7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтижелері:
жеке құрамның 67 578 адамын (әскери қызметшілер және жеке персонал) үлестің барлық түрлерімен қамтамасыз ету;
5110 әскери қызметшіге сыйлық төлемдері бойынша берешекті өтеу;
әуеайлақ, автомобиль және әскери техниканың 137 бірлігін қалпына келтіру, жөндеу және қайта жабдықтау.
Мыналарды жүргізу:
234 ғимараттар мен құрылыстарды, 60 коммуналдық объектілерді ағымдағы жөндеу;
12 объектіні және 82 техника бірлігін күрделі жөндеу;
27 әуеайлақ техника бірлігінің қызмет мерзімін ұзарту.
Түпкі нәтижелері: осы мақсаттарға бөлінген қаржы қаражаты көлемінің және жоспарланған іс-шаралар шегінде қамтамасыз ету:
- жеке құрамның, әскери бөлімдер мен мекемелердің барлық үлес түрлерімен және коммуналдық қызметтермен 100%;
- техникалық дайындықты және қару-жарақтың, әскери, өзге техниканың, жабдықтардың, ғимараттардың, құрылыстардың, инженерлік желілердің, коммуналдық объектілердің жинақталуын 100%;
- Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері инфрақұрылымының жағдайын 100% жақсартуды және қолда бар күзету инфрақұрылымын ақаусыз күйде 100% ұстауды;
- моральдық жағынан тозған әскери техниканы, оқ-дәрілерді, радиоактивті көздерді (материалдарды), зымыран отынының бөлшектерін, күшті әсер ететін улы заттарды 100% пайдаға асыру;
- Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері жеке құрамының жинақталуын және тиісінше ұсталуын 100% қамтамасыз ету.
Қаржылық-экономикалық нәтижесі:
Қарулы Күштер жеке құрамының 1 адамын ұстауға арналған орташа жылдық шығындар - 403,5 мың теңге;
әскери техниканың 1 бірлігін жөндеуге және техникалық қызмет көрсетуге арналған орташа жылдық шығындар - 34 569,4 мың теңге;
1 ғимаратты және құрылысты ағымдағы жөндеуге және қызмет көрсетуге орташа жылдық шығындар - 1 113,2 мың теңге.
Уақтылылығы:
жұмыстар мен қызметтер жүргізудің бекітілген кестесіне сәйкес;
қаржыландыру жоспарларына және мемлекеттік сатып алу жоспарларына сәйкес.
Сапасы:
Қазақстан Республикасы азаматтарының елдің қорғаныс қабілетімен 100% қанағаттануы;
әскери қызметшілердің заңнамамен белгіленген ұстау және қамтамасыз ету сапасымен 100% қанағаттануы.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
74-қосымша
208 - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
«Қарулы Күштер қызметінің негізгі түрлерін қамтамасыз ету»
деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 11064268 мың теңге (он бір миллиард алпыс төрт миллион екі жүз алпыс сегіз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституциясының 35, 66-баптары; «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 7 , 12, 13, 16, 28, 35-баптары; «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 қаңтардағы Заңы; «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 маусымдағы Заңының 9-бабы; «Қазақстан Республикасының Әскери доктринасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 10 ақпандағы № 334 Жарлығы; «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 9 наурыздағы № 368 қаулысы; «Тылдық қамтамасыз ету түрлері бойынша нормаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 19 мамырдағы № 762 қаулысы; «Орта Азия өңірі мемлекеттері аймағында оларды жедел өрістету аудандарында ұжымдық қауіпсіздік Орта Азия өңірінің жедел өрістетудің ұжымдық күштің ұлттық қалыптасуы үшін материалдық жабдықтар қорын құру жоспары туралы» 9 желтоқсандағы 2003 жылғы ТМД мүше мемлекеттер Министрлер кеңсесінің шешімі; Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі 1994 жылы 27 мамырда қол қойған «Бейбітшілік жолындағы әріптестік» атты Негізгі құжат; Қазақстан Республикасының Парламенті 1997 жылғы 3 шілдеде бекіткен «Қарулы күштерінің мәртебесіне қатысты «Бейбітшілік жолындағы әріптестік» бағдарламасына қатысушы Солтүстік Атлантика шартына қатысушы мемлекеттер мен басқа да мемлекеттер арасындағы келісім.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекеттің қорғаныс қабілетін және ел қауіпсіздігін нығайту үшін, соғыс қақтығыстарының шиеленісуінің алдын алу үшін, соғыс қаупінен, халықаралық экстремистік топтардан қорғау үшін Қарулы Күштер қызметінің негізгі түрлерін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері:
1) Қарулы Күштер әскери бөлімдерінің мемлекеттік шекараның тұтастығын қамтамасыз ету үшін жауынгерлік кезекшілікті атқаруын қамтамасыз ету;
2) әскери бөлімдердің жедел және жауынгерлік даярлығын қамтамасыз ету;
3) сыртқы саяси міндеттемелер мен мүдделердің орындалуын қамтамасыз ету;
4) әскери бөлімдер, әскерлер (мекемелер) қолбасшылығының (бастықтарының) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әкімшілік-басқару функцияларын орындауын қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 002 | | Қарулы Күштер қызме- тінің негізгі түрлерін қамтама- сыз ету | | | |
2 | | 021 | 1997-1998 жылдарда- ғы әскери қызмет- шілерге үстемақы төлеу | Сыйлықақы төлемдері бойынша әскери қызметшілердің берешегін өтеу. | Жыл бойында | Қазақстан Респу- бликасының Қорғаныс минис- трлігі |
3 | | 100 | Жауынгер- лік кез- екшілікті қамтама- сыз ету | 1. Мыналарға: тамақ- тандыруды ұйымдастыру- ға және асхана-ас үй ыдыстарын, жабдықтар мен мүкәммалды жуу үшін жуу құралдарын сатып алуға; жанар- жағар май материалда- рымен қамтамасыз етуге; байланыс қыз- меттеріне, байланыстың телефондық және теле- графтық арналарын жалдауға байланысты шығыстарға ақы төлеу. 2. Жауынгерлік кезек- шілікті қамтамасыз етуге байланысты өзге де шығындарды төлеу. | Жыл бойында | Қазақстан Респу- бликасының Қорғаныс минис- трлігі |
4 | | 101 | Жауынгер- лік да- йындықты қамтама- сыз ету | 1. Мыналарды: жауын- герлік тулар мен вым- пелдерді; тау-қорық батальонының мүлкін; жанар-жағар май мате- риалдарын сатып алуға; тамақтандыруды ұйым- дастыруға және асхана- ас үй ыдыстарын, жаб- дықтар мен мүкәммалды жуу үшін жуу құралдарын сатып алуға байланысты шығыстарды төлеу. 2. Байланыс қызметте- рін төлеу, телефондық және телеграфтық байланыс арналарын жалдау. 3. Далалық ақша төлеу. 4. Мыналарға: нысана- лармен және макеттер- мен, сондай-ақ елесте- ту құралдарымен және оқ-дәрілермен қамта- масыз ету жөніндегі; оқу және көрнекі құ- ралдарымен, құжатта- мамен қамтамасыз ету жөніндегі; жеке құрам- ды, мүлікті, жүктерді, қару-жарақты тасымал- дау жөніндегі қызмет көрсетулер үшін шығыс- тарды төлеу, вагон- дарды, контейнерлерді терминалдық өңдеуге, қару-жарақты, тех- никаны және жылжымалы құрамды бекіту үшін тіреу материалдарын сатып алуға, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің менші- гіндегі вагондарды та- сымалдауға байланысты тұрақты орналасу әуе- айлақтарында жауынгер- лік даярлық жоспары бойынша авиацияның оқу-жаттығу ұшуларын орындау кезіндегі әуежайлық қызмет көрсетулер үшін; әскери-көліктік авиа- цияның ұшуларын орын- дау кезінде әуежайлық қызмет көрсетулер. 5. Мекемені қамтамасыз ету жөніндегі заттар- ды, полигонға қажетті құрал-жабдықтарды, жұмыстарына қажетті құрылыс және басқа жауынгерлік және дене дайындығы оқу-жаттығу объектілерін, оқу сыныптарын ұстау, жабдықтау. 6. Дене дайындығы үшін спорт мүкәммалы мен мүлкін сатып алу. 7. Жиындар өткізу кезінде ұйымдастыру шығыстары. 8. Әскери тактикалық және тактикалық- арнайы жаттығуларды өткізу. 9. Жауынгерлік даяр- лықта қамтамасыз етуге байланысты өзге де шығыстарды төлеу. 10. Оқу-жаттығуларды ұйымдастырумен және өткізумен байланысты шығыстарды төлеу. | Жыл бойында | Қазақстан Респу- бликасының Қорғаныс минис- трлігі |
5 | | 102 | Арнайы қызметті қамтама- сыз ету | Ерекше шығындар. | Жыл бойында | Қазақстан Респу- бликасының Қорғаныс минис- трлігі |
6 | | 106 | Сыртқы саясат мүдде- лерін қамтама- сыз ету | 1. Мыналарға көзделген қаражатты уақтылы және толық қаржыландыруды қамтамасыз ету жөнінде шаралар ұйымдастыру: бірлескен жедел (так- тикалық) оқу-жаттығу- лар (жаттығу), оқу- әдістемелік жиындар, ғылыми-практикалық конференциялар, кон- сультациялар дайындау- ға және өткізуге; ТМД Қорғаныс министрлері кеңесі жанындағы Әуе шабуылына қарсы қорғаныс мәселелері жөніндегі Үйлестіру Комитетінің қызметін қамтамасыз етуге; Қорғаныс министрлер кеңесі Хатшылығының және оның жұмыс органдарының қызметін қамтамасыз етуге; Ұжымдық қауіпсіздік туралы Шарты Ұйымының Хатшылығы мен Біріккен штабының қызметін қамтамасыз етуге; Орталық Азия өңірінің жедел өрістету Ұжымдық күштерінің Тұрақты жедел тобының қызметін қамтамасыз етуге; Жедел-тактикалық және жауынгерлік даярлық іс-шараларын өткізуге және Жедел өрістету ұжымдық күштерінің материалдық қорларын құруға; Ұжымдық қауіпсіздік Орталық Азия өңірінің Жедел өрістету Ұжымдық күш- терінің ұлттық құра- лымдары үшін басқару жүйесін жетілдіруге. 2. ТМД әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесін дамытуға, жетілдіруге және ұстауға ақшалай қаражат бөлу. 3. Қазақстан Респу- бликасының басқа елдердегі елшіліктері жанындағы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің өкілдіктерін, әскери атташелер аппараты мен өкілдерін ұстау. 4. Ұжымдық қауіпсіздік (тұрғын үй-жайды жалға беру) туралы Шарты Ұйымындағы Қазақстан Республикасының өкілін қаржылық қамтамасыз ету. 5. Қазақстан Республи- касының өкілдігі және НАТО шеңберіндегі іс-шараларға қатысу (Солтүстік Атлантика альянсы). 6. Қазақстан Респу- бликасынан тысқары жерлерде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне іссапар шығыстарын төлеу. 7. Шетелдік әскери делегацияларды қабыл- дауға, отырыстар, семинарлар, салтанатты және ресми іс-шаралар өткізуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі делегациясының шетел- дік сапарлары уақытын- да өкілдік мақсаттарға арналған өкілдік шығындар. 8. Халықаралық әскери ынтымақтастықты қамта- масыз етуге бағыттал- ған іс-шаралар. 9. Р-438ТМ ғарыштық байланыс стансасын сатып алу - 1 дана. | Жыл бойында | Қазақстан Респу- бликасының Қорғаныс минис- трлігі |
7 | | 107 | Жұмылдыру әзірлігін қамтама- сыз ету | 1. Мыналарды: қол сұғылмайтын қорды; азық-түлікті; заттай мүлікті; жылжымалы құрамда техниканы бекіту үшін материалды құруға; әртүрлі ауқым- дағы сандық және қағаз форматтағы электрондық және ұқсас топогра- фиялық карталардың қорларын дайындауға және толықтыруға арналған шығыстарды төлеу. 2. Қол сұғылмайтын қорды толықтыруға ар- налған жүктерді тасы- малдауға байланысты, студенттерді жиындарға тасымалдауға байланыс- ты шығыстарды төлеу. 3. Жұмылдыру дайынды- ғын қамтамасыз етуге байланысты өзге де шығыстарды төлеу. | Жыл бойында | Қазақстан Респу- бликасының Қорғаныс минис- трлігі |
8 | | 108 | Әскери басқару орган- дарының әкімшілік -басқару функция- ларын қамтама- сыз ету | 1. Іссапар шығыстарын төлеу. 2. Кеңсе және шаруашы- лық тауарларын сатып алу. 3. Мыналарға: көлік ұйымдарымен, темір жолдарды әскери-техни- калық сипаттаудың құ- жаттарымен және өнім- дерімен есеп айырысу үшін әскери тасымалдау құжаттарының бланкілік өнімдерін дайындауға; режимдік үй-жайларды жабдықтау үшін көрнекі құралдар дайындауға; жанар-жағар май мате- риалдарымен қамтамасыз етуге; байланыс қыз- меттерімен қамтамасыз етуге, байланыстың телефондық және телеграфтық арналарын, почталық, арнайы, спутниктік және ұялы байланысты, трафикті, кабельдік теледидар қызметтерін, Интернет қызметтерін жалдауға; жеке құрамды тасымал- дауға, көлік қызмет көрсетулерін төлеуге; мемлекеттік салтанат- тарды, мерекелік іс-шараларды өткізуге және бейнеклиптер жасауға байланысты шығыстарды төлеу. 4. Қазақстан Республи- касы Қорғаныс минис- трлігінің WEB-сайтын сүйемелдеу: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің WEB-сайтын сүйемелдеу жөніндегі қызмет көрсетулерге ақы төлеу. 5. Интернетті ұйымдастыру: KazNet IP (Internet) 512 кб/с үшін ай сайынғы төлем- дер; 128 кб/с тоғыз нүкте үшін ай сайынғы төлемдер. 6. Frame Relay желісі технологиясының базасындағы деректерді берудің ведомстволық желісін ұйымдастыру: жабдықты жөндеу және орнату; арнаны жалға алғаны үшін ай сайынғы төлемдер. 7. Жинақтармен, қосалқы бөлшектермен, жұмсалатын материал- дармен және периферия- лық қондырғылармен қамтамасыз ету. 8. Өкілдік шығыстар. 9. Үй-жайларды жалдау, мерекелік іс-шаралар, фестивальдар, конкурс- тар, концерттер, Жалпы армиялық мәжілістер, жиналыстар, жиындар мен белсенділер слет- терін, әскери алқалар өткізуге жұмсалатын шығындар. 10. Газеттер мен журналдарға жазылу. 11. Бір бірлік үшін құны 40 айлық ең аз есептік көрсеткіштен кем тауарларды, жұмыстарды (қызмет көрсетулерді) сатып алу және дайындау: көрнекі және әдістемелік құралдар, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мұражайы үшін манекен- дер, стандарттау, көркем және оқу-әдіс- темелік әдебиеттер, басшылық құжаттар (бұйрықтар мен нұсқау- лықтар), полиграфиялық өнімдерді, оқу-әдіс- темелік құралдар, ақпараттық анықтамалық есепке алу жөніндегі бланкілер, карточкалар мен кітаптар, қатысуды есепке алу журналдары, грамоталар, жауынгер- лік парақтар, дүниежү- зінің және Қазақстан Республикасының саяси карталары. 12. Қазақстан Респу- бликасы Қарулы Күштері үшін медальдар дайындау. 13. Әкімшілік-басқару функцияларының орын- далуымен байланысты басқа тауарлар, жұмыстар (қызмет көр- сетулер) сатып алу. 14. Стандарттау және тираждау шығыстарын төлеу. 15. Спорт және өзге іс-шаралардың қорытын- дылары бойынша бағалы сыйлықтармен және жүлделермен қамтамасыз ету. 16. Спорт залдарын жалдау. 17. Алдын ала анықтау және тергеу барысында адвокаттарға заң көмегін көрсету. | Жыл бойында | Қазақстан Респу- бликасының Қорғаныс минис- трлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтижелер:
368 әскери қызметшіге сыйлықақы төлемдері бойынша берешекті өтеу;
шет мемлекеттермен әскери және әскери-техникалық ынтымақтастықты дамыту мақсатында НАТО бағдарламасы бойынша 6 жаттығу және 90 курс өткізу;
КСБР басқару жүйесін жетілдіру мақсатында Р-438 ТМ ғарыштық байланыс станциясын сатып алу.
Түпкі нәтижелері:
еліміздің және әуе кеңістігінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Қарулы Күштер әскери бөлімдерінің жауынгерлік кезекшілікті атқаруын 100% ұйымдастыру;
әскери бөлімдердің жедел және әскери дайындығын 100% қамтамасыз ету;
халықаралық ұйымдар алдындағы міндеттемелерді 100% орындау.
Қаржы-экономикалық нәтижесі:
1 ірі ауқымды жаттығу жүргізу орташа есеппен 316,4 млн. теңгені құрайды;
1 әскери бөлімнің жауынгерлік кезекшіліктегі қызметін ұйымдастыру орташа есеппен 23,8 млн. теңгені құрайды.
Уақтылығы: бекітілген кестеге сәйкес жұмыстар мен қызметтерді жүргізу;
қаржыландыру жоспарларына және мемлекеттік сатып алу жоспарларына сәйкес.
Сапасы:
азаматтардың 100%-ы қауіп-қатерден қорғау деңгейімен қанағаттанды;
халықаралық ұйымдар өткізілген іс-шаралардың сапасымен 100% қанағаттанды;
азаматтардың 100%-ы Қарулы Күштер әскери дайындығының сапасымен қанағаттанды.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
75-қосымша
208 - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
«Қарулы Күштердің ақпараттық жүйелерін құру»
деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 705211 мың теңге (жеті жүз бес миллион екі жүз он бір мың теңге)
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 қаңтардағы Заңы; «Қазақстан Республикасының Әскери доктринасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 10 ақпандағы № 334 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерін бейбітшілік жағдайда, бейбітшіліктен соғыс жағдайына көшіру кезінде, жедел (жауынгерлік) жұмылдыру және әскери-әкімшілік міндеттерге автоматтандырылған шешіммен қамтамасыз ету, штабтар мен мекемелердің, кезекші күштері мен құралдарын, әскерлерді (күштерді) жұмылдыру мен жедел өрістету, орталық және жергілікті атқару мен бірлесе отырып жаңа ақпараттық технологияны пайдалану жолдарымен жауынгерлік іс қимылдарды, аумақтың және жергілікті қорғаныс, сондай-ақ барлау құралдарын кешенді қолдану, тиімді басқаруды арттыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері:
1) Қазақстан Республикасының министрліктері мен ведомстволарының басқа әскерлері мен әскери құрамаларын, атқарушы өкіметтің орталық және жергілікті органдарын автоматтандырылған басқару жүйелерімен (құралдарымен) өзара іс-қимылды қамтамасыз ете отырып, әскерлерді, барлауды, РЭБ және ҚР ҚК әскерлерін жұмылдыру ретке жайылуын басқарудың стационарлық-мобилді автоматтандырылған жүйесін құру, сондай-ақ ТМД елдері әуе шабуылы қорғаныс күштері мен құралдарының өзара іс-қимылдары тиімділігін арттыру, «ТМД елдерінің ұжымдық қауіпсіздігі туралы» шарттың шеңберінде Қарулы күштерді бірлескен қолдануды автоматтандырылған жоспарлау және «Бейбіт өмір үшін әріптестік» бағдарламасы шеңберінде басқа мемлекеттерді басқаруды автоматтандыру құралдарымен өзара іс-қимылдарды қамтамасыз ету;
2) оқу-жаттығуды, штаб жаттығуларын жүргізу кезінде, сондай-ақ бөлімдер мен бөлімшелерді жауынгерлік қолдану кезінде жылдамдықты арттыру, әскери істе ГАЖ технологияларын қолданудың әлемдік стандарттарына өту үшін әртүрлі кіші жүйелерді енгізу және цифрлық карталарды құру арқылы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің геоақпараттық жүйесін құру;
3) қызметтік ақпаратты алмасудың жылдамдығын және әскерлерді басқару үшін жауынгерлік басқару дабылын кепілдендірілген беру үшін орталықтан жекелеген әскери бөлімдерге дейінгі буындағы деректерді берудің желісін кеңейту арқылы ҚР ҚК бірыңғай ақпараттық желісін құру;
4) қолданыстағы ақпараттық жүйелердің сыйымдылығы мақсатында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің біріктірілген жүйесін құру, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жауынгерлік дайындығы мен жауынгерлік қабілетін арттыру, сыртқы ақпараттық кеңістікпен тиімді басқаруды және біріктіруді қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 003 | | Қарулы Күштердің ақпарат- тық жүйелерін құру | Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің геоақпараттық басқару жүйесін құру: - «Қазақстан Республи- касы Қарулы Күштерінің цифрлы картографиялық деректерінің банкін құру және енгізу» қосалқы жүйесін әзірлеу және тәжірибелі пайдалану; - Қазақстан Республи- касы Қарулы Күштерінің геоақпараттық басқару жүйесін құру үшін бағ- дарламалық қамтамасыз етуді сатып алу; - «Қазақстан Республи- касы Қарулы Күштерінің геоақпараттық басқару жүйесі» үшін цифрлық карталар жасау. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің бірыңғай ақпараттық жүйесін ұйымдастыру: 1) сатып алу: - коммутаторларды; - маршруттауыштарды; - 16 ұқсас желіге арналған модем пулы бар маршруттауыштарды; - модемдерды; - үздіксіз қоректендіру көздерін; 2) деректерді беру жүйесін өткізу және орнату, деректерді беру жүйесін пайдалану бойынша персоналды оқыту. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі- нің біріктірілген ақ- параттық жүйесін құру: - ҚР ҚМ біріктірілген ақпараттық жүйесін әзірлеу; - «жұмылдыру ресурсын және шақырылушылардың есебін жүргізуді ұйымдастыру» ақпарат жүйесін әзірлеу және енгізу; - ҚР ҚМ біріктірілген ақпараттық жүйесін басқарудың ақпараттық- нормативтік жүйесін» әзірлеу және енгізу; - ҚР ҚМ «Негізгі қорларды электрондық паспорттау» ақпарат жүйесін әзірлеу және енгізу; - ҚР ҚМ орталық аппаратының ақпарат жүйесін техникалық зерттеу; Модульдерді әзірлеу: - жеткізушілермен жасалатын есеп айырысулар; - материалдық құрал- дардың бухгалтерлік есебі; - мерзімді қызметтің сарбаздарына, келісім- шартшылар мен қыз- меткерлерге ақшалай үлесті есептеу модулін пысықтау. Өңірлік қолбасшылықтың серверлік сегментін құру: 1) серверлік бөлмеге жабдықтарды сатып алу; 2) жабдықтар, сегментін өткізу және орнату, пайдалану бойынша оқыту. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі- нің пайдаланушылары үшін желілік ауден- тификаторлар енгізу: - қорғау жүйесінің инсталляциясын енгізу және персоналды оқыту; Бейне қабырғаларды жиынтығымен сатып алу, жабдықты өткізу және орнату, персоналды оқыту. Мамандандырылған бағ- дарламалық қамтамасыз етуді сатып алу. Ақпараттық және геоақ- параттық техногология- лар бойынша мамандан- дырылған оқу орталық- тарында персоналды оқыту. | Жыл бойында | Қазақстан Респу- бликасының Қорғаныс минис- трлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтижесі:
Қарулы Күштердің геоақпараттық жүйесін құрайтын «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің цифрлық картографиялық деректер банкін құру және жүргізу» кіші жүйесін енгізу;
қызметтік ақпаратпен жауынгерлік басқару дабылдарын беруді қамтамасыз ету үшін кейбір бөлімшелерге шұғыл-тактикалық деңгейді қосу арқылы деректер беретін қолданылып жүрген желіні дамыту;
қазіргі заманғы серверлік сегменттер мен қорғалған жергілікті компьютерлік желілерді құру арқылы өңірлік қолбасшылықтар мен құрылымдық бөлімшелердің ақпараттық инфрақұрылымын дамыту;
техникалық тексеру жүргізу және олардың жағдайын анықтау үшін олардың біріктірілуі жөніндегі іс-шараларды өткізу арқылы қолданылып жүрген ведомстволық ақпараттық жүйелерді бағалау, дамыту мен жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды пысықтау;
қолданыстағы ақпараттық ресурстарды, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің бөлімшелерінде жұмыс істеуі үшін материалдық-техникалық базаны қазіргі заманғы компьютерлік техникамен және бағдарламалық өнімдермен жарақтандыру арқылы дамыту және жетілдіру.
Түпкі нәтижесі:
1) басқарудың жоғарғы буынында ақпараттық жүйені құру пайызы (Қорғаныс министрлігі және штабтар бастықтарының комитеті) - 45%;
2) басқарудың орта буынында ақпараттық жүйені құру пайызы (Қарулы Күштердің түрлері, өңірлік қолбасшылықтар, әскерлердің тектері) 30%;
3) басқарудың төменгі буынында ақпараттық жүйені құру пайызы (әскери бөлімдер мен мекемелер) - 15%;
4) әртүрлі (әртүрлі ведомстволық) топталған әскерлерді (күштерді) шұғыл басқаруды 1,5-2,0 есеге, зымыран әскерлері мен артиллерия күштері мен құралдарын - 2,5-3 есеге, авиация және әуе қорғанысы күштері мен құралдарын 2,0-2,5 есеге арттыру.
Қаржылық-экономикалық нәтижесі: енгізгеннен бастап шамалас экономикалық тиімділік жылына 470 млн. теңгеге жуықты құрайды, оның 250 млн. теңгесі байланыс арналарын жалдауға ақша қаражаттарын үнемдеу есебінен, 200 млн. теңгесі әуе шабуылы қорғанысында автоматтандырылған жүйелерді енгізу және басқарудың тиімділігін арттыру есебінен, сондай-ақ 240 млн. теңгесі жауынгерлік кезекшіліктегі әскери қызметшілердің 1000-нан астам лауазымдарын қысқарту есебінен, фельдъегерлік байланысқа шығыстарды қысқарту - 17 млн.теңгені, 250 млн. теңгесі - жер үстіндегі және әуе көлігі қозғалысының бағыттарын оңтайландыру және жанар-жағар май материалдарын үнемдеу есебінен.
Уақтылылығы: мемлекеттік сатып алу туралы жасалатын шарттарда белгіленген мерзімге сәйкес.