7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:
23 110 адам бекітілген штат санына сәйкес Қаржы министрлігі жүйесі органдарының қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
Агенттер арқылы салық және Қазақстан Республикасының бюджетіне түсетін басқа да төлемдерді күн сайын жинау;
сатып алынған және дайындалған нормативтік-құқықтық актілердің саны орта есеппен 22 352 дана;
республикалық және аймақтық мониторингке жататын салық төлеушілердің тізбесіне енгізілген ірі салық төлеушілердің лицензиаттар мен іссапар кестелеріне сәйкес өзге салық төлеушілерді тексеруді жүргізу;
орта есеппен бір жылда лицензиялар беру - 1500 дана;
Қаржы министрлігі жүйесі органдарының 72 ғимаратында күрделі жөндеу жүргізу;
ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекеттік органдарды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету;
Түпкі нәтиже:
Қаржы министрлігі жүйесінің органдарын ұстауға бөлінген қаражатты 100 % игеру;
мемлекеттік бюджетке түсетін салық түсімдерінің жалпы сомасындағы кедендік төлемдер мен салықтардың үлес салмағы 20,1%-ға дейін;
салық және Қазақстан Республикасының бюджетіне басқа міндетті төлемдерді төлеуге жеке тұлғалар мен мемлекеттік органдар өкілдерінің 5 млрд. теңге көлемінде қолма-қол ақша өткізу;
республикалық және аймақтық мониторингке жатқызылған салық төлеушілердің тізбесіне енгізілген ірі салық төлеушілер салық міндеттемелерін сақтамаған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тексеру нәтижесі бойынша салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеуді жүзеге асыру;
орташа есеппен 3625 адам қызметкерлерді біліктілікті арттыру курстарында оқыту;
Министрліктің ақпараттық жүйелерінің іркіліссіз жұмыс істеу уақытының 98 %-ы;
Қаржы министрлігі жүйесі органдарының әкімшілік ғимараттарында күрделі жөндеу жүргізу жөніндегі жұмыстарды 100% орындау;
Internet әлемдік жүйесі арқылы клиенттермен және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен ақпараттық жүйелердің өзара іс-әрекетін күн сайын қамтамасыз ету;
министрлік ведомстволарының корпоративтік телекоммуникациялық желілерінің жедел байланыс арналары бойынша берілетін деректер санының 100%-ы және/немесе ақпараттың жоғалуы мен деректер пакетінің бұрмалануы 0%;
министрлік ведомстволарының корпоративтік телекоммуникациялық желілерінің жедел байланыс арналары бойынша деректерді беру кезінде дабылдың іркіліс уақыты 0,1 секундтан аспайды;
Министрліктің корпоративтік телекоммуникациялық желілеріне қосылған Министрлік ведомстволары аумақтық бөлімшелерінің саны.
Қаржы-экономикалық нәтижесі:
Қаржы министрлігінің жүйесі органдарының 1 қызметкерін ұстауға жүргізілген шығындар көлемі орташа есеппен 787 мың теңгені құрайды;
салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсімі кеден органдарының 1 қызметкеріне 58,4 млн. теңгеге дейін;
салық және Қазақстан Республикасының бюджетіне басқа міндетті төлемдерді төлеуге жеке тұлғалар мен мемлекеттік органдар өкілдерінің күн сайын өткізетін қолма-қол ақшасының көлемі 19 млн. теңгеден артықты құрайды;
ҚЕБ бір бірлігін басып шығарудың шартты құны 3 теңгені, лицензияның бір данасын дайындау 80 теңгені құрайды;
біліктілікті арттыру курстарының 1 тыңдаушысына жұмсалатын шығындардың шартты құны орташа есеппен 17 000 теңге;
ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу, есептеу техникасына аппараттық және жүйелік қызмет көрсету, ақпараттық жүйелерді пайдаланушылардың жалпы санына телекоммуникациялық қызметтермен және шығыс материалдарымен қамтамасыз ету жөніндегі жүргізілген шығындардың көлемі.
Уақтылығы: міндеттемелер мен төлемдер жөніндегі қаржыландыру жоспарларына сәйкес белгіленген мерзімге сәйкес жоспарланған іс-шараларды орындау.
Сапасы: мемлекеттік бюджетті атқару, бюджеттік есепке алу, кеден, салықтық бақылау, ішкі қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу, темекі өнімдерінің, этил спирті мен алкоголь өнімінің, мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу, банкроттау (банктер мен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын қоспағанда), соттан тыс борышкерді тарату рәсімі, мемлекеттік меншікті басқару, дәрменсіз борышкерлерге қатысты оңалту рәсімдері, бухгалтерлік есеп, қаржылық есептілік пен аудит салаларында заң бұзушылықтарға жол бермеу;
Агенттер қабылдаған бюджеттің кірісіне аударылған салық және салыққа жатпайтын түсімдердің жалпы көлемінен қолма-қол ақшаның үлес салмағы 0,4%-ды құрайды;
кедендік органдардың қызметкерлерін есепке алмағанда Қаржы министрлігі жүйесі органдары қызметкерлерінің жалпы санынан біліктілікті арттыру курсынан өткен қызметкерлерінің саны 15%-ды құрайды;
ҚР ҚМ Кедендік бақылау комитетінің негізгі бағыттары бойынша бастапқы даярлау және біліктілікті арттыру курстарында кедендік органдар қызметкерлерін 67,6%-ға дейін оқыту;
қатаң есептілік бланкілерінің, лицензиялардың техникалық ерекшелік талаптарына сәйкестігі.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
176-қосымша
217 - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
"Инвестициялық жобалардың аудитін жүзеге асыру"
деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 12100 мың теңге (он екі миллион бір жүз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы 1998 жылғы 25 наурыздағы Несие жөніндегі келісімді (Арнайы операциялар) (Су қорларын басқару және жерді қалпына келтіру жобасы) бекіту туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шілдедегі Заңы; "Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы 1998 жылғы 25 наурыздағы Қарыз туралы келісімді (Кәдімгі операциялар) (Су қорларын басқару және жерді қалпына келтіру жобасы) бекіту туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шілдедегі Заңы; "Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкінің арасындағы (Жол көлігі саласын қайта құрылымдау жобасы) Қарыз туралы келісімді бекіту туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 20 шілдедегі Заңы; "Қазақстан Республикасы мен Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы автомобиль жолдары саласын дамыту жобасы жөніндегі заем туралы келісімді бекіту туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 31 қаңтардағы Заңы; "Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Қарапайым операциялар) (Аймақтық маңызы бар Алматы - Бішкек жолын қайта жаңарту жобасы) (Қазақстандық құрауыш) бекіту туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 31 қаңтардағы Заңы; "Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Заем туралы келісімді ("Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау (1 фаза)" жобасы) бекіту туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 20 наурыздағы Заңы; Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді бекіту (Нұра өзенін тазарту жобасы) туралы" 2004 жылғы 26 мамырдағы Заңы; "Қазақстан Республикасы мен Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы "Автожол саласын (Атырау-Ақтау) қайта құрылымдау" Қарыз туралы келісімді бекіту туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңы; "Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкінің арасындағы Қарыз туралы келісімді (Ауылдық аумақтарды сумен жабдықтау және кәріз салалық жобасы) бекіту туралы" (Жай операциялар) Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 желтоқсандағы Заңы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының имиджін және инвестициялық тартымдылық рейтингін арттыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: инвестициялық жобалар аудитін уақтылы өткізу және тиісті халықаралық қаржы ұйымдарына аудиторлық тексеру есептерін беру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орын- дау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 002 | | Инвести- циялық жобалардың аудитін жүзеге асыру | Yкіметтік сыртқы қарыздар қаражаты есебінен қаржыланды- рылатын сегіз инвестициялық жобалардың аудитін жүргізу: 1. Су қорларын басқару және жерді қалпына келтіру жобасы бойынша аудитi (Арнайы операциялар, Кәдімгі операциялар); 2. "Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау (1 фаза)" жобасы бойынша аудиті; 3. "Нұра өзенін тазарту" жобасы бойынша аудиті; 4. "Ауылдық аумақтарды сумен жабдықтау және кәріз" жобасы бойынша аудитi (Жай операциялар); 5. "Жол көлігі саласын қайта құрылымдау" жобасы бойынша аудиті; 6. "Автомобиль жолдары саласын дамыту" жобасы бойынша аудиті; 7. "Алматы - Бішкек жолын қайта жаңарту" жобасы бойынша аудиті (Қарапайым операциялар); 8. "Автожол саласын (Атырау-Ақтау) қайта құрылымдау" жобасы бойынша аудиті. Берілген инвестициялық жобалар аудитін жүзеге асыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. | 2006 жылдың бі- ріншi жарты жыл- дығы | Қазақ- стан Респуб-ликасы Қаржы Минис- трлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Қазақстан Республикасының Парламенті бекіткен Қарыз туралы келісімінің міндетті шарттарының бірін орындау.
Тікелей нәтиже: 12100 мың теңге сомасына 8 инвестициялық жобалар аудитін жүргізу.
Түпкі нәтиже: қарыз қаражатын пайдалану айқындылығы мен тиімділігін қамтамасыз ету үшін 8 инвестициялық жобалар аудитін 100% жүргізу.
Қаржы-экономикалық тиімділігі: бір инвестициялық жобаның аудитін жүргізуге арналған шығынның шартты құны 2006 жылы 1512,5 мың теңгені құрайды.
Уақтылығы: 2006 жылдың бірінші жарты жылдығы ішінде 8 инвестициялық жобалар аудитін 100% жүргізу.
Сапасы: халықаралық қаржы институттарының тәуелсіз аудиторлық есептерге мұқтаждығын 100% қанағаттандыру.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
177-қосымша
217-Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
"Тарату және банкроттық рәсімдерді жүргізу"
деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 105002 мың теңге (бір жүз бес миллион екі мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: 1994 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі; "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы Заңы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жоқ және әрекетсіз борышкерлерді тарату және банкроттау, оның ішінде Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 49-бабына сәйкес ұйымдарды тарату рәсімдерін жүргізу жолымен салық төлеушілердің тізілімін тазартуды қамтамасыз ету, салық кемалымын қысқарту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: жоқ және әрекетсіз борышкерлердің санын, сондай-ақ салық кемалымын қысқарту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орын- дау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 003 | | Тарату және банкроттық рәсімдерді жүргізу | Жоқ және әрекетсіз борышкерлерді, оның ішінде мәжбүрлі тарату туралы сот шешімі қабылданғанға қатысты Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 49-бабы бойынша ұйымдарды тарату және банкроттық рәсімдерді жүргізу. Банкроттық туралы іс бойынша хабарлан- дыруларды жариялау. Тарату және банкроттық рәсімдерді жүргізуге байланысты қызметтерді төлеу. "Қарағандышахткөмір" ЖҮАҚ конкурс өндірісін жүргізуге байланысты әкімшілік шығыстарды төлеу. Таратуға жататын борышкерлердің күтілетін саны -1608. | бір жыл ішінде ай сайын | Қазақ- стан Респуб-ликасы Қаржы Минис- трлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: 1608 жоқ және әрекетсіз борышкерлерді тарату жолымен салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешекті азайту.
Түпкі нәтиже: дәрменсіз борышкерлердің (жоқ және әрекетсіз) салық берешегін күтілетін азайту 8 000 000 000 (сегіз миллиард) теңгені, оның ішінде негізгі борыш бойынша (кемалым) 4 600 000 000 (төрт миллиард алты жүз миллион) теңгені құрайды.
Қаржы-экономикалық нәтижесі: бір ұйымды таратуға жұмсалатын шығындар орта есеппен 65 300 (алпыс бес мың үш жүз) теңгені құрайды.
Уақтылығы: заңнамада белгіленген тәртіппен жоқ және әрекет етпейтін борышкерлерді уақтылы тарату.
Сапасы: салық кемалымын қысқарту, Қазақстан Республикасының салық салынатын базасын тазарту.
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 177-1-қосымшамен толықтырылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
177-1-қосымша
217 - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның администраторы
2006 жылға арналған
004 «Облыстық бюджеттерге республикалық бюджет алдындағы
борышты өтеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер»
деген республикалық бюджет бағдарламасының
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 600000 мың теңге (алты жүз миллион) теңге.
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік-құқықтық негізі: «Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою жөніндегі шаралар және Қазақстан Республикасы Yкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 10 қыркүйектегі № 908 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы № 137 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қазандағы № 1035 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджет қаражаты
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Атырау және Павлодар облысы жергілікті бюджеті шығындарының орнын толтыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: жергілікті атқарушы органдардың республикалық бюджеттің алдындағы борышын өтеуді қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарлама) аты | Бағдарламаны (кіші бағдарлама) іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 004 | | Облыстық бюджеттерге республикалық бюджет алдындағыборышты өтеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер | «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы № 137 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қазандағы № 1035 қаулысын қабылдаумен байланысты Үкіметтің арнайы резервінен кассалық алшалықты жабуға арналған кредиттерді алудан туындаған республикалық бюджеттің алдындағы борышты өтеу үшін Атырау және Павлодар облыстарының облыстық бюджеттеріне 400,0 млн. теңге және 200,0 млн. теңге сомасында жергілікті бюджет шығыстарының орнын толтыру үшін республикалық бюджеттен ақша қаражатының бөлінуі. | 2006 жылғы шілде | Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: Атырау және Павлодар облыстарының облыстық бюджеттеріне қаражаттың 100% аударылуы.
Ақырғы нәтиже: жергілікті атқарушы органдардың республикалық бюджет алдындағы борышының төмендеуі.
Уақытылығы: республикалық бюджет алдындағы борыштың уақытылы жабылуы.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
178-қосымша
217-Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
"Халықаралық қаржы ұйымдарының акцияларын сатып алу"
деген 006 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Құны: 357831 мың теңге (үш жүз елу жеті миллион сегіз жүз отыз бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: "Қазақстан Республикасының Халықаралық валюта қорына, Халықаралық Қайта құру және Даму Банкіне, Халықаралық қаржы Корпорациясына, Халықаралық даму Қауымдастығына, Инвестициялар Кепілдігінің Көпжақты агенттігіне, Инвестициялық Дауларды Реттеу жөніндегі Халықаралық Орталыққа, Еуропа Қайта Құру және Даму Банкіне, Азия Даму Банкіне, Ислам Даму Банкіне мүшелігі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 6 желтоқсандағы Заңы 2-бабының 1, 2- тармақтары; "1974 жылғы 12 тамызда Джиддада қол қойылған Ислам даму банкінің Құрылтай шартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 15 мамырдағы № 2-І Заңы; "Кейбір халықаралық ұйымдардың жарғылық құжаттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 маусымдағы № 589 Заңы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының Халықаралық Қайта құру және Даму Банкі, Еуропа Қайта құру және Даму Банкі, Азия Даму Банкі, Ислам Даму Банкі акцияларын сатып алу жолымен акционер мәртебесін алуға байланысты ірі және беделді халықаралық қаржы ұйымдарының кредит ресурстарына, оның ішінде экономика мен қаржы саласындағы реформаларды қолдауға, техникалық көмек пен гранттарды алуға жеңілдікті шарттарда қол жеткізу құқығын қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының Халықаралық Қайта құру және Даму Банкі, Еуропа Қайта құру және Даму Банкі, Азия Даму Банкі, Ислам Даму Банкі акцияларын сатып алу жолымен акционер мәртебесін алуға байланысты ірі және беделді халықаралық қаржы ұйымдарының кредит ресурстарына, оның ішінде экономика мен қаржы саласындағы реформаларды қолдауға, техникалық көмек пен гранттарды алуға жеңілдікті шарттарда қол жеткізу құқығын қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Қазақстан Республикасы үшін халықаралық қаржы ұйымдары көздеген төлемдер кестесіне сәйкес халықаралық қаржы ұйымдарына мүшелік жарналарды тұрақты төлеуді қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орын- даушы- лар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 006 | | Халықа- ралық қаржы ұйым- дарының акция- ларын сатып алу | Мынадай халықаралық қаржы ұйымдарының акцияларын сатып алу: 1. ХКДБ - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі шығарған 30.06.97 ж. № 5/5025 қарапайым вексельдер қаражатының бөліктерін ХҚДБ акционерлік капиталына негізгі және қосымша жазылу есебіне инкассация- лау; 2. ЕҚДБ - қаражат бөліктерін, оның ішінде ЕҚДБ акционер- лік капиталына қосымша жазылу есебіне Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі шығарған 13.04.2002 ж. № 15-9-2-8/4414 жай векселінің бесінші бөлігін, 7.05.2003 ж. № ДМО-1-2/4082 жай векселінің төртінші бөлігін, 1.04.2004 ж. № ХҚҚД-1-2/3135 қарапайым векселінің үшінші бөлігін, 6.04.2005 ж. № МҚжХҚД-2-2-5/2987 жай векселінің екінші бөлігін инкассация- лау; 3. ИДБ - екінші мүшелік жарнаны ИДБ акционерлік капиталына негізгі жазылу шотына төлеу; 4. АДБ - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі шығарған 17.05.96 ж. № 27-3-10/3719 және 17.05.1996 ж. № 27-3-10/3720 қазынашылық векселі қаражатының бір бөлігін АДБ акционер- лік капиталына негіз- гі жазылу шотына инкассациялау. | 2006 жылғы ІІ тоқсан 2006 жылғы ІІ тоқсан 2006 жылғы ІІІ тоқсан 2006 жылғы ІV тоқсан | Қазақ- стан Респуб- ликасы Қаржы Минис- трлігі |
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: жалпы сомасы 53698 мың теңгеге Банк төлемдерінің кестесіне сәйкес құны 10000 Ислам динары Ислам Даму Банкінің 30 акцияларын сатып алу, сондай-ақ жалпы сомасы 304133 мың теңге мөлшерінде Халықаралық Қайта құру және Даму Банкі, Еуропа Қайта құру және Даму Банкі, Азия Даму Банкінің акционерлік капиталына жазылу есебіне Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі шығарған жай векселдерді инкассациялау.
Түпкі нәтиже: халықаралық ұйымдарға төлеуді 100% қамтамасыз ету.
Уақтылығы: төлем кестелеріне сәйкес халықаралық қаржы ұйымдарына мүшелік жарналарды уақтылы төлеу.
Сапасы: халықаралық қаржы ұйымдарына мүшелік жарналарын төлеу бойынша осы ұйымдардың кінә қоюларын 100% болдырмау.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
179-қосымша
217-Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
органдарының ақпараттық жүйелерін құру және дамыту"
деген 007 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Құны: 867551 мың теңге (сегіз жүз алпыс жеті миллион бес жүз елу бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: жоқ.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы Үкіметін және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қаржыны, міндеттемелерді және активтерді тиімді басқаруды қамтамасыз ету, ол барлық деңгейде мемлекеттік бюджеттің атқарылуына пәрменді бақылау мен уақтылы және негізделген қаржы-экономикалық шешімді қабылдауды қамтиды; Қазақстан Республикасы Үкіметінің және басқа мүдделі тараптардың мемлекеттік органдардың жұмысына талдау мен бағалау жүргізу үшін мемлекеттік бюджетті атқаруға және бақылауға қатысты жедел, нақты ақпаратқа қол жетімділігін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: барлық қаржы операцияларын уақтылы жүргізуді қамтамасыз ету (жоспарларды жүргізу, рұқсаттар беру, міндеттемелерді тіркеу, төлемдерді жүргізу); қазынашылықтың ақпараттық жүйесінің қауіпсіздігін күшейту; мемлекеттік мекемелердің, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің міндеттемелер мен төлемдер жөніндегі бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) қаржыландыру жоспарларын және жиынтық қаржыландыру жоспарын жасау, бекіту, өзгерістер мен толықтырулар енгізу процесін автоматтандыру;
мерзімді және жылдық есептілікті жинауды қамтамасыз ету, мемлекеттік бюджеттің атқарылу барысы туралы жедел деректерді беру, мемлекеттік бюджеттің күтілетін атқарылуын болжамдау, есептілікті қалыптастыру және мемлекеттік бюджеттің атқарылуын талдау; Қаржылық бақылау комитетінің барлық ұйымдастыру деңгейлерінде тиімді және кезекті басшылық ету; Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі органдарының қаржы-шаруашылық қызметін есепке алу процесін автоматтандыру; Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі органдарының қызметкерлерін нақты, уақтылы ақпаратқа тұрақты қатынауын қамтамасыз ету және күрделі сұрау салуларды өңдеу уақытын азайту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орын- дау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 007 | | ҚазақстанРеспубли- касы Қаржы министр- лігі ор- ганда- рының ақпарат- тық жүй- елерін құру және дамыту | | | |
2 | | 100 | Қазынашы- лықтың ақпарат- тық жүйесін құру | Oracle Applications лицензияларын сатып алу (ақпан-наурыз). Өндірістік серверлер- ді жаңғырту үшін жинақтаушы тауарларды сатып алу (ақпан-наурыз). Есептеу техникасын сатып алу (ақпан-наурыз). Қазынашылықтың біріктірілген ақпараттық жүйесінің қауіпсіздігін кешенді қамтамасыз етудің бағдарламалық қамсыздандыруын сатып алу (маусым). Қазынашылық желісін пайдаланушыларды ұқсастыру және түпнұсқаландыру жүйесі үшін есептеу техникасын, лицензия- лар, сертификаттарды сақтаудың сыртқы құрылғылардың (негізгі ақпарат) және оларға қосымша бөлшектерді сатып алу, оны енгізу және пайдаланушыларды оқыту (маусым). Нормативтік-құқықтық актілердің өзгергенін есепке ала отырып, жүйені пысықтау (шілде). | Бір жыл ішінде | Қазақ- стан Респуб- ликасы Қаржы минис- трлігі |
3 | | 102 | Қазақстан Республи- касы Қаржы министр- лігінің ақпарат- тық жүйелерін құру және дамыту | Қаржы министрлігі органдарының ақпарат- тық жүйелерін құру, дамыту және енгізу (қаңтар-желтоқсан). Мамандарды ақпараттық технологияларға оқыту (тамыз-қараша). Есептеу техникасын (наурыз-маусым), белсенді желілік жабдықтарды (сәуір- шілде), құрылымдалған кабель желісін ұйымдастыру жөніндегі жабдықтар мен қызметтерді (тамыз-қараша), ілеспе тауарлар мен қызметтерді сатып алу. | Бір жыл ішінде | Қазақ- стан Респуб- ликасы Қаржы минис- трлігі |