97-бап. Ереуiлге қатысуға немесе оған қатысудан бас тартуға мәжбүрлеу
Мәжбүрленушiнiң тәуелдi жағдайын пайдалана отырып ереуiлге қатысуға немесе оған қатысудан бас тартуға мәжбүрлеу, -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
11-тарау. Азаматтардың сайлау құқықтарына
қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық
98-бап. Лауазымды адамдардың сайлау комиссиясына (референдум
комиссиясына) қажеттi мәлiметтер мен материалдарды табыс
етпеуi немесе комиссияның шешiмiн орындамауы
Лауазымды адамдардың сайлау комиссиясына (референдум комиссиясына) оның жұмысы үшiн қажеттi мәлiметтер мен материалдарды табыс етпеуi немесе комиссия өз өкiлеттiгi шегiнде қабылдаған шешiмдi олардың орындамауы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 09.07.04 ж. № 583-II Заңымен 99-бап өзгертілді (бұр.ред. қара)
99-бап. Үгiтке тыйым салынған кезеңде оны жүргiзу
Қазақстан Республикасының заңдарымен сайлауға (республикалық референдумға) байланысты үгiтке тыйым салынған кезеңде оны жүргiзу, -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан он беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жиырма бестен отыз беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 09.07.04 ж. № 583-II Заңымен 99-1-баппен толықтырылды
99-1-бап. Сайлау алдындағы үгiт жүргiзу құқығына
кедергi келтiру
Президенттiкке, депутаттыққа немесе өзге де сайланбалы қызметтерге кандидаттарға, олардың сенім бiлдiрген адамдарына, саяси партияларға олардың сайлау алдындағы үгiт жүргiзу құқығын iске асыру процесiнде кедергi келтiру - азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан он беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - он бестен жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жиырма бестен отыз беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 09.07.04 ж. № 583-II Заңымен 100-бап өзгертілді (бұр.ред. қара)
100-бап. Кандидаттар, саяси партиялар туралы көрiнеу
жалған мәлiметтер тарату
Кандидаттар, саяси партиялар туралы көрiнеу жалған мәлiметтер тарату немесе сайлаудың нәтижесiне ықпал ету мақсатында олардың абыройы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн өзге де iс-әрекеттер жасау -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң он бестен жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жиырма бестен отыз беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - отыз бестен елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 09.07.04 ж. № 583-II Заңымен 101-бап өзгертілді (бұр.ред. қара)
101-бап. Сайлау комиссиясы (референдум комиссиясы) мүшесiнiң,
сенім бiлдiрiлген адамның және байқаушының құқықтарын бұзу
Сайлау комиссиясы (референдум комиссиясы) мүшесiнiң, сайлаудағы кандидаттардың, саяси партиялардың сенім бiлдiрiлген адамдарының және байқаушылардың құқықтарын бұзу, -
айлық есептiк көрсеткiштiң он бестен отыз беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
102-бап. Азаматтардың сайлаушылар тiзiмiмен танысу құқығын бұзу
Сайлау комиссиясы (референдум комиссиясы) мүшесiнiң азаматтардың сайлаушылар тiзiмiмен (таңдаушылардың республикалық референдумға қатысу құқығы бар адамдар тiзiмiмен) танысу құқығын бұзуы не сайлаушылар тiзiміндегі қателiктер туралы өтiнiштi заңдарда белгiленген мерзiмде қарамауы, не сайлаушылар тiзiмiне (таңдаушылар, республикалық референдумға қатысуға құқығы бар адамдар тiзiмiне) түзетулер енгізу туралы өтiнiштi қабылдамау себептерiн баяндай отырып азаматқа жазбаша түрде жауап қайтарудан бас тартуы, не сайлаушылар тiзiмiн (таңдаушылар, республикалық референдумға қатысуға құқығы бар адамдар тiзiмiн) түзету туралы сот шешiмiн белгiленген мерзiмде орындамауы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 09.07.04 ж. № 583-II Заңымен 102-1-баппен толықтырылды
102-1-бап. Сайлаушылар туралы дәйектемесiз деректер,
сондай-ақ сайлаушылардың дәйектемесiз
тiзiмдерiн беру
1. Лауазымды адамдардың жергiлiктi атқарушы органдарға сайлаушылардың тiзiмдерiн жасау үшiн сайлаушылар туралы дәйектемесiз деректер беруi -
айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Жергiлiктi атқарушы органдар лауазымды адамдарының тиiстi сайлау комиссиясына сайлаушылардың дәйектемесiз тiзiмдерiн беруi -
айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма бестен отызға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2005.08.07 № 67-III ҚР Заңымен 102-2- баппен толықтырылды
102-2-бап. Тең сайлау құқығы туралы талапты бұзу
Тең сайлау құқығы туралы талаптарды екi рет не одан да көп немесе басқа сайлаушы үшiн дауыс беру арқылы бұзу -
айлық есептiк көрсеткіштiң оннан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады
2005.08.07 № 67-III ҚР Заңымен 102-3- баппен толықтырылды
102-3-бап. Шетелдiктердiң, азаматтығы жоқ адамдардың,
шетелдiк заңды тұлғалардың және халықаралық
ұйымдардың кандидаттарды, партиялық тiзiмдерiн
ұсынған саяси партияларды ұсынуға және сайлауға,
сайлауда белгiлi бiр нәтижеге қол жеткізуге
кедергi болатын және (немесе) ықпал ететін
қызметтi жүзеге асыруы
Шетелдiктердің, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдiк заңды тұлғалардың және халықаралық ұйымдардың кандидаттарды, партиялық тiзiмдерiн ұсынған саяси партияларды ұсынуға және сайлауға, сайлауда белгiлi бiр нәтижеге қол жеткізуге кедергі болатын және (немесе) ықпал ететiн қызметтi жүзеге асыруы, -
жеке тұлғаларға Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберу арқылы немесе онсыз, айлық есептiк көрсеткіштің жиырмадан отызға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға айлық eceптiк көрсеткiштiң төрт жүзден бiр мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 09.07.04 ж. № 583-II Заңымен 103-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
103-бап. Азаматтарға басқа адамдар үшiн дауыс беруге мүмкiндiк жасау
мақсатында сайлау бюллетеньдерiн (дауыс беруге арналған
бюллетеньдердi) беру
Азаматтарға басқа адамдар үшiн дауыс беруге мүмкiндiк жасау мақсатында сайлау бюллетеньдерiн (дауыс беруге арналған бюллетеньдердi) сайлау комиссиясы (референдум комиссиясы) мүшесiнiң беруi, -
айлық есептiк көрсеткiштiң он бестен жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
104-бап. Жұмыс берушiнiң сайлауға (республикалық референдумға) қатысу
үшiн демалыс беруден бас тартуы
Жұмыс берушiнiң депутаттыққа немесе өзге де сайланбалы қызметке тiркелген кандидатқа не сайлау комиссиясының мүшесiне мемлекеттік өкiмет, басқару органдарына және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына (республикалық референдумға) сайлауды әзiрлеу мен өткізуге қатысу үшiн заң актілерінде көзделген демалысты беруден бас тартуы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 09.07.04 ж. № 583-II Заңымен 105-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
105-бап. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сайлау алдында үгiт
жүргiзу шарттарын бұзу
Бас редактордың, журналистiң, бұқаралық ақпарат құралдары редакциясы лауазымды адамының сайлау заңдарында (республикалық референдум туралы заңдарда) көзделген сайлау алдындағы үгiт жүргiзу шарттарын бұзуы, -
азаматтар мен лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан отызға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға отыздан алпыс беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
106-бап. Бүркеншiк үгiт материалдарын әзiрлеу немесе тарату
Мемлекеттік өкiмет органдарына және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына сайлауды (республикалық референдумды) әзiрлеу мен өткізу кезеңiнде, басып шығарған ұйымдар, шығарылған жерi, таралымы туралы және шығарылуына жауапты адамдар туралы ақпараты жоқ үгiттiк баспасөз және электрондық материалдарды әзiрлеу немесе тарату, -
айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 09.07.04 ж. № 583-II Заңымен 107-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
107-бап. Үгiт материалдарын қасақана жою, бүлдiру
Депутаттыққа немесе өзге де сайланбалы қызметке кандидаттардың меншiк иесiнiң немесе осы объектiлердiң өзге иесiнiң келісімiмен ғимараттарға, құрылыстарға және өзге де объектiлерге iлiнген үгiттiк материалдарын қасақана жою, бүлдiру, -
айлық есептiк көрсеткiштiң оннан он беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 09.07.04 ж. № 583-II Заңымен 108-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
108-бап. Сайлауды (республикалық референдумды) әзiрлеу мен өткізуге
қаражат жұмсау туралы есептердi бермеу немесе жарияламау
Депутаттыққа немесе өзге де сайланбалы қызметке кандидаттың, сайланған адамның, не саяси партияның сайлау қорларына түскен түсiмдердiң (қайырмалдықтардың) мөлшерi туралы және сайлау қорларын құру көздерi туралы мәлiметтердi, сондай-ақ сайлау қорының қаражатын пайдалану туралы есептi бермеуi, -
депутаттыққа немесе өзге де сайланбалы қызметке кандидатқа, сайланған адамға - айлық есептiк көрсеткiштiң он беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаға елу беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 09.07.04 ж. № 583-II Заңымен 108-1-баппен толықтырылды
108-1-бап. Сайлау қорларынан бөлек, сайлау науқанын
қаржыландыру немесе оған өзге де материалдық
көмек көрсету
Кандидаттарға, партиялық тiзiмдер ұсынған саяси партияларға олардың сайлау қорларынан бөлек қаржылық немесе өзге де материалдық көмек көрсету -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң он бестен жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға отыздан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
109-бап. Сайланбалы мемлекеттік қызметке кандидаттың не саяси
партияның шет мемлекеттерден, ұйымдардан, азаматтардан және
азаматтығы жоқ адамдардан қайырмалдықтар алуы
Депутаттыққа немесе өзге де сайланбалы мемлекеттік қызметке кандидаттың не саяси партияның шет мемлекеттен, халықаралық ұйымнан немесе халықаралық қоғамдық бiрлестiктен, шет елдердiң мемлекеттік органдарынан, шетелдiк заңды тұлғалардан және азаматтардан, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдардан кез келген нысанда қайырмалдықтар алуы, -
депутаттыққа немесе өзге де сайланбалы қызметке кандидатқа - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаға, қайырмалдық заттарын тәркiлей отырып, елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 09.07.04 ж. № 583-II Заңымен 109-1-баппен толықтырылды
109-1-бап. Жеке және заңды тұлғалардың кандидаттарға,
саяси партияларға олардың жазбаша
келісімiнсiз қызмет көрсетуi
Жеке және заңды тұлғалардың кандидаттарға, саяси партияларға олардың сайлау алдындағы қызметiне байланысты олардың жазбаша келісімiнсiз қызмет көрсетуi -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
110-бап. Дауыс беру қорытындылары туралы немесе сайлау нәтижелерi
туралы мәлiметтердi табыс етпеу не жарияламау
1. Учаскелiк сайлау комиссиясы төрағасының кандидаттың сенім бiлдiрген адамына, бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлiне, байқаушыға Республиканың заңдарына сәйкес табыс етiлуге мiндеттi дауыс беру қорытындылары туралы мәлiметтердi табыс етпеуi, -
айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, округтiк сайлау комиссиясының төрағасы жасаған әрекет, сондай-ақ оның сайлау (республикалық референдум) нәтижелерi туралы мәлiметтердi сайлау заңдарында (республикалық референдум туралы заңдарда) белгiленген жариялау мерзiмдерiн бұзуы не толық жарияламауы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң он бестен жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы жасаған әрекет, сондай-ақ оның сайлауда (республикалық референдумда) дауыс беру қорытындылары туралы мәлiметтердi сайлау заңдарында (республикалық референдум туралы заңдарда) белгiленген жариялау мерзiмдерiн бұзуы не толық жарияламауы,-
айлық есептiк көрсеткiштiң оннан он беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың бiрiншi және үшiншi бөлiктерiнде көзделген, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы жасаған әрекеттер, -
айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 09.07.04 ж. № 583-II Заңымен 110-1-баппен толықтырылды
110-1-бап. Сайлауға байланысты қоғамдық пiкiрге сұрау
салу iсiн жүргiзу шарттарын бұзу
1. Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңдарында көзделген қоғамдық пiкiрге сұрау салу нәтижелерiн, сайлау нәтижелерi болжамдарын, сайлауға байланысты өзге де зерттеулердi жариялау тәртібін бұзу -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң он беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жиырмадан отызға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Сайлау күнi дауыс беруге арналған үй-жайда немесе дауыс беруге арналған пунктте қоғамдық пiкiрге сұрау салу iсiн жүргiзу -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жиырмадан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
12-тарау. Кәмелетке толмағандардың құқығына қол
сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық
111-бап. Ата-аналардың немесе олардың орнындағы адамдардың балаларды
тәрбиелеу жөніндегі мiндеттердi орындамауы
1. Ата-аналардың немесе олардың орнындағы адамдардың кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу және оқыту жөніндегі мiндеттердi дәлелдi себептерсiз орындамауы, -
ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған, кәмелетке толмағандардың спирттiк iшiмдiктердi, есiрткi құралдарын және психотроптық заттарды ұдайы қолдануына әкеп соққан iс-әрекеттер, сол сияқты олардың қылмыс немесе қасақана әкiмшiлiк құқық бұзушылық белгiлерi бар әрекеттер жасауы, -
ата-аналарға немесе олардың орнындағы адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
112-бап. Кәмелетке толмаған адамды мас болу күйiне дейiн жеткізу
Ата-аналардың немесе өзге де адамдардың кәмелетке толмаған адамды мас болу күйiне дейiн жеткізуi, -
айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
113-бап. Кәмелетке толмағандарға алкоголь iшiмдiктерiн сату
Он сегiз жасқа толмаған адамдарға алкоголь iшiмдiктерiн сату, -
айлық есептiк көрсеткiштiң екiге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 114-бап жаңа редакцияда
114-бап. Кәмелетке толмағандарға темекiнi және темекi бұйымдарын сату
1. Он сегiз жасқа толмаған адамдарға темекiнi және темекi бұйымдарын сату, -
жеке адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкімшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол әрекет, -
жеке адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
115-бап. Кәмелетке толмағандарды эротикалық мазмұндағы өнiмдi
әзiрлеуге тарту
1. Кәмелетке толмағандарды эротикалық мазмұндағы өнiмдi әзiрлеуге, сондай-ақ эротикалық мазмұндағы өнiмдi таратуға, жарнамалауға және сатуға тарту, -
аталған өнiмдi тәркiлей отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iсәрекеттер, -
эротикалық мазмұндағы өнiмдi әзiрлеу құралдарын тәркiлей отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
116-бап. Асырап алуға, қорғаншылыққа (қамқоршылыққа), азаматтардың
отбасына тәрбиелеуге берудi қажет ететiн кәмелетке
толмағандар туралы мәлiметтердi табыс ету тәртібі мен
мерзiмдерiн бұзу
Қарауында ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар бар ұйымдар басшыларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының атқарушы органдары лауазымды адамдарының асырап алуға, қорғаншылыққа (қамқоршылыққа), азаматтардың отбасына тәрбиелеуге берудi қажет ететiн кәмелетке толмағандар туралы мәлiметтердi табыс ету тәртібін не мерзiмдерiн бұзуы немесе көрiнеу жалған мәлiметтердi табыс ету, не асырап алуға, қамқоршылыққа (қорғаншылыққа), азаматтардың отбасына тәрбиелеуге беруден балаларды жасыруға бағытталған өзге де iс-әрекеттер, -
айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
117-бап. Бала асырап алу жөніндегі заңсыз қызмет
Баланы (қызды) асырап алу, оны қорғаншылыққа (қамқоршылыққа), патронаж тәрбиешiге беру жөніндегі заңсыз iс-әрекеттер, -
айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
13-тарау. Меншікке қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық
118-бап. Жерге меншiк құқығын бұзу
Жер учаскелерiн өз бетiмен иелену және айырбастау не жерге меншiк құқығын тiкелей немесе жанама нысанда бұзатын басқа да мәмiлелер жасау, -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен он беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - оннан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
119-бап. Жер учаскелерiн өз бетiмен иелену немесе уақытша иеленген
жердi дер кезiнде қайтармау
Жер учаскесiн өз бетiмен иелену немесе уақытша иеленген жердiң қайтарылу мерзiмiн бұзу, -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - оннан отызға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға екi жүзден үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
120-бап. Жерге орналастыру құжаттамасын бекітудiң белгiленген
тәртібін бұзу
Жерге орналастыру құжаттамасын бекітудiң белгiленген тәртібін бұзу, сол сияқты оған өз бетiмен өзгерістер енгізу, -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң бiрден үшке дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 121-бап өзгертілді
121-бап. Арнаулы белгiлердi жою
1. Жер учаскелерi шекараларының межелiк белгiлерiн жою, -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң екiге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - бестен жетiге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Жер асты суларын байқаушы және режимдiк ұңғыларды, су объектiлеріндегі байқаушы режимдiк тұстамаларды, су қорғау немесе су шаруашылық белгiлерiн, орман қорындағы орман орналастыру немесе орман шаруашылық белгiлерiн, маркшейдерлiк, геодезиялық және нивелирлiк пункттер мен белгiлердi жою немесе бүлдiру, -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң үштен беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
122-бап. Жер қойнауына мемлекеттік меншiк құқығын бұзу
Жер қойнауын өз бетiмен пайдалану, жер қойнауына мемлекеттік меншiк құқығын тiкелей немесе жасырын нысанда бұзатын мәмiлелер жасау, -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға үш жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
123-бап. Кен орнының бай учаскелерiн iрiктеп өңдеу
Қалған запастар сапасының нашарлауына, пайдалы қазбалардың жобадан тыс және нормативтен тыс негiзсiз ысырабына алып келетiндей етiп кен орны учаскелерiн iрiктеп өңдеу, -
лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға үш жүзден бiр мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
124-бап. Суға мемлекеттік меншiк құқығын бұзу
Су объектiлерiн өз бетiмен алып қою, суды өз бетiмен пайдалану, су пайдалану құқығын басқа бiреуге беру, лимиттердi бұза отырып су жинау, гидротехникалық жұмыстарды өз бетiмен жүргiзу, жер асты және су объектiлерiнен алынған немесе бөлiнген жер үстi суларын ысырапқорлықпен пайдалану, сондай-ақ мемлекеттiң суға меншiк құқығын тiкелей немесе жасырын нысанда бұзатын басқа да мәмiлелер жасау, -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен жиырмаға дейiнгi, лауазымды адамдарға - оннан жиырма беске дейiнгi, заңды тұлғаларға екi жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
125-бап. Орманға мемлекеттік меншiк құқығын бұзу
Орман қоры учаскелерiн сатып алу-сату, сыйға тарту, кепiлге салу, өз бетiмен иелену және айырбастау, сондай-ақ орманға мемлекеттiң меншiк құқығын бұзатын орман пайдалану құқығын өз бетiмен басқа бiреуге беру, -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен жиырмаға дейiнгi, лауазымды адамдарға - оннан жиырма беске дейiнгi, заңды тұлғаларға үш жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
126-бап. Жануарлар мен өсiмдiктер дүниесiне мемлекеттік меншiк
құқығын бұзу
1. Жануарлар дүниесi объектiлерiн пайдалану құқығын өз бетiмен басқа бiреуге беру, сондай-ақ жануарлар дүниесiне мемлекеттік меншiк құқығын тiкелей немесе жасырын нысанда бұзатын басқа да мәмiлелер жасасу, сол сияқты пайдалануға рұқсат алу талап етiлетiн қорықтар мен ерекше қорғалатын басқа да аумақтардағы жануарлар дүниесi объектiлерiн өз бетiмен пайдалану, -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - оннан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға екi жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Өсiмдiктер дүниесi объектiлерiн пайдалану құқығын өз бетiмен басқа бiреуге беру, сондай-ақ өсiмдiктер дүниесiне мемлекеттік меншiк құқығын тiкелей немесе жасырын нысанда бұзатын басқа да мәмiлелер жасасу, сол сияқты пайдалануға рұқсат алу талап етiлетiн өсiмдiктер дүниесi объектiлерiн өз бетiмен пайдалану, -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүзден үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
127-бап. Энергияны, газды немесе суды өз бетiмен пайдалану
Электр не жылу энергиясын, газ не су құбырлары желісінен газды немесе суды өз бетiмен қосып, пайдакүнемдiк мақсатта пайдалану, сол сияқты канализация желісіне өз бетiнше қосу, -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жиырма бестен жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2005.22.11 № 90-III ҚР Заңымен 128 - бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
128-бап. Өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік
үлгілерге, селекциялық жетістіктерге, интегралдық
микросхемалар топологияларына құқықтарды бұзу
1. Өнертабысты, пайдалы модельді, өнеркәсіптік үлгіні, селекциялық жетістікті, интегралдық микросхема топологиясын заңсыз пайдалану, автордың немесе арыз берушінің келісімінсіз өнертабыстың, пайдалы модельдің, өнеркәсіптік үлгінің, селекциялық жетістіктің, интегралдық микросхема топологиясының мәнін олар туралы мәліметтер ресми түрде жарияланғанға дейін жария ету, сол сияқты авторлықты иеленіп алу немесе тең авторлыққа мәжбүрлеу, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға - елуден жүзге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға үш жүзден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған нақ сол іс-әрекеттер, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің елуден жүзге дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға - жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға төрт жүзден жеті жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2005.22.11 № 90-III ҚР Заңымен 129 - бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
129-бап. Авторлық және сабақтас құқықтарды бұзу
1. Авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілерін заңсыз пайдалану, сол сияқты өткізу мақсатында туындылардың және (немесе) фонограммалардың контрафактілік даналарын сатып алу, сақтау, тасымалдау немесе дайындау, авторлықты иеленіп алу немесе тең авторлыққа мәжбүрлеу, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, -