тетіктерді және іс-шараларды жасау жөніндегі шаралардың кешенін жүргізу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 009 | | Облыстық бюджет- терге, Астана және Алматы қалала- рының бюджет- теріне қоршаған ортаны қорғау объекті- лерін салуға және қайта жаңартуға берілетін нысаналы даму транс- ферттерi | Инвестициялық жобаларды іске асыру үшін қоршаған ортаны қорғау объектілерін салуға және қайта жаңартуға арналған облыстық бюджеттерді, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерін дамытуға арналған мақсатты трансферттердi тізбелеу: Семей қаласындағы ағынды суларды биологиялық тазарту станциясын құрылысын салуды аяқтау (2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 9-762/04 мемлекеттік ведомстводан тыс сараптаманың локалдік қорытындысы); Жобалық-сметалық құжаттаманың мемлекеттік ведомство- дан тыс сараптамасын әзірлеу және жүргізу және Щучинск-Бурабай курорттық аймағының ағынды суларын биологиялық тазарту имараттарының кешенін салуды бастау. | қаңтар желтоқ- сан | Қазақ- стан Респуб- ликасы Қоршаған ортаны қорғау министр- лігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тура нәтиже: мемлекеттік ведомстводан тыс сараптамадан өткен бекітілген жобалық-сметалық құжаттама; Семей қаласындағы ағынды суларды биологиялық тазарту станциясын салу бойынша жұмыстың ауқымын орындау (жұмыс ауқымының 43%); Щучинск-Бурабай курорттық аймағының ағынды суларын биологиялық тазарту имараттарының кешенін салуды бастау.
Соңғы нәтиже: Қазақстан Республикасының өңірлерінде экологиялық жағдайды жақсарту үшін қоршаған ортаны қорғау объектілерін пайдалануға енгізу.
Қаржылай-экономикалық нәтиже: негізгі қаржы қорының ұлғаюы.
Уақыттылық: жұмыстарды орындаудың және жасалған шарттардың жоспарына-кестесіне сәйкес.
Сапа: ҚНжәнеЕ сәйкес.