Қазақстан Республикасының Заңы
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы »
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; 2005 жылғы 3 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және 2005 жылғы 29 қарашада "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 22 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2005 жылғы 1 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және 2005 жылғы 26 қарашада "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік құқықтары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 22 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 562-баптың екінші бөлігінің 2) тармақшасындағы "орман шаруашылығын жүргізетін мемлекеттік мекемелердің" деген сөздер "орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 568-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"568-бап. Объектілерді салу сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын органдар";
бірінші бөліктегі "Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдары" деген сөздер "Объектілерді салу сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын органдар" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі "Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдарының басшылары және олардың орынбасарлары" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік инспекторы, оның орынбасарлары, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) бас мемлекеттік инспекторлары" деген сөздермен ауыстырылсын";
3) 636-баптың бірінші бөлігі 1) тармақшасының он бірінші абзацында:
"қоғамдық келісім" деген сөздер "спорт" деген сөзбен ауыстырылсын;
", 342, 343, 344 (бірінші-үшінші бөліктері), 345-352" деген сөздер алып тасталсын.
2. 2001 жылғы 12 маусымдағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 11-12, 168-құжат; 2002 ж., № 6, 73, 75-құжаттар; № 19-20, 171-құжат; 2003 ж., № 1-2, 6-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 15, 133, 139-құжаттар; № 21-22, 160-құжат; № 24, 178-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; № 14, 82-құжат; № 20, 116-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2005 жылғы 3 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және 2005 жылғы 29 қарашада "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 22 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2005 жылғы 1 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және 2005 жылғы 26 қарашада "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік құқықтары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 22 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
462-баптың бірінші бөлігіндегі "жасаған есептерден" деген сөздер "бекіткен базалық ставкалардан" деген сөздермен ауыстырылсын.
3. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат):
1) 2-баптағы "мемлекеттік органдар" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Үкіметі, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 8-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Жерді аймақтарға бөлуді облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана), аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) деңгейінде ұйымдастыруды облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) тиісті уәкілетті органдары жүзеге асырады. Жерді аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) тиісті өкілді органдары бекітеді.
Жердің нысаналы мақсатының жіктемесі жерді аймақтарға бөлу жобаларының (схемаларының) негізінде әзірленеді және оны облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары бекітеді.";
3-тармақ алып тасталсын;
4-тармақтағы "осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген тәртіппен бекітіледі," деген сөздер алып тасталсын;
5-тармақтағы "жергілікті бюджет қаражаты" деген сөздер "бюджет қаражаты" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 9-бапта:
2-тармақтың екінші бөлігіндегі "жергілікті" деген сөз алып тасталсын;
3-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы "жергілікті атқарушы органның" деген сөздер "өзінің жер учаскелерін беру жөніндегі құзыреті шегінде облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтағы "жергілікті" деген сөз алып тасталсын;
6-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының жер учаскесін заттай грант ретінде беру туралы шешімі оның жер учаскелерін беру жөніндегі құзыреті шегінде инвестициялар жөніндегі уәкілетті органның шешімі негізінде қабылданады.";
4) 10-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Нақты жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін мамандандырылған мемлекеттік кәсіпорындар мемлекеттің жеке меншікке немесе жалға өтеулі негізде беретін жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына сәйкес оған түзету (арттыратын немесе кемітетін) коэффициенттерін қолдана отырып белгілейді және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының жер учаскелерін беру жөніндегі құзыреті шегінде жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган бекітетін жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау актісімен ресімдейді.";
5) 11-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Түзету коэффициенттері мен аудандық маңызы бар қалалардағы, кенттер мен ауылдық елді мекендердегі аймақтардың шекаралары ауданның жергілікті атқарушы органының ұсынысы бойынша аудандық өкілді органның, ал облыстық маңызы бар қалаларда (республикалық маңызы бар қалада, астанада) - облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органының ұсынысы бойынша облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) өкілді органның шешімімен бекітіледі.";
6) 12-бапта:
мынадай мазмұндағы 7-1) және 16-1) тармақшалармен толықтырылсын:
"7-1) бірыңғай мемлекеттік жер тізілімі - құқықтық, сәйкестендіру, экономикалық және басқа да сипаттамаларды қамтитын, мемлекеттік жер кадастры құрамындағы жер учаскелерін есепке алудың қорытынды құжаты;";
"16-1) кадастрлық (бағалау) құны - мемлекет жер учаскесін немесе оны жалға алу құқығын сатқан кезде қолданылатын, инфляцияның жалпы деңгейі туралы мемлекеттік статистика деректеріне сәйкес кезең-кезеңімен нақтыланатын жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкалары және оларға түзету коэффициенттері негізінде айқындалатын жер учаскесінің есептеу құны;";
34) тармақшадағы "жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органдардың" деген сөздер "жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
35) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"35) жергілікті атқарушы органдардың шешімдері - облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар (селолар), ауылдық (селолық) округтер өкімдерінің жер учаскесіне құқық беру туралы құқықтық актілері;";
мынадай мазмұндағы 38-1) және 40) тармақшалармен толықтырылсын:
"38-1) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган - жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі - облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) уәкілетті органы);";
"40) жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган - жер қатынастары саласындағы реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган (бұдан әрі - орталық уәкілетті орган).";
7) 14-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"14-бап. Орталық уәкілетті органның және оның аумақтық
органдарының құзыреті
1. Орталық уәкілетті органның құзыретіне:
1) жер заңнамасын қолдану іс-тәжірибесін жинақтау және оны жетілдіру;
2) жер қатынастарын реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне енгізу;
3) мемлекеттік жер кадастры мен жер мониторингін жүргізудің дұрыстығын бақылауды жүзеге асыру;
4) жерге орналастыру және мемлекеттік жер кадастры жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді бекіту;
5) жерді пайдалану мен қорғау мәселелеріне қатысты республикалық бағдарламаларға, жобалар мен схемаларға сараптама жүргізу;
6) орталық және жергілікті атқарушы органдармен жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау;
7) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері паспортының нысанын бекіту;
8) жер-кадастрлық құжаттаманың құрылымын, құрамын, мазмұнын және нысандарын белгілеу;
9) жер мониторингін жүргізуді ұйымдастыру;
10) мемлекеттік жер кадастрын жүргізуді ұйымдастыру және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жер балансының деректері негізінде Қазақстан Республикасының жер балансын жасау;
11) өз құзыретіне кіретін, жерді беру және оны алып қою, жерді бір санаттан басқасына ауыстыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің құқықтық актілерінің жобаларын дайындау;
12) жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
13) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен белгіленген Каспий теңізі түбінің қазақстандық учаскесі шегінде келісім-шарттық аумақтан тыс мұнай-газ құбырын салуға қоршаған ортаны қорғау, су қорын пайдалану және қорғау, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, жер қойнауын пайдалану жөніндегі, төтенше жағдайлар жөніндегі, сауда мақсатында теңізде жүзу салаларындағы және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен сыртқы саяси қызметті жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдардың келісімімен рұқсат беру;
14) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) уәкілетті органдарының жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша қабылдаған шешімдерінің заңдылығын бақылау;
15) жер заңнамасы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау жатады.
2. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органының құзыретіне:
1) жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
2) пайдаланылмай жатқан және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жерді анықтау;
3) анықталған жер заңнамасын бұзушылықтарды жою жөнінде орындалуы міндетті нұсқамалар беру;
4) жер заңнамасы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау;
5) өз мақсатында пайдаланылмай не Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жер учаскелерін алып қою туралы сот органдарына талап-арыз дайындау;
6) облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) жерінің мониторингін жүргізуді ұйымдастыру;
7) жер кадастрының дұрыс жүргізілуін бақылау;
8) егер құрылыс, пайдалы қазбалар кен орындарын қазу, объектілерді пайдалану, геологиялық-барлау және басқа жұмыстар жер заңнамасын, жерді пайдаланудың белгіленген режимін бұза отырып жүзеге асырылса, сондай-ақ бұл жұмыстар сараптамадан өтпеген немесе теріс қорытынды алған жобалар бойынша жүргізілсе, оларды тоқтата тұру жатады.";
8) мынадай мазмұндағы 14-1-баппен толықтырылсын:
"14-1-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың,
астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар
қалалардың) уәкілетті органдарының құзыреті
1. Облыстың уәкілетті органының құзыретіне:
1) жер қойнауын пайдалану және магистральды құбырлар тарту, мұнай және газ өңдеу объектілерін салу, жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру әрі кеңейту мақсатында жер учаскелерін беру және алып қою жөніндегі облыстың жергілікті атқарушы органының ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;
2) облыстың жергілікті атқарушы органының мемлекеттік ғылыми-зерттеу ұйымдары мен олардың тәжірибе шаруашылықтарына, сондай-ақ мемлекеттік тұқым өсіру шаруашылықтары мен асыл тұқымды мал зауыттарына жер учаскелерін беру жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;
3) барлық түрдегі ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру үшін жерді резервтеу жөніндегі ұсыныстарды дайындау;
4) өз құзыреті шегінде мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту;
5) өз құзыреті шегінде жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;
6) жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;
7) жерді аймақтарға бөлу жобаларын және облыстың жерін ұтымды пайдалану жөніндегі бағдарламаларды, жобалар мен схемаларды әзірлеуді ұйымдастыру;
8) өз құзыреті шегінде жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргізуді ұйымдастыру;
9) жерді пайдалану мен қорғау мәселелеріне қатысты облыстық, қалалық, аудандық бағдарламалардың, жобалар мен схемалардың сараптамасын жүргізу;
10) өз құзыреті шегінде жер учаскесін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасасу;
11) аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) деректері негізінде облыстың жер балансын жасау;
12) жерге орналастыру жұмыстарын жүргізуді лицензиялау;
13) осы Кодекстің 71-бабына сәйкес облыстың жергілікті атқарушы органының іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беруі жөнінде ұсыныстар дайындау;
14) ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау жатады.
2. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың уәкілетті органының, оның әкімшілік бағынысына берілген аумақтағы құзыретіне:
1) жерге орналастыру жұмыстарын жүргізуді лицензиялау;
2) осы Кодекстің 71-бабына сәйкес республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беруі жөнінде ұсыныстар дайындау;
3) ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау;
4) барлық түрдегі ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру үшін жерді резервтеу жөнінде ұсыныстар дайындау;
5) республикалық маңызы бар қаланың, астананың жер балансын жасау;
6) республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының жер учаскелерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;
7) жер учаскелерінің бар немесе жоқ екендігі туралы анықтамалар беру;
8) жер учаскесіне құқықты куәландыратын құжаттарды беру;
9) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің паспорттарын беру;
10) жер учаскесін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасасу;
11) иесіз жер учаскелерін есепке алу;
12) мемлекеттік қажеттер үшін жер учаскелерін алып қою жөнінде ұсыныстар дайындау;
13) жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;
14) мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту;
15) жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;
16) жерді аймақтарға бөлу жобаларын және республикалық маңызы бар қаланың, астананың жерін ұтымды пайдалану жөніндегі бағдарламаларды, жобалар мен схемаларды әзірлеуді ұйымдастыру;
17) жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргізуді ұйымдастыру;
18) жерді пайдалану мен қорғау мәселелеріне қатысты бағдарламалардың, жобалар мен схемалардың сараптамасын жүргізу;
19) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерінің есебін жүргізу жатады.
3. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) уәкілетті органдарының аудан шекарасы, қала шекарасы (шегі) шебіндегі және оның әкімшілік бағыныстылығына берілген аумақтағы құзыретіне:
1) иесіз жер учаскелерін есепке алу;
2) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының жер учаскелерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;
3) мемлекеттік қажеттер үшін жер учаскелерін алып қою жөнінде ұсыныстар дайындау;
4) жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;
5) мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту;
6) жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;
7) жерді аймақтарға бөлу жобаларын және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жерін ұтымды пайдалану жөніндегі бағдарламаларды, жобалар мен схемаларды әзірлеуді ұйымдастыру;
8) елді мекендер аумағының жер-шаруашылық орналастыру жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
9) жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргізуді ұйымдастыру;
10) жерді пайдалану мен қорғау мәселелеріне қатысты қалалық, аудандық бағдарламалардың, жобалар мен схемалардың сараптамасын жүргізу;
11) аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жер балансын жасау;
12) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерінің есебін жүргізу;
13) жер учаскесіне құқықты куәландыратын құжаттар беру;
14) жер учаскелерінің бар немесе жоқ екендігі туралы анықтамалар беру;
15) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің паспорттарын беру;
16) жер учаскесін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасасу;
17) осы Кодекстің 71-бабына сәйкес ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беруі жөнінде ұсыныстар дайындау;
18) ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау жатады.";
9) 15-баптың 1-тармағының 3) және 6) тармақшалары алып тасталсын;
10) 16-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"16-бап. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың,
астананың) жергілікті атқарушы органының құзыреті";
1-тармақта: бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Облыстың жергілікті атқарушы органының құзыретіне мыналар жатады:";
5) тармақшадағы ", оқу және басқа да ауыл шаруашылығы ғылыми" деген сөздер алып тасталсын;
11) тармақша алып тасталсын;
2-тармақта:
бірінші абзац "астананың" деген сөзден кейін "жергілікті" деген сөзбен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 4) және 5) тармақшалармен толықтырылсын:
"4) жерді аймақтарға бөлу жобаларын (схемаларын) республикалық маңызы бар қаланың, астананың өкілді органдарына бекітуге табыс ету;
5) жерді аймақтарға бөлу жобалары (схемалары) негізінде жердің нысаналы мақсатының жіктемесін бекіту.";
11) 17-бапта:
7) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 8) және 9) тармақшалармен толықтырылсын:
"8) жерді аймақтарға бөлу жобаларын (схемаларын) ауданның өкілді органына бекітуге табыс ету;
9) жерді аймақтарға бөлу жобалары (схемалары) негізінде жердің нысаналы мақсатының жіктемесін бекіту.";
12) 18-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"18-бап. Облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы
органының құзыреті";
бірінші абзацтағы "атқарушы" деген сөздің алдынан "жергілікті" деген сөзбен толықтырылсын;
7) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 8) және 9) тармақшалармен толықтырылсын:
"8) жерді аймақтарға бөлу жобаларын (схемаларын) облыстық маңызы бар қаланың өкілді органына бекітуге табыс ету;
9) жерді аймақтарға бөлу жобалары (схемалары) негізінде жердің нысаналы мақсатының жіктемесін бекіту.";
13) 19-баптың 2) тармақшасындағы "енгізу;" деген сөз "енгізу кіреді." деген сөздермен ауыстырылып, 3) тармақшасы алып тасталсын;
14) 32-бапта:
2-тармақтағы "атқарушы органның" деген сөздер "облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы "Жергілікті атқарушы орган" деген сөздер "Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы" деген сөздермен ауыстырылсын;
15) 37-баптың 3-тармағының бірінші бөлігіндегі және 38-баптың 1-тармағының бірінші бөлігіндегі "жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органға" деген сөздер "жер учаскесі орналасқан жердегі облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) уәкілетті органына" деген сөздермен ауыстырылсын;
16) 43-бапта:
1-тармақтың 4) тармақшасындағы "жергілікті атқарушы органның" деген сөздер "облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
бірінші бөліктегі "жергілікті атқарушы органдар" деген сөздер "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердің әкімдері" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлікте:
"жергілікті атқарушы органдар" және "Жергілікті атқарушы органның" деген сөздер тиісінше "облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдары", "Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
"жер ресурстарын басқару, сәулет және қала құрылысы жөніндегі аумақтық органдар" деген сөздер "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың), сәулет және қала құрылысының уәкілетті органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың бірінші бөлігіндегі "жергілікті атқарушы органға" деген сөздер "облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органына, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкіміне" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтағы "Жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органдар атқарушы органның тапсырмасымен" деген сөздер "Жер учаскесі орналасқан жердегі облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) уәкілетті органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;