“Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқықтық ауыртпалықтарды)
кезең-кезеңмен тіркеуді жүргізу аумағының тізбесі мен мерзімін бекіту туралы”
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 наурыздағы № 269 Қаулысы
(2006.06.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2007.12.09. № 799 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Президентінің «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы» 1995 жылғы 25 желтоқсандағы № 2727 заң күші бар Жарлығының 3-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқықтық ауыртпалықтарды) кезең-кезеңмен тіркеуді жүргізу аумағының тізбесі мен мерзімі бекітілсін.
2. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
ҚР Үкіметінің 2006.06.01. № 18 қаулысымен қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 28 наурыздағы
№ 269 қаулысымен
Бекітілген
Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқықтық
ауыртпалықтарды) кезең-кезеңмен тіркеуді жүргізу
аумағының тізбесі мен мерзімі
№ | Әкімшілік-аумақтық бірліктердің атауы | Кезең-кезеңмен тіркеуді жүргізу мерзімі |
1. | Алматы қаласы, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстары | "Мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілген күнінен бастап 8-13 ай аралығында |
2. | Астана қаласы, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау облыстары | "Мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілген күнінен бастап 14-19 ай аралығында |