449-бап. Теңiз көлiгіндегі сигнал беру және байланыс құрылғылары мен
қондырғыларын бүлдiру
Теңiз көлiгіндегі сигнал беру және байланыс құрылғылары мен қондырғыларын бүлдiру, -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi, лауазымды адамдарға онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
450-бап. Теңiз және өзен көлiгi кемелерiнде, сондай-ақ шағын
кемелерде жолаушылар қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету ережелерiн
бұзу
Жолаушыларды теңiз және өзен көлiгi кемелерiне, сондай-ақ шағын кемелерге отырғызу кезiнде, жол үстiнде және оларды сол кемелерден түсiру кезiнде олардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету ережелерiн бұзу, -
Азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң екiге дейiнгi, лауазымды адамдарға онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Осы Кодекстiң 450-453, 457-баптарында шағын кемелер деп басты двигателiнiң қуаты 75 ат күшiнен аз, өздiгiнен жүретiн кемелердi және жалпы сыйымдылығы 80 тiркеулiк тоннадан аз, өздiгiнен жүрмейтiн кемелердi, азаматтарға тиесiлi моторлы кемелердi (двигательдерiнiң қуаттылығына қарамастан), желкендi кемелердi, сондай-ақ өздiгiнен жүрмейтiн кемелердi (жүк көтерiмдiлiгi - 100 килограмм және одан ауыр ескектi қайықтарды, 150 килограмм және одан да ауыр байдаркаларды және 225 килограмм және одан да ауыр үрленген кемелердi) түсiну керек.
451-бап. Кеменi жүзуге шығару ережелерiн бұзу немесе тиiстi дипломы
(куәлiгi, куәландыру қағазы) жоқ адамдарды кеме басқаруға
жiберу
1. Кеменiң кiмге тиесiлiгiн, оның жүзуге жарамдылығын куәландыратын құжаттарсыз, жасақталмаған экипажбен, кеменiң техникалық жағдайы қолдағы құжаттарға сәйкес келмеген кезде, жүк тиеудiң белгiленген ережелерiн, жолаушылар сыйымдылығы нормаларын, жүзу ауданы мен шарттары жөніндегі шектеулердi бұза отырып, кеменi (шағын кемеден басқасын) жүзуге шығару (жiберу), сондай-ақ тиiстi дипломы (куәлiгi, куәландыру қағазы) жоқ адамдарды кеменi немесе оның механизмдерi мен жабдықтарын басқаруға жiберу, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Белгiленген тәртiппен тiркелмеген немесе техникалық байқаудан (куәландырудан) өтпеген, немесе ақауы болғандықтан оны пайдалануға тыйым салынған, немесе жабдықтармен жарақтандырылмаған, немесе тиiстi рұқсатсыз қайта жабдықталған шағын кемелердi жүзуге шығару, сондай-ақ шағын кемелердi басқару құқығы жоқ адамдарды осындай кемелердi басқаруға жiберу, -
шағын кемелердi пайдалануға жауапты лауазымды адамдарға елу айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
452-бап. Кемелердi пайдалану ережелерiн бұзу, сондай-ақ басқару
құқығы жоқ адамның кеменi басқаруы
1. Белгiленген тәртiппен тiркелмеген немесе техникалық байқаудан (куәландырудан) өтпеген, немесе бортында нөмiрлерi мен белгiлерi жоқ, немесе тиiстi рұқсатсыз қайта жабдықталған, немесе ақауы болғандықтан оны пайдалануға тыйым салынған, немесе жүк тиеу ережелерiн, жолаушылар сыйымдылығы нормаларын, жүзу ауданы мен шарттары жөніндегі шектеулердi бұза отырып кеменi (соның iшiнде шағын кеменi) басқару, -
ескерту жасауға немесе бес айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Кеме басқару құқығы жоқ адамның сол кеменi (соның iшiнде шағын кеменi) басқаруы, немесе басқару құқығы жоқ адамға сондай кеменi басқаруды беру, -
үш айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
453-бап. Кемелердiң жүзу, жүк тиеу және жүк түсiру ережелерiн бұзуы
1. Кеме жүргiзушiлерiнiң кемелердiң (шағын кемелерден басқа) қозғалыс және дыбыс пен жарық сигналдарын беру, кеме жарықтары мен белгiлерiн алып жүру ережелерiн, кемелерге жүк тиеу және олардан жүк түсiру ережелерiн бұзуы, сондай-ақ порттағы және гидротехникалық құрылыстар мен жабдықтарды бүлдiруi, -
айлық есептiк көрсеткiштiң үштен беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Шағын кемелердiң кеме жүргiзушiлерiнiң белгiленген жылдамдықты арттырып жiберуi, навигациялық белгiлер талаптарын сақтамауы, тыйым салынған жерлерде кеменi әдейi тоқтатуы немесе тұрғызып қоюы, гидротехникалық құрылыстарды немесе техникалық құралдарды және кеме жүргiзу мен навигациялық жағдайдың белгiлерiн бүлдiруi, маневр жасау, дыбыс сигналдарын беру, борт жарықтары мен белгiлерiн алып жүру ережелерiн бұзу, -
ескерту жасауға немесе екi айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға немесе бiр жылға дейiнгi мерзiмге шағын кеменi басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
3. Шағын кемелердi жүргiзушiлердiң шағын кемелердi пайдаланудың өзге де ережелерiн бұзуы, -
ескерту жасауға немесе бiр айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 454-бап өзгертілді
454-бап. Кеме жүргiзушiнiң немесе өзге де адамның мас күйiнде кеменi
басқаруы
1. Кеме жүргiзушiнiң кеменi алкогольмен, есiрткiмен немесе уытқұмарлықпен масаю күйiнде басқаруы, сондай-ақ осындай кеменi алкогольмен, есiрткiмен немесе уытқұмарлықпен масаю күйіндегі кеме жүргiзушiнiң басқаруына беру, -
айлық есептiк көрсеткiштiң бестен он беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе бiр жылға дейiнгi мерзiмге кеме басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
2. Жолаушылардың қауiпсiздiгiне қатер төндiрген нақ сол iс-әрекеттер, -
айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе екi жылға дейiнгi мерзiмге кеме басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
3. Кеме жүргiзушiлерiнiң белгiленген тәртiпке сәйкес алкогольмен, есiрткiмен немесе уытқұмарлықпен масаю күйiне куәландыру рәсiмiнен өтуден жалтаруы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң үштен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе бiр жылға дейiнгi мерзiмге кеменi басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
4. Кеменi басқару құқығы жоқ немесе алкогольмен, есiрткiмен немесе уытқұмарлықпен масаю күйіндегі адамның iшкi су жолдарында сол кеменi басқаруы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң оннан он беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Алкогольмен, есiрткiмен немесе уытқұмарлықпен масаю күйіндегі адамдарды кеменi басқаруға жiберу, -
кемелердi пайдалануға жауапты лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң оннан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
455-бап. Кемелердi iшкi су жолдарында пайдалану қауiпсiздiгiн
қамтамасыз ету ережелерiн бұзу
1. Тиiстi рұқсатсыз суға сүңгу жұмыстарын жүргiзу немесе осы жұмыстар кезiнде сигнал беру ережелерiн сақтамау, ағаш салдар тоқтайтын тосқауылдар мен айлақтар орнату мен құру тәртібін, тиiстi органдардың келісімiнсiз балық аулау мақсаты үшiн белгiленбеген орындарда балық аулауға бейiмделген шанышқы қондырғыларын және өзге де құралдар қою тәртібін бұзу, -
азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi, лауазымды адамдарға - онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Навигациялық жабдықтардың, байланыс пен сигнал берудiң жүзбелi және жағалаудағы құралдарын жою, бүлдiру, жұлу, өз бетiнше орнын ауыстыру, көпiрлердегi, бөгеттердегi және басқа гидротехникалық құрылыстардағы навигациялық құралдарды күтiп-ұстау, пайдалану ережелерiн және олардың белгiленген жұмыс режимiн бұзу, тиiстi рұқсатсыз (келісімсiз) навигациялық белгiлер мен сигналдарды танып-бiлуге кедергi келтiретiн белгiлер, құрылыстар, дыбыс және жарық сигналдарын беретiн көздер орнату, -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi, лауазымды адамдарға онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Кеме бортының сыртына қоқыс және өзге де заттар тастау, -
ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң үштен бiрiне дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
456-бап. Өзен порттары мен кемежайларда жүктердi тиеу, түсiру және
қоймада ұстау ережелерiн бұзу
Өзен айлақтары мен кемежайларда жүктердi тиеу, түсiру және қоймада ұстау ережелерiн бұзу, -
екi айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
457-бап. Шағын кемелер тұруға арналған базаларды (құрылыстарды)
пайдалану ережелерiн бұзу
Тиiстi органдардың рұқсатынсыз шағын кемелер тұруға арналған базаларды (құрылыстарды) пайдалану немесе шағын кемелердiң базада тұру нормаларын, базаларды (құрылыстарды) қауiпсiз пайдалану шарттары мен техникалық талаптарын бұзу, сол сияқты аталған базаларда (құрылыстарды) белгiленген тәртiппен тiркелмеген шағын кемелердi күтiп-ұстау, -
лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi, заңды тұлғаларға отызға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
458-бап. Кемелердi тiркеу мен есепке алу ережелерiн, сондай-ақ
кемелердi жасау, техникалық пайдалану ережелерiн бұзу
1. Кемелердi тiркеу мен есепке алу ережелерiн бұзу, -
ескерту жасауға немесе азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң екiге дейiнгi, ал лауазымды адамдарға онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Кемелердi жасау, техникалық пайдалану ережелерiн бұзу, -
лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi, заңды тұлғаларға отызға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
459-бап. Көлiкте белгiленбеген орындарда темекi шегу
Жергiлiктi жерде және алысқа қатынайтын поездарда, әуе, теңiз және өзен көлiктерi кемелерiнде, сондай-ақ қалалық, қалааралық автобустар, маршруттық таксилер мен қалалық электр көлiгi салондарында белгiленбеген орындарда темекi шегу, -
ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң үштен бiрiне дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
460-бап. Көлiкте өрт қауiпсiздiгi ережелерiн бұзу
Көлiкте белгiленген өрт қауiпсiздiгi ережелерiн бұзу, -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi, лауазымды адамдарға онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 03.07.03 ж. № 464-II; 09.12.04 ж. № 10-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 461-бап өзгертілді
461-бап. Жүргiзушiлердiң көлiк құралдарын пайдалану ережелерiн бұзуы
1. Мемлекеттік тiркеу белгiлерi оқылмайтын немесе стандарт талаптары бұзыла отырып орнатылған, тiркелген көлiк құралдарын басқару, -
жүргiзушiге ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң екiден бiрi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Мемлекеттік тiркеу белгiлерi жоқ көлiк құралдарын басқару, -
жүргiзушiге айлық есептiк көрсеткiштiң бiрден екiге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Көлiк құралына жасанды тiркеу белгiлерiн орнату немесе көлiк құралдарын пайдалануға тыйым салынғаннан кейiн оларды басқару, сол сияқты жасанды мемлекеттік тiркеу белгiлерiмен тiркелген көлiк құралдарын басқару, -
айлық есептiк көрсеткiштiң екiден алтыға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге көлiк құралын жүргiзу құқығынан айыруға әкеп соғады.
4. Осы баптың бесiншi бөлiгiнде көрсетiлген жағдайларды қоспағанда, жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген ережелерiне сай келмейтiн көлiк құралдарын басқару, -
айлық есептiк көрсеткiштiң екiден бiр бөлiгiнен бiр айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Тежегiш жүйесiнiң, басқару рулiнiң, жетектi-iлiнiстi құрылғысының ақауы бар көлiк құралдарын басқару, -
айлық есептiк көрсеткiштiң бiрден екiге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Мемлекеттік техникалық байқаудан өтпеген не тиiстi рұқсатсыз қайта жабдықталған көлiк құралын басқару, -
айлық есептiк көрсеткiштiң бестен жетiге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
6-1. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды жүзеге асыру кезінде рейс алдындағы техникалық тексеруден өтпеген автобусты, шағын автобусты басқару, -
жеке кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі, лауазымды адамдарға оннан жиырма беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Кодекстiң осы тарауында көлiк құралдары деп автомобильдердiң, тракторлардың барлық түрлерiн және басқа да өздiгiнен жүретiн машиналарды, трамвайларды, троллейбустарды, сондай-ақ мотоциклдер мен өзге де механикалық көлiк құралдарын түсiну керек.
ҚР 09.12.04 ж. № 10-III Заңдарымен 462-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
462-бап. Көлiк құралдары жүргiзушiлерiнiң қозғалыстың белгiленген
жылдамдығын арттырып жiберуi
1. Көлiк құралдары жүргiзушiлерiнiң қозғалыстың белгiленген жылдамдығын сағатына он километрден жиырма километрге дейiнгi шамаға арттырып жiберуi, -
ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң бiрден екiге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Көлiк құралы қозғалысының белгiленген жылдамдығын сағатына жиырма километрден қырық километрге дейiнгi шамаға арттыру, -
айлық есептiк көрсеткiштiң екiден беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе төрт айдан алты айға дейiн көлiк құралдарын жүргiзу құқығынан айыруға әкеп соғады.
3. Көлiк құралы қозғалысының белгiленген жылдамдығын сағатына қырық километрден астам шамаға арттыру, -
айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе алты айдан бiр жылға дейiнгi мерзiмге көлiк құралдарын жүргiзу құқығынан айыруға әкеп соғады.
ҚР 03.07.03 ж. № 464-II (бұр. ред. қара); 09.12.04 ж. № 10-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 463-бап өзгертілді
463-бап. Көлiк құралдарын жүргiзушiлердiң бағдаршам мен реттеушi
көрсеткен сигналдардың, жол белгiлерiнiң, жол бетіндегі
белгiлердiң талаптарын сақтамауы және жол қозғалысы
ережелерiн басқадай өрескел бұзуы
1. Көлiк құралдарын жүргiзушiлердiң бағдаршам мен реттеушi көрсеткен сигналдардың, басымдық беретiн жол белгiлерiнiң, тыйым салатын және нұсқау жасайтын жол белгiлерiнiң, жол бетіндегі белгiлердiң талаптарын сақтамауы, маневр жасау, көлiк құралдарын жүретiн бөлiкте орналастыру, басып озу және бiр-бiрiне қарама-қарсы жүрiп өту, тоқтау және аялдау, жол қиылыстарынан өту, жаяу адамдар өтетiн жерден және маршруттық көлiк құралдары аялдамаларынан өту, автомагистральдар бойымен, тұрғын аймақтарда қозғалу, жолаушылар мен жүктердi тасымалдау, көлiк құралдарын сүйретуге алу, тәулiктiң қараңғы уақытында немесе анық көрiнбейтiн ала-көлеңке кезде жарық беретiн құралдарды пайдалану ережелерiн бұзу, қозғалыс барысында басымдық құқығын пайдаланатын көлiк құралдарының кедергiсiз өтуiне жол бермеу, -
ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң бiрден екiге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
1-1. Белгiленген талаптарды бұзып, қарама-қарсы бағыттағы жолға шығу -
айлық есептiк көрсеткiштiң екiден беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе төрт айдан алты айға дейiнгi мерзiмге көлiк құралдарын жүргiзу құқығынан айыруға әкеп соғады.
2. Қауіпті жүктерді мамандандырылған автокөлік құралдарымен белгіленген ережелерді бұза отырып, сол сияқты арнайы рұқсатсыз тасымалдау, -
жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға - жиырма бестен елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты жүктерді автокөлік құралдарымен тасымалдау, сондай-ақ бөлінбейтін ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты жүктерді мамандандырылған автокөлік құралдарымен белгіленген ережелерді бұза отырып, сол сияқты арнайы рұқсатсыз тасымалдау, -
жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға - жиырма бестен елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
464-бап. Көлiк құралдарын жүргiзушiлердiң жүргiзiп үйренудi өткізу,
сыртқы жарық түсiру құралдарын және дыбыс сигналдарын
пайдалану, авариялық сигнал берудi қолдану ережелерiн бұзуы
1. Көлiк құралдарын жүргiзушiлердiң жүргiзiп үйренудi өткізу, сыртқы жарық түсiру құралдарын және дыбыс сигналдарын пайдалану, авариялық сигнал беру мен авариялық аялдау белгiсiн қолдану ережелерiн бұзуы, -
ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң екiден бiр бөлiгiнен бiр айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Көлiк құралдарында тиiстi рұқсатсыз арнаулы дыбыс және жарық құрылғыларын орнату, -
жеке тұлғаларға - осы құрылғыларды тәркiлей отырып немесе онысыз, айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi, лауазымды тұлғаларға онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 09.12.04 ж. № 10-III (бұр. ред. қара) Заңымен 465-бап өзгертілді
465-бап. Жол қозғалысына қатысушының жол қозғалысы ережелерiн
авариялық ахуал туғызуға әкеп соқтыратындай дәрежеде бұзуы
Жол қозғалысына қатысушының авариялық ахуал туғызуға әкеп соқтыратындай дәрежеде, яғни өзiнен басқа қозғалысқа қатысушыларды қозғалыс жылдамдығын, бағытын күрт өзгертуге мәжбүр етiп жол қозғалысы ережелерiн бұзуы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң екiден беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе үш айдан бiр жылға дейiнгi мерзiмге (көлiк құралдарын жүргiзушiлердi) көлiк құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
466-бап. Темір жол өткелдерiнен өту ережелерiн бұзу
Темір жол өткелдерiнен өту ережелерiн бұзу, -
айлық есептiк көрсеткiштiң екiден беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе алты айға дейiнгi мерзiмге көлiк құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
ҚР 09.12.04 ж. № 10-III (бұр. ред. қара) Заңымен 467-бап өзгертілді
467-бап. Жүргiзушiнiң мас күйiнде көлiк құралын басқаруы, сондай-ақ
көлiк құралын басқаруды мас күйіндегі адамға беруi
1. Жүргiзушiнiң алкогольмен, есiрткiмен, уытқұмарлықпен масаю күйiнде көлiк құралын басқаруы, не көлiк құралын басқаруды алкогольмен, есiрткiмен, уытқымен масаю күйіндегі адамға беру, -
айлық есептiк көрсеткiштiң оннан он беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе алты айдан бiр жылға дейiнгi мерзiмге көлiк құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
2. Авариялық ахуал туғызуға әкеп соқтырған нақ сол iс-әрекеттер, -
айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге көлiк құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, жәбiрленушiнiң денсаулығына жеңiл зақым келтiруге немесе көлiк құралдарын, жүктердi, жол құрылыстары мен өзге де құрылыстарды немесе өзге мүлiктi бүлдiруге әкеп соқтырған әрекеттер жасау, -
айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе екi жылға дейiнгi мерзiмге көлiк құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
4. Көлiк құралдарын басқару құқығы жоқ адамдардың осы баптың бiрiншi, екiншi, үшiншi бөлiктерiнде көзделген iс-әрекеттердi жасауы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң оннан он беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Жүргiзушiнiң бiр жыл iшiнде бiрнеше рет алкогольмен, есiрткiмен, уытқұмарлықпен масаю күйiнде көлiк құралын басқаруы, не көлiк құралын алкогольмен, есiрткiмен, уытқұмарлықпен масайған күйдегi адамға басқаруға беру, -
айлық есептiк көрсеткiштiң оннан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге көлiк құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
6. Көлiк құралын басқару құқығы жоқ адамның осы баптың бiрiншi, екiншi, үшiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттердi бiр жыл iшiнде бiрнеше рет жасауы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң оннан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Жүргiзушiнiң масаю (алкогольмен, есiрткiмен, уытқұмарлықпен) күйiнде болуы белгiленген тәртiппен өткiзiлетiн медициналық куәландыру арқылы анықталады.
ҚР 03.07.03 ж. № 464-II Заңымен 467-1-баппен толықтырылды
467-1-бап. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты
тасымалдауды көрсетілген тасымалдау бағыттарына
қызмет көрсету құқығын растайтын тиісті куәліксіз
жүзеге асыру
1. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды көрсетілген тасымалдау бағыттарына қызмет көрсету құқығын растайтын тиісті куәліксіз жүзеге асыру, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің үштен беске дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға жиырмадан жиырма беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған нақ сол іс-әрекеттер, -
жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің жиырма бестен елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара);
468-бап. Көлiк құралдарын жүргiзушiлердiң жол қозғалысы қауiпсiздiгiн
қамтамасыз етудiң белгiленген ережелерiн адамдардың
денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге
де мүлiктiң зақымдануына әкеп соқтыратындай дәрежеде бұзуы
1. Көлiк құралдарын жүргiзушiлердiң жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген ережелерiн көлiк құралдарының, жүктердiң, жолдардың, жол құрылыстарының және басқа құрылыстардың немесе өзге де мүлiктiң бүлiнуiне әкеп соқтыратындай дәрежеде елеусiз материалдық залал келтiрiп бұзуы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң үштен алтыға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Жәбiрленушiнiң денсаулығына жеңiл зақым келтiрген нақ сол iс-әрекеттер, -
айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе алты айдан бiр жылға дейiнгi мерзiмге көлiк құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген көлiк құралдарын жүргiзу құқығы жоқ адам жасаған iс-әрекеттер, сол сияқты жол жүрісi және көлiк құралдарын пайдалану ережелерiн елеулi материалдық залал шектiрiп бұзу, -
айлық есептiк көрсеткiштiң бестен он беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Осы тараудың баптарында құқық бұзушылық жасалған кездегi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген айлық есептiк көрсеткiш сомасынан - жеке тұлғаға елу есе асатын залал, не заңды тұлғаға немесе мемлекетке екi жүз есе асатын залал елеулi залал деп танылады.
469-бап. Жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалу
Көлiк құралын басқарған адамның, жол қозғалысының белгiленген ережелерiн бұзып, өзi қатысушысы болып табылатын жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалуы, қылмыстық жазалау әрекетiнiң белгiлерi болмаса, -
айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе алты айдан бiр жылға дейiнгi мерзiмге көлiк құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
Ескерту. Зардап шегушiге медициналық көмек көрсетуге байланысты жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалған адам осы бап бойынша қылмыстық жауапкершiлiктен босатылады.
ҚР 03.06.03 ж. № 428-II Заңымен 470-бап толықтырылды; ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 09.12.04 ж. № 10-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 470-бап өзгертілді
470-бап. Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк
құралдарын басқаруы
1. Қолында жүргiзу құқығына жүргiзушiлiк куәлiгi немесе жүргiзушi куәлiгiнiң орнына берiлген куәлiгi және заңдарда белгіленген өзге де құжаттары жоқ жүргiзушiнiң көлiк құралын басқаруы, -
ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң екiден бiр бөлiгiнен бiр айлық есептiк көрсеткiшке бiрден екiге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Көлiк құралын басқару құқығы жоқ адамның (оқып-үйрену жүргiзуiнен басқа) оны басқаруы, сондай-ақ тиiстi санаттағы көлiктi басқару құқығы жоқ жүргiзушiнiң көлiк құралын басқаруы, не басқару құқығы жоқ адамға көлiк құралын басқаруға беру (белгiленген ережелерге сәйкес жеке тәртiппен жүргiзудi үйрету жағдайларын қоспағанда), -
айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі және (немесе) тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисі болмаған адамның көлік құралын басқаруы, -