Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар
министрлігінiң мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 28 қазандағы № 1105 қаулысы
Осы редакция 2006 ж. 6 қаңтардағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрі жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы" 2004 жылғы 29 қыркүйектегi № 1449 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министріне үш, оның iшiнде бір бiрiншi вице-министрi болуына рұқсат етiлсiн.
3. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
4. "Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiнде:
"Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінiң Геология және жер қойнауын қорғау комитетi" деген бөлiмде "жер қойнауын қорғау" деген сөздер "жер қойнауын пайдалану" деген сөздермен ауыстырылсын.
5. Қоса берiлiп отырған тiзбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiнің күші жойылды деп танылсын.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д.К. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкiметінiң
2004 жылғы 28 қазандағы
№ 1105 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық
ресурстар министрлiгі туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі (бұдан әрi - Министрлiк) атом, минералдық ресурстар, мұнай-химия және атом өнеркәсiбiн қоса алғанда, энергетика салаларында мемлекеттік саясатты қалыптастыруды, басқару процесiн үйлестiрудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
Министрлiктiң негiзгi мiндетi өз құзыретi саласында Қазақстан Республикасы экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ету болып табылады. 2. Министрлік өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметінің кесiмдерiне, өзге де нормативтік құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Министрлiк мемлекеттік мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгідегi бланкілерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық органдарында шоттары болады.
Министрлiк азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
Министрлiктiң, егер оған заңнамаға сәйкес осындай уәкiлеттік берiлген болса, мемлекет атынан iс-қимыл жасауға құқығы бар.
4. Министрлiк өз құзыретіндегi мәселелер бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Министрдiң бұйрығымен ресiмделетін, Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында міндетті күші бар шешiмдер қабылдайды.
5. Министрлiктiң штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.
6. Министрлiктiң заңды мекен-жайы: 473000, Астана қаласы, Қабанбай батыр көшесi, 22.
7. Министрлік толық атауы - "Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі" мемлекеттік мекемесi.
8. Осы Ереже Министрлiктiң құрылтай құжаты болып табылады.
9. Министрлiктің қызметiн қаржыландыру тек республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Министрлiкке кәсіпкерлiк субъектiлерiмен Министрлiктiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Министрлiкке заңнамалық кесiмдермен кiрiс әкелетiн қызметті жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда мұндай қызметтен алынған кiрiс республикалық бюджеттің кiрiсiне жiберiледi.
2. Министрлiктiң функциялары және құқықтары
10. Министрлiк заңнамамен белгiленген тәртiппен мыналарды жүзеге асырады:
1) мемлекеттік саясатты қалыптастыруды қамтамасыз ететiн стратегиялық функциялар:
атом, минералдық ресурстар, мұнай-газ, мұнай-химия және атом өнеркәсiбiн қоса алғанда, энергетика салаларындағы, энергия үнемдеу, энергия көздерiнiң жаңартылатын және дәстүрлi емес көздерiн пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және әзiрлейдi;
өз құзыретi саласында мемлекеттік және өзге де бағдарламаларды әзiрлейдi;
өз құзыретi саласында өнеркәсіп саясатын iске асыру жөніндегі iс-қимылдардың салалық және салааралық жоспарларын әзiрлейдi;
елдiң отын-энергетика кешенiн дамыту бағдарламаларын әзiрлейдi;
отын-энергетика кешенiн дамытуды қамтамасыз етедi;
Қазақстан Республикасының энергетикалық қауiпсiздiгi мен тәуелсiздiгiн қамтамасыз етеді;
Қазақстан Республикасының радиациялық қауіпсiздігін қамтамасыз етедi;
минералдық-шикізат базасын ұдайы өндiрудi және минералдық ресурстарды ұтымды пайдалануды қамтамасыз етедi;
мұнай-химия өндiрiстерiн кешендi дамытуды қамтамасыз етедi;
2) мемлекеттік саясаттан iске асыруды қамтамасыз ететiн функциялар:
энергетикалық сараптама жүргізудiң әдiстемесiн, тәртібі мен мерзiмдерiн белгiлейдi;
энергия кәсіпорындарының инвестициялық бағдарламаларын бекiтедi;
жер қойнауын пайдалану саласындағы өнiмдi бөлу туралы келісімдерде мемлекеттің мүдделерiн бiлдiредi;
Қазақстан Республикасының Yкіметіне атом энергиясын пайдалану объектiлерi қауiпсiздігінің жай-күйі туралы есеп бередi;
жер қойнауын пайдалану мәселелерi бойынша шетелдiк және отандық инвестициялар ағындарының қозғалысына талдау жүргiзедi, оларды тартудың және ынталандырудың әлемдiк тәжiрибесiн зерделейдi және қорытады;
өз қызметi саласында заңнаманы қолдану практикасын талдайды және қорытады, нормативтік құқықтық кесiмдердi, сондай-ақ өз құзыреті шегiнде нормативтік техникалық құжаттарды әзiрлейдi және бекiтедi;
Қазақстан Республикасы Үкiметінің шешімі бойынша Министрлiктiң құзыреті саласында қызметтi жүзеге асырушы заңды тұлғалар акцияларының мемлекеттік үлестерi мен пакеттерiн иелену және пайдалану жөніндегі функцияларды жүзеге асырады;
республикалық бюджет пен индикативтік жоспарлаудың болжамдық көрсеткiштерiн әзiрлеуге қатысады;
Қазақстан Республикасының инвестициялық ахуалын жақсартуға бағытталған, соның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдiру жөнінде, сондай-ақ халықаралық инвестициялық ынтымақтастықты дамыту жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi;
электр энергетикасы кешенiнiң тиiмдi жұмыс iстеуi мен дамуын қамтамасыз етедi;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларды қорғау, жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық кесiмдерінің сақталуын қамтамасыз етедi;
мұнай-газ, минералдық ресурстар, мұнай-химия және атом өнеркәсiбiн қоса алғанда, энергетика салаларындағы мемлекеттік саясатты iске асырады; өз құзыреті шеңберінде реттелетін салалардағы бәсекелестік ортаны дамытуға жәрдем көрсетедi;
отын-энергетика, оның ішінде мұнай, газ және мұнай өнiмдерiн өндiрудiң, тасымалдау мен өңдеудің теңгерiмдерiн әзiрлейдi;
тарифтiң шығын бөлiгiн қалыптастыру кезінде қолданылатын, табиғи монополия субъектілерi үшін шикiзат пен материалдарды жұмсаудың жылдық нормаларын бекiтедi;
Қазақстан Республикасының аумағы бойынша Қазақстан Республикасының бiрыңғай электр энергетикасы жүйесiмен электр байланысы жоқ өңiрлер үшiн электр энергиясы көтерме сауда рыногының жұмыс iстеу және ұйымдастырылу ерекшелiктерiн айқындайды;
ағымдағы және күрделі жөндеулерге және энергия кәсіпорындарының негізгі құралдары құнының өсуiне әкелмейтiн басқа да жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарына бағытталатын шығыстарға байланысты нормативтік техникалық шығындарды бекiтедi;
жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргiзуге құқық беру үшiн кен орындары мен аумақтары тiзбесiн әзiрлейдi;
инвестициялық бағдарламалар конкурстарын ұйымдастырады және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге құқықтарды беру жөнiнде тiкелей келiссөздер жүргізедi;
келісім-шарттардың ережелерi бойынша келiссөздердi жүргiзедi, келісім-шарттар жобаларының сараптамасын ұйымдастырады және жер қойнауын пайдалануға келісім-шарттар жасасады;
жер қойнауын пайдалану құқығына кепiл шарттарын тiркейдi;
заңнамаға сәйкес келісім-шарттарды өзгертудi, тоқтатуды және бұзуды қамтамасыз етеді;
көмiрсутектердi өндiру, тасымалдау және өңдеу мониторингін, мұнай өнiмдерiн сатуды қамтамасыз етедi;
өңдеу өнiмдерiн әкелумен/әкетумен шикiзатты Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан тысқары жерлерде/кедендiк аумағында өңдеу жөнiнде мониторинг жүргiзедi және техникалық қорытындылар ұсынады;
Қазақстан Республикасының аумағында радиациялық зерттеудi ұйымдастырады;
Қазақстан Республикасының аумағында уран кен орындарын игеру салдарларын жоюмен байланысты жұмысты ұйымдастырады;
өз құзыреті саласында сыртқы және iшкі тауар рыноктарындағы конъюнктураны зерделейдi және экспорт пен импорт құрылымдарын жетiлдiру, өнiм экспорты мен импортын реттеу және шектеу жөнiнде ұсыныстар енгізедi; мұнай, газ және өнiмдердi өңдеу рыногының конъюнктурасын зерделейдi;
өз қызметi саласында заңнамаларды жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi;
3) мемлекеттік саясаттың iске асырылуын бақылауды қамтамасыз ету функциялары:
өз қызметi саласында республикалық мемлекеттік кәсiпорындарды мемлекеттік басқару органы болады;
атқарушы органдар мен жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауы туралы заңнаманы және белгiленген жер қойнауын пайдалану тәртібін сақтауын бақылауды, оның iшiнде келісім-шарттық міндеттемелердiң орындалуы, берiлген лицензиялар шарттарының сақталуы жөнiндегі бақылауды жүзеге асырады;
Қазақстан Республикасының жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы қатынастарды мемлекеттік реттеудi қамтамасыз етедi;
магистральдық құбыр өткiзгiштер бойынша тасымалдаумен байланысты мұнай-газ инфрақұрылымы объектiлерiн жоспарлау, жобалау, салу мәселелерi жөніндегі бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;
магистральдық құбыр өткiзгiштерінің техникалық пайдаланылуына, қауiпсiздігі мен қолданылуына бақылауды жүзеге асырады;
мұнай операцияларын жүргiзуге, оның ішінде мұнай, газ және газконденсатты кен орындарын игеруге, мұнай мен газ жерасты қоймаларын пайдалануға, көмiрсутек шикiзатының толық алынуына бақылауды жүзеге асырады;
өз құзыретi саласындағы қызмет түрлерiн лицензиялауды және лицензиаттардың лицензиялық шарттарды орындауын бақылауды жүзеге асырады; электр энергетикасы объектілерiн және (немесе) меншiк нысанына қарамастан, оның жекелеген бөлiктерiн сатып алу-сатуға, жалға немесе сенiмгерлiк басқаруға беруге келiсудi жүзеге асырады;
кейiннен мұнай мен газды сақтай және көлiктiң басқа түрлерiне қотара отырып, магистральдық мұнай құбырлары бойынша тасымалдаумен байланысты мұнай-газ тасымалы инфрақұрылымының объектiлерiн жоспарлау, жобалау, салу мәселелерi бойынша, сондай-ақ мұнай-газ тасымалы инфрақұрылымының жұмыс iстеп тұрған объектiлерiн пайдалану мәселелерi бойынша мемлекеттік реттеудi жүзеге асырады;
электр-энергетикасы кешенiнің жұмыс iстеуiн және дамуын үйлестіредi; кейiннен мұнай мен газды сақтай және көлiктің басқа түрлерiне қотара отырып, арналы мұнай құбырлары бойынша тасымалдаумен байланысты мұнай-газ тасымалы инфрақұрылымының объектілерiн салуға жер телiмдерiн бөлу кезiнде талап етiлетiн жерге орналастыру жобаларын келiседi, қорытындылар бередi; бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының объектілерiн тиiмдi пайдалану жөніндегi iс-шараларды әзiрлеудi және iске асыруды үйлестіредi;
ядролық қаруды таратпау және атом энергиясын қауiпсiз пайдалану режимiн қамтамасыз етумен байланысты қызметтi үйлестіредi, Қазақстан Республикасы басқа да ұйымдарының Атом энергиясы жөнiндегі халықаралық агенттікпен (АТЭХАГ) және басқа да тиiсті халықаралық ұйымдармен өзара iс-қимылын жүзеге асырады және үйлестiредi;
ядролық және термоядролық энергетикасының қауiпсiздiгі мен тиiмдiлігін арттыру, атом ғылымы мен техникасын дамыту жөніндегі жұмысты үйлестiредi;
өз құзыретi саласындағы ұлттық компаниялардың қызметiн үйлестiредi.
11. Министрлiк заңнамамен белгiленген тәртіппен және өз құзыретінiң шегінде:
1) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, лауазымды адамдардан және азаматтардан ақпарат сұратуға;
2) орталық және жергiлiктi атқарушы органдарға олар қабылдаған кесiмдердiң күшiн жою немесе өзгерту туралы ұсыныстар енгізуге;
3) мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың мамандарын, сондай-ақ шетелдiк және жергiлiктi сарапшылар мен мамандарды жұмысқа тартуға;
4) халықаралық шарттар (келісімдер) жасасу бойынша ұсыныстар енгізуге, шет елдердiң тиiстi ведомстволарымен, халықаралық ұйымдармен және шетелдiк заңды тұлғалармен келiссөздер жүргiзуге, шарттар (келісімдер) жасасуға;
5) мемлекеттiң қатысуымен жер қойнауын пайдалану саласындағы өнiмдi бөлу туралы келісімдерде көзделген заңды тұлғалардың мiндеттемелерi бойынша Қазақстан Республикасының ?кіметі атынан кепiлдiктер беруге құқылы.
3. Министрлiктiң мүлкi
12. Министрлiктің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады.
13. Министрлiктiң мүлкі республикалық меншiкке жатады.
Министрлiктiң мүлкi оған мемлекет берген мүлiк есебiнен қалыптасады әрі негiзгi және айналымдағы қаражаттан, сондай-ақ құны Министрлiктiң теңгерiмiнде көрсетілетін өзге де мүліктерден тұрады.
14. Министрліктің өзiне бекiтілiп берiлген мүлікті өз бетiнше иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсiлмен иелік етуге құқығы жоқ.
Министрлiкке республиканың заңнамасымен белгіленген жағдайларда және шектерде мүлiкке билік ету құқығы берiлуi мүмкiн.
4. Министрлiктiң қызметiн ұйымдастыру
15. Министрлiктi Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайтын және қызметiнен босататын министр басқарады.
Министрдің Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары (вице-министрлер) болады.
16. Министр Министрлiктiң жұмысын ұйымдастырады және басқарады, Министрлiкке жүктелген мiндеттердiң орындалуы және оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауаптылықта болады.
17. Министр осы мақсатта мынадай өкілеттiктердi жүзеге асырады:
1) өз орынбасарларының, Министрлiктiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен өкілеттіктерiн белгілейді;
2) заңнамаға сәйкес Министрлiктiң қызметкерлерiн және республикалық мемлекеттік кәсiпорындар мен мемлекеттік мекемелердің басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) бұйрықтарға қол қояды;
4) Министрлiктiң құрылымын, сондай-ақ ведомстволарды қоспағанда, Министрлiктiң құрылымдық бөлімшелері туралы ережелердi бекiтедi;
5) Министрлiктi мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда білдiредi;
6) заңнамада белгіленген тәртіппен Министрлiк қызметкерлерiне тәртіптiк жазалар бередi және оларды көтермелейдi.
18. Министрдiң жанынан құрамында министр, оның орынбасарлары, құрылымдық бөлiмшелердiң басшылары бар консультативтiк-кеңесші орган алқа құрылады.
Алқаның саны мен жеке құрамын және ол туралы ереженi министр бекiтедi.
5. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату
19. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2004 жылғы 28 қазандағы
№ 1105 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық
ресурстар министрлігінiң қарамағындағы ұйымдардың
тiзбесi
Мемлекеттік мекемелер
1. Мұнай-газ өнеркәсiбiнiң оқу орталығы
2. "Капиталмұнайгаз" мемлекеттік мекемесi
Республикалық мемлекеттік кәсiпорындар
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы
2. Уранкеніштарату
3. "Алматыэнерго" Алматы энергетикалық жүйесi
4. "Қарағандыэнерго" Қарағанды энергетикалық жүйесi
5. "Қазақстанэнерго" ұлттық электр энергетикалық жүйесi
6. Маңғыстау атом энергетика комбинаты
7. Қарағандышахтатарату
8. Өндiрiстiк-пайдалану кәсiпорны
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2004 жылғы 28 қазандағы
№ 1105 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң күшi жойылған
кейбір шешiмдерiнiң тiзбесi
1. "Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2001 жылғы 25 қаңтардағы № 133 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 3, 37-құжат).
2. "Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінiң кейбір ұйымдарын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 29 наурыздағы № 402 қаулысының 4-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 12, 133-құжат).
3. "1997 жылғы 18 қарашада жасалған Өзара кепiлдiктер туралы келісімнiң кейбір мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 3 мамырдағы № 598 қаулысының 2-тармағы.
4. "КаспийМұнайГаз" Каспий мұнай және газ өнеркәсiбi ғылыми-зерттеу және жобалау институты" мемлекеттік мекемесiн қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2001 жылғы 28 маусымдағы № 887 қаулысының 4-тармағының 3) тармақшасы.
5. "Халықаралық көрмелер дирекциясы" республикалық мемлекеттік кәсiпорнын тарату туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 3 тамыздағы № 1025 қаулысының 3-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 29, 363-құжат).
6. "Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінiң "ЕО-Қазақстан энергетикалық орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2002 жылғы 6 мамырдағы № 498 қаулысының 4-тармағының 2) тармақшасы.
7. "Мұнай-газ тасымалы саласын дамытудың жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 2 сәуірдегі № 390 қаулысының 3-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., № 10, 96-құжат).
8. "Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінiң "Мұнай және газ өнеркәсiбi бас диспетчерлiк басқармасы" республикалық мемлекеттік кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 9 шiлдедегі № 751 қаулысымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгізiлетiн өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағы.
9. "Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі республикалық мемлекеттік кәсiпорындарының жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 19 шiлдедегi № 807 қаулысының 4-тармағы.
10. "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 12 қыркүйектегі № 996 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзілетiн өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 30, 330-құжат).
11. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 25 қаңтардағы № 133 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 20 қыркүйектегі № 1040 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 31, 337-құжат).
12. "Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінiң "Мұнай-газ капиталы" мемлекеттік мекемесiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 13 наурыздағы № 240 қаулысының 3-тармағының 3) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 10, 118-құжат).
13. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 26 тамыздағы № 866 қаулысының 1-тармағының 3) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 35, 355-құжат).
14. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 25 қаңтардағы № 133 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 27 қаңтардағы № 88 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 3, 46-құжат).