Құрлық әскерлерінің Әскери институты - 1360 адам;
Әскери-теңіз институты - 180 адам;
Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институты - 520 адам;
Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты - 533 адам;
Шет тілдері әскери институты - 200 адам.
Түпкі нәтижелері:
жалпы түскендердің ішінен 99,7 % жоғары әскери және әскери-кәсіби білімі бар әскери мамандар даярлап шығару;
әскери білімі туралы стандарттың талаптарына сәйкес 100%-ға шұғыл-тактикалық бейінді әскери басқарудың мамандарын дайындау.
Қаржылық-экономикалық нәтижесі:
жылына бір курсантты ұстаудың орташа құны:
ұлттық қорғаныс университетінің курсантына - 2 197,2 мың теңге;
Әуе Күштері қорғанысы әскери институтының курсантына - 459,2 мың теңге;
Жаяу әскерлер әскери институтының курсантына - 2 461,6 мың теңге;
Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының курсантына - 204,9 мың теңге.
Уақтылығы: оқу процесін қамтамасыз ету үшін жоспарланған іс-шараларды уақтылы орындау.
Сапасы:
жоғары әскери-оқу орындарын бітірушілердің оқу бітірген әскери мамандардың жалпы саны 99,7%;
жоғары әскери-оқу орындарын бітірушілердің бестікке бітірген мамандардың жалпы саны - 19 адам.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
83-қосымша
208 - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
«Әскери қызметшілерді және олардың отбасы мүшелерін емдеу»
деген 012 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1375692 мың теңге (бір миллиард үш жүз жетпіс бес миллион алты жүз тоқсан екі мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің мәртебесі және оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 20 қаңтардағы Заңының 13-бабы; «Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 мамырдағы Заңы; «Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық жағдайын жақсарту жөніндегі бірінші кезекті шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 18 мамырдағы № 3956 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің, әскери зейнеткерлердің толық көлемде медициналық көмегін қамтамасыз ету; гарнизон мамандарының бекітілген бөлімдерде диагностикалық, профилактикалық және емдеу жұмыстарының жай-күйіне жеке жауапкершілігін арттыру; әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің денсаулығын сақтау, әскерлердің әскери дайындығын медициналық қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері:
1) әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің, әскери зейнеткерлердің денсаулығын сақтау, әскерлердің жауынгерлік даярлығын медициналық қамтамасыз ету;
2) уақтылы, сапалы және тиімді медициналық көмек көрсету;
3) жұқпалы, паразитті және соматикалық аурулардың, мүгедектіктің алдын алуға, ерте емдеуге және жоюға бағытталған санитарлық-гигиеналық, алдын алу және эпидемияға қарсы іс-шаралар кешенін жүргізу;
4) әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне тегін медициналық көмек көрсетудің кепілдендірілген көлемін орындау; алдын алу, диагностика және емдеудің қазіргі заманғы әдістерін қолдану;
5) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Әскери-медициналық қамтамасыз ету бас басқармасының санитарлық қызметі мен зертханалық бөлімшелерінің практикасына қоршаған табиғат ортасын қорғау өлшемдерін: азық-түлікті, фуражды, ауаны, су мен топырақты бағалау мен бақылаудың жоғары тиімді әдістерін енгізу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 012 | | Әскери қызмет- шілерді және олардың отбасы мүшелерін емдеу | | | |
2 | | 021 | 1997-1998 жылдарда- ғы әскери қызмет- шілерге үстемақы төлеу | Сыйлықақы төлемдері бойынша әскери қызметшілердің берешегін өтеу. | Жыл бойында | Қазақстан Республи- касының Қорғаныс минис- трлігі |
3 | | 100 | Әскери қызмет- шілерді және олардың отбасы мүшелерін емдеу | 1. Қазақстан Республи- касы Қорғаныс министр- лігінің әскери-емдеу мекемелеріне жүктелген функциялар мен міндет- терді орындау: 500 кереуетке арналған Астана қаласындағы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі- нің Бас әскери клини- калық госпиталін; 500 кереуетке арналған Алматы қаласындағы әскери клиникалық гос- питалін; 150 кереуетке арналған Семей қала- сындағы әскери госпи- тальді; 105 кереуетке арналған Тараз қала- сындағы әскери госпи- тальді; 115 кереуетке арналған Талдықорған қаласындағы әскери госпитальді; 120 кере- уетке арналған Аягөз қаласындағы әскери госпитальді; 75 кере- уетке арналған Ақтөбе қаласындағы әскери госпитальді; 66 кере- уетке арналған Үшарал қаласындағы әскери лазаретті; 35 кереует- ке арналған Өскемен қаласындағы әскери лазаретті; 50 кереует- ке арналған Қарағанды қаласындағы әскери лазаретті; 65 кереует- ке арналған Сарыөзек кентіндегі әскери лазаретті ұстау. 2. Тауарларды, жұмыс- тарды, қызмет көрсе- тулерді (оның ішінде медициналық), емдеу процесін бағдарламалық қамтамасыз етуді, дәрі -дәрмектер мен медици- налық мақсаттағы өнімдерді сатып алу. Жабдықтарға, көлік және басқа да негізгі құралдарға шұғыл жөндеу жүргізу. 3. Медициналық тексеру және індетке қарсы қорғау өткізуге байланысты шығыстарды төлеу. 4. Әскери-медициналық есепке алудың бланктік өнімін жасау. 5. Жеке құрамды киім- кешекпен, арнайы киіммен, аяқ киіммен, жабдық-тұрманмен, төсек жабдықтарымен, жөндеу материалдары- мен, гигиена құралда- рымен және санитарлық шаруашылық мүлікпен қамтамасыз ету. 6. Жеке құрамды тамақ- тандыруды ұйымдастыру және асхана-ас үй ыдыстарын жууға арнал- ған жуу құралдарын, жабдықтар мен мүкәммал сатып алу. 7. Жеке құрамды тасы- малдауды қамтамасыз ету. 8. Жанар-жағар май материалдарымен қамтамасыз ету. 9. Мемлекеттік салта- наттарды, мерекелік іс-шараларды өткізумен байланысты шығындар. 10. Емдік-медициналық мекемелерді ұстаумен байланысты басқа да тауарларды, жұмыстар- ды, қызмет көрсету- лерді төлеу. 11. Медициналық қызмет көрсетулерді (соның ішінде санаторлық- курорттық емдеу) сатып алу және Қазақстан Республикасының және шет елдердің денсаулық сақтау ұйымдарында әскери қызметшілерді емдеу. 12. Мүлікті бағалау. | Жыл бойында | Қазақстан Республи- касының Қорғаныс минис- трлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтижесі: әскери-оқу орындарында емделуден өтетін жылына орташа 25 000 әскери қызметші.
Түпкі нәтижелер:
әскери қызмет қатарына жарамды болып қайтарылғандар:
а) офицерлер 93%;
б) әскери қызметті келісім-шарт бойынша өткеретіндер 92%;
жалпы ауырғандардың ішінен ұшуға жарамды % - 0,004.
Қаржылық-экономикалық нәтижесі:
1-ші әскери қызметшіні емдеудің орташа құны - 2 300 теңге.
Уақтылылығы:
қаржыландыру жоспарларына сәйкес;
мемлекеттік сатып алу жоспарларына сәйкес.
Сапасы: 100% уақтылы, сапалы және тиімді медициналық көмек көрсету.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
84-қосымша
208 - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
«Әскерге шақырылғанға дейінгілерді әскери-техникалық
мамандықтар бойынша даярлау»
деген 015 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 100000 мың теңге (бір жүз миллион теңге)
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 10, 12-баптары; «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 қаңтардағы Заңы; «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық мектебі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 15 мамырдағы № 718 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін тұрақты әскери дайындықты ұстау үшін қажетті әскери-техникалық мамандықтар бойынша дайындалған әскерге шақырылған контингентпен қамтамасыз ету; ерекше жағдайға жұмылдыру резервін қалыптастыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: 1) жыл сайын көктем және күзде шақыру жүргізілетін кезеңде мынадай мамандықтар бойынша әскери-техникалық мамандар дайындау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 015 | | Әскерге шақырыл- ғанға дейінгі- лерді әскери- техника- лық ма- мандықтыр бойынша даярлау | 1. Мынадай мамандықтар бойынша әскери-техни- калық мамандар дайын- дау үшін «Әскери-тех- никалық мектеп» РМҚК қызметіне ақы төлеу: - автомобиль құралда- рының әскери жүргізу- шісі (В және С санаттары); - БТР әскери жүргізуші -механигі; - МТ-ДБ әскери жүргізуші-механигі; - әскери радио маманы; - әскери жүргізуші; - отын және май құю қондырғысының механигі; - әскери электрмеханигі; - БМП жүргізуші- механигі; - БАТ-М (АТТ) механик-жүргізуші; - автомобиль крандарының әскери жүргізушісі; - ВДВ. 2. «ҚР ҚМ Әскери техникалық мектебі» РМҚК-ға жүктелген функциялар мен міндеттерді орындау. | Жыл бойында | Қазақстан Республи- касының Қорғаныс минис- трлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтижесі: 1590 мамандар даярлау.
Түпкі нәтижесі: 100% Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, жеке құрамын, әскери бөлімдерін, мекемелерін әскери дайындықты ұстау үшін қажетті әскери-техникалық мамандықтар бойынша дайындалған әскерге шақырылған контингентпен қамтамасыз ету және әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ерекше жағдайға жұмылдыру резервін қалыптастыру; 50% әскер қатарына шақырылушыларды жыл сайын қосымша дайындықтан өтуі мен оқыту.
Қаржылық-экономикалық нәтижесі: бір маманды оқытудың орташа құны жылына 71,2 мың теңге.
Уақтылылығы: шақырылушыларды дайындау шақыруға сәйкес уақтылы жүргізіледі.
Сапасы:
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 73% дайындалған мамандарды шақыру;
жұмылдыру резервін қалыптастыруға 27% дайындалған мамандарды жіберу.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
85-қосымша
208 - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
«Қарулы Күштерді материалдық-техникалық қамтамасыз ету»
деген 016 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1916268 мың теңге (бір миллиард тоғыз жүз он алты миллион екі жүз алпыс сегіз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің мәртебесі және оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 20 қаңтардағы Заңының 10, 12, 13, 14, 16, 17, 18-баптары; «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 қаңтардағы Заңы; «Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 мамырдағы Заңының 7 , 10, 14, 15, 24-баптары; «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 15 наурыздағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық жағдайын жақсарту жөніндегі бірінші кезекті шаралар туралы» 1998 жылғы 18 мамырдағы № 3956 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының Әскери доктринасын бекіту туралы» 2000 жылғы 10 ақпандағы № 334 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы Әскери реформа тұжырымдамасы мен 2005 жылға дейінгі кезеңге арналған Қазақстан Республикасындағы Әскери құрылыстың мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» 2000 жылғы 7 шілдедегі № 418 Жарлығы; «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 9 наурыздағы № 368 қаулысы; «Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 тамыздағы № 1074 қаулысы; «Ақпараттық-маркетингтік жүйенің инфрақұрылымын құру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 25 желтоқсандағы № 1689 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: медициналық қызметтің іс-әрекетінде алдын-алу құрамын нығайту, әскери қызметшілердің жұқпалы аурулармен, тері асты клетчатка ауруларымен, тыныс алу жүйесі ауруларымен және жүрек-қан тамырлары ауруларымен науқастануын төмендету; әскери бөлімдердегі, мекемелер мен әскери-оқу орындарындағы материалдық-техникалық базаларды, тәрбиелеу және оқыту техникалық құралдарын жетілдіру; Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігін, әскер түрлерінің тектері мен арнайы әскерлерінің штабтарын, өңірлік қолбасшылықтарды, құрамалар мен бөлімдерді, мекемелерді және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы оқу орындарын электрмагниттік сәулелердің және ақпарат беру мен өңдеу техникалық құралдарын бағыттаудың ықпалына байланысты техникалық арналар бойынша құпия және қызметтік ақпараттың жариялануынан қорғау; Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің басшылығын, әскер түрлерінің, тектері мен арнайы әскерлердің қолбасшылықтары мен штабтарын, әскери округтерді, құрамалар мен бөлімдерді, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мекемелері мен ЖОО-ын құжатталған жасырын байланыстың барлық түрлерімен қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін компьютерлік және периферийлі техникамен қамтамасыз ету; әскери бөлімдер мен мекемелерде өртке қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері инфрақұрылымының жағдайын жақсарту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері:
1) әскери-медициналық мекемелерді қазіргі заманғы медициналық аппараттармен және жабдықтармен жарақтандыру;
2) әскери-оқу орындарында әскери қызметшілерді оқыту үшін жағдай жасау;
3) Қарулы Күштердің әскери бөлімдері мен мекемелерін тыл мақсатындағы жабдықтармен және мүлікпен қамтамасыз ету;
4) ҚМ қызметтік және өзге үй-жайларын есептеу техникасы құралдарымен, ақпаратты беру және өңдеу қосалқы техникалық құралдарымен, ақпаратты қорғау құралдарымен жабдықтау;
5) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ғимаратын бейне бақылау жүйелерімен, жасырын байланыспен, арнайы байланыс техникасымен және көмекші аппаратурамен қамтамасыз ету, кіруді шектеу және виброакустикалық қорғауды орнату;
6) арнайы байланыс техникасының паркін және қосалқы аппаратураны кезең-кезеңмен жаңарту, сондай-ақ қолда бар паркті жұмысқа қабілетті күйде ұстау;
7) әскери бөлімдер мен мекемелердің өртке қарсы қорғанысын қамтамасыз ету үшін жағдай жасау, техника паркінің ифрақұрылымының жай-күйін жақсарту және жаңарту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 016 | | Қарулы Күштерді материал- дық-тех- никалық қамтама- сыз ету | | | |
2 | | 100 | Медицина бағытын- дағы жаб- дықтарды сатып алу | Мыналарды сатып алу: а) Қазақстан Респу- бликасы Қорғаныс ми- нистрлігінің әскери- емдеу мекемелері үшін медициналық жабдық- тар, аппаратура және медициналық техника бұйымдарын; б) буындарды эндоро- тездеу үшін құралдар мен протездер жиынты- ғы толық жиынтықтар; төмен температурадағы «Стеррад-100С»»стере- лизаторлар; рентген диагностика- лық стационарлық аппараттар; «Кардиотест» велоэр- гометрикалық стресс- тес аппараттар; өкпені жасанды желдету аппараттар; SТ-12В22 операциялық әмбебап столдар; NІDЕC оттегі концентраторлар; АР-101 сандық фото- электроколориметрлер; «Гидроколон» ішекті мониторлық тазалау арналған ВТL- аппараттар; оттегі көбігін алуға арналған «Здоровье» аппараттар; арқа сүйеу тақталар; РО-6-05 тыныс алу наркоздық аппараттар; Фаза-5 аппараттар; К-1, 3, 5 үлгісіндегі алюминий қақпақшасы- мен жылжытуға арналған жартылай автоматтар; Рентген қорғау құрал- дарының жиынтықтар; № 1 Остеосинтезге арналған Имплантант- тар мен құралдар жиынтықтары; № 2 Остеосинтезге арналған Имплантант- тар мен құралдар жиынтықтары; № 3 Остеосинтезге арналған Имплантант- тар мен құралдар жиынтықтары; № 4 Остеосинтезге арналған Имплантант- тар мен құралдар жиынтықтары. 2. Жануарлар үшін ветиринариялық мүлік сатып алу: тігінен автоклавтары; стерильді бокстар; құрғату шкафтар; бета-гамма спектрометрлері; бинокулярлық лаборат- ориялық микроскоптар; дозиметр-радиометр- лер; үстіңгі жақты бақылау үшін тест-ручкалар (жиынтығы 50 данадан); сұйық зат үшін тест- ручкалар (жиынтығы 50 данадан). 3. Мүлікті бағалау. | Жыл бойында | Қазақстан Респу- бликасының Қорғаныс министр- лігі |
3 | | 101 | Тылға қа- жетті мү- ліктерді, тәрбиелеу мен оқытудың техника- лық жаб- дықтарын сатып алу | 1. Орта әскери-оқу орындарында оқу процесін қамтамасыз ету үшін мүлік пен жабдық сатып алу: жүгіру конькилері; спорт керек-жарақтары мен жабдықтары; қуыру шкафы; проекторлар; Эриксон шағын АТС; шиномонтаждау жабдықтарын; микшер пульттерін; екіұяшықты сейфтарды; «Яхта» санитары; минидискерлер; күшейткіш (+200Вт); акустика құралдары; гимнастикалық белтемірлер; лингафон сыныптары; ризограф; клубқа арналған микрофоны бар дауыс күшейткіш және акус- тика аппаратурасы; спорт мүкәммалдары; кеуде бұлшық еттеріне арналған тренажер; радиостансалар; монография; қару-жарақтың макет- тері бар лазерлі-ату тирлері; шағын жалпы әскери полигон жабдықтар; ЖӘП арналған имитация жиынтығы (лазерлік сканирлеу қондырғысы); ЖӘП имитация жиынты- ғына арналған келісу қондырғыстары; сплит жүйесіндегі кондиционерлер; рулонды ламинатор; проектор үшін экрандар; мультимедийлі проекторлар; гильотиндер; электр степлері; кітапшалар жасаушы; шредерлер (қағаздарды жоятын); медиапроекторлар; оқу мақсаттары үшін шағын тігінен- фрейзерлері; шағын тігінен- фрейзерлі 675 П; ИБП UPS-500; зертхана жабдықтары жиынтығы; шағын типография; химия пәні бойынша зертхана практикумы; токарь станогы; бейнебақылау жүйелері; сплит-жүйе ауа баптағыштары; зертханалық жабдықтар; тральдік, миналық және торпедалық қарудың макеті; телевизорлар; бейнемагнитофондар; фотоаппараттар; үстел үсті ойындары; VНS форматтағы бейнекөшірмелер; спутниктік антенналар жиынтығы; радиогазеттер үшін жабдық; шағын концерт роялі; киіз үйлер; үлкен бильярд жиынтығы; бейнефильмдерді үлкен экранда көрсету үшін стационарлы бейнепроектор; сыныпқа арналған графожобалағыштар. 2. Құны 40 АЕК-тен (айлық есептік көр- сеткіш) асатын тәр- биелеудің техникалық құралдарын сатып алу: цифрлы бейнекамералар; цифрлы фотоаппараттар; музыка аспаптары; бейнекамералар; мәдени-бос уақыт өткізу орталығы үшін жабдықтар; цифрлы фотокамералар; ұжымдық көру бейнеқондырғысы; бейнепроекторлар; музыкалық аппаратуралар; көркем суреттер; вагон-салондар үшін мүлік. 3. Кино, бейне өнім- дерін өндіру, деректі және оқу фильмдерін, жарнама мен музыкалық бейнероликтер жасау. 4. Құны 40 АЕК-тен (айлық есептік көр- сеткіш) асатын тыл мүлкін сатып алу: арбалар; палаткалар; қос атты тартпалар. 5. Құны кемінде 40 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) тылдық мақсаттағы мүлік, тәрбиелеудің және оқытудың техникалық құралдарын сатып алу. 6. Арба және ат жабдығы, ер, бір атты тартпа, жөндеу мате- риалдары және атты баптау жабдықтары. 7. Шығыс материалда- рын сатып алу. 8. Мемлекеттік салта- наттар, мерекелік іс-шаралар өткізумен байланысты шығындар. | Жыл бойында | Қазақстан Респу- бликасының Қорғаныс министр- лігі |
4 | | 102 | Арнайы және айрықша жабдық- тарды сатып алу | 1. Мыналарды сатып алу: техникалық ақпаратты қорғау құралдарын; арнайы байланыс тех- никасы мен қосалқы аппаратура; қосалқы аспаптар мен керек-жарақтар; қолданыстағы желілерге және жабық байланыс бағытына ар- налған түрлі үлгідегі негізгі құралдар. 2. Мемлекеттік құпияларды қорғаумен байланысты басқа да қызмет көрсетулер мен жұмыстар. | Жыл бойында | Қазақстан Респу- бликасының Қорғаныс министр- лігі |
5 | | 103 | Өртке қарсы қорғау мүлік- терін сатып алу | 1. Құны кемінде 40 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) өртке қарсы техника, жаб- дық, өрт сөндіргіш- тер, құралдары мен басқа да мүлік сатып алу. 2. Өртке қарсы дабыл бергіш және найзағай- дан қорғау жүйесін орнату. 3. Өрт техникасы мен жабдығын сатып алу: өрт сөндіру автоцис- тернасы, сондай-ақ әуеайлақтың нұсқа; найзағайдан қорғау құрылғылары; өрт дабылы; мотопомпалар; қорғаныш жабдық- тұрман жиынтығы; өрт сөндіргіштер; көбікке айналдырғыш; өрт сатылары; өрт сөндіру көтергіш көлігі; өрт колонкасы. 4. Арнайы киім-кешек, жеке басты қорғану құралдарын сатып алу. | Жыл бойында | Қазақстан Респу- бликасының Қорғаныс министр- лігі |
6 | | 104 | Қарулы Күштердің инфра- құрылымын материал- дық-тех- никалық қамтама- сыз ету | 1. Мыналарды сатып алу: жабдықтар; жылу қазандары; тамақ пісіретін қазандар; күшті трансформаторлар; дәнекерлеу трансформаторлары; насостар, электрқозғалтқыштар; тартқыш газ үрлеу жабдықтары; экономайзерлер; су-бу мазутты жылытқыштар; химиялық су тазалау қондырғылары; суды зарарсыздандыру қондырғылары; вентиляторлар; кондиционерлер; есепке алу және бақылау құралдары; электростансалар; жылжымалы дәнекерлеу агрегаттары; газды-мазутты мойы; жиһаз дайындау станогын, темір және ағаш өңдеу станогын, басқару және қорғау қалқандары. 2. Бақылау-өлшеу құралдары мен автома- тика; ажыратқыштар; электр қалқандарын; тоңазытқыштар; станоктар; металло- пластик есік және терезе блоктарын жасап шығару жөнінде- гі желілерді; сыйым- дылықтар; жиһаз және казарма мүкәммалын; дене шынықтыру бөл- месі үшін жабдықтар; ұйымдастыру техника- сын; ультрадыбысты қаспаққа қарсы аппа- раттар; дефектоскоп- тар; термографтар; шаруашылық мүкәмма- лын; шағын механиза- ция құралдары мен аспаптарын; кір жуу құрал-жабдықтары; жел генераторы, энер- гия жинақтаушы; сер- вер; электрогенера- торлар мен қайта жасаушылар; электро- калориферлер; жылу перделерін және пушкалар; электржы- лытқыштарын; электр, су және бу жылытқыш- тарын; қиыстыра сорып алу сөрелерін және жабдықтар; электр және газ плиталарын; суды және жылу энер- гиясын жұмсауды есеп- ке алу құралын; жылу энергиясын жіберуді реттеу құралын; газондарды орғыштар; мемлекеттік рәміз ат- рибуттарын; кілемдер; үй-жайларды тазалау үшін шағын механизм құралдарын (шаң сор- ғыштар, еден жуғыш- тар); бейнеқадағалау; телефон және радио байланыстарын; жаб- дықтар; сейфтер; сөрелер; сандықшалар және металл жәшіктер; люстралар; шам-шырақ- тар; бра; перделер; гардиндер; жалюздер; гүл салатын, қабырға- ға ілетін және жерге қоятын вазалар; қақпақтар; шарбақтар сатып алу. 3. Шығыс материалдар- ды сатып алу. 4. Инфрақұрылымды ма- териалдық-техникалық қамтамасыз ету үшін 40 есептік көрсеткіштен кем мүлікті сатып алу. Әскери бөлімдердің штабтары мен ғимарат- тарында әлсіз тоқты байланыс қондырғыла- рының күрделі құрылысы. 5. Қазақстан Респу- бликасы Қарулы Күште- рінің мекемелері орындайтын күрделі және ағымдағы жөндеу бойынша құрылыс- монтаждау жұмыстары үшін құрылыс матери- алдарын сатып алу. 6. Арнайы, көтергіне коммуналдық және жол- құрылыс техникасын, жоғары өтімділік ма- шиналарын және парк- гараждық жабдықтарды сатып алу. 7. Компьютерлік және перифериялық техника, бағдарламалық қамта- масыз етуді сатып алу: үлгілік жұмыс орындары (компьютер жиынтықты); жұмыс істеу үшін графикалық қосымшала- ры бар жұмыс орны (компьютер жиынтықта); деректерді тарату жөніндегі жұмыс орны (компьютер жиынтықта); презентацияларды ұйымдастыру және мультимедиялық сүйе- мелдеу үшін жұмыс орындары (компьютер жиынтықта); әртүрлі модификациа- дағы ноутбук; серверлер; құжаттарды көбейту үшін жұмыс орындары (компьютер жиынтықта); Интернет желісіне кіру үшін жабдықтар; Frame Relay желісіне кіру үшін жабдық. | Жыл бойында | Қазақстан Респу- бликасының Қорғаныс министр- лігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: