7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тура нәтиже: 36 тақырып, оның 33 жалғастырушы және 3 жаңа тақырып бойынша қоршаған ортаны қорғау саласында жүргізілген ғылыми зерттеулердің нәтижелері жөніндегі есептер және ұсынымдар.
Қоршаған ортаға шығарындылардың және төгінділердің және өндіріс қалдықтарын жинақтаудың тұрақты деңгейінде сақтау бойынша шараларды әзірлеу және іске асыру; республиканың әртүрлі өңірлеріндегі қазіргі экологиялық жай-күйді бағалау және ғаламдық сипаттағы ауқымды экологиялық проблемаларды шешуге бағытталған шараларды қабылдау үшін ұсынымдарды және әдістерді әзірлеу; Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің табиғи ресурстарының қазіргі геоэкологиялық жай-күйін оны одан кейінгі дамыту мақсатымен бағалау;
Экология және климат ғылыми-зерттеу институтының ғылыми-зерттеу базасын дамыту үшін:
компьютерлік жабдықтың 37 жиынтығы, 8 принтер, 4 көшіру аппараты, 4 ноутбук, 1 плоттер, электрондық метеостанцияның
1 жиынтығы, 2 портативтік газанализатор, 1 эхолот, 16 газ анализатор, 2 электрондық таразы, 1 цифрлық қалтқының деңгей өлшеуіші, 1 ағын жылдамдығын өлшеуіш, 1 кептіру-стерильдеу шкафы,
4 аспиратор, 4 актинометр, 4 альбедометр, 4 баланс өлшеуіш, 4 анемометр, 2 анеморумбометр, 2 метеорологиялық матч,
1 автоматтандырылған арақашықтық гидрологиялық бекеттің 1 жиынтығы, зертханалық диірменнің 1 жиынтығы, геологтың қолға ұстайтын 2 бұрғысы, 3 кептіру шкафы, су сапасын бақылау зертханасының 2 жиынтығы, 2 шаң анализаторы, 2 автокөлік, 2 топырақ ылғалын өлшеуіш, 1 газ өлшегіш аспап сатып алынатын болады.
Соңғы нәтиже: нәтижесінде экологиялық жағдайдың және елдегі халық денсаулығының одан кейінгі төмендеуіне шынайы және әлеуетті қауіп жойылатын қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру жөніндегі міндеттерді шешу үшін жағдай жасау; ғаламдық, ұлттық және өңірлік экологиялық проблемалар туралы, сондай-ақ экологиялық қолайсыз өңірлердегі әлеуметтік қиындықты төмендетуге ықпал ететін климаттың және озон қабатының өзгеруі, биоәралуандылықтың қысқаруы, шөлейттену, топырақ жамылғысының, судың, ауаның, ластануы проблемаларын қоса алғанда, оларды шешудің жолдары мен бағыттары туралы республика халқын ақпараттандыруды арттыру; экология және климат ғылыми-зерттеу институтын жалпы қажеттіліктің 16,8 % аспаптармен және жабдықтармен қамтамасыз ету.
Қаржылай-экономикалық нәтиже: бір тақырып бойынша ғылыми зерттеулерді жүргізудің орташа құны 7361 мың теңгені құрайды.
Уақыттылық: тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сатып алудың бекітілген жоспарына сәйкес жыл бойы.
Сапа: қоршаған орта сапасын неғұрлым қауіпті процестермен және үрдістермен оның тозу және тұрақтану қарқынын бәсеңдету жолымен сақтау.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
353-ҚОСЫМША
234 - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Қоршаған ортаны қорғау объектілерін салу және қайта жаңарту»
деген 004 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 860731 мың теңге (сегіз жүз алпыс миллион жеті жүз отыз бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 7 мамырдағы «2004-2006 жылдарға арналған Арал маңы проблемасын кешенді шешу жөніндегі бағдарламаны бекіту туралы» № 520 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 6 желтоқсандағы «2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау» Бағдарламасы туралы» № 1278 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: қоршаған ортаның жай-күйін жақсарту, табиғи ресурстарды қалпына келтіру, сақтау және ұтымды пайдалану, табиғи ортаға ұлғаймалы антропогендік әсер етуді азайту; қоршаған ортаның сапасын басқару жүйесін дамыту, қоршаған ортаны қорғауды мемлекеттік басқаруды дамытудың институционалдық негіздерін құру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: табиғи ресурстардың таусылуының және ластануының алдын алу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 004 | | Қоршаған ортаны қорғау объекті- лерін салу және қайта жаңарту | Қазақстан Республикасы Yкіметінің "2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" 2005 жылғы 9 желтоқ- сандағы № 1228 қаулы- сына 2-қосымшаға сәйкес сомалар шегін- дегі инвестициялық жобаларды іске асыру іс-шараларына: Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Ұлттық метеорология орталығын салу жобасының жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу және мемлекеттік ведомстводан тыс сараптама жүргізу; "Атырау, Тараз, Алматы, Астана, Ақтөбе, Қарағанды, Павлодар, Көкшетау, Қостанай, Шымкент, Петропавловск қалаларында аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармаларының әкімшілік ғимараттарын салу" жобасының жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу және мемлекеттік ведомстводан тыс сараптама жүргізу; жобалық-сметалық құжаттаманың мемлекеттік ведомство- дан тыс сараптамасын әзірлеу және жүргізу және Қызылорда қаласындағы ағынды суларды биологиялық тазарту станциясына дейін 1 және 12 канализациялық-сорғы станцияларымен бас сорғы коллекторларды салу. | қаңтар- желтоқ- сан | Қазақ- стан Респуб- ликасы Қоршаған ортаны қорғау министр- лігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тура нәтиже: мемлекеттік ведомстводан тыс сараптамадан өткен бекітілген жобалық-сметалық құжаттама; арынды коллекторларды салу бойынша орындалған жұмыстардың ауқымы (жұмыс ауқымының 76%).
Соңғы нәтиже: қоршаған ортаның жай-күйін жақсарту үшін қоршаған ортаны қорғау объектілерін пайдалануға енгізу.
Қаржылай-экономикалық нәтижесі: негізгі қаржы қорының ұлғаюы.
Уақыттылық: жұмыстарды орындаудың және жасалған шарттардың жоспарына-кестесіне сәйкес.
Сапа: ҚНжәнеЕ сәйкес.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
354-ҚОСЫМША
234 - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Қоршаған ортаны қорғау объектілерін оңалту»
деген 005 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 201964 мың теңге (екі жүз бір миллион тоғыз жүз алпыс төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шілдедегі Заңы; "Қазақстан Республикасы мен Жаһандық экологиялық қордың Атқарушы агенттігі ретінде әрекет ететін Халықаралық қайта құру және Даму Банкі арасындағы Сенімгерлік қордың Гранттық келісімін (Қуаң жерлерді басқару жөніндегі жоба) бекіту туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 8 қаңтардағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 3 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының 2004-2005 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы туралы" № 1241 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 3 ақпандағы "Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2004-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы" № 131 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы "Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің мәселелері" № 1113 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 ақпандағы "2005-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының шөлейттенумен күресу жөніндегі бағдарламасы" № 49 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының аумағында шөлейттену және жердің тозу процесін тоқтату және алдын алу, сондай-ақ табиғи ресурстарды сақтау, қалпына келтіру және тұрақты пайдалану.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: қуаңшылық жағдайда жер пайдаланудың тұрақты жүйелерін енгізу; топырақтың құнарсыздануымен күрес; "көмірсутегі квоталарымен" халықаралық саудасына Қазақстан Республикасының қатысу мүмкіндігін айқындау үшін көміртегінің жұту деңгейін айқындау; биоәралуандылықты кеңейту, табиғи ресурстардың таусылуын және ластануын ескерту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 005 | | Қоршаған ортаны қорғау объекті- лерін оңалту | | | |
2 | | 006 | Жобаны респуб- ликалық бюджеттен грантты бірлесіп қаржы- ландыру есебінен іске асыру | Қарағанды облысы Шет ауданының қуаң жерлерін басқару жөніндегі Жобаны іске асыру, оның ішінде: жедел шығындар; ғимараттарды, үймереттерді ұстап тұру, қызмет көрсету, ағымдағы жөндеу, жабдықты, автокөлікті, ауыл шаруашылығы техникасын және басқа да негізгі құралдарды жөндеу; материалдарды және жинақтаушы қосымша бөліктердi сатып алу; консультанттардың қызметтерін төлеу; іссапар шығындары; Астана қаласындағы және Қарағанды облысы Шет ауданы Красная поляна кентіндегі Жоба Басқару Топтарының офистерін ұстап тұру, ҚҚС, кедендік баж және төлемдердің басқа түрлерін төлеу. Ауыл шаруашылық техникасын және жабдықтарды; тұқымдарды, көшеттерді, тыңайтқыштарды, ЖЖМ, гербицидтерді, Шет ауданының қуаң жерлерін қалпына келтіру үшін құны 40 еселік айлық есеп көрсеткішінен аспайтын басқа тауарлық-материалдық құндылықтарды сатып алу. | қаңтар- желтоқ- сан | Қазақ- стан Респуб- ликасы Қоршаған ортаны қорғау министр- лігі |
3 | | 018 | Жобаны грант есебінен іске асыру | Қарағанды облысы Шет ауданының қуаң жерлерін басқару жөніндегі Жобаны іске асыру, оның ішінде жедел шығындар; ғимараттарды, үймереттерді ұстап тұру, қызмет көрсету, ағымдағы жөндеу, жабдықты, автокөлікті, ауыл шаруашылығы техникасын және басқа да негізгі құралдарды жөндеу; материалдарды және жинақтаушы қосалқы бөліктерді сатып алу; консультанттардың қызметтерін төлеу; іссапар шығындары; Астана қаласындағы және Қарағанды облысы Шет ауданы Красная поляна кентіндегі Жоба Басқару Топтарының офистерін ұстап тұру. Ауыл шаруашылық техникасын және жабдықтарды; тұқымдарды, көшеттердің тыңайтқыштарды, ЖЖМ, гербицидтерді, Шет ауданының қуаң жерлерін қалпына келтіру үшін құны 40 еселік айлық есеп көрсеткішінен аспайтын басқа тауарлық-материалдық құндылықтарды сатып алу. | қаңтар- желтоқ- сан | Қазақ- стан Респуб- ликасы Қоршаған ортаны қорғау министр- лігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тура нәтиже:
4 бірлік және 1 кешен данада ауыл шаруашылық техникасы мен жабдық сатып алу; 7500 га тыңайған жерлерді қалпына келтіру, фитомелиоранттармен 750 га алқаптық егісті жүргізу, 2,8 га аумақтағы көшет-бұталарын өсіруге арналған түлімбақтарды егу, 2 га аумақтағы көшет-бұталарын егу жөніндегі жұмыстарды жүргізу, сүт өнімдерін берудің көлемін 450 т. ұлғайту және 9 млн. мөлшерінде халықтың қосымша табысы, мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы өнімдерінің өндірісін ұлғайту халықтың еңбекпен қамтылуын 250 бірлікке артуға алып келеді;
Жобаны іске асырудың одан кейінгі жылдары үшін дайындық жұмыстарын (топырақ дайындау, тұқымдар және жабдықтар сатып алу) жүргізу.
Соңғы нәтиже: жерді қалпына келтіру және олардың тозуының алдын алу жөніндегі пилоттық жобаның іске асырылуы, шөлейттену және жердің тозуымен күрес проблемалары жөніндегі шешімдерді қабылдау процесіне халықтың барлық тобын ақпараттандыру және қатысуын қамтамасыз ету.
Қаржы-экономикалық нәтиже: жеңіл технология кезінде 42 $ /га - дан 24 $ /га-ға дейінгі жерді өңдеу жөніндегі шығынды азайту; 20% мөлшердегі шөп шалғынын егуге кеткен шығындардан кіріс алу.
Уақтылығы: жобаны іске асыру жоспарына сәйкес ауданды өңдеу. Сапасы: өсімдіктердің табиғи қалпына келу (сырттан қол сұғушылықсыз) процесіне кем дегенде 50 жыл талап етіледі, ал жоба бойынша іс-шаралар бұл мерзімді 20 жылға дейін қысқартуға мүмкіндік береді; жем-шөп алқаптарының жоғарғы өнімділігін жасау жердің қалпына келуінің табиғи процесіне қарағанда, көмірсутектерді 3-4 есеге артық жұтуды қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
355-ҚОСЫМША
234 - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Гидрометеорологиялық мониторинг жүргізу»
деген 006 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Құны: 1667098 мың теңге (бір миллиард алты жүз алпыс жеті миллион тоқсан сегіз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 59-бабы; "Бүкілдyниежүзілік метеорологиялық ұйымы конвенциясына қосылу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 13 сәуірдегі № 296 қаулысы; "Табиғи ортаның жай-күйін бақылау станцияларының статусы туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1996 жылғы 10 қаңтардағы № 38 қаулысы; "Қазгидромет" және "Қазавиамет" республикалық мемлекеттік кәсіпорындарын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 наурыздағы № 185 қаулысы; "Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру мен жүргізудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 маусымдағы № 885 қаулысы; "Мемлекеттік су кадастрын жүргізудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1378 қаулысы; "Қазақстан Республикасының 2005-2007 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау" Бағдарламасы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 6 желтоқсандағы № 1278 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: гидрометеорологиялық мониторинг жүйесінің іс-қимыл жасауын қамтамасыз ету, халық өмірінің қауіпсіздігін, экономика салаларының тұрақты және үзіліссіз жұмысын, көлік және авиацияның қозғалысын қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: жүйелі гидрометеорологиялық бақылауларды жүргізу, гидрометеорологиялық ақпаратты жинау, қорыту және талдау; ауа райының болжамын жасау және гидрометеорологиялық ақпаратпен халықты, мемлекеттік органдарды және Қазақстан Республикасы экономикасының салаларын қамтамасыз ету; гидрометеорологиялық мониторинг жүйесін дамыту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 006 | | Гидроме- теороло- гиялық монито- ринг жүргізу | Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде 251 метеостанцияда, 246 гидрологиялық бекетте, 23 метеобекетте, 9 агрометеобекетте, 9 аэрологиялық станцияда, 2 қар көшкіні станциясында және 18 қар өлшеуіш бағытта ағымдағы шығындар мен гидрометеорологиялық желінің үзіліссіз қызмет етуін қамтамасыздандыратын ілеспе қызметтердi ескере отырып, болжамдық, режим-анықтамалық, гидрометеорологиялық, агрометеорологиялық, аэрологиялық ақпаратты дайындау үшін гидрометеорологиялық мониторингті жүргізу ("Жер үсті сулары" бөлімі бойынша мемлекеттік су кадастрын жүргізу; метеостанцияларды көшіру; тасқыннан кейін бұзылған гидробекеттердi қалпына келтіру; Тараз қаласындағы Жамбыл гидрометеороло- гиялық орталығының, Талдықорған қаласын- дағы Талдықорған Гидрографиялық партиясының, метеостанциялар мен гидробекеттердегi үймереттеріне және жабдығына ағымдағы жөндеуді жүргізу; гидрометеорологиялық мониторинг жүйесін қамсыздандыру үшін ағымдағы шығын материалдарын сатып алу; Түргенде (Алматы облысы) және Убинскіде (ШҚО) қар өлшеу бағытын қалпына келтіру; метеостанцияларда агрометеорологиялық бақылауларды қайта жандандыру; зертханаларға ағымды жөндеу жүргізу; Бұлттар атласы және басқа да нормативтік әдістемелік құжаттарды басып шығару). Гидрометеорологиялық желіні техникалық қайта жабдықтау үшін жабдық сатып алу. Станциялар мен бекеттер үшін мобильдi ғимараттар (шағын вагондар) сатып алу. Қарағанды және Батыс Қазақстан облыстарында жаңа метеорологиялық станцияларды және гидрологиялық бекеттер құру, оның ішінде өзенде және көлде, олар іс-қимылын жасау үшін Алматы, Шығыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Қарағанды облыстарында аспаптарды және жабдықты сатып алу. Астана қаласындағы метеорологиялық станцияның жұмыс істеп тұрған ғимаратына - қаланың тарихи және мәдени ескірткішіне - қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу. Азаматтық авиациялық метеорологиялық станцияларды техникалық қайта жарақтандыру үшін метеорологиялық жабдықты сатып алу. | 2006 жылғы қаңтары -желтоқ- саны | Қазақ- стан Респуб- ликасы Қоршаған ортаны қорғау министр- лігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тура нәтиже: Қазақстан Республикасы Yкіметі анықтайтын тәртіппен мемлекеттік органдарға ұсынылатын Қазақстан аумағы бойынша күн сайынғы 254 гидрометеорологиялық бюллетені; Қазақстан аумағы бойынша ай сайынғы ауа райының 12 бюллетені; 14 облыс бойынша 2 және 3 тәулікке ауа райының 5110 болжамы; 14 облыс бойынша аптаға ауа райының 728 болжамы; мүмкін болатын қауіпті және апатты гидрометеорологиялық құбылыстың Қазақстан облыстары мен әкімшілік орталықтары бойынша пайда болу мүмкіндігі туралы олардың қауіпі немесе пайда болу фактісі жағдайында апаттық ескертулер; күн сайынғы гидрологиялық 254 бюллетені шығарылды.
Қазақстан Республикасы жер үсті суларының режимі мен ресурстары туралы ақпаратты алу және осы ақпаратпен 2 мемлекеттік органдарды қамтамасыз ету (ҚР Қоршағанортамині және ҚР АШМ-нің Су ресурстары комитеті).
Гидрометеорологиялық мониторингті қамтамасыз ету үшін шығын материалдар сатылып алынды.
2 метеостанция көшірілді, тасқыннан кейін бұзылған гидробекеттер қалпына келтірілді, Тараз қаласындағы Жамбыл гидрометеорология орталығында және Талдықорған қаласындағы Талдықорғандық Гидрографиялық партиясында, 98 метеостанцияда, 50 гидробекетте және 6 зертханада ағымдағы жөндеу өткізілді, Астана қаласындағы метеорологиялық станцияның істеп тұрған ғимаратына - қаланың тарихи және мәдени ескерткішіне - қалпына келтіру жұмыстары орындалды.
Түргенде (Алматы облысы) және Убинскіде (ШҚО) 2 қар өлшеу бағыты қалпына келтірілді, 4 агрометеорологиялық пунктта бақылаулар қайта жандандырылды.
Басылып шығарылды: Бұлттар атласы - 300 дана; гидрометеорологиялық станциялар мен бекеттерге нұсқаулықтар және басқа да регламенттеуші құжаттар - 4170 дана. Гидрометеорологиялық желіні техникалық қайта жарақтандыру үшін: АВК-1 жаңғырту үшін 1 блоктар жиынтығы, 88 кептіру үшін шкаф, 50 барометр, 50 анеморумбометр, портативті тексеру кешенінің 4 жиынтығы, "АИС-Погода" бағдарламалық қамтамасыз етуі бар 13 автоматтандырылған станция, радиомачталар жиынтығы бар және 20 қуаттылығын күшейтушісі бар пакеттік контроллерімен 10 радиостанция, 10 моторлы қайық, 40 ағынның жылдамдығын өлшеуіш, 2 цифрлық ПЭВМ бар қалтқы деңгей өлшеуіш, 5 бу өлшеуіш, 1 озон өлшеуіш, 28 актинометр, 28 альбедометр, 28 баланс өлшеуіш, 10 термограф, 10 гигрограф, 4 ара қашықтық гидрометрикалық қондырғы, 4 лицензиялық бағдарламалық өнім, компьютерлік жабдықтың 78 жиынтығы, 120 принтер, 3 коммутатор, 2 модем сатылып алынды.
Мобильді ғимараттар (шағын вагондар): қызметтік ғимараттары қалпына келтірілмейтін станциялар мен бекеттер үшін 9, көшіруге жататын 2 метеорологиялық станция үшін, жаңа ашылайын деп жатқан бақылау пункттеріне 6 ғимарат сатылып алынды.
Бақылаулардың жаңа пункттері: Қарағанды және Батыс Қазақстан облыстарында 2 метеорологиялық станция ашылды.
Онда гидрометеорологиялық имараттар мен қосалқы үймереттер, Гидрометеорологиялық станциялар мен бекеттерге бекітілген ПР РК 52.1.02-99 1 бөлігі нұсқаулыққа сәйкес аспаптар мен жабдық сатып алынды: 2 барометр, 4 барограф, 4 анеморумбометр, ауыр тақтамен 4 флюгер, жеңіл тақтамен 2 флюгер, 12 жалюзилік будка, 4 гигрограф, 4 термограф, 12 жауын-шашынды өлшеуіш, 2 плювиограф, 2 гелиограф, будка астына 6 тіреуіш пен баспалдақ, 4 салмақтық қар өлшеуіш, 2 темір репер, өзжазғыш үшін 4 будка, тартпалы термометрлер үшін 2 қондырғы, 6 шарнирды мачта, АРМ-метеорологтың 2 жиынтығы, 2 жиһаз жиынтығы.
10 гидрологиялық бекеттер ашылды, оның ішінде 8 өзенде және 2 көлде (1 - Алматы облысында, 2 - Шығыс Қазақстан облысында, 1 - Атырау облысында, 1 - Ақтөбе облысында, 3 - Оңтүстік Қазақстан облысында, 1 - Жамбыл облысында, 1 - Қарағанды облысында). Онда гидрометеорологиялық имараттар мен қосалқы үймереттер, Гидрометеорология бойынша ПР РК 52.2.02-99 3.1 бөлігі ережесіне, Гидрометеорологиялық станциялар мен бекеттерге бекітілген нұсқаулыққа сәйкес аспаптар мен жабдық сатып алынды: 20 грунттық репер, 16 балық түрлі жүктер, 8 шығыр-ворот, 10 Молчанов барометрі, 10 теодолит, 10 нивелир, 40 гидрометрикалық қада, 10 гидрометрикалық шығыр, 10 электргенератор, 16 ағынның жылдамдығын өлшеуіш, 10 су деңгейін өзжазғыш, қайықты моторы бар 10 қайық, радиомачталар жиынтығы бар және пакеттік контроллерлермен 12 радиостанция, көлдегі су өлшеуіш тұрақты 2 тақтайша, 2 толқын өлшеуіш-перспектометр, 2 жағалау маңындағы волнограф, 2 кипрегель, 2 эхолот, 2 электр тұз өлшеуіш, АРМ-гидрологтың 2 жиынтығы, 4 жиһаз жиынтығы.
Азаматтық авиациялық метеорологиялық станцияларды техникалық қайта жарақтандыру үшін сатылып алынды: кешенді радиотехникалық аэродромдық метеорологиялық станцияның 1 орталық жүйесі; станция үшін арнайы бағдарламалық қамтамасыз етудің 1 пакеті, 3 көрінудің алыстығын өлшеуіш, 1 бұлттардың төменгі шегінің биіктігін өлшеуіш, көрінудің метеорологиялық датчиктері - 1 жиынтық, жел параметрлерін өлшейтін метеорологиялық датчиктердің 1 жиынтығы.
Соңғы нәтиже: халықты, мемлекеттік органдарды және Қазақстан Республикасы экономикасының салаларын сенімді гидрометеорологиялық ақпаратпен қамтамасыз ету және қауіпті гидрометеорологиялық құбылыстардың пайда болуы туралы ескерту; гидрометеорологиялық мониторинг жүйесін оңтайландыру және жаңғырту.
Қаржы-экономикалық нәтижесі: гидрометеорологиялық мониторингті жүргізуге қолданыстағы желінің орта салмақтағы шығындарының есебінен:
бір метеорологиялық станцияға - 3228,5 мың теңге.
бір гидробекетке - 879,2 мың теңге.
бір метеобекетке - 380,0 мың теңге.
бір агрометеобекетке - 536,3 мың теңге.
бір аэрологиялық станцияға - 21797,0 мың теңге.
бір қар көшкіні станциясына - 3688,4 мың теңге.
бір қар өлшеуіш бағытқа - 1268,2 мың теңге.
Уақттылығы: көшіруді, ағымдағы жөндеуді жүргізу және метеорологиялық станциялар мен бекеттерді құру, сондай-ақ негізгі құралдарды сатып алу тауарлар, жұмыстар және қызметтерді сатып алудың бекітілген жоспарына сәйкес жүзеге асырылады; қауіпті және апатты гидрометеорологиялық құбылыстардың фактісі және пайда болуы мүмкін туралы дауылды ескертулер хабарландыру сұлбасына сәйкес барынша мүмкіндігінше ертерек ұсынылады.
Сапасы:
гидрометеорологиялық мониторингтің бекітілген регламенттейтін құжаттарға сәйкес жүргізілуі; метеорология болжамдардың дәл болуы: пункт бойынша тәуліктіктің - 88%, облыс бойынша тәуліктікке - 90%, облыс бойынша 2 тәулікке - 85%, облыс бойынша 3 тәулікке - 83%, ауа райы қауіпті құбылыстарының - 85%, апатты гидрометеорологиялық құбылыстар (АГҚ) және ауа райының күрт өзгерілуі (АРКӨ) туралы дауылды ескертулер - 85%, айлық ауа райы болжамдарының - 65%, ұзақ мерзімді гидрологиялық болжамдардың дәл болуы - 80%, агрометеорологиялық болжамдардың дәл болуы - 82%;
ашылудағы бақылаулар пункттерінің ПР РК 52.1.02-99 1 бөлігі Гидрометеорологиялық станциялар мен бекеттерге арналған нұсқаулыққа, ПР РК 52.2.02-99 Гидрометеорология бойынша ережесіне, Гидрометеорологиялық станциялар мен бекеттерге арналған нұсқаулықтың 3.1 бөлігіне сәйкестігін қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы