«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 28 наурыздағы № 269 қаулысына
өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 6 қаңтардағы № 18 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2007.12.09. № 799 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқықтық ауыртпалықтарды) кезең-кезеңмен тіркеуді жүргізу аумағының тізбесі мен мерзімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 наурыздағы № 269 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., № 13, 147-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқықтық ауыртпалықтарды) кезең-кезеңмен тіркеуді жүргізу аумағының тізбесі мен мерзімі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 6 қаңтардағы
№ 18 қаулысына Қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 28 наурыздағы
№ 269 қаулысымен
Бекітілген
Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқықтық
ауыртпалықтарды) кезең-кезеңмен тіркеуді жүргізу
аумағының тізбесі мен мерзімі
N | Әкімшілік-аумақтық бірліктердің атауы | Кезең-кезеңмен тіркеуді жүргізу мерзімі |
1. | Алматы қаласы, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстары | "Мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілген күнінен бастап 8-13 ай аралығында |
2. | Астана қаласы, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау облыстары | "Мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілген күнінен бастап 14-19 ай аралығында |