Тікелей нәтижелер:
медициналық мақсаттағы жабдықтар сатып алу - 528 жиынтық;
негізгі ветеринариялық жабдықтар сатып алу - 11 жиынтық;
әскери-оқу орындарында оқу процесін қамтамасыз ету үшін мүліктер мен жабдықтар сатып алу - 1132 жиынтық;
техникалық тәрбиелеу құралдарын сатып алу - 3868 жиынтық;
тылдық мақсаттағы мүлікті сатып алу - 9841 жиынтық;
мемлекеттік құпияларды қорғау мүлкін сатып алу - 646 жиынтық;
өртке қарсы техника, жабдықтар мен басқа мүлікті сатып алу - 30096 жиынтық;
жабдықтар, казармалық және шаруашылық мүкәммалын, жиһаз, арнайы, коммуналдық-құрылыс және көтеру-көлік техникасын сатып алу - 6902 жиынтық;
компьютерлік және перифериялық техника, бағдарламалық қамтамасыз ету ,сатып алу - 20648 жиынтық.
Түпкі нәтижелер:
әскери-емдеу мекемелерінде ескірген медициналық жабдықтардың 20%-ын ауыстыру;
әскери-емдеу мекемелерін қазіргі заманғы медициналық жабдықтармен 10% жарақтандыру;
қаржы қаражатының бөлінген көлемі және жоспарланған іс-шаралар шегінде орта оқу орындарын және жоғары оқу орындарын арнайы спорт мүкәммалымен, тренажерлермен, оқу-әдістемелік әдебиеттермен және оқу процесін қазіргі заманғы оқыту құралдарымен қамтамасыз ету үшін басқа да мүлікпен 100% жарақтандыру;
белгіленген пайдалану мерзімдері өткен өнімдерді пайдаланудан шығару және жою; жасырын байланыс бөлімшелерін арнайы байланыс техникасымен (АБТ), жаңа буын көмек аппаратурасымен (КА) жабдықтау; жабық іс-шаралар өткізу кезінде құпия және қызметтік ақпараттың жариялануының алдын алу;
жиһазбен және казармалық мүкәммалмен жалпы қажеттіліктің 50%-ын қамтамасыз ету;
бу қазандығымен өзге энергетикалық жабдықтармен 30% қамтамасыз ету;
өрт техникасымен 75% қамтамасыз ету;
өрт мүлкімен және жабдықтармен 80% қамтамасыз ету;
коммуналдық және жол-құрылыс техникасының 8%-ын жаңарту.
Қаржы-экономикалық нәтижелер:
медициналық жабдық бірлігінің орташа құны - 370 мың теңге;
ветеринариялық жабдық бірлігінің орташа құны - 426 мың теңге;
мемлекеттік құпияларды қорғау жабдығы бірлігінің орташа құны - 346 мың теңге;
компьютерлік техника бірлігінің орташа құны - 135 мың теңге.
Уақтылылығы:
мемлекеттік сатып алу жоспарларына сәйкес;
қаржыландыру жоспарларына сәйкес;
жоспарлар мен кестелерге сәйкес іс-шараларды қаржыландыру.
Сапасы:
бөлімшелерді арнайы жасырын байланыспен (АБТ), жаңа буын КА кезең-кезеңмен жинақтауды (қайта қаруландыруды) жалғастыру;
жеткізілетін өнімнің техникалық нормалар мен мемлекеттік стандарттарға 100% сәйкестігі;
ақпаратты жинау, өңдеу және алмасу сапасын 5-6 есе арттыру.