464. Инвестициялық жобаның шетелдiк валютаның арнайы шотынан өзгеше шетелдiк валютадағы шоттарға инвестициялық жобаның арнайы шоттарынан айырбасталған қаражаттар ғана есепке алынады.
51-тарау. Ресми трансферттердi төмен тұрған
бюджеттерге ұсыну тәртібі
465. Қазақстан Республикасы ?кіметінің және облыстардың жергілiктi атқарушы органдар резервiнiң қаражаты есебiнен берілетiн трансферттердi қоса алғанда ресми трансферттер төмен тұрған бюджеттерге бекiтілген тәртiппен төлемдер бойынша тиісті бюджеттік бағдарламаларды қаржыландырудың бекітілген жоспарына төмен тұрған бюджеттер бойынша трансферттердiң жалпы сомасын бөле отырып Қазақстан Республикасы Yкіметінiң немесе жергiлiктi атқарушы органдарының бекітілген актiсiне сәйкес бюджеттік бағдарламаларының әкiмшiсiне аударылады.
Аудару төлеуге берiлген шоттар негізiнде және төлем тағайындауларын бiлдiру үшiн 4-санаттың, 02 "Мемлекеттік басқару органдарының трансферттерi" сыныбының ҚР ББС кiрiстерiн қолдана отырып және қазынашылық органдары сұраған және бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкілеттi орган ұсынған деректеме бойынша және мақсатты ағымдағы трансферттер мен дамытуға арналған мақсатты трансферттердi әрбір аударым бойынша төлем шотының көшiрмесiн тиістi бюджеттi атқару жөніндегі уәкілетті органға мiндетті түрде жеткiзе отырып бюджеттік бағдарламалар әкiмшілерi жүргiзедi.
ҚР Үкіметінiң 2005.27.05. № 521 Қаулысымен 466-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
466. Ағымдағы мақсатты трансферттер және мақсатты даму трансферттерi бойынша жоғары тұрған бюджеттiң бюджеттік бағдарламалары әкiмшілерiнiң қаржыландыру жоспарлары төмен тұрған бюджеттердiң тиiстi қаржыландыру жоспарларына сәйкес келмеген кезде қазынашылық органдары трансферттердi аударуды жүргiзбейдi.
Мақсатты трансферттер бойынша республикалық және жергілiктi бюджеттердiң атқарылуы туралы есеп деректерiнде алшақтық болған жағдайда бюджеттiң атқарылуы жөніндегі уәкілетті орган заңнамада белгiленген тәртiппен тиiстi бақылау объектісiнде есеп деректерiнiң растығын тексеру үшiн iшкi бақылау жөніндегі уәкілеттi органға материалдарды бередi.
467. Жоғары тұрған бюджет трансферттерi есебiнен жүзеге асырылатын жергiлiктi бюджеттік бағдарламалар бойынша төмен тұрған бюджеттiң бағдарламалары әкiмшілерiнiң шығыстары шығыстардың экономикалық сыныптамасында пайдаланылатын ерекшелiктерге тәуелдi осы Ережелер белгiлейтiн тәртiппен жүзеге асырылады.
468. Мақсатты трансферттердiң мақсатқа сай пайдаланылмаған сомасы оларды берген жоғары тұрған бюджетке ағымдағы қаржы жылының 31-желтоқсанына дейiн қайтарылады. Мақсатқа сай пайдаланылмаған сома экономикалық сипаттамалар бойынша шығыстарға тиісті өзгерістер енгізіліп, бюджеттік бағдарламалардың паспортына өзгерістер енгiзiлмей жоғары тұрған бюджеттен алынған мақсатты трансферттердiң есебiнен iске асырылатын төмен тұрған бюджеттiң бағдарламалары бойынша қаражаттан жоғары тұрған бюджетке қайтарылады.
Мақсатқа сай пайдаланылмаған соманы толық қайтару үшiн жоспарлы тағайындаулар жеткiлiксiз болған кезде жергiлiктi атқарушы органның резервтiк қаражаты есебiнен қайтару жүзеге асырылады. Қайтарылатын сома тиiстi бюджеттердiң өзге де салықтан тыс түсiмдерi болып табылады.
469. Мақсатты трансферттердiң мақсатқа сай пайдаланылмаған сомасы ағымдағы қаржы жылының 31-желтоқсанына дейiн қайтарылмаған кезде бөлiнген ақшаны жете пайдаланбаған мемлекеттік мекеменiң коды көрсетілiп ағымдағы жылдың бюджетi есебiнен қайтару жүргiзіледi. Төмен тұрған бюджеттің шығыстары қаржы жылы аяқталғаннан кейiн мақсатқа сай пайдаланылмаған трансферттердiң сомасы жоғары тұрған бюджетке толық аударылғанға дейiн тоқтатылады.
470. Қаржы жылы iшiнде пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған, оның iшiнде конкурстық рәсiмдердiң нәтижелерi бойынша үнемдеу есебiнен) мақсатты трансферттердiң сомасы бөлiнген ақшаны жете пайдаланбаған мемлекеттік мекеменiң коды көрсетіле отырып қаржы жылы аяқталғаннан кейiн ағымдағы жылдың бюджетi есебiнен он күн iшiнде оларды бөлген жоғары тұрған бюджетке қайтарылады.
52-тарау. Бюджеттік ақшаны басқару тәртібі
471. Бюджеттік ақшаларды басқару бюджеттік атқару жөніндегі орталық және жергiлiктi уәкілеттi органдар жүзеге асырады.
472. Бюджеттік атқару жөніндегі орталық және жергiлiктi уәкілеттi орган төлемдердi уақытылы және толық қамтамасыз ету үшін ағымдағы қаржы жылына бюджетке күтіліп отырған ақша түсiмдерiнiң көлемiн мынадай деректердiң негiзiнде анықтайды:
Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі агенттiгiнiң статистикалық деректерi;
Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген тәртiппен анықталған валюталардың нарықтық айырбас бағамы;
капитал нарығында сатылатын мемлекеттік бағалы қағаздардың пайыздық ставкасы;
тиiстi қаржы жылына арналып бекiтілген немесе нақтыланған бюджет;
бюджет қаражаттары есебiнен жеке және заңды тұлғаларға кредит беру туралы келісімдер (бюджет алдында борыштың негізгi сомасын өтеу кестесi, сыйақылар (мүдделер) төлеу);
мемлекеттік меншiктi жекешелендiрудiң кестесi туралы ақпарат;
тиісті бюджеттердегі қолма-қол ақшаның бақылау шоттарындағы (бұдан әрi - ҚБШ) қаражаттардың қалдықтары;
бюджетке түсетін түсiмдердiң келесi айларға арналған ай сайынғы жоспары;
бюджетi атқару жөніндегі орталық және жергiлiктi уәкілетті орган:
республикалық және тиісті жергiлiктi бюджеттерге күтіліп отырған ақша түсiмдердiң көлемiн ай сайын нақтылайды;
ағымдағы айдың аяғында тиiстi бюджеттердiң мiндеттемелерi бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына сәйкес мемлекеттік мекемелердiң келесi айға қабылдаған мiндеттемелерiнiң көлемiн нақтылайды.
Тиiсті кезеңде бюджеттерге күтілiп отырған ақша түсiмдерiнiң көлемi жеткілiксiз болған жағдайда төлемдердi жүргізу үшiн бюджетті атқару жөнiндегі орталық немесе жергілікті уәкiлетті орган қарыз алу арқылы ақша тарту процесiн ұйымдастырады.
53-тарау. Уақытша бос ақшаларды
салымдарға (депозитке) орналастыру тәртібi
473. Уақытша бос ақшаларды ҚР ҰБ БҚШ салымдарға (депозитке) орналастыру оларды ұтымды пайдалану және республикалық бюджетке кiрiстер алу мақсатында бюджеттi атқару жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілеттi орган белгiлеген тәртiппен жүзеге асырады. Орналастыру бюджетті атқару жөніндегі орталық немесе жергілiктi уәкілетті органымен ҚР ҰБ арасындағы жасасқан салымдық операцияларды жүзеге асыратын кезде пайдаланылатын стандарттық шарттар туралы Бас келісім негізiнде жүзеге асырылады.
474. Бюджеттік ақшаларды салымдарға (депозитке) орналастыру бойынша әрбір операция әрбір салымды (депозиттi) орналастыру бойынша барлық деректердi: салымның (депозиттің) сомасын, салымды (депозитті) орналастыру мерзiмiн, салымды (депозитті) орналастыру және бастау күнi, сыйақы ставкасы, сыйақы сомасы, қайтарылған салымның (депозиттің) және есептелген сыйақының сомасы, салым (депозит) мерзiмнен бұрын талап етілген кезде қолданылатын сыйақы ставкасы қамтуы тиiстi. Сыйақы ставкасы ҚР ҰБ мен бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлетті орган арасындағы уағдаластық негiзiнде анықталады.
475. Жергілiктi бюджеттердiң уақытша бос бюджеттік қаражатты тарту ағымдағы қаржы жылы ішiнде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкiлетті орган оларды тиiмдi пайдалану және жергілікті бюджетке кiрiстер алу үшiн жүзеге асырады.
476. Уақытша бос бюджеттік қаражатты аударуды жергiлiктi бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкiлетті орган бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мен жергiлiктi бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган арасында жасалған Шарт негiзiнде жүргізiледi.
477. Уақытша бос бюджеттік қаражатты аудару бойынша әрбір операция мынадай деректердi: ақша сомасын, ақшаны аудару мерзiмiн, салым мерзiмiнiң басталған және аяқталған күнiн, сыйақы (мүдде) ставкасын, сыйақы (мүдде) сомасын, ақшаны мерзiмнен тыс талап ету кезiнде қолданылатын сыйақы (мүдде) есептелген соманы қамтитын Шартпен ресiмделедi.
Уақытша бос бюджеттік қаражатты салымдарға (депозитке) орналастыру тәртібіне қосымша уақытша бос бюджеттік қаражатты аудару Шартының (бұдан әрi - Шарт) нысанын бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкілеттi орган белгілейдi.
478. Уақытша бос бюджеттік қаражатты аудару туралы мәселелердi шешу кезiнде бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлетті органға бюджетті атқару жөніндегі уәкілеттi орган уәкiлеттi орган қол қойған және мемлекеттік мекеменiң мөрiмен бекітілген хабарламаны жолдайды.
479. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган хабарламаны алған күндi қоса алғанда екi жұмыс күнi ішінде факсимилдiк байланыс арқылы жергілiктi уәкілетті органға қол қою үшiн Шартты және сол күнi ақшаны аудару үшiн жiбередi. Қол қою үшін Шарттың түпнұсқасы бюджеттi атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органға жiберiледi.
480. Уақытша бос бюджеттік қаражатты аудару үшiн бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкiлетті органға бюджеттi атқару жөніндегі жергілiкті уәкiлеттi орган тиісті қазынашылықтың аумақтық органына төлемге шот ұсынады, онда Шарттың күні мен нөмiрi көрсетіледi, бұл ретте өтiнiмдi қалыптастыру мен Хабарлама (Тапсырыс), сондай-ақ төлем шотына шығыстардың бюджеттік сыныптамасының кодын көрсету талап етiлмейдi.
481. Бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілеттi орган бюджеттік шотта күтілетiн жеткіліксiз ақша кезiнде олардың қажет етілген үш жұмыс күнi iшiнде ақшаны iшінара немесе толық қайтару туралы бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілеттi органға талапты жолдайды.
482. Шарттың ең ұзақ мерзiмi үш күнтiзбелiк айдан аспауы тиiс. Шарт үш айға дейiнгi мерзiмге ұзартылуы мүмкiн. Шартты ұзарту Шартқа қосымша келісім жасасу арқылы жазбаша түрде ресiмделедi. Бұл ретте, банктік салымды қайтарудың белгiлi бір мерзiмi - ағымдағы қаржы жылының 25 желтоқсаннан кешiктiрмейдi.
483. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган уақытша бос бюджеттік қаражатты бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мен ҚР ҰБ арасында жасалған Шартқа сәйкес ҚР ҰБ депозиттік шотына орналастырады.
484. Шарттың мерзiмi аяқталған не ол мерзiмiнен бұрын бұзылған кезде бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлетті орган талапта көрсетiлген соманы қайтарады. Есептелген сыйақы (мүдде) талап етілген сомаға бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкiлетті орган көрсеткен реквизиттерге ҚР ҰБ аударады.
54-тарау. Мемлекеттік мекемелердiң кассалары арқылы
қолма-қол ақшаны пайдалану рәсiмдерi
485. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекеттік мекемелердiң кассалары арқылы ұлттық валютадағы қолма-қол ақшаны пайдалану үшiн:
тиісті шектеулермен қолма-қол ақшаны пайдалану арқылы төлемдер жүргізу рұқсат етілетiн шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшелiктерiнiң тiзбесiн;
қолма-қол ақша алуға шектеу қойылмайтын шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшелiктерiнiң тiзбесiн;
қолма-қол ақшаны қабылдау, беру және кассалық құжаттарды ресiмдеу тәртібін;
мемлекеттік мекемелердiң кассасындағы қолма-қол ақша қалдығының лимитiн;
қолма-қол ақшаның кассада сақталу мерзiмiн анықтайды.
55-тарау. Мемлекеттік мекемелердiң қызметкерлерiне және
степендианттарға жалақы, шәкiртақы және басқа ақша
төлемдерiн төлеудiң рәсiмдерi
486. Алушыларға жалақы, шәкiртақы және басқа да ақшалай төлемдердi (бұдан әрi - Ақшалай төлемдер) төлеу екiншi деңгейдегі банктер арқылы немесе олардың сомасын салым бойынша дербес шоттарға немесе карт-шоттарға есептеу арқылы банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан әрi - Банк\Агент) арқылы алушының таңдауы бойынша жүзеге асырады.
487. Ақшалай төлемдердi алушы өзiне тиесілi соманы салым бойынша дербес шотқа немесе карт-шотқа есептеу арқылы төлеу жөнiнде Банк/ Агентпен дербес шарт жасасады.
Банк/Агенттің салымдар бойынша дербес шоттарына немесе алушылардың карт-шотына ақшалай төлемдердi есептеу жөнiндегі қаржылық қызметтерi мемлекеттік бюджеттен төленедi.
488. Алушы Банк/Агентте ашылған салымдар бойынша дербес шотының нөмiрiн немесе карт-шоттың нөмiрiн шарттың нөмiрi мен күнiн және Банк/Агенттiң деректемелерiн көрсете отырып мемлекеттік мекемеге тиесiлi ақшалай төлемдер сомасын аударуға өтiнiш бередi.
489. Мемлекеттік мекеме орталық уәкiлеттiк орган белгiлеген тәртiпте алушыларға қызмет көрсету жөнiнде әрбір Банк\Агентпен Агенттік келісім жасасады және қол қою құқығы бар лауазымды тұлғалар қолдарының үлгiлерi және басылған мөр бедерi бар құжатты табыс етедi.
490. Мемлекеттік мекеменiң басшысы жалақыны, шәкiртақыны салымдар бойынша дербес шоттарына немесе карт-шоттарына аудару туралы ақша аударушыларды хабардар етiп отыратын жауапты тұлғаларды анықтайды.
491. Мемлекеттік мекеме алушыларға қызмет көрсету жөнiндегі Агенттiк келісімдердi жасасқаннан кейiн Банктермен/Агенттермен келісілген нысан бойынша ақшалай төлемдердiң тиесiлi сомасын салымдар бойынша дербес шоттарға немесе карт-шоттарға есептеу үшiн өтiнiш берген өзiнiң қызметкерлерiнiң тiзiмiн жасайды.
492. Ақшалай төлемдердi салымдар бойынша дербес шоттарға немесе карт-шоттарға аудару заңнамада белгiленген тәртiппен жүзеге асырады.
56-тарау. Құпиялық грифi бар мiндеттемелердi қабылдау мен тiркеу және төлемдер жүргiзу,
бюджеттi атқару жөнiнде операцияларды жүзеге асыру рәсiмдерi
493. Өздерiне қаржыландырудың ерекше тәртібі белгіленген мемлекеттік мекемелердiң мiндеттемелерiн қабылдау мен тiркеу және төлемдердi жүзеге асыру бюджеттi атқару жөнiндегі орталық уәкiлеттi органның аумақты органымен бірлесе отырып тиiстi мемлекеттік органдар анықтайтын тәртiпке сәйкес жүргiзiледi.
494. Өздерiне қаржыландырудың ерекше тәртібі белгіленген мемлекеттік органдардың ақпарат ұсыну және бюджеттi атқару жөнiнде операцияларды есепке алу және есептілік бюджетті атқару жөнiндегі орталық уәкiлетті органның аумақтық органымен бірлесе отырып тиiсті мемлекеттік органдар анықтайтын тәртiпке сәйкес жүргізiледi.
11-бөлiм. Мемлекеттік мекемелер үшiн есептілік нысандарын жүргізу тәртібі
57-тарау. Бюджеттi атқару жөніндегі есептілік
нысандарының тiзбесi
495. Бюджетті атқару жөніндегі есептілік нысандарының тiзбесiн, олардың нысандарын, мерзiмдiлігін, оларды қалыптастырудың мерзiмi мен тәртібін бюджеттi атқару жөнiндегі орталық уәкiлеттi орган белгілейдi.
496. Қазынашылықтың аумақтық органдары заңдарда белгiленген тәртiппен күн сайын, ай сайын және тоқсан сайын есептiк нысандарын қалыптастырады.
497. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкiлетті орган және жергiлiкті уәкiлеттi органдар Бюджет кодексiне сәйкес бюджетті атқару жөнiндегі орталық уәкiлетті органның бекiткен нысандар бойынша бюджеттiң атқарылуы туралы есептi табыс етедi.
498. Қазынашылықтың аумақтық органы мемлекеттік мекемелер үшiн мынадай есептiк нысандарды:
53-қосымшаға сәйкес "Орындалмаған мiндеттемелердiң деталдары" 4-12-нысанын;
54-қосымшаға сәйкес "Төлеуге берiлген төленбеген шоттар бойынша жиынтық есеп" 4-13-нысанын;
55-қосымшаға сәйкес "Мемлекеттік мекемелер бойынша төлемдер тiзiлiмi" 5-15-нысанын;
56-қосымшаға сәйкес "Төлемдер тiзiлiмi" 5-17-нысанын;
57-қосымшаға сәйкес "Мемлекеттік мекеменiң шотынан көшiрме" 5-20-нысанын;
58-қосымшаға сәйкес "Шығыстарды талдау жөнiндегі есеп" 5-25-нысанын;
59-қосымшаға сәйкес "Төлеуге берiлген шоттар бойынша талдау" 5-26-нысанын;
60-қосымшаға сәйкес "Ақылы қызмет шоттарындағы қалдық" 5-30-нысанын;
61-қосымшаға сәйкес "Ақылы қызметтер бойынша шоттардағы қалдықтар туралы есеп" 5-33-нысанын;
36-қосымшаға сәйкес "Шоттардағы қалдықтар туралы есеп" 5-34-нысанын;
62-қосымшаға сәйкес "Активтер бойынша бірiктiрiлген есеп" 6-11-нысанын қалыптастырады.
Республикалық және жергілікті
бюджеттердің атқарылу ережесіне
1-қосымша
Төлемдер бойынша мемлекеттік мекемені
қаржыландыру жоспарының жеке жобасы
Өңiр ____________________________________
Бюджеттің түрі __________________________
Кезең ___________________________________
Өл.бірлігі ______________________________
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі _____
Мемлекеттік мекеме ______________________
Әкімшінің коды Мемлекеттік мекеменің коды Бағдарлама Кіші бағдар- лама Ерекшелік | Шығыс- тардың атауы | Бір жылға арнал- ған жылдық жоспар | Айлар бойынша жоспар |
қаңтар | ақпан | наурыз | сәуір | ма- мыр |
|
|
|
кестенің жалғасы
Айлар бойынша жоспар |
маусым | шілде | тамыз | қыркүйек | қазан | қараша | желтоқсан |
|
|
|
Мемлекеттік мекеменiң басшысы ________ ________ ____________________
(қолы) (қолды таратып жазу)
М.О.
Қаржыландырудың жеке жоспарын
жасауға жауапты мемлекеттік мекеменiң
құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысы ________ ____________________
(қолы) (қолды таратып жазу)
Республикалық және жергілікті
бюджеттердің атқарылу ережесіне
2-қосымша
"Бекітемін"
Бюджеттік бағдарламалар
әкімшісінің басшысы
_________________ Аты-жөні
"___" _________ 200 __ ж.
М.О.
Төлемдер бойынша мемлекеттік мекемені
қаржыландырудың жеке жоспары
Өңiр ____________________________________
Бюджеттің түрі __________________________
Кезең ___________________________________
Өл.бірлігі ______________________________
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі _____
Мемлекеттік мекеме ______________________
Әкімшінің коды Мемлекеттік мекеменің коды Бағдарлама Кіші бағдар- лама Ерекшелік | Шығыс- тардың атауы | Бір жылға арнал- ған жылдық жоспар | Айлар бойынша жоспар |
қаңтар | ақпан | наурыз | сәуір | ма- мыр |
|
|
|
кестенің жалғасы
Айлар бойынша жоспар |
маусым | шілде | тамыз | қыркүйек | қазан | қараша | желтоқсан |
|
|
|
Мемлекеттік мекеменiң басшысы ________ ________ ____________________
(қолы) (қолды таратып жазу)
М.О.
Қаржыландырудың жеке жоспарын
жасауға жауапты мемлекеттік мекеменiң
құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысы ________ ____________________
(қолы) (қолды таратып жазу)
Республикалық және жергілікті
бюджеттердің атқарылу ережесіне
3-қосымша
Мемлекеттік мекемені міндеттемелер
бойынша қаржыландыру жоспарының жеке жобасы
Өңiр ____________________________________
Бюджеттің түрі __________________________
Кезең ___________________________________
Өл.бірлігі ______________________________
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі _____
Мемлекеттік мекеме ______________________
Әкімшінің коды Мемлекеттік мекеменің коды Бағдарлама Кіші бағдар- лама Ерекшелік | Шығыс- тардың атауы | Бір жылға арнал- ған жылдық жоспар | Айлар бойынша жоспар |
қаңтар | ақпан | наурыз | сәуір | ма- мыр |
|
|
|
кестенің жалғасы
Айлар бойынша жоспар |
маусым | шілде | тамыз | қыркүйек | қазан | қараша | желтоқсан |
|
|
|
Мемлекеттік мекеменiң басшысы ________ ________ ____________________
(қолы) (қолды таратып жазу)
М.О.
Қаржыландырудың жеке жоспарын
жасауға жауапты мемлекеттік мекеменiң
құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысы ________ ____________________
(қолы) (қолды таратып жазу)
Республикалық және жергілікті
бюджеттердің атқарылу ережесіне
4-қосымша
"Бекітемін"
Бюджеттік бағдарламалар
әкімшісінің басшысы
_________________ Аты-жөні
"___" _________ 200 __ ж.
М.О.
Мемлекеттік мекемені міндеттемелер
бойынша қаржыландырудың жеке жоспары
Өңiр ____________________________________
Бюджеттің түрі __________________________
Кезең ___________________________________
Өл.бірлігі ______________________________
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі _____
Мемлекеттік мекеме ______________________
Әкімшінің коды Мемлекеттік мекеменің коды Бағдарлама Кіші бағдар- лама Ерекшелік | Шығыс- тардың атауы | Бір жылға арнал- ған жылдық жоспар | Айлар бойынша жоспар |
қаңтар | ақпан | наурыз | сәуір | ма- мыр |
|
|
|